Материалдар / Мәртөк ауданының экономикалық- географиялық сипаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәртөк ауданының экономикалық- географиялық сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
курстық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
955
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ



Тарих факультеті

География мамандығы









Мәртөк ауданының экономикалық- географиялық сипаттамасы

курстық жұмыс













Ғылыми жетекшісі: Кенжебаева Р.Ж..

Дайындаған: Айтмуханбетова А.А.












АҚТӨБЕ-2012


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3-4


I. Мәртөк ауданының географиялық ерекшеліктері

  1. Мәртөк ауданының географиялық орны және тарихы. 5-8

  2. Мәртөк ауданының табиғат жағдайлары. 9-11

  3. Мәртөк ауданының агроклиматтық жағдайлары мен ішкі сулары.

12-14

II. Мәртөк ауданының биологиялық ресурстары мен шаруашылығы

    1. Мәртөк ауданының биологиялық ресурстары. 15-19

    2. Мәртөк ауданының шаруашылығы. 20-23


ҚОРЫТЫНДЫ 24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25






















Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мәртөк ауданы қазіргі уақытта Ақтөбе облысының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экономикасында ерекше орын алатын аудандардың бірі болып табылады.

Мәртөк ауданы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстік батысында Қобда ауданымен, оңтүстік шығысында Алға ауданымен және Ақтөбе қаласы маңындағы елді мекендермен, солтүстік шығысында Қарғалы ауданымен шекаралас. Ауданының көлемі 660532 га немесе 6605,3 шаршы км.

Мәртөк ауданы 1935 жылғы ақпанда құрылды. Мәртөк станциясы оның орталығы болып белгіленді. Ауданның қашықтығы солтүстігінен оңтүстігіне дейін 110 км, шығысынан батысына дейін 147 км.

Зерттеу мақсаты. Ақтөбе облысының құрамына ететін Мәртөк ауданының экономикалық географиясын сипаттау.

Зерттеу нысаны. Курстық жұмысты зерттеу нысанынаМәртөк ауданының табиғат жағдайлары (жер бедері, геологиялық құрлысы, климат және ішкі сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы, жан- жануарлар әлемі, табиғат зоналары) және эконномикалық- әлеуметтік көрсеткіштері (минералды шикізат базасы, өнеркәсібі, ауыл шарушылығы, халықтың құрамы мен саны, туристік мүмкіншіліктері), сонымен қатар Ақтөбе облысының географиясы жатады.

Зерттеу пәні. «Мәртөк ауданының экономикалық- географиялық сипаттамасы» атты тақырыпта жазылған курстық жобаның зерттеу пәні кешендік сипаттаудың негізін құрайтын экономикалық- әлеуметтік география болып табылады.

Зерттеу болжамы. Курстық жұмысты орындау барысында Мәртөк ауданының географиясын бір жүйеге келтіру болжалған.

Зерттеу міндеттері. 1. Мәртөк ауданының географиясы;

2. Мәртөк ауданының шаруашылығын сипаттау.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Ақтөбе облысының географиясын зерттеуде облыстың геологиялық құрылысын пайдалы қазбаларын сипаттауға бағытталған Р.А.Сегединнің, су ресурстары жан- жақты қарастырылған А.В.Сотиковтың еңбектерін атап өтуге болады. Сонымен қатар Ақтөбе облысының географиясы кешенді түрде Қазақстан Республикасының география саласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ғалымдардың еңбектерінде сипатталған.

Мәселенің деректік көзіне. Ақтөбе облысының, сонымен қатар Мәртөк ауданының физикасы және экономикасы бойынша жазылған ғылыми еңбектер жатады.

Зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың зерттеу әдістері болып жиналған материалдарды анализдеу, салыстыру табылады.

































I. Мәртөк ауданының географиялық ерекшеліктері

1.1 Мәртөк ауданының географиялық орны және тарихы.

Мәртөк ауданы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстік батысында Қобда ауданымен, оңтүстік шығысында Алға ауданымен және Ақтөбе қаласы маңындағы елді мекендермен, солтүстік шығысында Қарғалы ауданымен шекаралас. Ауданының көлемі 660532 га немесе 6605,3 шаршы км.

Мәртөк ауданы 1935 жылғы ақпанда құрылды. Мәртөк станциясы оның орталығы болып белгіленді. Ауданның қашықтығы солтүстігінен оңтүстігіне дейін 110 км, шығысынан батысына дейін 147 км.

Егер өлкенің тарихын тілге тиек ететін болсақ, қауымдасып тұрған аландар тайпалары Батыс Қазақстанның ежелгі дәуірдегі тұрғындардың негізгі бөлігі болып табылады. Мәртөк станциясынан оңтүстігіне қарай орналасқан Целинный моласындағы №6 қорғандағы биіктігі 6м. , жерленімдегі 2 метрлік тереңдікте, батыс қабырғаны бойлай алып бойлы (2 метрдей ) ұзын темір семсермен қаруланған ер адам жерленген. Ағаш қындағы семсер қара қошқыл түске боялған. Сондай- ақ ұзын темір сапты римдік өндірістен шыққан қола шөміш, алтын жалатылған күміс фибула, күміс жүген және көзе ыдысы табылды. Орта Азиялық өндірістің ғұн молаларының табылған бұл олжалар археологтардың пікірші, Орта Азияның орталықтарымен байланыстың болғандығын білдіреді. ІҮ- Ү ғасырларда ғұндар аландар соғысқа кірісті. Жеңіске жететін ғұндар Дунайдан бастап Жайыққа дейінгі аралықта империя құрды. Батыс Қазақстанның даласында Алтай ежелгі түріктерінің ұрпақтары келгенге дейін бірнеше ғасыр бойына тыныштық орнады. ХҮІІ ғасырда, дәлірек айтсақ, 1693- 1748 жылдары Кіші жүзге Әбілқайыр билік жүргізген. Хна ордасы Мәртөк жерінен оңтүстікке қарай, ал жазғы жайлауы аудан аумағында орналасқандығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Өйткені, халықтың одан бергі тарихы Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей азаматтығын алуға байланысты болса, одан кейінгі онжылдықтарда шаруалардың Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аударуымен сипатталады. Ақтөбе қаласының іргесі Ақтөбе қамалы ретінде ( ескі жылнама бойынша 1869 жылғы 9 мамыр) қаланғаннан кейін біздің өлкемізде де Ресейден қоныс аударушылар ағыла бастады. Ақтөбе маңында құнарлы жер бар, және жергілікті тұрғындар диқаншылықпен шұғылданбайды деген қауесет Ресейдің орталық губернияларының шаруалары арасында тез тарап кетті. Бірақ қоныс аудару процестерінің ең басты себебі бұл- патшалық Ресейдің саясаты болды. 1878 жылдан бастап Рязань, Воронеж және Тамбов губернияларынан Ақтөбе жеріне қоныс аударушылар келе бастады.

1901- 1905 жылдары Орынбор- Ташкенит теміржолының құрылысы басталды. 1904 жылы теміржолдың Мәртөктен Ақбұлаққа дейінгі бөлігі салынды. Ауданның одан әрі дамуы осы оқиғаға байланысты. Жақсы өмірге үміт артқан алғашқы қоныс аударушылар Мәртөктің аумағында 1904- 1905 жылдары пайда болды.

Олардың арасында: Кривенко, Тарасов, Дегтеряев және басқалары бар еді. Бұл жылдары дала теміржол құрылысымен атағы шықты, ол қоныс аудару процесін жеделдете түсті. 1905 жылы вокзал салынды да Мәртөк теміржол станциясы ретінде дами бастады.

Мұрағат материалдары кентте бірінші үй 1907 жылы салынғандығын дәлелдейді. Сол кезден бастап Мәртөк ауыл ретінде дами басталды деп есептеледі.и 1911- 1913 жылдары 30 үй есепке алынды, 1916 жылы алғашқы диірмен құрылысы пайдалануға берілді.

«Мәртөк» елді мекенінің атауына қатысты пікірлер осы уақытқа дейін әртүрлі. Олардың барлығы да назарға алуға тұрарлық, бірақ мұрағаттық дәлелдер жоқ. Газеттердегі жарияланымдардың біреуі ауданның атауы «мартық» шөбінен шыққан десе, басқалары мибатпаққа батып кеткен ақмаңдай жалғыз мүйізді бұқа туралы аңыздан қалды дейді. Мәртөктің аумағы бұрын батпақты болған. Біздің өлкемізді зерттеу жөніндегі материалдар Н. Рычков пен а. Жемчужниковтан бастау алады.

Аудан аумағы (жан- жануарлары, өсімдігі, халқы) Орынбор «қырғыз даласын шолу, Бұқара мен Хиуаға баратын керуен жолын қауіпсіз етуге көмектесетін бекіністер құрылысына орын белгілеу» мақсатында арбалы керуенмен төтен экспедиция келген 1802 жылдан бастап зерттеле бастады.

Экспедиция құрамында патша селосындағы лицейді бітірген В. Вольховский бар еді. В. Вольховский далаға шолу жасады және жол картасын белгіледі. Өлкені зерттеу кезінде ол тасқа айналған жан- жануарлардың сүйектерін, көмір кен орнын тапты, Елек өзенін көрді және оларды суреттеді.

Воль Вольховскийдің бағыты Елек өзені және Мұғалжар таулары бойымен өтті. 1821 жылы ол осы маршрутпен кейін Орынборға оралды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Украина мен Ресейдің Полтава, Херсон, Воронеж, Курск, Орлов облыстарынан «бос» жерлерге жақсы өмір іздеп келген алғашқы қоныс аударушылардың ауыртпалыққа, бейнетке және азапқа толы жолы аудан тарихынан жақсы көрінеді. Шаруалар бұл жерде де патша шенеуніктері мен кулактарға қайтадан кіріптар болды.

1917 жылғы төңкеріс мәртөктіктердің өмірін өзгертті. Бұған дейін осында продкомиссар болған А.Я.Попов болыстық атқару комитетінің бірінші төрағасы болды. Жергілікті тұрғындарды тонап отырған ақ гвардия бандаларының шабуылдары ауылдың зәресін ұшырды. Жаулар Мәртөк ауылында ғана емес, жақын маңдағы елді мекендерде де осылай істеді. Басшы органдардың назары контрреволюционерледің қарулы жорығын талқандауға бағытталды, барлық жұмыс майданға бағындырылды. Жаулар жаулап алған аумақта партизандық күрес жүргізілді.

1918 жылдың тамызында Жайсаң теміржол станциясындағы барлық көшелер атты патрульмен күзетілді. Ауылды қорғауға жаяу әскерлер- мадьярлар қатысты. Жайсаңдағы жеңіс елеулі тарихи оқиға болды. Вознесеновка ауылының маңындағы ұрыс полк операциясы сәтті ұрыстардың бірі болды. Ақтөбеге жол ашылды. Жабдықтаушылар әскерді киіндіру үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Қаратубаста, Мәртөкте, Жайсаңда қолдарына ине ұстауға қабілетті әйел тұрғындардың барлығы жылы киім тігуге отырды.

Ақтар жын ұрғандай қарсылық көрсетіп бақты, бірақ ескі дүниені сақтап қалу мүмкін емес еді. Ақ гвардияшыл солдаттар Қызыл Армия жағына взводтврымен, роталарымен, тіпті полктарымен өтіп жатты. Мәртөктіктер азамат соғысында батырлық көрсетті. Мәртөк жасағындағы жастар болса тұрақты Қызыл Армия қатарына қызмет ету үшін өтіп жатты.

Жайсаң, Вознесеновка ауылдары революциялық тарихи оқиғаларға толы. Азамат соғысына белсене қатысушылардың естеліктерінде: «кулактың балалары әрине көзден тасаланды, ал жастардың көпшілік бөлігі Армия қатарына жазылды» деген жолдар кездеседі. Воснисеновшылар- Н.Кардыш, И.Шейко, Л.Логвиненко Орынбордың түбінде батырлықпен қаза тапты.

Сол мезгілден бері талай жыл өтті, бірақ Жайсаңдықтар басынан өткерген күндер жадымыздан өшірілмейді. Азамат соғысы жылдарында Қаратоғай, Линовицкое, Андреевка, Веренка, Байторысай ауылдары жаулармен жанкешті айқастардың орны болды. 1919 жылы Ақтөбе майданы жойылды. Ауданның аумағында кеңестер билігі орнады. Еңбекші шаруалар қалың бұқарасының арасында алғашқы партия ұялары өз жұмыстарын жандандырды. Вознесеновка ауылында өткен жабық жиналыста артель ұйымдастыру, оны «Муравьи» деп атау туралы шешім қабылданды. Артель өмірінде жаңашылдық, игілік көп болды. Құрылыс жүргізілді, асхана, ұсталық- слесарьлық шеберхана және т.б. объектілер салынды. Сұсты соғысты қуаң жаз алмастырды, 1921 жылдың күзіңде артель тарап кетті. Осы артельдің негізінде «Степь» коммунасы құрылды. Е.А.Саенко төраға болып сайланды. 1923 жылы екі коммуна қосылды. Егістікте «Фордзон» тракторы пайда болды. В.Костюк пен П.Коваленко бірінші тракторшылар атанды.

1930жылы ұйымдастыру толқыны есіп өтті. «Победа», «Сет», «Төңкеріс» және т.б. ұжымшарлар ұжымдық шаруашылықтардың қатарына қосылды. Ұжымдастыру сынды үлкен істе ұшқарылық және асыра сілтеушілік көп болды. Кейбір жер заңсыз орта шаруаға да кесірі тиді. 1929 және 1932 жылдары жаппай ұжымдық шаруашылыққа кіру басталды. Кедейлер үшін ұжымшарлар өмірлік қажеттілік еді. Алғашқы жылдары жерді атпен, өгізбен өңдеді, кейін тракторлар алды. Шаруашылықтар күшейе түсті, уақыт сынынан өтті. 1932 жылы облыста бірінші болып Мәртөк және Жайсаң МТС ұйымдастырылды. Содан кейін олар төртеу (Ново- Федеров, Андреев) болды.















1.2 Мәртөк ауданының табиғат жағдайлары.

Мәртөк ауданы Батыс Қазақстанға жатады. Оның жер бедерінің шығу және даму тарихы Батыс Қазақстан жер бедерінің дамуы тұрғысында қаралады. Ғылымдар бор, юра, триас кезеңдерінде облыс тұтас, соның ішінде біздің ауданның да аумағы теңіз түбі болғандығын дәлелдеп берді. Су өзендердің аңғарларына басып кірді. Мәртөк кентінің оңтүстігінен 8 км жердегі Ақсу ауылы жанындағы қыратта орналасқан үлкен аумақ бұған дәлел бола алады, бұл жерден қазба кезінде өліп қалған теңіз жануарларының (ұлулардың, балықтардың, теңіз жұлдызшаларының( жиынтығын табуға болады. Бұл жерде атап айтқанда, жол құрылысына қажетті құрылыс материалдарын өндіретін карьер, сондай- ақ Қаратоғай станциясының маңында Бор карьері бар. Өйткені, тау жыныстары өткен дәуірлердің барлық оқиғалары «із қалдырған» геология тарихының негізгі құжаттары болып табылады және организмдердің қалдықтары тарихи уақыттарда Мәртөк ауданының аумағы теңіз түбі болғандығын растайды.

Төрттік кезеңде климат бірнеше қайтара өзгереді де біздің дәуірімізге жақындау физикалық- географйиялық жағдай қалыптасады.

Осы кезеңнің тау қалыптастыру қозғалыстары әлсіз болды да біздің аумағымызда бірде бір тау жүйесі қалыптасқан жоқ.

Ауданның жер бедері толқынды төбелі биік жазықтық. Оған 300- 400 метрге дейін биіктікке жететін Қызғалдақ тау, Қызылжар, Тас шоқы, Түйіскен сияқты елеулі төбедердің және кең аңғарларда ұшырасатын аласармалардың кезектесуі тән.

Ауданның аумағы екі: оңтүстігінде қара топырақты және қарақоңыр топырақ зонашықтарына бөлінген далалық және қуаңдалалық аймақтарда орналасқан.

Қаратопырақ зонашығы ауданның солтүстігінің жартысын қамтиды және 23 мың га алып жатыр, сортаң 31 мың га, сор 0,3 мың га. Қарақоңыр топырақ зонашығы ауданның жартысын қамтыған және 241 мың жерді алып жатыр, сортаң 35 мың га. құм 1,7 мың га. ХХ ғасырдың ортасында мемлекет жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты апат әкелді. Жерді ғылыми тұрғыдан негіздемей және тәртіпсіз жырту ауданның оңтүстігіндегі топырақ қабатын эрозияға ұшыратты.

Пайдалы қазба- жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйінде кездесетін (соның ішінде шипалы балшық) материалдық өндірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзілім.

Пайдалы қазбалардың шығу тегі және қолда бары Мәртөк ауданы жер бедерінің даму тарихымен тығыз байланысты. Мезозой дәуірінің бор, юра, триас кезеңдерінде аумақ теңіз түбі болды. Әртүрлі дәуірлерде су біресе кері шегінсе, біресе кетіп отырды. Мезазой дәуірінде Батыс Қазақстан түгелімен теңіздің астында қалды. Су Қызылорда аумағын басып, Сарыарқаға дейін жетті. Ақтөбе және Қызылорда облыстары аумақтарындағы мұнай кен орындары бұған дәлел. Батыс Қазақстанды басып кеткен теңіз Торғай қолаты арқылы Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздерімен қосылып жатқан деген болжам да бар.

Мұнай мен газдың жаралымы болып жатты. Облыстың батысында ыстық климаттың ылғал климатқа ауысуы, шығыста құрғақшылық континенталдық ылғалдық жиналуына әкеп соқтырды. Мәртөк ауданындағы мұнай кен орындарының пайда болуы осылайша түсіріледі.

1870 жылдың өзінде ұлы ғалым Д.И.Менделеев Жуса қонысына жақын жерден алынған мұнайды зерттей келе осы кен орнына табанды түрде ерекше назар аудару қажетті деп ұсыныс жасады.

1985 жылы облыстың геологтары барлау жасағаннан кейін «Оңтүстік Мәртөк» кен орнын ашты.

Геологиялық барлау мәліметтері ауданның аумағы мұнайға бай екендігін білдірді. Соғыстың алдындағы жылдарда аудан еңбекшілері үшінші бесжылдықтың тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындау үшін күресіп жатқанда Мәртөк ауданы бойынша мұнай кәсіпорындарының құрылысы және мұнай өндіру ойластырылғаны кездейсоқтық емес.

Геологиялық барлау мәліметтері бойынша Мәртөк ауданының қойнауында Асу кентіне жақын жерде қоңыр көмір жатыр. Бұл таскөмір кезеңінде өсімдіктер әлемінің көптігінен теңіз кейін шегініп, көмір жаралғандығымен түсіндіріледі.

Палезой дәуірінде Мұғалжар таулары жаратыла бастады. Жер қыртысына құрамында алтын, хромит, мыс, титан, никель, кені бар магма еніп интрузия құбылысы жүзеге асты. Степанов ауылдық округінің аумағындағы Чайда ауылының маңынан титан кенінің шоғырлары табылды, ол кен орындары болашақта игерілетін болады. Соғыс жыолдарының алдында көмір кәсіпорындарының құрылысы мен қоңыр көмір өндіру жоспарланды, бірақ Ұлы Отан соғысы кедергі келтірді. Көне көз қарттардың көздеріне құлақ түретін болсақ, 40 жылдардың басында Мәртөк ауылынан оңтүстікке қарай Елек өзенінің жоғары жағына «Горняк» шахтасы жұмыс істеді. Бүгіндегі Кеңсахара кенті «Горяк» шахтасының шахтерлеріне өзінің пайда болуымен борышты.

1945 жылы Ақтөбе облысының батыс шекарасы Жайсаң станциясының қасында болды. Осы жерде геолог К.Д.Мұсатаев қоңыр көмір орнын ашты, оның қоры 10 млн тонна, кейін 97 млн тоннаға болып белгіленді. Дейтұрғынмен, бұл кен орны пайдалануға берілген жоқ, бірақ мемлекеттік баланста тұрған көмір қоры өзінің уақытын күтуде.

































1.3 Мәртөк ауданының агроклиматтық жағдайлары мен ішкі сулары.

Климат көп ретте географиялық орнына сәйкес айқындалатындығы белгілі.

Мәртөк ауданы материктің ішінде, аудан аумағындағы климатқа ауадағы теңіз массалары әсер етпейді. Яғни аудан климатына ерекшеленіп тұратын контитенталды климат тән. Климаты бірінші агроклиматтық, қуаңшылықты, жылы аймаққа жатады. Қыста аумақ ішінара сібір антициклонының әсерінде болады, ал жазда жартылай шөлейт пен шөлдің құрғақ субтропикалық ауа массалары өтіп кетеді. Жылдық орташа температурасы маусымда +21 -33 С0. Ауа температурасы қыс бойына аязды күндермен сипатталады. Кейбір жылдары ең жоғары температура 40 градустан асады. Егер аязсыз күндер ауданның оңтүстігінде 150- 160 күн болса, солтүстігінде 130- 140 күн. Ауданның солтүстік бөлігінде кей уақыттарда сәуірдің екінші жартысына дейін жатажы. Жауын- шашынның жылдық орташа сомасы оңтүстігінде 160 мм- ден солтүстігінде 300 мм дейін ауытқып отырады. Бірақ, жаңбырлы жазда немесе қарлы қыста жауын- шашын нормадан артық түсетін кездері де болады. 1956 жылы ауданның солтүстік бөлігінде жауын- шашын 576 мм жетті. Жыл бойына аудан аумағында жауын- шашын біркелкі түспейді. Жазда жауын- шашынның едәуір бөлігі маусымда және шілденің бірінші жартысында, тамыз айында сирек түседі. Бұл күзгі жаңбыр.

Елек өзені ауданның негізгі су тамыры болып табылады. Өзен бастауын Мұғалжар тауының батысында орналасқан Бестөбе тауынан алады және Қарғалы, Жарық өзендерімен қосылып, ауданнан тысқары Жарсуат ауданындда Орал өзеніне құяды. Елек өзеніне, сондай- ақ Мәртөк елді мекенінің атауына қатысты ортақ пікір жоқ. Ғалымдардың пікірі бойыеша атышулы Елек өзенінің 2 арнасы бар, олар бірі екіншісінің астында орналасқан. Електен сүзіліп өткендей, құмнан екінші жерасты өзеніне су өтіп жатыр – «Елек» деген сөз осыдан шыққан. Өзге ұсыныстар әртүрлі аңыздарға байланысты.

Өзен Ресей Федерациясының Орынбор, біздің республикамыздың Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары аумақтарынан ағады.

Өзеннің жалпы ұзындығы 623 км., аудан бойынша қашықтығы 74 км. Көктемде су деңгейі 2- 6 метрге дейін көтеріледі, арнасы тең. Гидролог- тарихшы ғалымдардың мәліметтері бойынша тарихи орта антропологиялық дәуірде өзен арнасы 6 км дейін жеткен. Ол Геродоттың карталарында «Лик» өзені деп аталған. Өзен жайылмасы үлкен. Жйылмада орман, бұта тектестер, әртүрлі шөптер өседі. Жаздың құрғақ айларында өзеннің жоғары ағысы шағын көлдерге бөлініп кетеді. Мәртөктің қасында: «Черепашье», «Сайтан көл», «Колхозка», «Каменка», «Тұзды өзені» бар. Нагорный және Мәртөк ауылдарының арасындағы Елек өзенінің жайылмасында, әсіресе оның оң жақ жағалауында ұзындығы 0,5 және 1,2 км, ені 50 метр, тереңдігі 3- 4 метр «Жайлыбай», «Бело- бердей», «Үмбетәлі» сияқты көлдер көп.

Судың минералдануы- 1300- 1700 промиль. Елек қарашаның екінші жартысында қата бастайды. Мұз сәуірдің аяғында ғана көтеріледі.

Електің 75 шағын және үлкен салалары бар, олардың ұзындығы 10 және көп км жетеді. Ең ірі салаларының бірі- Қобда. Елек өзені Қарақобда және Сарықобда өзендерінің қосылуынан шығады. Алға және Қобда аудандарының аумағынан ағады.

Тәңірберген өзені Мәртөк ауданының аумағында Елек өзеніне құяды, ұзындығы 85 км, бастауын Тасқора тауынан алады, арнасы 40- 60 метрге жетеді. Қарғаклы өзені Қарғалы және Алға аудандарының аумағынан ағып өтеді. Бұл өзеннің ұзындығы 114 км, ол Жылантау етегіндегі бұлақтардан бастау алады, Ақтөбе қаласының аумағында Елек өзеніне құяды. Су көкөніс және мал шаруашылығын дамытуға пайдаланылады. Облыстың ірі су қоймаларының бірі Қарғалы өзенінде орналасқан Қарғалы су қоймасы. Ол 1975 жылы пайдалануға берілген. Көлемі 28,5 шаршы км., ұзындығы 13,7 км. Су қоймасының сыйымдылығы- 280 млн метр куб. Жағалаулық жиегінің ұзындығы 45 км. Суландыратын жері 9,4 мың шаршы км. Ақтөбе облысы бойынша елек өзенін нәрлендіріп отыратын басты өзендер: Жарық, Табантал, Қарғалы, Тамды, Сазды, Тәңірберген, Жақсы қарғалы, Бұтақ, Көкпекті, Қуағаш, Жеңішке, Ақсу, Қобда, Құраша, Жамансу, Бөрте өзені Мәртөк ауданының аумағынан басып өтеді. Абдан, Торанғұл, Қия сияқты салалары бар және ол орал өзеніне құяды.

Мәртөкке жақын жерде Қазан, Шайда мульдаларында жер асты суларының артезиандық бассейндері бар. Оларда тұщы сулардың мол қоры жатыр. Мәртөк кентін сумен кешенді түрде қамтьамасыз етуге жағдай қолайлы. Жер асты суларының Мәртөктегі кен орындары 1969- 1970 жылдары Мәртөктің орталығын шаруашылыққа арналған және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барланған. Жарияланған су қажеттілігі секундына 135 литр.

Кен орны Мәртөк кентінің оңтүстік батысындағы Елек өзенінгің аңғарындағы оның арнасынан 100- 150 метрденгі оң жақ жағалауда. Өзен бұл жерде айналып өтіп, екі жағынан, құйма жасай отырып, жер асты суларының қоректенуі мен қорын қалпына келтіруі үшін қосымша қолайлы жағдай жүйелерінің құрылысы жоспарлануда, жоғарыда аталған орын қорек көзіне айналмақ. Тұщы сулар кен орындарының аумағы гидрографиялық жағынан Елек өзенінің кең аңғарын аңғартады.

Төрттік аллювий түзілімдерінің сулылық белдеуі өзеннің жайылмасымен сабақтасқан.

Жер асты сулардың деңгейі өзеннің жайылмалық бөлігінде 05 және 2 метрде, аңғардың бүйіріне жеткен жерде 9- 15 метр. Сулы белдеу атмосфералық жауын- шашын мен қар суларын сіңіру есебінен қоректенеді.

Мәртөк кентінің өзінде бірқатар кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету 1958 жылдан бастап аллювий түзілімдерінің жер асты сулары есебінен жүзеге асырылып келеді. 1987- 88 жылдары Мәртөктің солтүстік жағына қарай геологиялық құрылымдар- мульд учаскелерінде жер асты суларға ізденстіру- барлау жүргізілді. Бұрғылау жұмыстары Байтұрасай және Қазан учаскелерінде іске асырылды. Бұл жерде жоғары триас кешенді болашағы бар сулы кешен болып есептеледі. Байтұрасай учаскесінде малтатас пен гравийлі құм суды сіңіріп алатын жыныс болып табылады. Су деңгеінің жату тереңдігі 0,7- 27 метр. Суы тұщы. «Қазан» учаскесіндегі тиімділік қуаты 60 метр. Ораныдалған барлау жұмыстарының нәтижелері 1989 жылғы 27 наурызда «Запказгеология» НТС қаралды. Геологтар Н.Н.Денщик (1972 жыл), А.А.Васин (1987 жыл) Мәртөк ауданы дер асты сулары барлау жұмыстарының авторлары.










II. Мәртөк ауданының биологиялық ресурстары мен шаруашылығы

    1. Мәртөк ауданының биологиялық ресурстары.

Өсімдіктер әлемі ауданның табиғи аумақтары бойынша бөлінеді. Қара топырақты жерлерде астық тұқымдастар мен боз, бетеге, даалық арпабас, түлкіқұйрық, бидайық, шисабақ, тимофеевка басым.

Қоңыр топыра бетеге мен боз тұқымдастарына тән.

Бетеге мен бозды тығыз түбірлі деп атайды. Қыста түбірге қар жабысады, көктемгі, жазғы түндерде жапырақтарға шық жиналады. Далалық дақыл түбірінің ішінде ыстық жаздың өзінде ылғал әрі қоңыр салқын, яғни бұл өсімдіктер құрғақ климатқа бейімделген. Боз- енсіз жапырақты және мықты тамырн жүйесі бар астық тұқымдас. Гүлдеу кезінде оның бойынан ұзын ақ мұршалар өсіп шығады. Бетегенің күміс айдарлары далаға сән береді, бірақ бетегенің мұртшалы жемістері қойлар үшін қауіпті.

Оңтүстікке қарай климат құрғақтай бастайды, ағарыңқы- күміс жусаң, хош иісті түймедақ пайда болады. Сорда күңгірт жасыл жапырақты жусан, ал батпақты учаскелерде қара жусан және өзендердің жайылмаларында құрақ, қоға, сиректеу қамыс өседі.

Ауданда далалық үкікөз, ирис, қызғалдақ, шегіршін сияқты шөптесін өсімдіктер көп. Қарапайым өсімдіктер- бетеге, жүзгін оңтүстікте. Ауданның табиғи аймақтарында өсімдіктердің 300- ден астам түрі зерттелген.

Ағаш тектес өсімдіктердің шағын шоғырлары ауданның ерекше келбетіне сән береді. Өзендердің жылғалары мен ылдиларынды жылға қара қандыағашы орналасқан. Ылғалы мол дәуірде Елек аңғарларын жаулап алған қара қандыағаштар біздің ауданнан өздеріне баспана тауып алды және ыстық құрғақ климат кезеңінде өздеріне Електің жайылмалық террасасы мен оның салаларынан орын таңдап алып тіршіліктерін жалғастырып келеді.

Қара қандыағаштың қасында итмұрын, қарақат, бүрген, ырғай, бұршаққап, мойыл өсіп тұр, бұта тектестер құлмақ пен қожақат нуымен алмасып келеді.

Елек бойында өсіп тұрған қара қандыағаш тізбегі Мәртөк кентінің солтүстік жағынан басталып, өзеннің сағасына дейін созылады. Бұл ағаш ылғалды көп қажет етеді және жылғалардың бойында, бұлақтардың қасында, өзендер мен көлдердің жағасында ғана өседі. Сайда өсетін қара қаңдыағаш оңтүстік Орал ланшафты ала тау, тауы бөктерінің қарапайым серігі. Мұғалжарда. Елек өзені алқабының оң жақ жағалаулық салаларында кенінен тараған қара қандыағаштар мұз дәуірінде басым қонысқа айналды. Елек алқабына ылғал дәуірде қоныс теуіп, оны ыстық та құрғақ уақытта тастап кетуге асыққан жоқ. Олар құлама жарлардың еғтегінен, Елек жайылмасының үстіңдегі террассалардан өздеріне қоныс тапты. Бұл жерлернде әдетте өзіндік қара қандыағаштық мибатпақтар тіршілікгі үшін қажетті тұрақты ылғал жасаған жер асты сулары сзашықтанады.

Жаңбыр және қар суларын сіңіріп алатын жайылма үстіңдегі террассалардың адырлы құмдары жер асты суларының қуатты аккумуляторы ретінде қызмет етеді. Қара қандыағаштың жіктіктей діңгектері байырларда шағын шоғырмен орналасқан. Олардың қасында арақідік болса да итмұрын, бүрген, мойыл өседі. Сондай- ақ қастарында қырыққұлақ өседі және кең таралады, олардың үлкен құстың қауырсынына ұқсас жапырақтары орманға ерекше көрік береді. Қара қандыағаш жамылғысының астында түрлі жан- жануарлар баспана табады. Су жыландар, батпақ тасбақалары, су егеуқұйрықтары, ондатралар, касмшаттар қара қандыағаш мибатпақтарын ұнатады. Қамыс нуында үйректер, балшықшылар балапандарын басып шығарады. Ескі ағаштардың қуыстарында үкі және жарқанаттар өмір сүреді. Қара қандыағаш осы бірегей қоныстардың негізгі құндылығы. Ол ілгеріден су асты имараттары құрылысына пайдаланылады: оның ағашы суда төзісмді бола түседі. Қара қандыағаштан фанер, жәшіктер, жиһаз жасап шығарады. Оның қабығымен тер илейді және қоңыр, қара бояу алуға қолданылады. Яғни қара қандыағаштың қасиеттері елеусіз қалмаған. Қандыағаш тез өсетін ағаштардың бірі. 10 жылдан 10- 12 метрге жетеді. Елек маңындағы шоғыр ормандарда биіктігі 20 метрге және діңгегінің диаметрі 30- 35 см дейін жететін 30- 40 жастағы қандыағаштар басым. Қара қандыағаш- бағалы дәрілік өсімдік. Қандыағаш ұраларының қайнатпасы халық медицинасында уылдыратын дизентерияны емдеу кезінде қабылданатын хмелин жасалады. Наурыз, сәуір айларында жиналған сырғагүлдерден есекжем және диатез кезінде малма жасайды. Қара қандыағаштар өлкемізде заманымыздың шымтезек жасалымының жалғыз ошағы. Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда Елек шымтезектері жергілікті отынның маңызды резерві болғаны кездейсоқтық емес. Қара қандыағаштардың тізбегі Елек өзенінің сағасына декйін созылады.

Аудандағы көне қандыағаштың екінші учаскесі Шевченко ауылының шетінде орналасқан. Атап өткеніміздей, қандыағаш ылғалды сүйеді, ал бұл учаске жер асты сулары мен бұлақтардың молдығымен ерекшеленеді. Мамандар бұл учаскеге тұқымдар желдің көмегімен ұшып келді және оған қолайлы жағдай көне жапырақтардың пайда болуына мүмкіндік береді деп топшылайды. Олар жолаушыны қоңыржай самалымен, таза ауасымен өзіне тартады.

Мыналар:

  1. Шевченко ауылының шетіндегі көне тоғай- үшінші кезеңдегі мекендер- қырыққұлақ өсетін облыстағы жалғыз ғана жер. Қоныс-тоғайлар, қайыңдық, көктеректік орман шоғырлары. Күзетілетін обьектінің көлемі 7 га. 2 тоғай бар: Біріншісі 4 га; екіншісі 3 га. Табиғи ескерткіш санаты биологиялық-зоологиялық. Черепица сияқты баршынгүлдің орнына Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Ұзындығы 100 – 120 см және биіктігі 60-80 см ірі құмырсқа илеулерінің барлығымен сипатталады.

  2. Қызылжар ауылдық округінің шабындығы;

  3. Жанатаң қыстағы жанындағы Қандығаш ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы №1213 қаулысына сәйкес «Тірі табиғат ескерткіштері» мәртеебесін алды.

Жанатаң қыстағы қасындағы Қандыағаш тоғайында жойылып бара жатқан өсімдіктердің 61 түрі бар. Мысалы, орман бүлдіргені, алтай жұлдызгүлі, жоңғар марьяннигінің сылдырағы. Мұнда аумақты жыртуға, орманды шабуға, орман материалдарын жинауға және дайындауға тыйым салынған.

Қандыағаш қүтіп сақтауды қажет ететін өте ежелгі өсімдік. Егер ежелгі заманды көз ететін болсақ, ода 1970 жылы жер жұмыстары кезінде осы участкенің маңында сүйек қалдықтары, мамонттардың тістері табылды. Мұның барін Ақтөбе қаласының Өлкетану мұражайынан көруге болады. 1996 жылы «Мәртөк ауданының ерекше қорғалатын аумақтары және оларға «Тірі табиғат ескерткіштері» мәртебесін беру» туралы Мәртөк ауданы әкімінің шешімі шықты. Бұл шешімге «Облыстың ерекше қорғалатын аумақтары туралы» облыс әкімінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №130 шешімін орындау мақсатында қол қойылды. «Тірі табиғат ескерткіштерінің» ормандар мен жан-жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Мемлекеттік мекеме берген паспорт бар, дербес шаруашылық ретінде Мәртөк орман шаруашылығының базасында Қазақ ССР Мемлекеттік коммитетінің 1963 жылғы 3 сәуірдегі № 42 бұйрығына сәйкес құрылған. Ормандар мен жан-жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Мәртөк мемлекеттік мекемесі шаруашылығы аумағының қашықтығы солтүстігінен оңтүстігіне дейін 48 км, шығысынан батысына дейін 95 км. Жалпы көлемі 7669 га. Оның 2878 га орман дақылдары, яғни қолдан отырғызылған екпелері. Бүл мекеме өсімдік және жан-жануарлар «әлемін қорғаумен айналысады. Ауданның аумағында дәрілік өсімдіктер: пустырник, қайың бүршіктері, түймедағы, көгейшөп, сүйелшөп, мия, киікоты, шайкурай, сәлбен, қара алқа, жұмыршақ, бөртегүл, жалбыз, ақбас жусан, жебір, жусан, кровохлебка және басқалары кездеседі. Көптеген: риадовка, свинушкалар, ақгрузд, вишанкалар сияқты саңырауқұлақтар ұшырасады. Олар аудан және облыс тұрғындарының ойсыз әрекеттерінің салдарынан кеміп келеді. Аудан аумағында арамшөптер көп. Зерттелген 118900 га егістік алқаптың: 50% өте жоғары дәрежеде., 3% орташа дәрежеде және 27000 га шамалы дәреже арамшөп басқандығы анықталды. Биологиялық құрамы бойынша ауданда қарапайым бетеге, жасыл итқонақ және тауық тарысы, қос жарнақтылардан – арамшөптік күнбағыс, көпжылдық арамшөптердер, далалық қалуен, далалық шырмауық , сүттіген және тағы басқа басым.

Жануарлар әлемінің әртүрлілігі біздің ауданның табиғи аймақтарына тікелей байланысты.

Аққұлақ, күзен, борсыз, қарсақ, қасқыр барлық жерде тіршілік етеді. Бұл жануарлардың саны тұрақты. Соңғы уақытта осы жануаарлардың ішінде қасқыр ашкөздігімен өзіне назар аударуда. Олар үй және басқа да жан-жануарларды құрта отырып мал шаруашылығына, аңшылық шаруашылығына елеулі нұқсан келтіреді. Ьұған бір себеп, бұрын ұжымшарлар мен кеңшарлар болған кезде шаруашылықтарда арнайы өлген малды көметін жерлер болады. Жабайы жануарлар сол жерден қоректенетін. ҚӨасқырлар адамдарға шапқан оқиғалар да ұшырасты. 2002 жылы Жайсаң кентінде және Ново-Михайлов ауылдық округінің шекарасында тап осылай болды. Соған байлаеысты қасқырды жыл бойына атуға рұқсат берілген.

