Материалдар / «Математика көшбасшысы-2013» сайысы 5-6 сыныптар білім сайсы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Математика көшбасшысы-2013» сайысы 5-6 сыныптар білім сайсы

Материал туралы қысқаша түсінік
5-6 сынып оқушыларына арналған математикалақ сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2018
947
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математика көшбасшысы-2013» сайысының жоспары

Айгүл Тойбазарова

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №81 орта мектебі, математика пән мұғалімі

Мен өзім сабақ беретін сыныптарға жүргізген бірнеше сайыстардың үлгілерін жолдап отырмын. Жалпы танымдық сайыстардың оқушыға берері өте көп екенін айтқым келеді.

Мақсаты: -оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру;

-ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерінің артуына ықпал

жасау;

-жеке оқушылармен жұмыс жасай отырып, даралық қасиеттерін

анықтау;

-математика үздігін анықтау;

Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысады.

І кезең «Жорға»

Сұраққа әр оқушы « я», «жоқ» деп жауап береді.

1-оқушыға

  1. 20 мен 4-тің бөліндісі 5-ке тең.

  2. 1 минутта 100 секунт бар.

  3. 2-ге бөлінетін сандар жай сандар деп аталады.

  4. Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін сан 3-ке бөлінеді.

  5. 115 саны 10-ға қалдықсыз бөлінеді.

  6. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар құрама сан деп аталады.

  7. 1кг-да 100г бар.

  8. 0,5 пен 0,5-тің қосындысы1-ке тең.

  9. 1 мен 0,5 айырмасы 0,5-ке тең.

  10. 100 бен 5-тің айырмасы 20-ға тең.

2-оқушыға:

  1. 1 секунтта 60 минут бар.

  2. 100 бен 20-ның бөліндісі 5-ке тең.

  3. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар жай сан деп аталады.

  4. Нәрселерді санау үшін қолданатын сандар натурал сан деп аталады.

  5. Белгісізі бар өрнек теңдеу деп аталады.

  6. Соңғы цифры 0 мен 5 пен аяқталатын сан 10-ға бөлінеді.

  7. 1тоннада 100кг бар.

  8. 2-ге бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады.

  9. Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін сандар 3-ке бөлінбейді.

  10. 1 мен 0,5-тің айырмасы 1-ге тең.

3-оқушыға:

  1. 60 минутта 1 сағат бар.

  2. 120 мен 60-тың бөліндісі 5-ке тең.

  3. 60 минутта 1 секунтқа тең.

  4. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді.

  5. Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін сан 9-ға бөлінеді.

  6. 38 бен 10 көбейтіндісі натурал сан емес.

  7. Екіден көп бөлгіші бар сан құрама сан деп аталады.

  8. 1-ден 10-ға дейінгі сандарда 5 жұп сан бар.

  9. 1 мен 1-дің айырмасы 1-ге тең.

  10. 0,25 пен 0,25 қосындысы 0,45 –ке тең.

4-оқушыға:

  1. 1-ден 9-ға дейінгі сандар натурал сандар деп аталады.

  2. 29-дан 5 пен 7-нің қосындысын азайтса 12 қалады.

  3. 12 мен 5-тің көбейтіндісі 50-ге тең.

  4. 18-дің бөлінгіштері 2,3,6,18.

  5. ½+1/2=1/4 болады.

  6. 6/8 үлкен 5/8-ден.

  7. 0,5 пен 1-дің көбейтіндісі 1-ге тең.

  8. 0,75 пен 0,75 қосындысы 1,5-ке тең.

  9. ½+0,5 =1-ге тең.

  10. Екі теріс санның көбейтіндісі теріс сан.

5-оқушы:

  1. Бір оң, бір теріс санның көбейтіндісі теріс сан.

  2. Бір жылда ----күн бар.

  3. 2кг мақтадан 2кг темір ауыр.

  4. Қаңтар 31 күн, ақпан 28 күн наурызда 30 күн барлығы 60 күн.

  5. ¼ пен 0,75 –тің қосындысы 1,5-ке тең.

  6. 1см-да 10 дм бар.

  7. Ең үлкен екі таңбалы сан 10.

  8. 4пен 9-дың көбейтіндісі 36-ға тең.

  9. 92=18 болады.

  10. 7,5+2,5=11

6-оқушы:

  1. Әрпі бар өрнек теңдеу деп аталады.

  2. Әрпі бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

  3. 1 минутта 60 секунт бар.

  4. Цифрлары 0-мен аяқталатын сандар 5-ке бөлінеді.

