математика пәнін оқытуда
жаңа технология элементтерін
пайдалану
Қазіргі жаһандану заманы
білім беру саласын айтарлықтай жаңғыртуды талап
етеді. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары сатыда
бейімді оқытуды көздейтін бірден - бір тиімді жол - жаңартылған
білім беру мазмұнына көшу. Сондықтан
білім беру жүйесінің
әдіс-тәсілдеріне жаңаша дайындықпен келу керектігін
көреміз.
Оқушыларды саналы ой
еңбегіне тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны ерекше. Бүгінгі
цифрлық дәуір - математика ғылымының өте кең, жан - жақты тараған
кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты -
математикалық сауаттылықтың деңгейін көтеру болып
табылады. Математика пәнінен сабақ
беретін сыныптарымның білім сапасын арттыру үшін оқушылармен жүйелі
түрде жұмыс жүргізуімді қажет етеді. Біліктілік артыру курсында
меңгерген жаңа технология элементтерін бүгінгі күнде сабақ беру
үрдісінде кеңінен қолданамын. Сол арқылы оқушыларымның білім алуға
деген ынта – жігерлерін артырудамын.
Оқушылар
белсенділігін көтеру мақсатында математика пәнін оқыту үрдісінде
сыни ойлау стратегиялары мен оқытудың келесідегідей жаңа
әдіс-тәсілдерін қолданамын.
«Ауызша жаттығу»
әдісі.
Бұл
әдістегі сұрақ - жауап сәтінде айтылған санды өрнектің мәнін ауызша
табу ұсынылады. Мысалы: 5+9=?, 75-20=?
«Интервью» әдісі.
Бұл
әдісті пайдалану арқылы топтар бір - біріне жаңа тақырып көлемінде
интервью арқылы сұрақ- жауап жүргізеді. Ол үшін әр топтан ортаға
оқушы шығып жаңа тақырыпқа немесе өткен тақырыпты меңгеруге
байланысты алдын ала топпен дайындалған ауызша тапсырмалар айтады.
Топтар кезекпен жауап береді. Мысалы: 9*7, 45:5,
т.с.с.
«Постер» әдісі.
Топтарға жаңа тақырып
бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін
сурет арқылы қорғау ұсынылады. Топтарға конвертке салынған
тапсырмалар таратылады. Тапсырма туралы өз ойларын суретке салады,
талдайды, түсіндіреді.
«Көршіңмен ойна» әдісі.
О қушылар жұпта орындайды. Кезекпен текшені
лақтырады және түскен санды + х = 100 теңдігіндегі бос орынға
қояды. Екінші оқушы алынған теңдеуді шешеді. Теңдеуді дұрыс шешсе,
текше лақтыру құқына ие болады. Осылайша, 6 теңдеу алуға
болады:
1 + х = 100; 3+ х=100; 5 + х =
100;
2 + х = 100; 4+=100; 6 + х =
100;
«Ойлан, бірік, бөліс»
әдісі.
Берілген тапсырмаға оқушылар
жеке ойланады, топ мүшелері біріге жұмыс жасайды, басқа топтарға
бөліседі.
«Сәйкестендіру»
әдісі.
Ол әдіс
арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді, ойланады тапсырмаға
байланысты тапсырмаларды сәйкестендіреді. Берілген тапсырманы топта
талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қағазға
жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді.
Берілген сұрақтар арқылы топтар бір - біріне сұрақ қою арқылы қарым
- қатынасқа түседі.
«Конверт
- сұрақ» әдісі.
Бұл әдісті қолдану
оқушылардың сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын
айтып, шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек
тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы
рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі
проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір тапсырманы бірнеше
тәсілмен орындау әрекеттерінен
байқалады.
Математика пәнін оқыту
барысында оқушылардың терең білім алуы үшін жаңа әдіс - тәсілдерді
жиі қолданамын. Сабақ барысында берілетін тапсырманың сұрағын
жүйелі түрде біртіндеп күрделендіре отырып, тапсырманы оқушының өз
бетімен орындауына мүмкіндік жасай аламыз. Математика пәніне
қабілеті төмен оқушыға топ мүшелерінің қолдауы өте керек. Сондықтан
топтағы оқушылардың өзара ықпалдастығына баса мән беру керек.
Математика пәніне қабілеті жоғары, дарынды оқушы жанындағы оқушыны
әңгімеге тартып, тапсырманы орындау жөнінде пікір алмасады. Бір
–бірінің жауабын толықтырады және өзіндік ой - пікірін ддәлелдеу
жолдарын көрсетеді. Сабақ барысында қабілеті төмен оқушылар
берілген тапсырманы көршісімен ақылдаса отырып орындай бастады.
Сабақтардағы топтық тапсырмаларды қорғауда оқушылар жекелеп емес,
барлық мүшелерін қамту мақсатымен топ болып қорғайтын болды.
Сонымен қатар бір – біріне қорғайтын сөздерін үйретіп демеушілік
жасап отырды. Үйрене келе оқушылар қарапайым тапсырмаларды орындау
үшін қиналмайтын болды. Керісінше, топпен жұмыс істеуге
қызығушылықтары артып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыды.
Тапсырманы жұптасып орындап, топта талқылайды. Сол себепті де
тапсырмаларды неғұрлым жүйелі түрде күрделендіре түссек, оң
нәтижесі болатындығына сенімім молая түсті. Өзімнің де тәжірибемде
өзгеріс пен жетістік бар деп бағаладым. Сабақта жаңа материалдарды
меңгерткенде және бекіту кезінде түрлі стратегиялық әдіс –
тәсілдерді қолдану керектігін түсіндім. Тапсырманы оқушылар топта
бірігіп талдағанда, араларында кері байланыс орнағандығын, бір -
бірін есеп шығаруға үйрету арқылы еркін жауап беріп отыруынан
байқадым. Топтық талқылауға қатысу оқушылардың қабілетін арттырады,
өз пікірін қорғауға, тапсырмаға сыни тұрғыдан қарауға
дағдыланады.
Қорытындылай келе айтарым, оқыту үрдісінде жаңа әдіс –
тәсілдерді жүйелі қолданғанда ғана өзгерістің тиімді болатынына
көзім жетті. Ендігі мақсатым - өзімнің кәсіби шеберлігімді үнемі
жетілдіру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру, сапалы білім,
саналы тәрбие беру.