Математика пәні бойынша жеті модулді қолданудың тиімді жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика пәні бойынша жеті модулді қолданудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен жеті модулді қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аташова Дана

1 топ

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы

11 жалпы білім беру орта мектебінің

математика пән мұғалімі

Мұғалім портфолиосы

«Тиімді оқыту мен оқу»

26.09.2016

В бөлімі


Математика сабағында жеті модулді қолданудың тиімді жолдары

Мен күнделікті сабақ үдерісінде сындарлы оқыту теориясын қолдана отырып, Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасындағы төрт сабағыма кіріктіруге тырыстым. Тізбектелген сабақтар топтамасынан тұратын орта мерзімді жоспарда 9-сыныпқа арналған «Теңдеулер,теңсіздіктер және олардың жүйелері» тарауын алдым. Бұл тараудағы тізбектелген төрт сабақтың тақырыптары төмендегідей:

  1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

  2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару

  3. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу

  4. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерге есептер шығару


Тарау бойынша күтілетін нәтиже – оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді біліп,есеп шығару барысында қолдана алатын болады. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді салыстыра отырып және формулаларын қолданып есептер құрастыра білетін болады.

Бірінші сабағымның мақсаты - Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді біледі,теңдеуді мәндес теңдеуге айналдырудың жолдарын қолданады. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді біледі. Оқушылар топпен тақырыпты ДЖИГСО әдісімен талқылайды. Қойылған мақсаттың нәтижесі топпен бағалаумен өлшенеді. Осы жерде «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты модулдің қолданылады. ДЖИГСО тәсілімен мәтінді талқылағанда Выготский айтқандай диалогтік оқыту жүзеге асырылады.«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді біледі» деген мақсатымда топпен Кубизм әдісі арқылы, берілген жауаптарға қарай ауызша қолдау көрсетіледі. Мысал келтіруде оқушы абстрактік ойларын көрсетуі мүмкін, сұрақ қойғанда кейбір оқушылар ашық сұрақ қоюы мүмкін. Осы әрекеттерді орындауда «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі кіріктіріледі.

«Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерге есептер шығару» тақырыбындағы Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерге қатысты тапсырмаларды орындайды және өздері құрастыра алады деген мақсатқа жету үшін оқушылар тапсырманы жеке орындауда шығарылған есептердің бос орындарын толтырады, жұптасып 2-3 формуланы қолданып 2 есеп құрастырады, топта талқылап 2 есеп таңдалып, өзге топтарға шығаруға беріледі. Есеп құрастыру сабақтың күрделі мақсатқа жетуін көрсетеді. Соңғы тақырыптың оқыту мақсаты «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін талап етеді. Алайда жоғарыда көрсетілген 29 оқушының 19 оқушысы күрделенген мақсатқа жетпеуі мүмкін. Бағдарламада берілген «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін негізге ала отырып, әлсіз оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырамын – ұйымдастыру кезеңінде құрылымдалған топтастыруды қолданамын.

«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»,«Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулдерін тізбектелген сабақтар топтамасындағы екінші тақырыбымда нақтырақ қарастыруға болады.Алдымен қойылған мақсаттарды қарастырайық: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің есептерін шешеді және тәсілдерін қолданады, талдайды. Оқушылар белгілі бірнеше дағдыларды игеруі қажет. Қандай? Бұрын алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімделеді. Осы сабақты ұйымдастыруда мұғалім оқыту мен оқу әрекеттерін басқарады, оқушылардың ерекшелігіне қарай тапсырмалар ұсынады. Оқушылар теориялық білімін дисскуссиялық карталарға жауап бере отырып, 0-5 балдар аралығындағы нақты критериймен өзін-өзі бағалайды. Жаңа оқыту тәсілін алғаш енгізуіме байланысты, бастапқыда критерийлерді өзім ұсынамын. Топтық жұмысты орындауда үш деңгейлі тапсырмаларды ұсынамын, жалпы топпен бағаланып кетпеуі үшін алдымен есептерді оқушы жеке орындап, кейін тобында талқылайды. Орындаған тапсырмаларын топтармен өзара ауыстырып, есептердің шығару амалдарын смайликпен бағалайды. Кейбір топтардан бағалауын түсіндіру сұралады, бұл жерде балалар смайликті неліктен қойғанын есепердің шешу амалдарын талдау арқылы түсіндіреді. Жұптық тапсырмаларды орындауда оқушылар үш нұсқаға бөлінеді, өздерінің нұсқаларына сай есептерін шығарады. Жұптар өзге топтағы нұсқасы бірдей оқушылармен шығарған есептерін салыстыру арқылы дұрыс-бұрыстығына көзін жеткізеді. Талқылау соңында тапсырманың нақты критерийлері көрсетіледі. Оқушылардың ақпаратты топта ынтымақтасып іздеу, өңдеу, біліктерін арттыру мақсатында үй жұмысына оқулықтан тыс тапсырма беріледі. «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шығу тарихы және авторы туралы» презентация дайындау. Осы үй жұмысы арқылы «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану» модулін пайдалану жүзеге асырылады. Көріп тұрғаныңыздай бір сабақта бір модулді қолдану мүмкін емес, Бағдарламадағы жеті модуль өзара тығыз байланыста.

