Материалдар / Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы- халқының біртуар перзенті, дәуірдің дара тұлғасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы- халқының біртуар перзенті, дәуірдің дара тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы- халқының біртуар перзенті, дәуірдің дара тұлғасы 2.2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармалары 2.3 Мәшһүр-Жүсіп халық ауыз әдебиетінің жырларын топтастырушы III.Зерттеу бөлімі 3.1 Мәшһүр Жүсіпт қазақтың фоль¬¬клорист ғалым 3.2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының сопылық қасиеті IV.Қорытынды V. Пайдаланылған әдебиеттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2024
290
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы- халқының біртуар перзенті, дәуірдің дара тұлғасы».

Picture 2







Дайындаған:

Ғылыми жетекшісі:


2021-2022 оқу жылы


Мазмұны


І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы- халқының біртуар перзенті, дәуірдің дара тұлғасы

2.2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармалары

2.3 Мәшһүр-Жүсіп халық ауыз әдебиетінің жырларын топтастырушы

III.Зерттеу бөлімі

3.1 Мәшһүр Жүсіпт қазақтың фоль­­клорист ғалым

3.2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының сопылық қасиеті

IV.Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер
































АННОТАЦИЯ

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы қазақ халқының кемеңгер әрі аяулы перзенті.

Публицист, этнограф, фольклорист, ағартушы «Қазан төңкерісіне дейінгі ақындардың ішінде шоқтығы биік жарқыраған жұлдыздардың бірегейі. Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы толық мағлұмат беру.

Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атамыз жайлы барынша ақпаратты жеткізу, жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан-ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі-өнеге болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу. Мұра ретінде қалдырған шығармалары мен туындыларын зерттей отырып, оның астарында қандай мән-мағына жатқанын өскелең ұрпаққа жеткізу.Осы зерттеу жұмысы оқушыларға біраз септігін тигізеді деген сенімдемін.


АННОТАЦИЯ

Машхур-Жусип Мудрый и добрый сын многонационального казахского народа. Публицист, этнограф, фольклорист, просветитель «Среди поэтов до Октябрьской революции - одна из самых ярких звезд. Приведите подробности о Машхуре Жусупе Копееве.

В соответствии с требованиями времени дать будущим гражданам новое направление о Машхуре-Жусупе Копеева. Рассказать народу о доброй душе, оставившей неизгладимый след в истории страны, о котором рассказывают как о легенде, передаваемой из поколения в поколение, чей образ является примером для жизни. Передать подрастающему поколению смысл произведений, оставленных в наследство.

Надеюсь,что эта исследовательская работа будет интересной и познавательной ученикам.



ANNOTATION

Mashhur-Jusip Moody and good-natured critique of the Kazakh multitude. Publicist, ethnographer, folklorist, and propagandist - "The Poetry of the October Revolution - One of the Most Beautiful Speeches." Read more about Mashhur Jusupe Kopeev.

In response to the demands of the time to give future citizens a new direction about Mashhur Jusupe Kopeev . To tell the people about the good soul, who left an indelible mark on the history of the country, about which the legend is passed down from generation to generation, whose image is an example for life. To pass on to the growing generation the meaning of the works left in the inheritance.

I hope that this research work will be interesting and cognitive for students.




Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі:

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы туған еліне, өткен тарихына деген шынайы сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі, бүгінгі ұрпақ үшін, ұлт руханияты үшін өшпес мұра болып қалады. Болашағына арнап өлмес мұра қалдырған ақынның жинақтары тәрбиенің негізгі көзі ретінде зерттеуді талап етеді. Зерттеу жұмысы бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі рухани адамгершілік сезімдерін оятуға бағытталған.

Зерттеудің мақсат-міндеттері:

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы еңбектерін жан-жақты ашып көрсете отырып, оны бүгінгі күннің биігінен пайымдау, оны зерттеген тарихшы ғалым аға-апаларымыздың еңбектерімен тереңінен таныса отырып, ол туралы тың деректерді зерттеп, танып-білу.

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

  • Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;

  • Ақынның шығармалары бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;

  • Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы еңбектерін жинақтап оқушылармен азаттық шығармаларын жан-жақты талдау.

Зерттеудің кезеңдері:

Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеудің маңызы:

  • Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы еңбектеріболашақ жастар үшін рухани өнеге мектебі;

  • Ақынның шыншылдығы азаттықтың рухани шынайы көрінісі,болашақта жастарға үлгі болып қалатындығы.

Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалар жинағы, газет-журнал материалдары, "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы басшылыққа алынды.

Зерттеудің жаңалығы:

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасы бүгінгідей рухани құндылықтың азайған шағында, қоғамның келеңсіз жайттарына тұсау салуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Ақын мұрасы бүгінгі ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу.



















I.Кіріспе

Ақынның қай туындысы болсын, тақырыбы жағынан қоғамдық өмірдің көкейкесті мәселелерін қамтыды. Тірлігінде ұры-қарылардың, озбыр қиянатшыл, аю мінез әкімдердің қара халыққа жасаған қиянатын қызыл тілімен қылыштаған. Мәшһүр-Жүсіп өзінің ақындық қасиетінде Тәңір сыйлаған өнер деп түсінеді». «Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты шығармасында қазақ халқын өнер-білімге баулу, елде мектеп, медреселер ашу, жер тағдыры өзекті мәселелерді көтерді. Шынымен де қазіргі ұлттық тарихымызды қайта зерделеу заманында ерекше тұлғаның бұған дейін айтылмай келген өмір белестерінің белгісіз беттері енді ашылып, талай жылдар бойы тыйым салынып келген сүбелі шығармаларын қайта тануға бет

бұрылды.

Екі ғасырдың жүгін бірдей көтерген ақыл-ой, өнер саласындағы алыптардың қатарында Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлыда бар. Талантты қолдан жасау қиын. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ел аузынан халық ауыз әдебиетінің сөз маржанын теріп, оны насихаттап елді сауаттандыру жұмысымен де айналысты. Уақыт өткен сайын, маржан тас су түбінде жатқан сайын жарқырай түсетіні сияқты Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ұрпағына қалдырып кеткен мол мұрасы, баға жетпес байлығы оның даңқын бүкіл әлемге асқақтата паш етіп, өзінің

құндылығымен ерекшеленіп тұрады. Кезінде солақай саясаттың кесірінен араб харіптерімен жазылған шығармаларға тыйым салынды. Еңбектерін жарыққа шығармай қудалады. Енді қазір заман түзеліп, өз қолымыз аузымызға жетіп, егемен ел болып, арыстар ақталып, елім деп еңіреген ерлерді еске алып, құрметтеп ас беріп, мұражайлар ашып жатырмыз.


II.Негізгі бөлім

2.1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы- халқының біртуар перзенті, дәуірдің дара тұлғасы



Қазақ халқының көрнекті ойшылы Мәшһүр -Жүсіп Көпейұлының (1858–1931) есімі еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап шынайы мәртебесіне көтеріліп, тарихта лайықты орнын ала бастады. Кезінде социалистік идеология қудалаған, теріс бағалаулар берілген талай ұлт саңлақтарының тарихи сана тұрғысынан өзінің лайықты бағасын алатын кезі келді. Мәшһүр-Жүсіп қазақ халқының кемеңгер әрі аяулы перзенті.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы публицист, этнограф, фольклорист, ағартушы «Қазан төңкерісіне дейінгі ақындардың ішінде шоқтығы биік жарқыраған жұлдыздардың бірегейі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қаншама ғұлама ақын шайырлардың өлең-жырлары, дастандары, әзіл-оспақ күлдіргі әңгімелері хатқа түспей, бізге жетпей қалды. Арабша оқыған адамдардың шығармаларын оқытпай тыйым салды.

Солардың бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» деп атап көрсетеді. Одан әрі қарай төмендегідей ойларын тұжырымдайды: «Дала уалаяты газетіне» мақала, хат-хабарлары жиі жариялана жүріп, Мәшһүр Жүсіп атанады. Ол 15 жасына дейін Хамеретдин хазіреттің медресесінде білім алады, одан соң 1872 жылы Солтүстік және Орталық Қазақстанның ауыз әдебиетін жинаумен шұғылданады.

Бүкіл Қазақстанға мәлім Қараөткел, Атбасар, Қызылжар сияқты өңірлерде болған ол жергілікті тұрғындардың өмір-тұрмысымен, фольклорымен етене танысады. Сол кездің өзінде-ақ ол өзін өмірден көрген-білгенін мықты бейнелей алатын ақын ретінде таныта бастайды. Мәшһүр Жүсіп 1917 жылы Қазан қаласында «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын шығарды. Қазақ ауыз әдебиеті мен Шығыс әдебиеті үлгісінде «Гүлшат-Шеризат», «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама», «Баяннама» т. б. қисса-дастандар жазды. Оған 1905 жылғы бірінші орыс революциясы орасан зор әсер етеді. 1905 жылғы 9 қаңтарда болған оқиғаға арнап, «Қанды жексенбі» деген өлең жазады. «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты халық жырлары мен Шығыстың қисса-дастандарын жатқа айтқан.

Шығыстың классик әдебиетімен жете танысқан. «Көроғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» жыр дастандары мен Бұқар жырау, Шортанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ, Сақау секілді ақын-жыраулардың әдеби асыл мұраларын хатқа түсірген.

«Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты шығармасында қазақ халқын өнер-білімге баулу, елде мектеп, медреселер ашу, жер тағдырын өзекті мәселелерді көтерді. Ақынның қай туындысы болсын, тақырыбы жағынан қоғамдық өмірдің көкейкесті мәселелерін қамтыды. Тірлігінде ұры-қарылардың, озбыр қиянатшыл, аю мінез әкімдердің қара халыққа жасаған қиянатын қызыл тілімен қылыштаған.

Мәшһүр Жүсіп өзінің ақындық қасиетін де Тәңір сыйлаған өнер деп түсінеді» Шынымен де қазіргі ұлттық тарихымызды қайта зерделеу заманында ерекше тұлғаның бұған дейін айтылмай келген өмірбелестерінің белгісіз беттері енді ашылып, талай жылдар бойы Тыйым салынып келген сүбелі шығармаларын қайта тануға бет

бұрылды. Екі ғасырдың жүгін бірдей көтерген ақыл-ой, өнер саласындағы алыптардың қатарында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да бар. Талантты қолдан жасау қиын. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ел аузынан халық ауыз әдебиетінің сөз маржанын теріп, оны насихаттап елді сауаттандыру жұмысымен де айналысты. Уақыт өткен сайын, маржантас су түбінде жатқан сайын жарқырай түсетіні сияқты Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпағына қалдырып кеткен мол мұрасы, баға жетпес байлығы оның даңқын бүкіл әлемге асқақтата паш етіп, өзінің құндылығымен ерекшеленіп тұрады.

Кезінде солақай саясаттың кесірінен араб харіптерімен жазылған шығармаларға тыйым салынды. Еңбектерін жарыққа шығармай қудалады. Енді қазір заман түзеліп, өз қолымыз аузымызға жетіп, егемен ел болып, ақталып, елім деп еңіреген ерлерді еске алып, құрметтеп асберіп, мұражайлар ашып жатыр. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әлі өзінің лайықты бағасын алған жоқ, оның мол мұрасын жан-жақты зерттеп, көпшілік оқырман қауымға таныстыру – алда тұрған негізгі міндетекені анық.


2.2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармалары

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр-Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.1887 жылы 29 жасында Мәшһүр-Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр-Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді.

Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады. Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Ясауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Май­лықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр-Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.Мәшһүр-Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады.

Ішінде Мәшһүр-Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.Мәшһүр-Жүсіп жинаған фольклор үлгі­лерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар жинағаны белгілі. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жинаған фоль­клорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған.

2.3 Мәшһүр-Жүсіп халық ауыз әдебиетінің жырларын топтастырушы

Мәшһүр ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйрене тұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жол­дан тұ­рады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жи­наған В.Радлов екендігін Мәшһүр-Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық.

Бұл үлгілерді Мәшһүр-Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қол­жаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ерінбей ұзақ жинағаны мәлім.

Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтел­дер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.Мәшһүр-Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған.

Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа ай­тысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жан­кел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.

Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс­тың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыс­танбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жа­нақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” ай­тысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғ­жан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дере­гімен де бірге берген.

Ақын қол­жаз­ба­ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ­жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қам­бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор­танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын­дыларын қағазға түсірген.Жинаушылықтың осы формасын “экс­пе­­дициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ға­лымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйен­бе­ген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете мең­гергендігі, бір жағынан, оның жи­нау­шылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрын­­бауын негіздесе, оның жинау жұ­мыс­та­­рының тез қарқынды жүруіне де, фоль­клор­­лық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті.

В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фоль­клорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір ха­лық­тың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі кел­се, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыз­да­рына зе­йін сала­тыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың тү­сінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мә­де­ниетін, т.б. түсінеді. Мәш­һүр Жүсіп болса, халыққа сол кезең­де “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ау­қымды жұ­мыстар атқарған. Сонымен жи­нау­шылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізіл­ген­діктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек.


III.Зерттеу бөлімі

3.1 Мәшһүр Жүсіпт қазақтың фоль­­клорист ғалым

Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айнал­ған Асан қайғы мен Жи­ренше ше­шен тә­різді бабалар дәуірі ме, қай­сы­сында кейін­гілер тағылым аларлық қан­ша­лық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қы­зықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұ­дан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік кон­цепциясы оның демо­кратиялық, ағар­ту­шылық көзқарасынан туын­дағанын кө­ре­міз.

Қазақ халық әдебиетінің жиналу тари­хын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уә­ли­ханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қара­ғанда, со­ларға үндес ететін ортақ си­пат­тарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерек­­шеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, ба­тыс мәдениетін, қазақ тілін жетік мең­герумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі жә­не ХІХ ғасырдың соң­ғы ширегі мен ХХ ға­сырдың бас ке­зінде қазақ даласын көп аралауы нә­ти­жесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз заман­дастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды.

Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп ма­те­риалдарды шолып қарай отырып, оның жи­наушылық еңбектерін саралауға бас­тай­тын мынадай ерекше­ліктерін жинақ­тап айтуға болады.

  • Бірін­шіден, Мәшһүр Жүсіп ерте­гінің, не аңыз­дың қысқартылған сұл­басын, шы­ғарма фабу­ласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы ай­тылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.

  • Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуез­ділігіне, өзара үнде­суіне көп көңіл бөлі­нетінін, дыбысталу сапа­сының сөз мағы­насына, сол арқылы шы­ғар­ма көр­кем­ділігіне пәрменді ықпал жасап оты­ратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тілін­­дегі сөздер фонетикасы тарихын жа­сау­да да елеулі рөл атқара­тынын дәйек­теуге бо­лады.

  • Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай ма­териалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этно­гра­фия­лық, т.б. мәні айрықша бола­тыны күмәнсіз.

  • Төртіншіден, ел тари­хын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқау­ла­рын қоса жа­зып отырған. Соңғы айтыл­ғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жа­зып алу­мен ғана емес, оларды сара­лап, белгілі бір тарихи жағ­дай, ел ахуа­лымен са­лыс­ты­рып отыр­ған зерт­­теушілік ең­бегін көрсетеді.

Мәшһүр Жүсіптің фоль­­клорист ғалым ретінде қалып­тасуының үш қай­нар көзі бар. Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фоль­клор үлгі­лерінен тұ­ратын бай мұра­сын қабылдауы; екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі; үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялы­ла­рының әсері.

Мәшһүр Жүсіптің фоль­клор­ды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге бо­лады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс бол­­ғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жал­пы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, да­налығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бас­тысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, тату­лығы, ынтымақ­тығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жет­кендігі айтылады.

Ол фольклор­дың ел арасында ерек­ше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастер­лейтінін ба­рынша айқын көрсетуге ты­рысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық ара­сында ең алды­мен ақын-жазушы ретінде таныл­ғанын ескерсек, онда оның фоль­клорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл бай­лы­ғының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есеп­ті бағалағаны анық.

Мәселен, ел аузындағы “Жиренше ше­шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр­кінін білемін деп ізлегендіктен қа­лыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха­нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола­сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгіме­сі­нің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді.

Мәселен, “Бұл қазақ қай уа­қыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтыл­ғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шық­қандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрын­ғы заманда қазақтың Жүз деген де ата­ла­рының аты болса керек. “Жүз” деген ат­ты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қо­йып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қы­лысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Ала­ша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұра­нымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген.