Елек өзені бойында Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген Европалық қара күзен мен орман сусары мекендейді. Сондай-ақ кәмшәт мекендейді, сілеусн кездеседі, барлық жерде суыр ұшырасады. Аудан бойынша суыр саны белгісіз, бірақ облыстың экологиялық комитетінің мәліметі бойынша облыстағы саны 35-40 мын бас. Суыр кәсіби аңшылықтың нысаны. Ор қоян мекендейді, ьарлық жерде саршұнақ, атжалман көзге түседі. Өлке құстардың әртүрлілігімен екершеленеді. Құстың 200 түрінің 160 тайы ауданда ұя салады, қалғандары маусымдық ауу кезінде кездеседі. Аудан аумағында 27 түрі қыстауға қалады. Құстардың 70 түрі ауданда тұрақты мекендейді. Сонымен қатар құстардың 35 түрі сирек кездеседі. Жойылып бара жатқан құстардың қатарына жатқызылып, Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген. Маусымдық ауу уақытында қызыл жемсаулы қараша қаз, аққу, жыланды бүркіт, бүркіт, лашын кездеседі.


























    1. Мәртөк ауданының шаруашылығы.

Жүргізілген шағын барлау жұмыстарының негізінде Вознесенов ауылында қоңыр көмір бар екендігі анықталды, геологиялық барлау бойынша көмір шоғыры 889891 тонна, Ақсу өзенінде 220 мың тонна деп есептеледі. Ауданда көмірден басқа бордың, әктастың және Жуса ауылында мұнайдың мол қоры бар. Кен орындарының көбісі Орынбор- Ташкент, Орынбор- Жаманқала және Қандыағаш- Атырау теміржолының бойында орналасқан. Аудан құрылғаннан кейінгі алғашқы он жыл ішінде жергілікті маңызы бар 27 өнеркәсіп орны: құрамында 90 жұмысшысы, 16 қызметкері бар «Мәртөк көмір» Вознесен шахтасы жұмыс істеді. Оның жалпы өнімі 1939 жылғы құндылығы НКМП белгілеген бағада 176376 сом қөұрады. 45 жұмысшысы және 14 қызметкері бар «Гоняк» артелі 1939 жылдың ІҮ тоқсанында құндылығы 96500 сомға бағаланған көмір мен бор өндірілді. 72 жұмысшысы, 14 қызметкері бар «Промышленник» артелі құндылығы 971235 сомға бағаланған өнім өндірді. Диірмендер саны- 24, оның 12- шаруашылықтарда, 3- «Союзмука» кәсіпорнында болды.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және ауыл шаруашылығына қызмет көрсетуші «Алғабас» ЖШС, «Нияз және К», «Ферохром» АҚ сүт цехы және «Ремонтник» ЖШС кәсіпорындары ауданның өнеркәсібінің қатарына жатады. Ауданда барлығы 6+ өндіріс орыны бар. Олардың барлығы Жайсаң ауылдық округінің аумағында орналасқан. 2001 жылдан бастап ауданда өңдеуге ерекше мән беріледі, онда сүт өнімдерінің 10 түрі, өндіріледі және ет өңделеді. Ет өңдеу жөнінде «Алғабас» ЖШС және «Қазанбаев» ЖК цехтары жұмыс істейді, олар 10 түрлі жартылай фабрикат шығарады.

Өндірістің құлдырауын тоқтауға мүмкіндік туды. Мәселен, 2000 жылы тауарлы өнім көлемі 109,9 млн теңге, 2001 жылы- 118,4 млн теңге және 2002 жыл толық аяқталмай жатып 43,5 млн теңге құрады. Көрсетілетін қызметтің жаңа түрлері пайда болды. «Ремонтник» ЖШС теміржолға қызмет көрсетеді. Май зауыты банкротқа ұшырағаннан кейін екі дербес өңдеу кәсіпорны пйда болды. 2001 жылдан бастап ауданда сүт өңдеумен қатар ет өңдеуге назар аударылады. Түщпара шығару жолға қойылды. Өңдеуші кәсіпорындар 2002 жылдың тоғыз айында: буып- түйілген 365 тонна сүт, 256 тонна айран, 80 тонна майлы айран, 7 тонна май, 11 тонна ірімшік, 32 тонна қаймақ, 34 тонна балмұздақ және 70 тонна түщпар өндірілді. Отандық шағын бизнестің дамуы 1992- 1993 жылдары басталды. Ондаған жылдың ішінде кәсіпкерлердің қатары елеулі өсті. Ауданда шағын кәсіпкерлік ілгері даму сипатында және әлеуметтік шиеленісті азайту факторы ретінде өз жемісін беруде. 2004 жылғы 1 қаңтарда аудан бойынша 755 шағын бизнес субъектісі тіркелген, оның 52 заңды, 723 жеке тұлңғалар. Шағын бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 2389 млн теңгше құрады. Бұл салық жинауға игілікті әсер етуде. Биыл аудан бойынша салықтар мен басқа төлемдер 127 млн теңге сомасында жиналды. 2000 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік қызметпен айналысушылар саны 175 адамға ұлғайды және 3178 адам болды.

Өткен жылы мемлекеттің қолдауы мен жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде жақсы өнім алынды. 156 мың тонна астық жиналды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 53 мыңға көп. Аудан бойынша өнім көлемі гектарына 13,4 центнерді құрады, 11 мың тонна картоп өнімі, 8 мың тонна көкөніс дақылдары өндірілді.

Ауыл шаруашылығын дамыту «2006- 2008 жылдарға арналағн агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» бағдарламасына сәйкес іске асырылды. Бұл мақсатқа барлығы 685 млн. Теңге бюджеттік қаражат инвестиция тартылды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 287,9 млн. Теңгеге ауылшаруашылық өнім өңдіру көлемі 6 млрд. 176 млн. Теңгені құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 1 млрд. 508 млн теңгеге артты.

Мал азығын дайындау 2007 жылға қарағанда 6,0 мың тонна артық болды, яғни 94,0 мың тонна шөп дайындалды.

Мал шаруашылығына келетін болсақ, 2007 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 3,0 пайызға артып отыр. Бұл жерде 80 пайызы тұрғындардың жеке шаруашылығын құрайды.

Қой мен құс санымен өнімділігінің артуымен мал өнімдерінің көлемі 105 пайызға өсті.

Мал шаруашылығында алға қойған мақсаттарға жету үшін, қолдан ұрықтандыру жолымен малдың генетикалық құрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарға бюджеттен 4,3 млн теңге бөлініп толық игерілді. Сондай- ақ, ауыл шаруашылық малдарын қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарын, ветеринарлық алдын алу шараларын орындау мақсатында ауданда 22 мал дәрігер мамандары жұмыс атқарып келеді.

Ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайының жоғарылауының негізі экономикалық және әлеуметтік қатар қамтитын, кәсіпкерлік саласы.

Ауданда кәсіпкерлік инфрақұрылым объектілері қызметі өз жұмысын жалғастыруда. Мысалы, кәсіпкерлікті әлеуметтік қолдау мен тәжірибелік көмек көрсету мақсатында «Мәртөк бизнес инкубаторы» қоғамдық қорымен 1323 тұтынушыға компьютерді пайдалану бойынша оқытылады.

  • 139 адам кәсіпкерлік, сақтандыру жүйесі бойынша тиісті кеңестер алды.

  • 597 кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік есеп және көптеген мәселелер бойынша қызметтер көрсетілді;

  • 55 тұтынушыға оргтехникаларды жалға алу және интернет желісін пайдалану бойынша қызметтер көрсетілді:

  • 28 адам «жеке компьютер қолданушы» бойынша арнайы курстарда оқытылды.

Ауданда 1996 жылға дейін астық өндіру, оған қосымша сүтті-етті мал, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 13 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1996 жылдан АҚ-дар, ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Аудандағы а. ш-на жарамды жердің аум. 480 мың га, оның ішінде жыртылған жері 188,2 мың га, шабындығы 11,0 мың га, жайылымы 265,2 мың га, орманы 5,6 мың га. (2000). М. а-да 2000 ж. 35,1 мың сиыр, 14,4 мың қой мен ешкі, 10,2 мың шошқа, 1,5 мың жылқы болды. Жалпы білім беретін 31 орта мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, мәдениет үйі, 16 клуб бар. Денсаулық сақтау саласында ауд. аурухана мен емхана, 12 фельдш.-акушерлік пункт, 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Аудан жерімен Орынбор Ташкент т. ж., Ақтөбе Мартөк, Ойыл — Мартөк автомоб. жолдары өтеді.

Саржансай ауылында ірге теуіп жатқан тауарлы сүт фермасына соғып, биылғы жартыжылдықта жүзеге асырылатын он жобаның бірімен танысқан болатын. Мұнда «АЙС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1100 сауын сиыр ұстайды. Сауылатын сиыр да, қолданылатын озық технология да шет елдік, голландиялық. Мұнда шын мәніндегі сүт бұлағы орнамақ, бұған дейінгіміз әншейін ғана. Жаңа тауарлы сүт фермасы ішкі рынокты қамтамасыз етіп, жарты өнімін сыртқа халықаралық рынокқа да шығаратын болады. Жылына 7,2 млн. тонна сүт өндіреді. Толық тұрпаты айқындалып келе жатқан кешенді тауарлы сүт фермасының қазіргі құрылысымен танысқан облыс әкімі оның барысына шын көңілімен риза болды. Осындай үлгідегі тауарлы сүт фермалары тек Мәртөкте емес, әр өңірде жалғасын табуға тиіс деген ой айтты. Жалпы, егіншілікте, мал шаруашылығында бұған дейін ішкі рынокты ғана ойлап өнім шығарып келсек, Кедендік одақтың құрылуына байланысты ендігі жерде халықаралық рыноктың бәсекесіне төтеп беретін өнім, тауар шығару мәселесін сөз етті. Бұл оңай шаруа болмағанмен, мәртөктіктердің бұлай істеуге толық мүмкіндіктері бар.
































Қорытынды

Сонымен, қорытындылай келе, - Ұлы даланың бір бөлігі – Мәртөк өңірі!!! Бірінші бөлімде, мен Мәртөк ауданының географиялық оны және атап өтілген ауданның тарихына жалпы шолу жасап өттім. Сонымен қатар осы өлкеде мекендеген халықтың басынан өткерген қиыншылықтары мен табыстарын да атап өткен болатынмын. Мәртөк ауданының топырағы мен өлкенің пайдалы қазбалары жөнінде және де мекеннің ірі өзендерінің бірі Елек өзеніне толық сипаттама бердім. Ауданның табиғат зоналары және климатының қолайлығы жөнінде мәселелер қозғадым.

Екінші бөлімде, мен халық шаруашылығына көп көңіл бөлдім, яғни Мәртөк елді мекеніндегі халықтың табыс көзі неде? Деген сұрақтарға жауап іздедім. Және де өлкеде өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жан-жануарлары олардың халыққа маңыздылығы жөнінде сыр шерттім. Мәртөк халқының мал шаруашылығымен айналысатының алға ала отырып сол өлкенің Саржансай елді мекеніндегі сүт фермасы туралы толығырақ қарастыра кеттім.

Мәртөк өлкесінің тарихы- бүкіл қазақ тарихының құрамдас бір бөлігі. Мәртөк туралы жазылған бұл курстық жұмыстын басты мәселесі- осы мекеннің төл тарихын танытып, Мәртөк жерінің табиғатымен қоса бұл мекеннің экономикасынныңда алда екендігін көрсету.

Курстық жұмысымды Ақтөбе облысының экс- әкімі Елеусін Сағындықов мырзаның сөзімен аяқтағым келіп отыр:

- «Мәртөк — қызықтыратын өлке»!!!















Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Мәртөк: Ғылыми- тарихи анықтамалық. –Мәртөк, 2009. -832 бет.

  2. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

  3. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

  4. "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

  5. Водные ресурсы Актюбинской области

  6. Актюбинская страничка общенациональной общественно-политической газеты «Время»

  7. Краткие итоги социально-экономического развития Актюбинской области в январе-декабре 2008 года

  8. Қазақстан Респубикасы: ақпараттық төлқұжат. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 112 б.

  9. Хайрлиев И.Н., Кожахметов М.К. Экономическая и социальная география Республики Казахстан. – Караганда: Изд-во КарГУ, 1997. – 130 с.

  10. Информационно-аналитический стат.сб. Казахстана – 1991-2002 гг.- Алматы: 2003.

  11. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. – Алматы: Казахстан, 1994. – 166 с.

  12. Ердавлетов С.Р. Экономическая и социальная география Казахстана. – Алматы: Қазақ ун-ті, 1998. – 287 с.

  13. Габдуллина К.Г. Казахстан и современный мир. – Алматы: КазГосИНТИ, 2001. – 107 с.

  14. Парамонов В.В. Экономика Казахстана: 1990-1998. Алматы: Ғылым, 2000. – 196 с.

  15. Регионы Казахстана: Стат.сб. – Алматы: Агенство РК по статистике, 2003. 439 с.



25


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!