  5. 99 бен 9-дың бөліндісі 11-ге тең.

  6. Екіден көп бөлгіші бар сан жай сан.

  7. 3,5,7,11,17,23, 25,29,31 жай сандар.

  8. Тауық бір аяқпен тұрса 4,5 кг, ал екі аяқпен тұрса 9 кг.

  9. Ауданы 45м2, ені5м, ұзындығы -9м.

  10. 15 пен 85-тің қосындысы 100-ге тең.

Ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. Оларға сыйлық беріледі.

ІІ кезең «Дода»

Қарапайым есептер

10

20

30

40

Бөлшектерге берілген есептер

10

20

30

40

Теңдеулерге берілген есептер

10

20

30

40

Логикалық есептер

10

20

30

40

Қарапайым есеп:1. Сыныпта 29 оқушы бар.Ондағы 5 ер бала мен 7 қыз бала «4»пен «5»-ке оқиды. Неше бала 3-ке оқиды. 10 ұпай.

2.Бір тәрелкеде 10 алма екіншісінде 14 алма бар. Шешесі қызына 5 алма берді. Неше алма қалды? 20 ұпай.

3.9 алманы 4 балаға қалай тең бөліп беруге болады? 30ұпай.

4. (2933-2437) х89 40 ұпай

Бөлшектерге берілген есептер:1. 0,5+1/2+1,5 10ұпай

2. (5/6-1/3)+1/2+9/10) 20ұпай

3. 5(89,1-83,7:2,7) 30 ұпай

4.Шаруашылықта 200 қой бар.1 қойдан 4,3кг жүн қырқылады.Жүнді жуғанда ол 1,3кг жоғалтады. 1кг таза жүннен 0,7м мата тоқылады. Шаруашылықтағы барлық қойдан қырқылған жүннен неше метр мата тоқылады? 40ұпай

Теңдеуге берілген есептер: 1.1213-Х= 976 10 ұпай

2.(х+79):7= 12 20 ұпай

3. 85+48:(11-Х) =91 30 ұпай

4.Оқушы кітаптың 9/13-ін оқығанда, ол кітаптың жартысынан 25 бетті артық оқыды. Кітапта барлығы неше бет болған? 40 ұпай

Логикалық есептер:1.Бассейіннің 0,75 бөлігі суға толтырылды. Қанша бөлігі бос? 10 ұпай

2.Бір қойды арыстан 2 күн, қасқыр 3 күн, ал ит 6 күн жейді. Егер бір қойды үшеуі бірігіп жесе неше күн жейді? 20 ұпай

3.Кемпірі мен шалы суды бірігіп ішсе 10 күнде ішеді. Ал шал бір өзі ішсе 14 күн ішеді. Ал сол суды кемпір бір өзі ішсе неше күн ішер еді? 30 ұпай

4.Отбасында 3 қыз бар. Олардың әрқайсысының 3 інісі бар. Отбасында неше бала бар. 40 ұпай

Осы ойынның қорытындысымен аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығарылады.

ІІІ кезең «Бәйге»

1.Төрт балықты екі-екіден өлшегенде массалары: 4кг,6кг,7кг,8кг, 9кг,11кг Балықтардың әрқайсысының массасы неше килограмм? 100 ұпай

2.Елдостың тауықтары мен қозылары бар. Қозылар тауықтардан 3есе кем. Қозылар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше қозысы неше тауығы бар? 200 ұпай

3. Жәшікте 48 кубик болды. Төрт бала бірінен соң бірі келіп, әрқайсысы жәшіктегі қалған кубиктердің ½ -ін алуға уәделесті. Ең соңғы төртінші бала неше кубик алды? 300 ұпай

Ең көп ұпай жинаған оқушыға «Математика көшбасшысы» атағы беріледі.

Сайыс аяқталады.

«Математика және логика» атты математикалық кештің сценарийі

Айгүл Тойбазарова

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №81 орта мектебі, математика пән мұғалімі

1- Ж: Құрметті мұғалімдер мен оқушылар және матетамика пәнін сүйіп оқитын болашақтың иегерлері.

2- Ж: Математика ғылымдардың патшасы, математика қиын да, қызықты пән.

1- Ж: Математика зеректікті, тапқырлықты, жүйріктікті талап етсе....

2- Ж: Логика ойлаймын, ойланамын деген сөз.

1- Ж: Олай болса « Математика және логика» атты математикалық, интеллектуалдық ойын сайысымызға қош келдіңіздер.

2-Ж: Бұл ойын сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.

