Материалдар / "Мәшһүр Жүсіп Көппев пен Исабек ишанның туыстастығы" ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мәшһүр Жүсіп Көппев пен Исабек ишанның туыстастығы" ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Мәшһүр атамыз бен оның ұстазы Исабек ишан жайлы мол мағлұматқа ие.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
592
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі












Авторы: Егінбай Карима


9 - сынып оқушысы









ІІ секция: «Ғылым-білім іздесең, болдың дана...»










Ғылыми жетекшісі: Елеукшова Нұргүл Ертайқызы








Егіндібұлақ, 2018 ж


-2-

МАЗМҰНЫ




МАЗМҰНЫ

2

І

КІРІСПЕ

3

ІІ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:


2.1

Бәрі де Ишекемнен бір аспады!

4-6

2.2

Бақ, аруақ руына қайта бітсін!

7-10

2.3

Мәшһүр Жүсіптің «Исабек ишан» жоқтау өлеңі


ІІІ

ҚОРЫТЫНДЫ

16


ҚОСЫМША /КЕСТЕЛЕР/

1 _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11-13

2_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _14-15





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

17










1. Зерттеудің мақсаты:

Баянауыл перзенттері, тарихи, әдеби тұлғалар- Мәшһүр Жүсіп бабамыз бен Исабек Ишанды таныстыру; қазақтың кемеңгері, әулие, алты алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы Исебек ишан бейнесін ашу арқылы екі асылдың арасындағы қарым- қатнасты таныту.

2. Гипотезасы

М.Ж.Көпейұлы мен Исабек ишан еңбектері қазақ тарихындағы, қазақ әдебиетіндегі үлкен тақырып. Ол тақырыпты зерттеу болашақта әлі де жалғасады. Қазақ даласының әулиелері – ұрпақ үшін өзінің сыры мен қыры ашылмаған тарихи- мәдени мұра және оны білу барлығымызға міндет.

Бұл ғылыми жобада ұлықтап отырған Мәшһүр Жүсіп пен Исабек ишандытаныту.

Зерттеу жұмысы кітап дерек көздеріне сүйеніп жазылды және т.б. зерттеу-лері пайдалынылып, салыстырылды.


3. Зерттеу барысы, кезеңдері

Жұмыс барысы үш кезеңнен тұрады:

1) Тақырыпқа сәйкес әдебиеттермен жұмыс;

2) Материалды іздеу, талдау, жинақтау;

3) Жаңаша көзқарас, әлі күнге дейін зерттелмеген.


4. Зерттеу жұмысының методологиялық зерттеу әдістері

Ғылыми жобада белгілі ғалымдар, Мәшһүртанушы А.Қ.Тұрышев, халық ауыз әдебиетінің жинақтаушы Д.Әбілов шығармаларындағы зерттеулері бойынша басшылыққа алынды.


5. Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі

Жаһандану үрдісіне бет бұрған тұста ұлтымыдың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың есімдерін жаңғырту өркениеттіліктің белгісі болса керек. Алланы сүю, адамды сүю қоршаған ортаға деген құрмет осылармен үйлесімділікте ғұмыр кешу діни ағартушының ұстанымы. Аталмыш ілімдерді ұштастыра білген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Исабек ишан дін мен ғылым-білімді қатар ұстанған туралы ғалымдарымыздың зерттеу жұмысының жаңалығы.

6. Зерттеу жұмысының қолданбалы маңыздылығы

Ғылыми жоба нәтижилерін тарих,география, өлкетану, этнология, этнография т.б. ғылым салаларына пайдалануға зор мүмкіндік береді.

Және бүгінгі таңда оқушыларға жаңа оқу материалы ретінде патриоттық тәрбие беретіндей үйірме, сыныптан тыс жұмыстарда қолдану.


-3-


КІРІСПЕ


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858-1931жж.) мұрасында әсіресе тарихи тұлғаларға байланысты деректер көп беріледі. Мұның негізгі себебі шежіре дәстүрінде жатыр. Шежіре дәстүрі қазақ халқының тарихи жады ретінде қарастырылып, оның негізгі категориялары тарихи датаның есебі ретінде қолданылады, тарихи тұлғалардың , қоғамдағы тарихи орны генеологиялық жүйемен көрсетілу арқылы жүзеге асқан.

