Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Математика пəнінде жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшелігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
Математика пәнінде жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері
Мақсаты:
білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлауы, зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибе жасауы, АКТны қолдану, коммуникативті қарым қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.
«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»
Н.Ә. Назарбаев
«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.
Рухани жаңғырудың ең басты
шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» Өйткені,
ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық
мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты
факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек… Себебі,
құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа
жетеді». Бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы. Оның ертеңі –
жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі жас ұрпақ, болашақ маман Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында көрсетілген міндеттер
бойынша: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, ғылым
мен практика жетістіктеріне негізделген білім алулары керек».
Ендеше, біздің ұстаздарымыз оқытудың жаңа технологияларын енгізіп,
білім беруді ақпараттандырып, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу арқылы оқытуды сауатты, сапалы жүзеге асырып,
мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырғанда ғана
қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қоса алады. Бұл істердің барлығын
жүзеге асыратын еліміздің ұстаздар қауымы. Ендеше, бүгінгі ұстаздар
қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі
жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби
біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін
жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, көп
оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана
білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби
маман иесі болуы керек. Бұл өмір талабы. Ұстазда ұйымдастырушылық,
құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттердің де болуы
шарт.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді
қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану,
коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай
білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және
оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді
курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының
ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты
бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру
үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға
негізделеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды,
сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де
түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың
пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне
ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау
қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Кеңестік
заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы
бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып
табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы
бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы
кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан
оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу
бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір)
оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған
оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою
арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау
барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі
Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған
елдерде пайдаланылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында
қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт
тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге
бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен»
орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Айталық,
қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені
жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу
дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Бүкіл
әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні
туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ
ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді
әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл
сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда
пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты.
Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде
және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге
бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Білім беру жүйесін
жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма
бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: байланысқа бейімділікті
арттыру, әлеуметтік өзгерістер, ауа райының өзгеруімен байланысты
мәселелер, бүкіл әлемдегі халықтың қарқынды өсуі, заманауи әлеммен
өзара табысты байланысу үшін қажетті және келешек күннің әлемімен
өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды қазіргі таңдағы мектеп
жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға деген сұраныстың
өсуі. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту
әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде
жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейінежеткізу керек. Мектеп бітіруші
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды
оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен
ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап
көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны
жаңартылуда. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру
жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан
өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы
уақытқа дейін біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім
алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші
факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған
мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге
белгілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу
бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде
білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік
қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген.
Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары
өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген. Айталық,
қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен өрлей түскені жай
мысалдарарқылы ереже құрастыруалудан, анықтамаларға сүйеніп есептің
шығарылу алгоритмін құрастыру дағдыға ие болып, тілдік
құзыреттіліктері шыңдала түседі. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту
әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету
үшін маңызды. Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше
есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы
бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз:
«Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Саналылық
аллеясы», «5 сұрақ, 5 жауап», «5 қадам», «Драма әдісі», «Маңыздылық
аймағы», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос
диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Стоп кадр» «Жигсо
әдісі», «Tarsia» ойыны «Ойлан тап әдісі», «Интервью әдісі», «Бас
бармақ әдісі», т.б
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін
тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу
бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау
шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге
қол жеткізді:
• жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
• жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
• оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты
құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;
• білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті
педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.
Біліктілікті арттыру курсы соңында әр мұғалім жаңартылған
бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын
іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана
алатын нәтижелерге қол жеткізді. «Адамның көңілі шын мейірленсе,
білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала
мейір шала байқалады», – дейді Абай. Ғаламдық деңгейде өркениет
атаулысы – білім мен ғылымға арқа сүйей бастағанын дүйім жұртқа
алғашқылар қатарында айту, жадында жаттатқызу – халқымыздың аяулы
перзенттерінің бірі – ұлы Абайға бұйырғаны әрі заңдылық, әрі
қажеттілік болатын. Қорыта келе, Міржақып Дулатовтың «Жалғыз
сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды
сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың
арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан
жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман». Өркениетті дамудың өзегі
білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Кезінде ұлт
ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай
болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек
білім алып шыкпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі –
білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін
ұстаз» – деп айтқан болатын XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты
білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы
еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына әкелетін бірден-бір жол! Ұстаздардың шығармашылық қабілеті,
жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық
сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Бұл
педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара
дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне
жетуде мәні зор.
Оқушылармен сабақтың барысында түрлі ойындар, жаңа әдіс тәсілдерді, АКТ – ны тиімді қолдану арқылы сабақтарды қызықты етіп өтуге, тілді меңгертуге болатындығын білеміз. Оған бірнеше мысалдар келтірейік.