1-Ж: Бұл ойын сайыстың ерекшелігі, балалар өздерін өздері бағалайды.

2- Ж: Өздерін өздері бағалау деген не сонда.

1-Ж: Оны апайдан сұрайық.

Апайдың сөзі: Балалар сіздер берілген сұрақтарды көрмей тұрып алдарыңызда тұрған сандар арқылы сол сұрақты өзіңізше бағалап, алдыңызға қоясыз. Егер жауап берсең сол ұпайды аласыз, жауап бере алмасаңыз, онда ұпай жинай алмаған болып есептелесіз. (10,20,30)

Сіздерге сәттілік тілеймін!

2-Ж: Олай болса сайысқа қатысатын командалармен таныс болыңыздар.

«Зерек» 5 сынып, «Алғыр» 6 сынып, «Тапқыр» 7 сынып, «Жүйрік» 8 сынып

1-Ж: Топ басшылары команда құрамымен таныстырыңыздар.

Топ басшысы құрамындағы оқушылармен таныстырады.

2-Ж: Танысып болсақ ойын шарттарымен таныс болыңыздар.

Ойын шарты 4 бөлімнен тұрады.

  1. «Кім тапқыр» (Жұмбақтар шешу)

  2. «Ойлы әзіл ой салады» (Әзіл есептер)

  3. «Сандар сыры» (Сандар сөйлейді)

  4. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Логикалық есептер)

Кәне ойынды бастаймыз дайынбыз ба.

Кім тапқыр

Жұмбақтар

Бірі үстінде , бірі астында,

Екі шеңбер жанасып тұр.

Элипсі және артында

Бір сан болып жарасып тұр.

Жауабы: 80

Табаны, қыры, жағы жоқ,

Биіктігі тағы жоқ.

Ұзындығы ені жоқ,

Белгілеп атын айтқанмен,

Өлшейтұғын жері жоқ.

Демек бұл не болғаны,

Кімдер не деп ойлады.

Жауабы: Нүкте

Көп болса асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың.

Жауабы: Уақыт.



Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяуда,

Саралайсың, таңдайсың.

Жауабы: Жол.

«Ойлы әзіл, ой салады»

Әзіл есептер

1.Төрт бұрышта 4 мысық отыр. Әр мысыққа 3 мысық қарап отыр. Бөлмеде неше мысық отыр?

Жауабы: 4 мысық.

2. Сыныптағы ер балалардың мұрнын, ал қыздардың көзін қоссақ 43

Егерде ер балалардың көзін, ал қыздардың мұрнын қоссақ 41 саны шығады.

Сыныпта неше қыз, неше ер бала бар?

Жауабы: 13 ер б, 15 қыз б.

3.Асанда 30 тауық бар. Олардың жартысы күнде, ал жартысы 3 күнде

жұмыртқа туса, 30 күнде Асанда неше жұмыртқа болады?

Жауабы: 600

«Сандар сыры»

1.Ол ала болса ауыздағы кетеді.Ол сан туралы не білесің?

2.Ол бар жерде күш бар. Ол сан туралы не білесің ?

3.Ол түгел болса төбедегі келеді. Ол сан туралы не білесің?







«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

1.Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтары 66. Аулада неше қаз, неше қоян жайылып жүр?

Жауабы: 15 қаз, 9 қоян бар.

2.Балалар жануарлар көрмесін ұйымдастырды. Оның ішінде 18 процент қой, 40 процент ит және 21 мысық бар. Көрмеде барлығы қанша жануар бар?

Жауабы? 50 жануар бар

3.Марат командасындағы тізім бойынша алдынан 25 ші және артынан 25ші болса тізімде қанша адам бар?

Жауабы: 49

Ұпайлар санын қосып марапаттаймыз.

1. Ж: Кітап оқу дегенің терең білім алу ғой,

Алуан сырлы әлемнің құпиясын тану ғой.

Ащы тұщы жайлардың әсеріне қану ғой,

Бағалы да мәні зор іспен шұғылдану ғой.

2.Ж: Оқу оқу дегенің айнымас дос табу ғой,

Сергек ойлы сезіммен шексіздікке бару ғой.

Кітап оқу дегенің рухани даму ғой,

Ал оқуды тоқтату орамды ойдан қалу ғой.

Сайыс қорытындысы шығарылып оқушылар марапатталады.

Осымен «Математика және логика» атты ойын сайысымыз аяқтай келе сіздерге кішкенеде болса математика әлемін ұғынуға өз үлесімізді қостық деп ойлаймыз.

Марапаттау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!