Қазақтың ауызекі шежіре дәстүрін тарихи жазба дәстүріне айналдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ғұмырында тарихшы, әрі тума дарынды ақын және халықтың даналығын, тарихи фольклорын жинаушысы ретінде танымал. Мәшһүр Жүсіп-әлеуметтік –мәдени жағынан тек қана ақын, әдебиетші, шежірешілдік немесе қазақтың ежелден келе жатқан ауызекі тарих айту дәстүрін сақтау қызмет атқарушы ғана емес, сонымен қатар ұлттық тарихи дәстүрді жаңаша сапаға көтерген ғалым.

Ел іші Мәшһүр Жүсіпті әулие тұтады. Мәшһүр Жүсіптің алған білімі терең. Әуелі әкесі Көпей сопыдан тәрбие алып, одан соң молланың алдын көріп, білімін Бұхара-и Шәріпте жетілдірген. Мәшһүр Жүсіп туғанынан дін жолда болған, мұны біз оның өмірін баяндауға арналған өлеңдерінен білеміз.

Баянауылда сопылық дәстүр ерекше болған. Осы дәстүрге орай Мәшһүр Жүсіптің бір зікір үлгісі ел аузында сақталған:


«Ля илляһи илла Аллоһу! – болса дағы азғана,

Ля илляһи илла Аллоһу! –таусылмайтынқазына!».

1863-1868жж. Мәшһүр Жүсіп Баянауылдағы медреседе Нәжмедтин молдадан, 1868-1872жж. Қамар-ад-дин хазіреттен дәріс алып, хат танып, шағатай, араб, парсы тілдерін меңгеріп, ісләмдық ғылымнан нәр алады. Ұстазы Қамар-ад-дин хазіреттің жыр-дастандарды кітапқа түсіріп ел арасына тарататұғын ісіне еліктеп, өзі де жастайынан ауыз әдебиеті нұсқаларын жинастырып, қағазға түсіре бастайды. Мәшһүр Жсіптің ұстаздары Байжанұлы Нәжмидтен, жағалбайлы Қамар-ад-дин хазірет, ыстықмұрт Жүніс молда. Ақкөл Жайылмадағы қожа әулетінен Исабек ишан.











-4-

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Атасы Мұратқожа әулие өткен,

Бұтақтай бірден-бірге келіп жеткен.

Арғы тегін сұрасаң – Назар ишан,

Тазарып шыққан гауһар асыл тектен.

Мәшһүр Жүсіп



2.1Бәрі де Ишекемнен бір аспады!


Әлқисса, бәрін басынан бастайық. Ақын Мәшһүр-Жүсіп кім көрінгенге жоқтау шығара бермеген. Не ұстаздарына, не адал қол ұшын берген адамдарға ғана арнаған. Соның бірі – «Исабек ишанға» арналған жоқтау. Мәшһүр-Жүсіп Исабек ишанның үрім – бұтағын өте жақсы білген. Мысалы:

Өзі-ишан жұрт бастаған, заты-қожа,

Сейітзада нәсілі сондай таза.

Әр түрлі қасиеті еске түсіп,

Қайғымен қапаланып болдым наза

- дейді. Исабек ишанның ата-бабалары Ақкөлайылма өңіріндегі ХІХ ғасырдың басындаболса керек. Мұрат ишан мен Назар ишан мешіттер салғызып, оқу құралдары мен құранның ел арасында таралуын қадағалап, діни орталықты басқарған. Мәшһүр Жүсіп «Исабек ишан» жоқтауында Исабектің ата-тегіне қатысты құнды мағлұматтар келтіреді. Мәселен: «Өзі ишан жұрт бастаған, заты қожа,» десе, енді бірде: «Арғы тегін сұрасаң Назар ишан, Тазартып шыққан гауһар асыл тектен»,-дейді. .[1]

Ал А.Қ.Тұрышевтің зерттеуіде: «Әлемде ислам діні Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с-ның Меккеден Мәдинәға һижрат еткен жылынан, яғни 16 шілде 622-ші жылдан басталса, 718-ші жылы қазақ жерінде (Смарқантта) тарай бастады. Ал 751 жылы «Әулие ата» өңіріндегі халық бүтіндей мұсылман болып еді делінеді бір ислам тарихи деректерінде.

