Материалдар / Математика сабағында тәжірибеге бағытталған тапсырмалар орындату арқылы оқушы құзырлылығын қалыптастыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағында тәжірибеге бағытталған тапсырмалар орындату арқылы оқушы құзырлылығын қалыптастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында практикалық мазмұнды есептер қарастыру арқылы оқушы құзырлылығын қалыптастыруды дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2023
384
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халтова Ғалия Әзиқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

М.Горький атындағы № 16 мектеп-лицей,

математика пәні мұғалімі

Математика сабағында тәжірибеге бағытталған тапсырмалар орындату арқылы оқушы құзырлылығын қалыптастыру.

Қоғамда ғылым мен техниканың ұдайы дамуы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды.Мұндай талаптар Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңында білім жүйесінің міндеттерінде бекітілген, атап айтқанда: « ... жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту.»[1] Бүгінгі таңда білім беру саласының басты мақсаты. білім алушыларға тек білім беру емес, алған білімін өмірінде пайдалана алатын тұлға тәрбиелеу, яғни оқушылардың функциоанлдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі туындап тұр. Егер әр елдің адами капиталы- қоғамға өз пайдасын келтіріп, ел дамуына үлес қосатын адамдар санымен өлшенеді десек, онда мақсатымыз оқушылардың бойында сол адами потенциалын дамыту қажет. Әр елдің математикалық білім сапасын салыстырмалы түрде бағалауда және оқу жетістіктеріне әсер ететін факторларды анықтауда TIMSS. PISA, PIRLS халықаралық зерттеулердің маңызы зор. Салыстырмалы зерттеулерге қатысу тәжірибесі біздің мемлекетіміздің білім саласына білім мазмұны мен оқу әдістемелерін жетілдіру, білім сапасын көтеретін бағыттарға өзгертулер енгізу қажеттілігін анықтады. Еліміздіегі білім саласындағы соңғы реформалар білім сапасының деңгейін көтеру мақсатына бағытталған. Ал ол реформаларды жүзеге асыру ұстаздардың қолында. Мектеп түлектеріміз бәсекеге қабілетті тұлға болып шығуы көп жағдайға байланысты, бірақ негізгісі -оқу мазмұнына байланысты. Сол себептен барынша білім алушылардың бойына осындай қасиетті дарытуда математика сабағында тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды қарастырудың маңызы зор деп есептеймін. Қазіргі таңда мектеп бітірушілердің тапсыратын ҰБТ тапсырмаларында математика пәніне контекстік есептерде ендірілген. Яғни оқушының тәжірибеге бағытталған немесе бір туындаған жағдаятқа байланысты тапсырмаларды шешуде білімі, оптималды нұсқа таңдауы сыналады. Барлық тестіленушіге міндетті сынақ- математикалық сауаттылық тапсырмаларында да практикалық есептер кездеседі.

Ғылымдардың пайда болу тарихына үңілсек барлық жаңалықтардың ашылу негізінде өмірлік жағдаяттар жатыр, сол себептен бізде оқыту процессінде сол негізден алшақтамауымыз қажет. Оқушы алған білімін келешекте пайдалана алу керек. Осы кезде қоғамымызда, ел дамуына кері әсерін тигізетін қаншама келеңсіз жағдаяттар туындауда. Мысалы орынсыз, аса қажеттіліксіз кредит алушылардың көбеюі,ол мысалы сол сауатты көзқарастың кемдігі, нарықтың заңдылығын түсінбей , «жеңіл ақша» қуам деп алаяқтарға тап болып жатқан, жаңа іс бастаймын деп, толық есеп-қисабын жоспарлай алмай банкротқа ұшырап жатқан қаншама азаматтар бар. Бұл өмір дегенмен, көп жағдайда білімсіздігіміз әсер етеді, мектепте, оқу орындарында алған білімімізді пайдалана алмадық деген сөз. Сол себептен мектепте математика сабағында экономика, құрылыс, тамақтану, денсаулық сақтау саласына, т.б. өмірде жиі кездесетін жағдаяттарға байланысты практикалық мазмұны бар есептерді барынша көп қарастыру қажет. Оқушылар практикалық мазмұнды есептерді шешу барысында дүниеге көзқарастарын кеңейтеді, күнделікті тұрмыста пайда болатын жағдайларды тез шешуге ықпал етеді.

Осы бағытта жұмыс жасай келе мынадай тапсырмаларды сабақ барысында оқушыларға қолданып жүрмін.

Есеп 1 Су- тіршілік нәрі.

Ғалымдардың зерттеуінше адам ағзасының 86% -ы судан тұрады. Егер ағзасында судың мөлшері азайса, онда адам түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Әр адам ағзасы бір тәулікте шамамен 1,5-2 литрге дейін су жоғалтады. Сондықтан күніне соншалықты су ішіп отыру керек. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанда 83% , бұлшық еттердің 75 %, мидың 74 %, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20 % су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.

А) Массасы 96 кг ересек адамның бойында қанша су бар екен?______Неше литр су жоғалту оның өміріне қауіп төндіреді?_____

Б) Егер адам күніне 1,8 литр таза су ішсе, онда табиғатқа демалысқа шыққан адам бір аптаға жететіндей етіп 5 литрлік ыдыспен қанша ыдыс су алып шығу керек?

С) Осы адам күніне неше стакан су ішеді, егер стакан көлемі 0,3 литр болса?

Осы есептің ішінде адам ағзасына байланысты пайдалы мағлұмат көп, бірақ оқушы сол ақпараттарды сараптай білу керек.

Келесі есепті 8 сыныпта геометрия сабағында пайдалануға болады. Оқушылар есепті шығара келе фигуралардың қасиеттерін пайдаланып, көрсетілген моделін құрастыруда қажетті өлшемдерді табу жолында іздену керек.

Есеп 2 Құрақ көрпе

Ұзындығы 1,6 м және ені 60 см құрақ көрпе құрастыруға Әлима: түсі қызыл матадан ромб пішіндес, қабырғасы 50 см-ге тең 1 фигура және суреттегідей 4 бірдей көк түсті матадан үшбұрыш пішінді мата пайдаланғысы келді және екі бүйір жағына сары түсті матадан 2 үшбұрыш қажет болды. Әлимаға ромбты қандай өлшемдерді пайдаланып қиып алған тиімді? Көк және сары үшбұрыштардың өлшемдері қандай болады?

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Shape7 Shape6



Есеп 3 Шаштаразда Шаштаразда маған бір шебер:

Бізге сутегі асқын тотығының 30%-тік және 3%-тік екі ертіндісі бар. Бұларды 12%-тік ерітінді шығатындай етіп құрастыру керек. Ол ерітіндіні қалай аламын? [2]

Есеп 4 Екі бірдей квадраттан құрылған фигураны «домино» деп, үш бірдей квадраттан құрылған моделі- «тримино», төрт бірдей квадраттан құрылған модель -«тетрамино» деп аталады.

Shape9 Shape8 домино

Shape11 Shape12 Shape10

тримино

Shape14 Shape16 Shape15 Shape13

тетрамино



Shape20 Shape21 Shape18 Shape19 Shape17

Shape24 Shape22 Shape23

Бес шаршыны пайдаланып жасалған модель «пентамино» деп аталады.

Осылай құрастыру арқылы -бір қырын екінші қырға келтіру арқылы, пентеминодан неше фигура құрастыруға болады?___

Осы фигураларды пайдаланып, 6 шілдеде 1984 жылы «Тетрис» ойынын инженер Алексей Пажитнов интербелсенді ойынды шығарып, ұсынды.























«Тетрамино» модельдерінің 4 түрін пайдаланып, фигураны «құрастыр».

4.Жақсы тұқымды сиыр жылына (365 күн) 8 мың литрге дейін сүт береді.

А) Егер демалу уақытысы 90 күндей болса онда сиыр күніне неше литр сүт береді? /бүтін санға дейін дөңгелектегенде.

В) 10 сиыр ұстаған адам аптасына неше литр сүт өткізіп отыратынын анықтаңыз.

С) Орта есеппен 1 литр сүтін 150 тг өткізетін болса онда бір аптада қанша пайда көреді?

Шешуі:

А) 365-90 = 275 күн 8000: 275 = 29 литр күніне

В) 10 ·7·29=2030 литр аптасына

С) 2030·150 =304500 тг

5.Айжанға жемпір тоқу үшін жасыл түсті 800 грамм жіп керек. Жасыл түсті жіптің 50 грамы 250 тг сатып алуға болады. Немесе боялмаған 50 грамм жіпті 210 тг алып, бояуға болады. 300 грамм жіпті бояуға арналған 1 пакет бояуды 80 тг сатып алуға болады. Ең арзан нұсқасы қайсысы /боялған жіп алу немесе боялмаған жіп алу/ (астын сыз) және қанша тг болады?

А) 3840 тг. В) 3640 тг. С) 3600тг. Д) 4000 тг. Е) 3980 тг.

Шешуі: Боялмаған жіп алу.

800гр:50= 16 ( 50 грамдық сонша жіп аламыз)

800гр жіпті бояу үшін 3 пакет бояу керек.

Боялған жіпке және боялмаған жіпке қанша ақша керектігін есептеп салыстырамыз:

Боялған жіпке: 16·250 =4000 тг

Боялмаған жіпке: 16 ·210+3·80= 3360+240= 3600 тг

Оқушыларға осындай тәжірибеге бағытталған есептерді орындату арқылы болашақта кездесетін түрлі жағдаяттарда зерттеушілік қабілетін дамытып, дұрыс шешім таңдауға мүмкіндігін ұлғайтамыз деп есептеймін.Тақырыпқа сай, тәжірибелік есептерді таңдап алу үшін, әрине бірінші мұғалім іздену керек.

« Прогресс-үзілмеген саналы дамудың маңызды қасиеті; бұл белсенді жады және адамдардың әлеуметтік өмірмен жақсаруы» - деп айтып кеткен атақты орыс жазушысы А.И.Герцен, оқушылардың құзырлылығын дамыту арқылы біз болашақта еліміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз.

Еліміздің болашағы-жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді десек. Онда жанжақты, құзырлы оқушы тәрбиелеуде, ғылыми-техникалық прогресстен қалыспай, педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіріп, жааңалықтарға ілесі біліп, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу- әрбір ұстаздың міндеті демекпін.

Пайдалнылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы11 бап

  2. «Қызықты алгебра» Перельман.Я.И. «Мектеп» баспасы 1986 жыл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!