1. «Фиш боон» әдісі. Балықтың қаңқасына салынған тапсырмалар
Бұл әдіс бойынша балықтың басына негізгі тапсырма жазылады. Үстіңгі қаңқаларына негізгі түсініктің орыс тіліндегі атаулары жазылады. Ішіне қазақша атаулары мен анықтамалары жазылса, төменгі қанаттарына ағылшын тіліндегі аудармасы жазылады.[1] Бұл әдістің ерекшелігі оқушылар термин сөздер мен анықтамаларды өздері жазғандықтан олардың айтым, жазылым, оқылым дағдыларын дамытады. Жаңа сабақты қорытындылау барысында қолдануға тиімді.
2. «Веер» әдісі. Парақтан желпуіш жасалады. Оның әр бетіне сол сабақта өткен жаңа сөздер, терминдер мен анықтамалардың үш тілдегі аудармаларын жазылады. Жеке жеке қиылады. Оқушылар өздері құрастырады. Орындап болған соң бір – бірлерімен алмастыру арқылы тексертеміз. Оқушылардың ой бөлісуін ұйымдастыруға да болады. Бұл әсістің ерекшелігі оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылу дағыдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, оқушылар бір – бірін тексеру арқылы өздерін өздері бағалайды, түзетеді. Өткен сабақты қайталау үшін қолданса тиімді болады. [1]
3. «Ыстық картоп» әдісі. Әр термин сөздерді жеке параққа жазып, бір бірлерімен қабаттастырып ораймыз. Оқушылар бір – бірлеріне ұзатады. Мұғалім «тоқта» - дегенде қолына ұстап қалған оқушы парақты ашып оқып, оның үш тілдегі атауын айтады. Оқушыларды тез ойлауға, еркін ойын жеткізе білуге, жауапкершілікке, айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сергіту сәті үшін қолдануға болады.
4. «Қар көшкіні» әдісі. Әр топтағы оқушылар жеке - жеке өздері параққа сұрақтар, термин сөздер, анықтама және т.б сұрақ құрастырып жазады. Кезекпен барлығы сұрақтарын біріктіру арқылы «қар түйінін» жасайды. Бұл қар түйіндерін басқа топтармен алмастырамыз. Оқушылар сұрақтарды ашып, жауап береді.Жаңа сабақты қортындылау үшін қолдануға болады. [1]
5. «Шахмат» әдісі. Әрбір екі оқушыға қағазға шығарылған шахмат тақтасын береміз. Олардың бірі ақ шәкілге жазса, екіншісі қара шәкілге жазып отырады. Бір – бірлеріне терминнің қазақшасын, екіншісі орысшасы, біріншісі ағылшын тіліндегі аудармасын жазады. Осылай жалғасып шәкілдерді аяқтаймыз. Уақытты шектейміз. Көп сөз жазған оқушыларға балл түрінде немесе мақтау, мадақтау түрінде бағалауға болады.
6. «Галереяға саяхат» әдісі. Мұғалім алдын ала парақтарға термин сөздерді, анықтамаларды, сұрақтарды жазып келеді. Сабақтың барысында тез осы сұрақтарды қабырғаларға жабыстырып шығады. Оқушылар орындарынан тұрып әрқайсысы бір – бір сұрақтан алып, орындарына келіп, жауап береді. Немесе қабырғаға ағылшын тіліндегі термин сөздерді іліп, оқушылардың қолданына термин сөздер түсіп қалған анықтамалар беріледі. Оқушылар оларды ретімен орналастырады. Бұл әрі сергіту сәті де болады.
7. «Айналмалы бекеттер» әдісі. Оқушылар екі шеңбер құрып тұрады. Бір – бірлерімен кездескен оқушылар айтылған сұрақтың бірі қазақ тіліндегі екіншісі ағылшын тіліндегі аудармаларын айтып отырады.Оқушыларды жылдам ойлауға, жауапкершілікке, айтылым және тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сабақтың кез келген кезеңі үшін тиімді.
8. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өз ойын толық жеткізе алу, есте сақтау қабілеттерін, тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту үшін «жасырын суреттер» әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс бойынша мұғалім қораптың ішіне сабақтың түйіндісі бола алатын бір затты жасырады, Оған қысқаша бір немесе екі ауыз сөзбен сипаттама береді. Оқушылар осы зат туралы өз ойларымен бөліседі. Осыдан оқушылардың ойының ұшқырлығын байқауға болады. Ұйымдастыру және жаңа сабақтың тақырыбын ашу барысында, проблемалық ситуация туғызу кезінде қолдануға болады.
Бұлардан басқа «өрмекшінің торы», «микрофон», «Жасырын сұрақтар» , «поп корн», «үлкен және кіші шеңберлер», «Тыңдап отырған үштік» , «жасырын сурет», «ақылдың алты қалпағы» және т.б көптеген ойындар арқылы оқушыларды зеріктірмей әрі қиындықты жеңе білуге болады деп ойлаймын. Бұл әдіс - тәсілдердің артықшылығы оқушы білімді өзі жинақтайды, бірін-бірі оқытады, топта және өз бетімен жұмыс жасайды, өз ара ой бөліседі, бірін-бірі тексереді, сөздік қорларын молайта отырып, дұрыс жазуға үйренеді.
Бағалау әдістері. Бағалау әдістерінің бірнеше түрлері бар.
«Бас бармақ» әдісі.
1. Мен ... түсініп жатырмын және оны түсіндіре аламын (бас бармақ жоғары қарай көтерілген) 2. Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр); 3. Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр).
«Бағдаршам» әдісі .
Әрбір оқушыда бағдаршамның үш түсі бойынша карточкалары бар. Мұғалім оқушылардан материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін белгілі карточкамен көрсетуін өтінеді. Жасыл түсті карточканы көтергендер (барлығын түсіндім); «Не түсіндің?» деп сұрайды, сары немесе қызыл түсті карточканы көрсеткендерден «Нені түсінбедің?» деп сұрақ қояды . Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру , пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
«Индекс карточкалары» әдісі.
Мұғалім кей кезде оқушыларға екі бетінде де тапсырмалары бар карточкаларды таратып тұрады. 1-ші беті: өтілген материал бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақтау. 2-ші беті: өтілген материал бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарын жазу.
«Температураны өлшеу» әдісі.
Бұл әдіс оқушылар тапсырманықаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім
оқушылардын «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды.Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе орындау ретін түсінгенін анықтай алады.
«Болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау» әдісі.
Мұғалім шаршыны төртке бөліп, әр бөлікке келесі сөздерді жазып қояды.: болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушыларға өздеріне белгілі бір бөлікті таңдап алу ұсынады. Мұғалім оқушыға осылай ол өзіне тақырып бойынша тапсырма түрін таңдайтынын түсіндіреді. Таңдауына қарай мұғалім тапсырма береді.
«Аяқталмаған сөйлем»
әдісі. 1. Мен бүгін....білдім. 2. Маған....қызықты болды. 3. Маған....қиын болды. 4.Мен келесі тапсырмаларды орындадым..... 5.Мен енді... жасай аламын. 6. Мен .... жасап көремін. 7.Мен ..... таңқалдым. 8. Мен өмірде ..... қолданамын. 9. Маған .... ұнамады.
«Шеңбер бойынша жазу» әдісі.
Топтағы әрбір оқушының өз парағы болу керек. Оқушылар 2 минут ішінде парақтарынатақырып бойынша 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады.Солай парақтар бір-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келу керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Бір маңызды мәлімет қалып қойса, жазулар толықтырылады.
«Сауалнама» әдісі.
1. Сабақта мен белсенді болдым/ белсенді болмадым. 2. Сабақтағы жұмысыма –қанағаттандым/қанағаттанбадым. 3. Сабақ мен үшін-жылдам аяқталды / аяқталмай кетті. 4. Сабақта мен- шаршадым / шаршамадым. 5. Менің көңіл-*күйім –жақсарды / нашарлады. 6. Сабақтағы материал- түсінікті/ түсініксіз
«Сұрақ конверті» әдісі.
Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады. Бүгін сабақта не білдің? Немесе жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды? Оқушылар конвертті бір-біріне беріп, әрқайсысы өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды.
«Желкенді кеме» әдісі.
Желкенді үш түске бояу қажет. 1. Егер сабақ саған ұнаған болса, бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түске боя. 2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя. 3. Егер саған сабақ барысында тапсырмалар қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.
Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері бастауыш сыныпта қолдану жүзеге асуда.
Осы әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда қолданамын. Әр сабағымның ұйымдастыру кезеңін түрлі әдістен бастаймын, себебі күнделікті бір әдіс баланы жалықтырады. Сабақ соңында рефлексия нәтижесінде әдістерді оқушының сұранысына қарай келесі сабақта жаңа әдіс қолдануға тырысамын. Ұйымдастыру және жаңа сабақтың тақырыбын ашу барысында, проблемалық ситуация туғызу кезінде мына әдістерді пайдаланамын: «кім жылдам», «ойлан тап», «өрмекшінің торы», «микрофон», «Жасырын сұрақтар» , «поп корн», «үлкен және кіші шеңберлер», «Тыңдап отырған үштік» , «жасырын сурет», «ақылдың алты қалпағы» және т.б. Көптеген ойындар арқылы оқушыларды зеріктірмей әрі қиындықты жеңе білуге болады деп ойлаймын. Бұл әдіс - тәсілдердің артықшылығы оқушы білімді өзі жинақтайды, бірін-бірі оқытады, топта және өз бетімен жұмыс жасайды, өз ара ой бөліседі, бірін-бірі тексереді, сөздік қорларын молайта отырып, дұрыс жазуға үйренеді. Сабақ соңына «қар көшкіні», «ыстық картоп», «интервью», «микрофон» әдістерін қолданамын, себебі оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, барлығы қамтылып отырады. Бағалауға келер болсам «бас бармақ», «бағдаршам» т.б әдістер тиімді. Математика пәнінде жаңартылған білім берудің тиімділігін бірнеше сабақ жоспарыммен көрсеткім келеді
Қорытынды
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың
функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында
алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты
болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.