Пайғамбарысыз Мұхаммед с.ғ.с-ның өз әкесінен бастаған төрт атасын айтатын болсақ, олар: Ғабдұллаһ, Ғабдұмұтәлліб, Һашм, Ғабдұлмәнәф, Ғабдұлмұтәлліптен – хазірет Әли және Жағфар, Хазірет Әли 654-661 жылдар аралығанда халифалық қылып еді делінеді. Хазірет Әлиден – Хасан және Мұхамедқанафия. Осы Мұхамедқанафиядан – қожалардың руы – имам Раббани болып, Саһид қожа әулетінен таралады. Мәшһүр-Жүсіп жазған Сейітзада осы – Саһид. Бұл – ат өзі құбылып, фонетикалық өзгерістерге ұшырап әр елде әртүрлі айтыла береді: Сайд, Сейіт, Шариф, Шәріп, ағылшынша Шериф т.б. Диссертацияда бұл сөздің этимологиясы талданғандықтан тоқталмаймыз. Осы әулеттен, яғни Саһит қожа әулетінен: Аққу ишан, одан Назар ишан, одан Мұрат ишан, Мұрат ишаннан – Исабек ишан және Мұхаметияр, Исмағұл.

Исабек ишаннан – Нұрмағамбет (қырық бес мағзұм). Нұрмағамбеттен – Қожахмет, Шұхмет, Қасым, Солтан, Әшім қожалар. Қожахметтен – Жандарбек, Айдарбек. Жандарбектен – Қанат, Сағидолла, Ахметолла. Айдарбектен – Ғаббар. Шұхметтен-Сәлім, одан-Сопаш. Солтаннан-Раппық. Мұхамедиярдан-Омар, Оспан. Омардан – Қабен (Қабдолла), Барлыбай. Барлыбайдан – Жақсылық, Мәден. Оспаннан-Әлғамбар, одан Қажыбек (Нығи Ахметқалиұлының жазбасынан).

Ал осы – Нығи Ахметқалиұлының дерегінде Назар ишаннан Мұратты ғана таратады Жұмабек Қамзиннің жазып алған шежіресінде Мұраттан басқа Досым қожаны көрсетеді. Сол сияқты Мұрат ишаннан үш бала емес Смайылды қосқанда төрт ата тарайды. Мұхамедияр (Мұхамеднияз немесе Мұхтанияз), Исмағұл (Смағұл), Нұрмұхаммед (Мағзұм (Қырықбес)»-деп жазады. .[2]

-5-

Мәшһүр-Жүсіп ұстазы Исабек ишанды жер көкке сыйғызбай мақтайды да жоқтайды:

«Өнер алды-қызыл тіл» - шешенім-ай!

Жылжыған жорғадайын көшелім-ай!

«Абылай аспас Сары бел» - Сүйіндікке

Пір болып үлгі шашқан көсемім-ай!


Немесе, Шораның Баязит бастасындай, Һайбатының Рүстем дастанындай, Һайбатың (айбатың) бар-ды - әділ Омардайын, Шыншылың Әбубәкір Сыдықтай бар, Жомартлығың сахаба Садуақастай, Сөйлеген әрбір сөзің – ғылым, хикмет, Дос тұтқан ғылым білген ғалымларды т.б. теңеулерді аямайды. Мәшһүр-Жүсіптің бұл жоқтауы ғана емес, «Мұса Шорманұлына» шығар жоқтауында да: Бас қосылған жиында бұлбұлдай болып сайраған, Сөйлеген шақта көздері шамшырақтай жайнаған, Айдынды шалқар теңіздей ақылға дана, кен еді сияқты теңеулі эпитеттерге бай. Мәшһүр-Жүсіп ауыз әдебиетінен келе жатқан «Жоқтау» жанырын ілгерілетіп, жазба дәстүрін қалаған –ақын десек қателеспейміз.

Мәшһүр-Жүсіп одан әрірек дамыта отырып:

Атасы Мұратқожа әулие өткен,

Бұтақтай бірден-бірге келіп жеткен.

Арғы тегін сұрасаң – Назар ишан,

Тазарып шыққан гауһар асыл тектен

Немесе,

Жар досың көруші еді сізді жандай,

Сұқбатың бек ләззатты халуа балдай.

Орныңда – қалды жалғыз Нұрмұхаммед,

Болады заманың да әлдеқандай?

- деп, Исабек ишанның жоғарыдағы ата-тегін Мұратқожа мен Назар ишанды, жалғыз ұлы Нұрмұхамметті ерекше атап өтеді. Мәшһүр-Жүсіп Баянтаудың топырағы бұйырған Қоңырбай халфені, Жүсіп ишан, Әмір ишан мен Мағрұб, әулие Құлболды ишан, Файзолла мен Ходай ишанды, Сейітқожа мен қажы Бесммұхаметтерді бас-басына жақсылықтарына баға беріп жоқтауына қосады.

Исабек ишан қайтыс болғанда Мәшһүр-Жүсіп 22 жаста екен. Олардың жас мөлшері 56-57 жастай болса да ел аузында сақталған жады бойынша құрбы адамдардай қатты сыйлас, бірін-бірі құрметтеумен болған. Мәшһүр-Жүсіп Исабек ишанға арнайы келіп, мүрит болып батасын алғанда 13-14 жасар екен. Ишекеңнің жаназа намазына жиналған халыққа «ортамыздан дүниеден көшкен асқар тауымызды қалай жоқтаусыз жібереміз. Рұқсат болса мен жырлайын» деген екен Мәшекең. Көпшілік рұқсат еткен соң жоқтау бәйітін айтыпты деп жазады Нығи Ахметқалиұлы.

Мәшһүр-Жүсіп туындысында Исабек ишанның қой жылы, 79 жасында көз жұмғаны айтылса, Исабек ишан шөпшегі Ахметолланың (1957 жылы туған) жанұялық мұрағаттағы мәліметінде де: «Исабек 79 жасында қайтыс болған, онда Мәшһүр атамыз 13-14-треде екен, -деген дерек бар. Сонымен бірге Мәшһүр-Жүсіп өлеңіндегі: «Тақсырдың мыңнан бірін айта алмаймын. Ағалар, айыптама ғақылым азы» - деген жолдар да шығарма авторының онша ересек еместігін байқата алады. Енді осы деректерді жүйелесек, Исабек ишанның 1871 қой жылы, яғни Мәшһүр-Жүсіптің 13 жасында қайтыс болғаны анықталады. Осы ретпен есептеп, Исабек ишан 1792 жылы туған деп түйеміз дейді «Әулие ата шапағаты» деген кітапта. Дегенмен, бұл-келтірілген деректерде күман бар. Ол-үшін Мәшһүр-Жүсіптің туған, қайтыс болған жылдарын, т.б. жанама мәліметтерді салыстырып барып, Исабек ишанның туған, қайтқан жылдарын анықтаған дұрыс па дейміз.

Ал енді «Ишан» деген түсініктің шығу тегіне келер болсақ, В.В.Бартольд өз

-6-

зерттеуінде ишандарды «суфизм жетекшілері, Түркістан өңіріндегі бұл атау «шейх, пір,


ұстаз (яғни оқытушылар)» және ізбасарлар «мүрид» мағынасында қолданылған» деген анықтама береді. .[1]















































-7-

2.2Бақ, аруақ руына қайта бітсін!


Аруақтарға жар бола көр жаратқан,

Уағыз айтып, бір Аллаға қаратқан.

Аталарым Исабек пен Жандарбек,

Сарыарқаға ислам дінін таратқан.

Еркін Мундинов .[3]

Қожахметұлы Жандарбек 1907 жылы туған. Әкесінен 9 айлығында айрылған. Өмірден 1996 жылы, 3 жұлдызында өткен екен. Еліне елеулі, халқына қалаулы Жандарбек жастайынан еңбекке араласып, ата – баба аруағын арулап, аузынан біссімілләсін тастамаған. Қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де құран оқып, намазға жығылған дейді ел. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезінде ес біліп қалған балаң жігіт шағы екен. Ақкөл-Жайылма, Баянауыл өңіріндегі Қартқожа, Әмен бастаған көтерілістердің не бір қиыншылықтарын, ерлердің ерліктерін естіп өскен. Жандарбек жастайынан әкесінен айрылып, бар ауыртпашылық өзіне түседі. 1931-32 жылдың ашаршылығын көзімен көрген Жандарбек халықтың қамын ойлап қатты қапа болады. Осының бәріне кім кінәлі болды екен, соны ойлайды. Аллаға күні, түні құлшылық қылады. Елінің аман-саулығын тілейді. Бәлкім, дуа қонған Жандарбек ата бұл-қырғыннан да аман-есен қалады. Сөйтіп, 1937-нің зұлматы келіп жетеді. Орайы келген соң айталық, Мәшһүр-Жүсіп 1928 жылғы колхоздастырудың арты жақсылыққа апарып соқпайтынын күні бұрын білген. Тіпті, кеңес дәуірінің де ұзаққа бармайтынын да сезген, өлеңіне арқау еткен. 1931 жылы өзінің асын көзі тірі кезінде беріп, жатар көрін қазғызып, дайындатып кеткен екен. Жандарбек қожа да тура осылай жасаған. Бұл – кездейсоқтық болмаса керек. Бірі – Исабек ишанның шәкірті, бірі-Исабек ишанның шөбересі. Екеуі де өмірден әулие болып өткен адамдар. Мәшһүр-Жүсіптің ақындығынан басқа көріпкелдігі, емшілігі де болған ғой. Осы жағынан да Жандарбек қожа Мәшһүр-Жүсіпке рухани жағынан жақынырақ келеді. Әрине, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ғұлама, данагөй, пірмұған, ерекше тұлға екендігінде дау жоқ.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Жандарбек ата да құр қарап қалған жоқ, қолына қару алып, 219-шы атқыштар полкінің қатарында майданда, соғысқа аттанды. Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі. Самсаған, қарша бораған оқ арасынан атамыз оқ қағары бар екен еліне аман сау оралады. Техниканы меңгеріп, комбайыншы-тракторшы мамандығын меңгереді. Ел соғыстан титықтап, әбден тұралап қалған уақыт, бірден еңбек майданына араласады. Ел түзеліп, аузы аққа тигеннен кейінгі жылдары Жандарбек ата өзінің ата-баба қанымен келген дін жолына, имандылықтың ақ жолына қайтып түседі. Жандарбек қожаның екінші өмірі басталады.

Жандарбек қожа ақиқаты неше түрлі аңыз бен әңгімелерге арқау болады. Кеңес дәуірі басын айналдырып тастаған қазақ елі шыны керек имандылыққа немқұрайлы қарады. Ел ішіндегі тәуіптер, емшілер, дін адамдары молла, халпе, имандар құбыжық болып көрінді. Өз әкесіне жаназасын шығарып жатқанда қолын жаяуға батпаған коммунистер де болды. Ал жұлдызшы, кісеші, жауырыншы, құмалақшы, бақсылар дегендер елден безіп кетті. Не иесінен айрылып қалды.

Бала кезімізде біздің елде Жұмақан деген бір көзі жоқ соқыр кісі болды. Жарықтық айт уақытында жарапазан айтып, ел ақтайтын. Балаларды көзінің мақтасын суырып алып, қып-қызыл қылып алып қорқытатын. Айттың ол уақытта не екенінде шаруамыз жоқ, әйтеуір қант-кәмпит жесек болды. Жұмақанды ит салып, айтақтатып қуушы едік. Бірді айтып, бірге кеттік, мұны тәппіштеп айтып жатқанымыз «жарапазан», «айт» деген ұғымдар біздің ұғымымызға қаншалықты ауыр болса, ел діннен соншалықты қашық болды. Мешіт дегендері соңғы кездерде ғана көре бастадық емес пе. Мінекей, осының өзі-ақ Жандарбек қожаның қаншалықты қиын кезеңде халқына қызмет еткенін байқауға болады. Ол кісі емші болған, халық емін жақсы білген. Жандарбек атаның

-8-

емшілік қасиетін естіп елміздің түкпір-түкпірінен халық ағылған. Сынықшы атанған ата, қандай күлдей үгілген сынық болсын қолымен сипап отырып жинап орнына келтірген, сынған сүйек өзінен өзі бітіп кеткен, шыққан қол, аяқ болса, оны да салған. Қазақ сауатсыз халық, оқымаған ел деуші еді кеңес дәуірінде. Құдайға шүкір өшкеніміз жанып, өлгенміз тіріліп ұлықтайтын уақытқа да жеттік. Әйтпесе, Жандарбек атаны кім айтады? Кім ұлылығын ұлықтайды? Көкірегі ояу, көзі ашық қазақ елі ежелден малдың да, құстың да, адамның да емін білген ғой. Мал-жан ауруларының көптеген түрлері бар. Мысалы, маңқа, сақау, қарасан, айналма, топалаң, су мүйіз т.б. Оған қарсы емшілер, тәуіптер ем қолданған. Шөптен әр түрлерінен дәрі жасаған. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагер Баян» кітабында медициналық терминдердің байырғы түрлерін кездестіруге болады. Демек, емшілер тек қана атадан-балаға қалған мирастан үйренбеген, ол аздық еткен, алланың өзі берген сыйы болар не іштей оқып туған. Емшілердің иесі болған, ол шошынса сол емші ауруға душар болған. .[2]

Ендігі кезекте «қожа» сөзіне түсініктеме берейік. Орыстың белгіліғалымы, мемлекет қайраткері, қазақ тарихының білгірі А.И.Левшин (1797-1879жж.) қожаларды Мұхаммед Пайғамбардан тараған ұрпақтар дейді. Осы арада «қожа» сөзінің этимологиясын да айта кеткен артық болмас. Парсы тіліндегі «хваджа» деген сөзден қазақ тілінде «қожа» сөзі пайда болған. Ал «хваджа» қазақ тілінде «ие» деген сөз. «Ие» сөзіне қазақ тілінде басқаша баламасы «еге» деген сөз болады. Он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» атты 1978 жылы шыққан кітапта «еге» сөзіне «ие»деп анықтама береді.

Сонымен, қазақтың жалпақ тілінде ислам дінін таратушы Мұхаммед Пайғамбардың ұрпақтары «қожалар» болып аталған. Қожалар турасында жалпы айтқанда олардың ішінде аса ақылды, ұғымы күшті, ұйғарымы дұрыс , айтқан болжамдары өмірде орындалатын, терең діни білімді игерген кісілер болған. Олардың дуахандық пен хасида ілімдерінің әлемдік жетістіктерін меңгерген, жын-періні өз еркіне бағындыра алған, дұға оқуменен сырқат адамдарды емдеген. .[4]

















-9-

2.3

«Өнер алды –қызыл тіл шешенім –ай,

Жылжыған жорғадайым көшелім –ай.

«Абылай аспас сара бел» Сүйіндікке,

Пір болып үлгі шашқан көсемім-ай»

Мәшһүр Жүсіп

Исабек ишанның шапағатымен Баянаула өңірінде тұратын ондаған Сүйіндік ұрпақтары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Меккеге қажылыққа барғаны да белгілі.

Исабек ишанның көп жылдар бойы Баянаула жерінде өмір сүргеніне қарап, оның Шорман би, Үкібай би, Мұса Шорманов, Жаяу Мұса Байжанұлы, Сәтбаевтың әкесі Имантаймен тағы басқа Сүйіндік ұрпақтарының игі жақсы адамдарымен өте сыйлас, қарым-қатынаста болғандығы да шындыққа жатады.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің жоқтау өлеңінде:

«Қанша ишан, қанша мүрит шықса-дағы,

Бәрі де Исекемнен бір аспады»-дейді. Осы жоқтау-өлеңінде жоғарыда есімдері аталған Қоңырбай халпе мен Жүсіп ишан туралы да айтылады.

Исабек ишан өмірінің соңғы жылдары Қанжығалы әулеті ұрпақтарының «Исеке, енді біздің арамызда құтымыз болдыңыз» деп аталы сөзбен қолқа салғандықтан Ақкөл Жайылма өңіріне қоныс аударғаны секілді. Менің бұлай деп айтуыма Мәшекеңнің аталмыш жоқтауындағы мынадай өлең жолдары толық дәлел бола алады:

«Ақкөл мен Жайылмада аз жыл тұрдың,

Пір болып, мүрит бастап, дүкен құрдың.»

Соңғы өлең жолындағы «дүкен құрдың» дегендегі, әрине, оның жергілікті халықты Құдай туралы таусылып бітпейтін ұзақ сонар сөздердің тәсілдерімен және Пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалайкүмсаламның айтқан өсиеттерімен кенелтіп әңгіме дүкен құрғаны деп түсіну керек.

Мәшекеңнің жоқтау- өлеңінде Исабек ишанның Ақкөл Жайылмада медресе ашып, мешіт салғаны айтылады. Бұл жөнінде Мәшекең былай дейді: « Медресе, там қасына, мешіт салған,

Бұйырып топырағы сонда қалған»,

Енді Мәшһүр Жүсіптің жоқтау- өлеңіндегі:

«Ақкөлдің әулиелі өз басында,

Тақсырдың ғимаратын жөнге салған»,-деген дерекке көңіл аударып көрелікші. Осы екі-ақ жолды өлең жолы Ақкөл Жайылма өңірінің Исабек ишан бұлжерге қоныстап келместен бұрын «Әулиелі Ақкөл» аталғанын білдіреді. Ал екінші өлең жолындағы «Тақсырдың ғимаратын жөнге салған» деген сөздерден нені түсінеміз? Мұны мына бір деректен білуге болады. Баянаула өңірін мекен қылған Қозған руының ішінде Түйте тәуіп әулие болғаны белгілі. Міне, осы әулеи жөніндеБаянауылдық өлкетанушы Алтынбек Жұматұлы Құрмановтың айтуынша Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің былай деп жазғандары бар: «Түйте тәуіптің қонысы әулиелі Қызылтауда, жын-перімен алысқан жеріне әлі күнге шейін шөп шықпайды, көктеуі мен күзеуі Шідерті өзенінің жайылған жері, Ақкөл Жайылмада, қаражар, Күреңбие деген жер, жұрт осы күні әулиелі Ақкөл деп атайды да, өзі жайлауда Сілеті бойында Ешкіөлместен жиырма бес шақырым Керей Бәзіл қажының ауылында дүниеден өткен. Зиратын ағаштан қиып салған екен, әлі тұр».Осыдан Исабек ишанның мәртебесі жоғары тақсыр Түйте тәуіп әулиенің зиратына, Мәшекеңше айтқанда, сауат ашып, мешіт-медресе иелері болғандықтан «қожалар» деп атаған.

«Еге» сөзіне байланысты тағы бір айта кетерлік жайт. Бүгін д кейбір оқырмандар жалпы ұлттық Республикалық ғазетіміздің «Егемен Қазақстан» болып аталуын «Тәуелсіз Қазақстан» деген мағынада түсінеді. Дұрысында «Егемен Қазақстан» атауы –«иелі Қазақстан», яғни қазіргі ұлан- ғайыр жердің тәуелсіздік алғаннан бері «қазақ халқы» деген өз егесі (иесі) барын білдіретін мағына.

Қожалар – елдің рухани өмірінде мұсылмандық мәдениеттің ең жоғарғы қызметшісі,қазақ халық арасында ислам дінін уағыздап,насихаттап таратушы, Мұхаммед Пайғамбардығ алғашқы халифаттарынан тараған ұрпағы. Исабек ишанның көптеген асыл –қасиеттері өзінің шөбересі Жандарбек атаның бойына дарыған кез өткен ғасырдың 50-ші жылдары болатын деп үлкен қариялар айтушы еді. . .[6]

Мәшһүр-Жүсіп өзінің ұстазы болған Исабек ишанды аса құрметтеп

сөз соңында былай дейді:

Бар құдай Ишекеме рақмет етсін!

Бақ, аруақ руына қайта бітсін!

«Аз сөз-алтын болғанда, көп сөз-күміс»,

Ақыры осыменен тамам етсін!

Мінекей, Мәшһүр-Жүсіп пір тұтқан Ақкөл-Жайылма өңіріне, Ертіс-Баян

жеріне, Сарыарқа даласына атағы жайылған, есімі ел жадында мәңгілікке

сақталған Исабек ишан туралы бір ауыз сөз осындай. Бірақ, ел ауызында Исабек

ишанның әулиелігі, көріпкелдігі жайында аңыз бен ақиқат жеткілікті. Әттең сол

аңыз - әңгімелерді ел ішінен жинастырып, бір ізге түсіріп, Жұмабек Қамзиннің

«Әулие ата шапағаты» сияқты кітап етіп жарыққа шығарса нұр үстіне нұр болар

еді. .[2]



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. // Қазақ халқының батырлары/ Целиноград 1993ж


  1. Бекмаханов.Е.// Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында/ Алматы, Санат,1994ж 184-185 б



  1. //КӨНЕ КӨКТАУ, БАЙЫРҒЫ БАЯНАУЛА БАЙТАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ/ Астана-2005.282,289б




  1. //Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.9 том. /Алматы «Ел-шежіре» 2009




  1. //Жұлдыз/ 2009.11қараша


  1. //Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Көп томдық шығармалар жинағы/Алматы: Алаш, 2003ж бет 43-68


  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы // Қазақ шежіресі/Алматы “Жалын»1993


  1. //Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы/ энциклопедия. Павлодар.2010



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!