Материалдар / "Масғұд" поэмасындағы гуманизм көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Масғұд" поэмасындағы гуманизм көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 10 сынып оқушыларына керек. Абайдың үш поэмасын өткен кезде, оқушының білу керек қосымша мәліметтері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Масғұд» поэмасындағы гуманизм көрінісі

Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушылардың бірі болды. 
Абайға дейінгі және Абай тұсындағы ақындарда ескі араб, парсы сөздерін көп қолдану, оны қазақ сөзімен араластыра сөйлеу салтқа айналған еді. Кейін орыс сөздері араласты. Абай осыларға қарама-қарсы шет тілдер сөздерін көп қолданбай, негізгі шығармаларын қазақтың таза ұлттық тілінде жазды. Тіл, сөз мағынасын жаңартып, байытты. Сөздің халықтық үлгілерін жонып, қырнап, өзі айтқандай, «тіл ұстартты».
 

Бірақ жас кезінде Абайдың өзінде де сыртқы өлең түрі мен тілі жағынан Шығыс ақындарына еліктеу болғаны мәлім. Осыған дәлел ретінде ұлы үш бірдей поэмаларын «Әзім әңгімесі», «Масғұд», «Ескендірді» келтірсек болады. Бұлар шығыс ақындарынан алынса да, өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары баршылық. Мысалы, «Әзім әңгімесі» поэмасының тақырыбы «Мың бір түн» ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары дастан желісіне арқау етілген. 
«Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған. Европаға Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Европа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдауси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абайдың үшінші поэмасы «Масғұд» деп аталады. Бұл поэманың оқиғасы мен тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. Ақынның 1977 жылы жарық көрген шығармаларының екі томдық толық жинағының түсінігінде «Масғұд» дастаны туралы былай деп жазылған: «Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасында Тургеневтен деп көрсетілген [1, 120 б.]. И.С. Тургеневтің «Восточная легенда» атты қысқа әңгімесі мен «Масғұд» поэмасының бірінші бөлімінің сюжеті басынан аяғына дейін дәл түсіп отырады. Дегенмен зерттеуші Д. Досжан бұл туралы мынадай пікір айтады: «Бұл «Восточная легенда» мен «Масғұд» поэмасының бірінші бөлімінің сюжеті басынан аяғына дейін дәл түсіп отырады деген тұжырым қате. Екі нұсқаны салыстырып шыққанда орысша текстін Абай біршама бұрып, өзінше кеңейтіп өзгерткені белгілі болды». Поэманың негізгі ойы – негізгі герой Масғұдты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітіру. Және осы арқылы қай заманның адамына болса да, үлгі боларлық ұжданды адамды жарату. Осы ойының аясында ақын Масғұдқа Қызырды кездестіріп, оған үш жеміст іұсындырады.
 «Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар», Масғұд ақылдылықтан да, еңбексіз табылған байлықтан да қашып, әйел затын адамзаттың қақ жарымы деп түсініп, қызыл жемісті алады. Бұл әрекетін ол әйелдің достығын ерекше қадір тұтатындығымен түсіндіреді. Ер жынысы мен әйелді адамдық алдында тең дәрежеде бағалап, қадірлейтіндігін айтады. Осының барлығы да біз танып, білген Абай шығармаларында ақынның өзі кеңіен жырлап, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе? Мәселен, «Ғашықтық құмарлық – ол екі жол» , «Жастықтың оты жалындап...», «Ғашықтық тілі – тілсіз тіл» атты өлеңдерінде өрнектелген тақырыпты, яғни махаббат, әйелзаты туралы мораль философиясын гуманист ақын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып, осы поэмасында ұсынып отыр. Сонымен қоса, осы поэмада қызықтыратын бір нәрсе – ол Масғұдтың бойынан көрінетін ақынның өз бейнесі. Масғұт ақылдан қашады. Байлықтан қашады. Соның екеуін де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғұдтың ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Менінше, көп наданның арасындағы бір жалғыздың халінкешкен Абай өз трагедиясын Масғұдқа сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Себебі, Абайдың өзі білімді, ақылды, халыққа билік айтар көсем болған, әрі жеті атасынан дәулет дарыған отбасынан шыққан. Солай бола тұра ол өз жырларында надан, кердең байдың бет болмысын әшкерелейді. Сұм байлық пен елге керексіз білімнен безеді. 
Жалпы поэманың мазмұнына, сюжеті, композициясы, оқиғалардың орындалу тәртібі Абайдың басқа поэмаларынан өзгешелеу. Мысалға оқиғаның, басы Масғұдтың Қызыр атамен кездесуімен басталса, байланысуы - Қызырдың оны үйіне шақырып үш жемісті ұсынуы, дамуы: Масғұдтың қызыл жемісті таңдауы болса, осыдан кейін шиеленісуде логикалық ой мүлдем жоғалады. Мәселен, дамуында қызыл жемісті, әйелзатының достығын таңдаған Масғұд поэма оқиғасының өрістеуі барысында басқа қырынан көрінеді. Енді «Масғұд» дастанының екінші бөлігіне келейік. «Екінші бөлік» деген нәрсе шартты ғана, әйтпесе дастанда ақын я тарауға, я бөлімге бөлмеген, желі біртұтас. Оқиға екінші бір арнаға түсіп, әрі қарай жалғасын табады. Мазмұны былай: «Масғұд» сол ақылмен халифке уәзір болады. Уәзірлік етіп жүргенде, бір түні, баяғы қыдыр шал Масғұдтың түсіне еніп аян береді. «Пәлен күні аспаннан жынды су жауады, оны ішкен адам жынданады. Судың жеті күн өткен соң күші тарайды, жұрт қалыбына келеді. Таза судан жиып алып сол жетін күнді тос» дейді шал. Бұл хабарды Масғұд әміршіге айтып, пәлелі судан ішпейтін болып тас-түйін бекінеді. Білмейтін жұрт жынды судан ішіп алып тегіс құтырынып шыға келеді, шуласып, дүрлігіп жүреді. Халиф пен уәзірін көріп, «мына екеуі бізден өзгеше, жынданған екеуі, өлтірейік»,-деседі. әмірші сасады. Бұл жерде де Масғұд ақыл табады: «Құтылар хал болмады мына дудан, біз де ішпесек болмайды жынды судан» [2, 6 б.] деп екеуі де ішіп алады. әлгі дүмеген жұртқа көздері алақтап, екі иінін жұлып жеп жетіп барады. өңкей жынды: «Байқамай айтыппыз»,- деп баяғы өлтіреміз деген сөзге кешірім сұрап тарап кетеді. Оқиға осымен тәмам, ұлы ақын өзінің діттеген ойын үлкен пәлсапалық оралыммен жеткізеді. «Көптің бәрі осылай, мысал етсең, «Көп айтты деп алданып, уағада күтсең. Ғапіл болып көп нәрседен бос қаласың, Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең». Осынау ғаламат ойлы пәлсапаға жамаушы жапсырып бірдеме айтудың өзі әбес. Яғни соңында «Жұртың жынды болса, ақылды болма, қоса жынды бол» дейтін пікірге тоқтайды. «Поэманың композициялық құрылымы турасында қорытындылай келе Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем тұтас етіп шығара алмағандығын аңғартады,» - дейді абайтанушы ғалым М. Мырзахметұлы. Егер де оқиғаның басында Масғұд қызыл жемісті емес, ақ жемісті, яғни ақылдылықты таңдағанда, онда мүмкін оқиғаның басы мен моңында логикалық байланыс туып, Масғұд шынымен де үлкен ақыл иесі, тіпті, Шәмси жиһан боп атанатын ба еді. Себебі қызыл жемісті таңдап, әйелдердің достығын алған кейіпкеріміз ақылды, көреген кісі болып шығады.
 
Поэманың оқиғасына, ақынның өзі өмір сүрген ортасына ой жүгірте қарасақ, онда қызыл жемісті таңдаудың өзіндік орны болған тәрізді. Бәлкім ақын әйел затына деген құрмет пен сүйіспеншілігін білдіріп, не біреуге деген махаббатын көрсеткісі келген шығар.
 Мұны: «Еркектің ерке адам болса қасы, Қатын, шеше, қаза жоқ кімнің басы? Хан – қаһар, қара халық қастық қылса, Сонда ұрғашы болмайма арашашы,» - деген өлең жолдарынан көруге болады. Сондай-ақ «Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,» - деп өзіне серік болар, ақыл айтар жар іздейді. Мәселен, Абай жастайынан әжесі Зере мен анасы Ұлжанның қолында тәрбиеленеді. Ал бұл әйелдер өз отбасының көсем, өз ортасының ақыл айтар данагөйі болған жандар екені мілім. Мысалы, мінезі ауыр Құнанбайдың өзі Зерені тыңдап, Ұлжаннан ақыл сұрап отыратын болған. Жалпы Құнанбай Ұлжанды өте қадірлеп, сыйлаған. Оның ақылдылығына разы болған. Осындай тәрбиені көріп өскендіктен болар, Абай да өмірлік жолдасы болар, аналарына ұқсар жар іздеген.Кей абайтанушы ғалымдар мұны алғашқы ұмытылмас махаббаты Тоғжанмен байланыстырады. 

Абайдың өлеңі 1855 жылдары жазылған. Кейіннен де осындай сарындағы тақырыптармен жазылған өлеңдер бар. Оларда ғашықтыққа толы жүректің культі басым болып, имани гүл, үш сүю танымымен байланысты құбылыстар ерекше орын алған. Осындай құбылыстар, құдай қосқан қос жүрек туралы ойларды осы «Масғұд» поэмасына суық ақылмен таразылап, талдап көрсеткісі келген сияқты көрінеді. Бұл поэма 1887 жылы жазылған, яғни Тоғжанмен айырылысқаннан кейін біраз жылдар өткенімен де, оған деген ғашықтық сезіміне, махаббатына арнаған құрметін осы поэмада көрсетуге тырысатын сыңайлы. Сондықтан осы ойын жүректен шыққан үн ретінде жеткізу үшін ол қызыл жемісті таңдап, Тоғжанға деген махаббатын танытады, оқырманға жеткізеді. 
Поэманың жазылуы туралы жазушы Д.Досжан мынадай пікір айтады: «Композициялық құрылыстың өзінде, яғни қызыл жемісті таңдап, соңында білімдарлығын танытып, логикалық байланыстың болмауы, қиыспауының өзі осы қызыл жеміске оқырманның бар ынтасын қойғызады» [3].
 
Жалпы Халиф һарон Рашид Бағдатты 786-809 жылдар аралығында, яғни 23 жыл билейді. Ең әділ, ақылды әмірші бейнесінде «Мың бір түннің» бас кейіпкерінің бірі болып, өлмейтін өнер бетіне ауысатын кезеңі де осы тұс. Халифтың Жафар есімді уәзірі болған. Ал осы дастанды аударған Тургенев оны Жафар емес Жиаффар деп, дастанның нобайын өзгертіп, өзінше бір жоба, өзінше қиял, бояу қосып, өзгешелеу етіп жаңа шығарма туғызады. Тіпті бас кейіпкерін Халиф һаронды ақылдан гөрі айлаға бейім етіп көрсетеді. Дәл осы желіні қазақ ақыны оқып алып, түпнұсқаға жалпы нобайы ұқсағанымен, оқиға желісі, тіп бояуы, кейіпкер машығы, әңгіменің пәнсапалық астары мүлде бөтен бірегей туынды туғызғанын байқаймыз. Бұдан ақынның шығыстық сюжетті европалық желіден алғанын байқауға болады. Яғни әр ақын Фзули де, Тургенев те, Абай да осы дастанды дәл аудармай, тек желісін ғана алып, өзіндік жобамен жазғанын аңғаруға болады.

Дегенмен, әр ақын бас кейіпкерден өз бейнесін табуға тырысқан десекте болады. 

«Масғұд» поэмасын оқып шыққан соң, оқиға желісі Абайдың өз өмірінде болған оқиғасымен өте байланысты екенін байқағандайсың. «Бұл сөзге салып тұрды шалқ ұлағын, Ендеше,тауып айттың, жә, шырағым, Ақыл, дәулет әуелден өзін де екен, Өміріңнен артылсын, жаным, бағың!» - деп, дәл Абайды танытады. Себебі, Абайда білімде, байлық та болады. Бірақ сүйген жарына қосыла алмай бақытсыздыққа ұшырайды. Ол: «Тегінде, адам басы сау бола ма? Бойында тексерілмес дау бола ма? Ері ашуайтса, әйелі басу айтып, Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?» деп, ынтымағы жарасқан сүйген жарын аңсайды. 

«Масғұд» туралы деректердің ешқайсысын да нақты Тоғжанға байланысты шығарылған поэма деп аталынбаған. Абайдың өзі атап көрсеткен деректері де жоқ. Ал біз бұл поэманы, өз сын тұрғымыздан алып қарап, Абайдың Тоғжанға, өзінің өкінішті аяқталған бала махаббатына арнаған ескерткіші деп дәлел айтқымыз келеді. Масғұдқа Қызыршал, яғни өмір байлық, білім, махаббат секілді өмірдің негізгі үш стихиясын ұсынады. Ол болса, байлық пен білімді қойып, ғашықтық стихиясын таңдайды. Сол стихияға қол жеткізуге ұмтылады. Ал біз білетін Абайдың тек Тоғжанға жетпеген. Міне, осыдан келе ақын Масғұдқа қызыл жемісті таңдатқызады. Бірақ, ақын өз дегеніне жете алмайды. Тоғжанды басқа біреуге күйеуге бермекші болады. Абай жеті есе қалыңмал беріп сүйіктісін өзіне жар етіп алуы да мүмкін еді, бірақ бұл ата заң дәстүріне қарама-қайшы келер еді. Сондықтан Абайдың батылы бармай, Тоғжанмен қош айтысады. Сөйтіп, махаббат жолын таңдаған қара торы жас жігіт, білімін, өнегелігін танытып одан бас тартуға өзін мәжбүрлейді. Бұл поэмада Масғұдтың білімін танытып, жынды судан аман қалған сәтіне сәйкес келеді. «Жынды су» терминін Абай бойындағы ұятпен теңестіріп алсақ болады. Себебі, егер де Абай Тоғжаннан айрылмауға бекінсе, онда ол бүкіл жанұясына, әкесі Құнанбайға кір келтірер еді. 
Ал, поэманың соңындағы «жұртың жынды болса, ақылды болма, қоса жынды бол!» дейтін жолдар, Абайдың «болды енді сұм, құр өкініштен ештеме шықпас, Тоғжан да көнді, ақымақ болма, сен де көн,» - деген сөздерді білдірсе керек. Міне, осылай композициялық құрылысы толық емес, логикалық тұтастығы жеткіліксіз поэмаға, осындай өмір философиясын қолдана отырып, шешімін тауып беруге болады. Бірақ жамандықтан кейін жақсылық болар дегендей, махаббатынан айрылған Абай соңында қазақ ғұлама ақындарының бірі болып қалыптасты. Мүмкін оның ақындық шабытының оянуына сол Тоғжанға деген махаббат пен қосыла алмауынан пайда болған зар сезім әсер еткен шығар.

















































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Әбдіғазиев Б. Абай дәстүрі және Ш. Құдайбердиев поэзиясы: филол. ғыл. канд. ... дисс. - Алматы, 1990. -132 б.

  2. Әуезов М. Абай Құнанбаев (Мақалалар мен зерттеулер). –Алматы: Ғылым, 1967. – 244 б.

  3. Дүкенбай Д. Абай айнасы. -Алматы «Қазақстан»1994.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!