Исламның бес парызы біреуі – иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған.

"Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың..."Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты.

Павлодарда Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған.Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітаптың деректермен толықтырылды .Ғалымдардың айтуынша, Мәшһүр-Жүсіптің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық


3.2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының сопылық қасиеті


Мәшһүр-Жүсiптiң көзi тiрiсiнде жасаған талай кереметтерiн айтпағанда, оның ешқандай бальзамдаусыз, тұзға салынбай-ақ, 21 жыл бетi ашық қабiрде ешбiр бүлiнбестен жатқанын бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi!Өзiнiң өмiрден өтер мезгiлiн алдын ала болжаған Мәшһүр-Жүсiп : "73-ке келгенше балталасаң да өлмеймiн, 73-ке келген соң майға бөлесең де, одан әрi өмiр сүрмеймiн!" - дейдi екен.Бұл жайдан-жай айтылмаған.

Бес жасында-ақ әкесi Көпей сопы дiн жолына бағыттаған Мәшһүрдiң бар саналы ғұмыры исламның игi жолынан аумай, оқу-бiлiм iздеумен, шығармашылықпен өткен. Жас уағында елдегi Байжан молла, Нәжмеддин хазiрет, Қамареддин ахон секiлдi адамдардан дiни бiлiмiн ашқан Мәшһүр кемелiне келген шағында ислам iлiмiнiң ордасы Орталық Азияға барып, Ташкент, Бұхара секiлдi жерлерде дәрiс алады.

"Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,

Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.

Самарқан, Бұқар, Ташкент бәрiн кезген,

Жасында бiр кем отыз тәңiрiм айдап", - дейдi өзi бұл сапары жөнiнде.Осы Бұхара шаһарында оқып жүрген Мәшһүр бабамыз бiрде жұма намазынан келе жатса, үстiнде қара шапаны, қолында аса таяғы бар ақсақал адам алдын кес-кестей бередi. Үлкен кiсi ғой, жолын кеспейiн деп, Мәшһүр бөгелiп, қол қусырып сәлем бередi.

Әлгi ақсақал сәлем аларда қолындағы аса таяғын жерге шанша салады. Басында темiрi жоқ жаңағы таяқ жерге қадала кiрiп, дiрiлдеп тұра қалса керек. Кенет таяғын қайтадан қолға алған қария Мәшһүрдi үш айналып, о жер, бұ жерiнен таяғымен түрткiлеп, "жетпiс екi, жетпiс үш" деп керi айналып жүре бередi. Аң-таң болған Мәшкүр мына кiсi маған 72-73 сағатта өлесiң деп кеттi ме деп айран-асыр болады. Үйге келiп ұйқыға жатқан соң, түсiне аруақтар кiрiп, мазасын алып шығады. Сөйтiп, шалдың айтқан 72-73 сағатынан аман-сау өтедi. Ендi 72-73 күнде дәмiм таусыла ма деп, күн санауға айналады. Бұдан да сау-саламат өткесiн, ғұмырының 73 жыл боларына сенедi.

Мәшһүр-Жүсiпке ерекше қасиет қонуына байланысты мынадай тағы бiр әңгiме бар. Бұхарада шәкiрт болып жүрген кезi екен. Бiрде монша iздеп көшеге шықса, алдынан бiр ақсақал адам кез болып:- Жүр, балам, мына жерде монша бар, - деп бастай жөнеледi. Сәл жүрген соң шағындау, көзге қораш бiр моншаға әкелiп кiргiзiп, Мәшһүрді шешiндiрiп, арқа-басын ысып, кәдiмгiдей жуындырады.«Е, осындайды кәсiп етiп жүрген бiрмүсәпiр екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр атамыз қызметi үшiн деп шалға ақша ұсынса, ол алмайды. Iшiнен: "Апырмай, шайхы адам екен ғой" деп ойлаған Мәшһүр рақметiн айтып, сәл былай ұзай бере, артына қараса, монша да, жаңағы шал да жоқ.

Бұның не керемет екенiн түсiне алмаған ол ертеңiнде медреседегi ұстазына баян етедi. Ол қуана тыңдап: "Балам, құдай жарылқаған екен, сенiң барғаның Қожа Бахауеддиннiң моншасының орны едi. Саған назары түсiп, шомылдырған өзi болар, сiрә. Ендi саған қасиет қонды, аузыңнан шыққан сөздiң бәрi лепес, қабыл болады!" - деп, қолын жайып, батасын берiптi.Кезiнде қазақ даласын барынша аралап, Орталық Азия елдерiне бiрнеше мәрте сапарлап барған Мәшһүр-Жүсiп бабамыздың бар ғұмыры шығармашылыққа бағышталған дедiк. Сондай-ақ, тiрiсiнде әулие атанып, халық пiр тұтып, жалғыз ауыз сөзiн жерге тастамаған ерекше қасиет иесi болған. 1914 жылы Мәшһүр-Жүсiп Сiлетi бойында жерленген Мәшһүр-Жүсiп жасы 73-ке жеткен соң, Ескелдi деген қыстаудағы қазiр өзiнiң кесенесi тұрған төбенiң басын таңдап, сол жерден қабiрiн қаздырып, үстiнен қос бөлмелi үй салдырады.

Салынған зират үйдiң төргi бөлмесiндегi қабiрге өзiн ашық қоюды өсиет етедi. Ауызғы бөлмеге өзiнiң күнделiктi пайдаланатын кiтап-құрандарын, ыдыс-аяқ, ер-тұрман, насыбай үккiш, т.б. заттарын қойғызады. Және насыбай шақшасында әрдайым насыбай болуын да тапсырады. Қысы бар, жазы бар, әрi-берi өткен жолаушылар түнер болса, барлық мүлкiмдi пайдалансын, бiрақ, жуып, тазалап, қайтадан орнына қойып кететiн болсын. Қорықпасын, мен көрден тұрып, ешкiмге бас салмаймын. Мен өлген соң, 40 жылға дейiн денем бұзылмайды, тiрi адам көзi көредi. Тек жаздың ыстық айларында ақыретiмдi айырбастап отырыңдар, қыста қажетi жоқ. Сонда көздерiң жетедi", - деп өсиет айтыпты.Шынында да, өзi айтқандай, соңынан кейбiр адамдар әулиенiң қабiрiне түскенде, әрдайым бiр хош иiс аңқып тұрады екен. 1946 жылы Мәшһүрдің қабіріне Сәбит Мұқанов түсіп таң қалыпты, «Қабiрдiң iшiне түскен едiм. денесiн сипаған едiм, сонда жадағай жерде жатса да, бiртүрлi хош иiс шығып тұрды. Ешбiр құрт-құмырс­қа, көрдi жайлап алатын сасық күзен, тышқанның iзi бiлiнбедi»-депті.

Әулие Мәшһүр тiрiсiнде өзiнiң жаназа дұғасын да оқытады.- Құдай алам деп отыр, Шәрәпиден мен Зейнеп бермеймiн деп отыр. Көпейұлы Жүсiпке құдай рақмет айласын! – деп сақ-сақ күледi екен жарықтық. Мен өлген соң келiп, бата жасамақ түгiлi, әркiм өз бас қайғысымен кететiн "тұрымтайтұсына" деген заман болады. Оны мен көрмеймiн, сендер көресiңдер, көресiңдер де, көнесiңдер, - дейд iекен.

Соңынан Мәшһүр-Жүсіп айтқанындай, 31-32-нiң ашаршылығы, 35-37-нiң қуғын-сүргiнi келiп, арты Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа ұласқанын бiлемiз. Сөйтiп, Мәшһүр әулие 1931 жылы күзде мүриттерiн бiр апта бұрын шақыртып алып, әңгiме-дүкен құрып отырып, ауырмай-сырқамай дүниеден өтедi.Ол кезекi адам бiрiн-бiрi жаусанаған, кеңес билiгiнiң нағыз қаһарына мiнiп тұрған шағы.

Өлген адамның ашық қабiрде жатуы, оның талай жыл бойына еш бiр бүлiнбеуi, халықтың Мәшһүр рухына деген ерекше ықылас-құрметi қызыл белсендiлердiң мазасын алмай қоймасы белгiлi. Ақыры 1952 жылы Баянауыл аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Макин  деген адамның нұсқауымен Мәшһүр-Жүсiптiң зираты құлатылып, жермен-жексен етiледi. (Ел адамдарының айтуынша, зиратты бұздырған хатшы да, оны бұзғанадамдар да соңынан қарғысқа ұшырап, оңбай кетсе керек).

Бүгiнде Мәшһүрдің есiмi қайтадан әспеттелiп, әдеби мұрасы зерттелiп, зерделенiп жатқанымен, олбарлық жұмбағын өзiмен бiрге ала кеттi. Тiрлiгiндегi әулиелiк, көрiпкелдiк қасиеттерiн айтпағанда, қалайша ешбiр бүлiнбестен 21 жыл бетi ашық қабiрде жатты? Осы жобаны жазу барысында мені ос ой толғандырды Мәшһүрдің зираты қиратылмағанда, әлi де неше жыл жатаредi?

Және қабiрiн қаздыру үшiн басқа жеремес, Ескелдiдегi аталмыш төбенiң басын таңдауына не себеп екенін?

Егер әлi күнге дейiн қабiрiнiң бетi ашық жатқанда, Мәшһүр-Жүсiп жұмбағы шешiлерме едi?

Тiптi кейде қабiрiн қазып көрсе, қандай күйде екен деген пенделiк ойға даберілдім.

Бiрақ барлығы да Жаратушының билiгiндегi шаруа. Дегенмен, қазiргi ақпараттық технологияның дәуiрлеп тұрған шағында, Азия құрлығында дәл осындай қасиетке ие болған жалғыз Хамбо-Лама Итигэлов қана емес, дәл сол уақытта қазақ жерiнде Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы деген әулие болған деп.


IV.Қорытынды

ХХ ғасыр басында қазақтан шыққан үлкен ғұлама ғалым Мәшһүр-Жүсіпті заманында мойындап,талантына сүйсінбеген жан жоқ шығар.Абайдың өзі: «Менде ақынмын,Мәшһүрде ақын.Дегенмен, ол ақын болғанмен Құдайға жақын.Сондықтанда Мәшһүр адамзаттың әулиесіғой» десе, ешкімнің алдына тізесі бүгіліп көрмеген палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы: «Мен ол кісінің алдына барып, тізерлеп тұрып өзім жеңілер едім» деген көрінеді.Қазақ зиялыларының ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білмейтіндержоқ шығар. Әрі ақын, әрі ақылгөй жан ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жолын берік ұстанды, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті.

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам?! – деген жойқын өнерлі ақын Сұлтанмахмұтты Абайға жалғастыратын ортада осы Мәшһүр Жүсіп тұр.Он төрт жасынан бастап төрт жыл бойы Бұхара қаласындағы Көкілташ медресесінде оқыған Көпеев Орта Азиядағы араб, парсы тіліне жетік білімдарлардың бірі боп шыққан. Осы шығыс поэзиясының биік парасатындіншілдік санасыздықтан айыра таныды да өзінің барлық өмірін халық зердесін жарық ұстауға арнады. «Өсекті хожа менен молда айтады, басқадан олар тіпті оңды айтады» — деп күлетіні де сондықтан.Турашыл болып тура айтқаны, ақты, қараны демегені үшін ел билеушілерге жақпаған. Бұл ретте тартқан азабы да аз:

Туысқа тура жолды айтамын деп,

Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай,

деп ол бекер шағынбаған.Атақты Мәшһүр-Жүсіптің поэзиядағы алатын орны бір төбе болса, оның ел тарихын, жер тарихын зерделеуге қосқан үлесі екінші биігі. Оның қазақ этнографиясын, әдеп – ғұрпын зерттеушілерге беретін білімі ұшан теңіз. Өзінің өмір сүрген уақыты заман деңгейіне көтерілуде, ондағы оқиғалар мен қоғамдық құбылыстардың мән-жайын жете аңғаруда Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы көзі қарақты сауаттылығымен қатар табиғи дарын ақындық, құйма құлақ шежірешілдігі өз алдына болса, жастарға ғылым – білім беруде, ағартушылық педагогикалық көзқарасын жеткізуде үлкен еңбек сіңіргенМәшһүр ақын көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келді. Жан-жағын жұтып жіберердей алара қарайтын бай-шонжарлар, қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек, оқу іздеп, өнер қуып жүрген бірде-бір жастарды көре алмаған ақын халыққа қарап:

Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зорлық,

Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?

Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,

Басыңа келген жоқ па талай қорлық? — деп ел ішінің ауыр жағдайын, береке-бірлігі жоқ жүдеу қалпын ашына айтады. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өлеңдерінің айрықша бір қасиеті — қарапайымдылығында. Ол ерекше бояу, тыңнан жаңалық іздемейді, жұртты таңырқата қояйын деген ой ақында атымен жоқ. Ақынның сөзі — жүрек түбінен шыққан сөз. Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Адам баласы мен адам баласының табыспайтын, жақындаспайтын ұғыспайтын кезі болмайды. Мәшһүр Жүсіптің бөліп айтуға тұрарлық бір ерекшклігі — өлеңдерін жазып шығарған. Қорыта келе айтарымыз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қоғамның дамуының бірден-бір көзі –ағарту ісі, білім мен ғылымның дамуы деп біледі. Ол дидактиканың бірқатар маңызды мәселелеріне жауап беруге талпыныс жасады. Оның ішінде:

  • Жастарды өз өлеңдері арқылы ғылым – білімге шақыруы;

  • Оқыту әдістерін ұсынуы;

  • Оқыту заңдылықтарын анықтауы;

  • Оқумотивациясынанықтауы;

Осы айтылған дидактикалық идеялармен қатар ағартушының көзқарасынан біздер бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының саласының бірі әлеутеттікпедагогикағақатыстығылым — білім мәселелері көтергендігіне де көз жеткіздік. Зерттеу жұмысын жүргізу барысындағы таңдаған материалдар Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының көзқарастарындағы ағарту ісін дамытуға жағымды ықпал еткенін сенімді түрде дәлелдеңді.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының даналық дариясына араб-парсы елдері мен қазақ халқының озық мәдениеті бастау болды. Орта Азияның алдыңғы қатарлы медреселерінен дәріс алғанат амыздың еңбектеріндегі пәлсапалық терең толғаулары, табиғаттың тылсым күштерінше бер бейнелеуі кең көлемді зерттеуді қажет етеді. Себебі Мәшһүр-ЖүсіпКөпейұлыны ңәр сөзінен ғибрат ала білген жан, атамыздың ең басты уағыздағаны білім мен дін екенін түсінер іақиқат. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «өнер мен білімнің таусылмас дария», жаратушымыздың хақ екенін аңғартып, көңілге медеу боларлық, ақыл-кеңестер айтады.

























Жұмыстың қорытынды ұсынысы:


  • Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы әдеби мұралары насихаттау;

  • Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектері тәрбие бағытында зерттеліп, әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылса;

  • Мәшһүр шығармалары рухани құндылығымыздың негізі болғандықтан, тәрбиенің әр бағыты бойынша шығармаларын оқытуды міндеттесе;

  • Мектептің оқу бағдарламасында Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбектері бойынша сағат саны көбейтілсе;

  • Мектеп оқушылары мен жастар үшін ақынның шығармашылығына арналған танымдық сайыстар міндеттеліп жоспарланса;

  • Мектеп және орта, жоғары оқу орындары бағдарламасына "Мәшһүртану" факультативтік курстарын өткізуді ұйымдастырса;

  • Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы туралы деректі фильмдер түсірілсе.




















V.Пайдаланылған әдебиеттер

1)Мәшһүр Жүсіп Көпеев // Абай: Энциклопедия. - Алматы. - 1995. - 403 - 404 б.
2) Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931) // Баянаула. - Астана, 2001. - 91 б.
3) Мәшһүр Жүсіп Көпеев // Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. - Алматы, 1999. - 472 б.
4)Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. - Павлодар: ЭКО, 2003. - 220 б. - (Кереку-Баян кітапханасы. 8-кітап)
5)Мәшһүр Жүсіп Көпеев // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005. - 367 б.
6)Мәшһүр Жүсіп Көпеев // Қазақ Совет энциклопедиясы: 12 т. / Бас ред. М. Қ. Қаратаев. - Алматы, 1975. - 7 т. - 554 б.
7) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - 10 т. / Бас ред. Б. Аяған. - Алматы, 2004. - 6 т. - 430 б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!