Оқушыдан кері байланысты алғанда оқу мен оқытуда туындаған мәселелер айқындалады. Мен тізбектелген сабақтар топтамасында кері байланыстың мына түрлерін жоспарладым. Бірінші тақырыбымда «Ас мәзірі» атты кері байланыс жасалады. Онда оқушылар сабақта тағамның қай түрі дәмді болды, (оқытуда ұнаған тұстары), сәтсіз – түсінбеген есептері, формулалары тағы сол сияқты, ұсыныс – оқушылар өзінің пікірін жазады. Екінші тақырыбымда «БББ стратегиясы» атты кері байланысты аламын. Бұрын-соңды білетінін, жаңадан алған ақпараттары туралы, тағы да қарастырғысы келетін сұрақтар туралы оқушылар ойларын жеткізеді.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы екінші сабағыма толығырақ тоқталып өткім келеді.

Бұл сабағымда оқушылар құрылымдалған топтастыру арқылы топқа бөлінеді. Мұндағы мақсатым Бағдарламада берілген «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін негізге ала отырып, әлсіз оқушылар үлгерімі жақсы оқушылардың оқу әрекетін бақылайды және үйренеді.Оқушыларға мынадай «Кейбір жағдайда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі болмайды, деп тұжырымдауға болама және неліктен?» деген ашық сұрақ қоямын. Осы ашық сұраққа жауап беруде «Сын тұрғысынан ойлау» модулі жүзеге асады. Дискуссиялық картада 5 сұрақ болады және осы сұрақтарға жауап беру арқылы 0-5 балл арқылы оқушылар өзін-өзі бағалай алады. Топтық жұмыс орындауға А,В,С деңгейлі есептер беремін. Бұл жұмыс барысында топ мүшелері бірлесе жұмыс жасайды. Мен бақылаушы ретінде топтық жұмыс кезінде топтағы бірлескен оқудың жүрісін, оқушылардың іс-әрекеттерін қадағалаймын. Топтар орындаған жұмыстарын сағат тілімен айналдырып, нақты критерий бойынша тексереді және смайликпен бағалау жүргізеді. Бұл әдісті алғаш енгізуіме байланысты критерийді өзім ұсынамын. Мынадай критеийлер бойынша тексереді: 1)есептің берілгенін жазу; 2)формула қолдануы; 3)есепті шығару жолы; 4)есеп шығару барысында қате жібермеуі; 5)сызба (график) салынуы; 6)есептің жауабын жазуы. Жұптық тапсырмаларды орындауда оқушылар үш нұсқаға бөлінеді, өздерінің нұсқаларына сай есептерін шығарады. Жұптар өзге топтағы нұсқасы бірдей оқушылармен шығарған есептерін салыстыру арқылы дұрыс-бұрыстығына көзін жеткізеді. Талқылау соңында тапсырманың нақты критерийлері көрсетіледі. Жұптар бір-бірін смайликпен бағалау жүргізеді. Сабақ бойына смайликпен топтық бағалау, өзін бағалау және жұптық бағалауы сияқты қалыптастырушы бағалау жүргізіледі де, сабақ соңында жиынтық бағалау қойылады. Бұл жерде «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі жүзеге асырылады. Оқушылардың ақпаратты топта ынтымақтасып іздеу, өңдеу, біліктерін арттыру мақсатында үй жұмысына оқулықтан тыс тапсырма беріледі. «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шығу тарихы және авторы туралы» презентация дайындау. Осы үй жұмысы арқылы «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану» модулін пайдалану жүзеге асырылады.Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігі туралы кері байланыс алу мақсатында «БББ» әдісін пайдаланамын. Сабақта дарынды оқушылар менің сынып оқушыларының қойған сұрақтарына жауап бере алады. Осы көрсетілген сабағымда Бағдарламадағы төрт модулді ықпалдастыра аламын. Көріп тұрғаныңыздай бір сабақта бір модулді қолдану мүмкін емес, Бағдарламадағы жеті модуль өзара тығыз байланыста.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2018
686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі