Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика пәні "Тікбұрышты ұшбұрыштың ауданын табу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика

57- сабақ. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу

Тақырыбы: Ежелгі уақытта ауданды қалай өлшеген?

Мектеп: №22 орта мектеп

Күні: 26.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Тұмарбекова Д.Ж

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу

3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын:S= (a·b):2, S=a2,S=a·b шығарып алу және қолдану, қоршаған орта обьектілері

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /секунд өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын табу формуласын (S=(ab):2) құрастыру және қолдану.

Бірқатар оқушылар үшін:

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын табу формуласын (S=(ab):2) шығарып алу және қолдануды түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін:

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын табу формуласын (S=(ab):2) шығарып алу және қолдануды түсіндіру.

Тілдік мақсаттар






Оқушылар:

Аудан деген не және оны түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

аудан, палетка.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табу керек?

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын қалай табу керек?

Жазу:

Есептерді шығару жолдарын жазу.

Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Алдыңғы меңгерілген білім

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

- Жақсы сөз адамдарға не үшін қуат береді? Не үшін «сөздің дауасы бар» дейді? Мейірімді болу оңай ма?



4–6


Белсендіру.

Тақтада әртүрлі фигуралар ілінген. Мұғалім тік бұрышы бар фигураларды таңдап алып, атауларын сұрайды.

Геометриялық фигуралар.




7–11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Алдыңызда үшбұрыштар. Олардың ұқсастықтары неде?

Олардың барлығының бұрыштары тік. Олардың ауданын табуға бола ма?


Shape1 Shape2

Қағаз беттері.





12–38


Жаңаны ашу.

(Т.Ж) 1-тапсырма.Джиксо әдісі

Мынадай тіктөртбұрыштың ауданын қалай табуға болады?(Палетканың көмегімен). Біздің алған білімімізді тіктөртбұрыштың ауданын табуға қолдануға бола ма?

Фигураның ауданын қалай табуға болатыны туралы оқушылар өз ойларын айтады. Содан соң тапсырманы топпен орындайды.

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы тік бұрыш болып қиылысып тұрған екі қабырғаларының көбейтіндісін екіге бөліндісіне тең. S=(ab):2.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.Ж) «Жұптас,пікірлес,талқыла» әдісі.

2- тапсырманы – практикалық жұмысты түсінік бере отырып жұппен орындайды.

Егер тіктөртбұрыштың бір диагоналін жүргізсе, тіктөртбұрыш екі тікбұрышты үшбұрыштан құралған болады. Бұл бөліктердің аудандары бірдей. Яғни, бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып, оны екіге бөлсек жеткілікті. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы: S = (a • b) : 2, мұндағы: а және

b – тіктөртбұрыштың қабырғалары. Бұлар үшбұрыш үшін тік бұрышты құрайтын қабырғалары болып табылады.

Осы тапсырма тікбұрышты үшбұрыштың ауданын түсіну және оны шығару дағдысын қалыптаст ырады. Оқушыларға қалаулары бойынша тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табатын формуланың қалай шыққандығы туралы қорытынды жасайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» ойыны.

3 тапсырмада – үлгі бойынша тексере отырып өз бетімен саяжай ауданын табады.

«Басбармақ» арқылы бағалау

4-тапсырма.Фигуралардың қай бөлігі боялған? Бөлшек түрінде жазады.Симметриялы фигураларды атайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ө.Ж)Қ.Б «Кім жылдам?» ойыны.5-тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындайды.Амалдардың орындалу тәртібі бойынша орындап,эталон арқылы тексереді.Әр өрнекке 1 балл ұпай жинайды.

5-6 ұпай – «өте жақсы»

3-4 ұпай -«жақсы»

1-2 ұпай – «талпын»


Оқулық.
























































39–40


Кері байланыс

«Иә», «Жоқ» әдісі бойынша кері байланыс беру.

-Шаршы тәріздес қабырғаның ауданы 16 м2 болса қабырғасы 5 метр болады.

-Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7см ені 4 см болса,ауданы 28 см.


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Қабілеті жоғары оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін қосымша мақсатқа сай тапсырмалар беремін. Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларды бөлек топтастыра отырып, әр сабақтың басында өткен мақсатқа шолу жасатамын

Смайликтер жинау арқылы орындалған жұмыстардың санына сәйкес бағаланады.

Өзін өзі тану

Сабақ арасында ұйымдастырылған ойындарда қауіпсіздік техникасын сақтауды сұраймын.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
1358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі