Материалдар / Математика және менің болашағым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика және менің болашағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда 9 сынып оқушыларына арналған сабақ көрсетілген. Сабақ барысында функционалдық және математикалық сауаттылық қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика және менің болашағым


Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Сабақтың типі: жарыс және сайыс түрінде

Сабақта қолданылған әдістер: сұрақ-жауап, баяндау, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлік техналогиялар, MicrosoftPowerPoint, корточкалар


1. Ұйымдастыру кезеңі.


Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.


Математикалық сайыс 4 кезеңнен тұрады.

І. Ауа

ІІ. От

ІІІ. Жер

IV.Су

Кезеңердің атауын бұлай алу себебіміз қазіргі әлемде осы ресурстар сарқылып барады.


І кезең сұрақтары(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай):

1. Барлық қабырғалардың қосындысы? (Периметр)

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3.Ең кіші натурал сан? (1)

4. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)

5.-100 ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы? (0)

6. 20 минут 1 сағаттың неше бөлігі? (1/3)

7. Қандай 3 санды қоссаң да, көбейтсең де мәндері бірдей болады? (1,2,3)

8.Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)

    1. теңгенің 10 проценті ? (10 теңге)

10. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

11. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

12. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

13. Жеті күнге тең, уақыттың өлшем бірлігі. (апта)
14. Шеңбер салуға арналған құрал. (циркуль)
15. Көбейту нәтижесі. (көбейтінді)
16. Алымы мен бөлімдері тең болатын жай бөлшек қалай аталады? (бұрыс бөлшек)
17. Шеңбердің радиусы 6 см тең. Диаметрі нешеге тең? (12)
18. Миллиард санында неше нөл бар? (9)
19. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (шаршы)
20. 2 - ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (жұп)
21. Төрт жылда неше ай бар? (48)
22.. Үштің квадраты тоғызға тең, төрттің квадраты он алтыға тең. Ал квадраттағы бұрыш нешеге тең? (90°)

23. Төртбұрыштың қарсы бұрыштарын қосатын түзу

24. 8 ұлда неше саусақ бар ?


ІІ кезеңде оқушылар арнайы ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап береді және соған сәкес ұпайларды алады.

10.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
20.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
30.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
40. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
10.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
20.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
30.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
40 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 144,576,454,1024


ІІІ кезеңде оқушылар математикалық сауатылыққа берілген есептерді шығарады.

Тапсырмалар:

А)

Picture 2 Ж: 87

В)

Жауабы: 5





С)

Жауабы: 33

Д)

Жауабы: 32


IV кезең. Математиканың өмірде қолданылуына берілген есептер

3. Суретте 6 ауыл және олардың әрқайсысына жету уақыты

көрсетілген. Курьер жұмысын 1 –ауылдан бастайды.

Курьерге ауылдардың барлығын ең аз уақытта

аралау маршрутын жасауға көмектесіңіз?


Жауабы:1-2-3-6-5-4


1. Сіз дүкеннен 19 тг зат сатып алдыңыз. Сіздің қалтаңыздар 3 және 5 тг тыйындар бар. Сіз қалай есептесесіз? Дүкенші сізге ақша қайтармайды.

Ж:3+3+3+5+5=19

2. Балықшы балық аулады. Қанша балық ұстадың деген сұраққа Сегіздің жартысы

Алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз деп жауап береді. Балықшы қанша балық аулаған?

Ж: 0

4.

Жауабы: Ат 5 қап, қашыр 7 қап.


Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Осымен осы ойынды тамамдасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Марапаттау

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.





Т. Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектеп

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Shape1

Математика және менің болашағым













Сынып: 9 «Ә»

Пән мұғалімі: Ә.Ә. Базар

Пән: алгебра

















Түркістан 2020 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!