Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Математикалық жарыс "«Білегі күшті бірді жығады,Білімі күшті мыңды жығады»"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№57 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектеп
Қорытынды
сабақ
Өткізген: Сайдикаримова М
Сыныбы: 3 «АБ» сыныптар
2015 – 2016 оқу жылы
Сабақтың
тақырыбы:
«Білегі күшті бірді
жығады,
Білімі күшті мыңды
жығады»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл бойына негізгі пәндер бойынша алған білімдерін еске түсіру, пысықтау. Оқушыларды өй-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Алғыр, тапқыр, шапшаң, зейінді, білімді болуға, елін, жерін сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: графопроектор, т.б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
II. Кіріспе
- Балалар, біз әрқашанда білуге талпынуымыз керек. Сонда ғана көзің ашық, білімді адам боласыңдар. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыра біледі. Біз мұғалімнің айтқан сөздерін жақсылап тыңдап, санамызға құйып алуымыз керек. Сонымен қатар балалар, бізге білімді үйдегі ата-аналарымыз бен аға, апаларымыз да береді. Мектепте мұғалімнен білім алсақ, ал үйімізде ата-аналарымыз бізге білгендерін үйретіп жатады. Олар әрдайым біздің үй тапсырмаларымызды тексеріп, ұқыпты болуға үйретеді.
-Міне балалар үйлеріміздегі білім көзі ата-анамыз бүгін мектепте қалай білім алдыңдар соны байқау үшін, сендердің жыл бойы алған білімдеріңді байқау үшін келіп отыр. Ендеше, жақсы көңілмен «Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады» атты қорытынды сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, біздің ана тіліміз қай тіл? (қазақ тілі) Қазақ тілі өте бай тіл, біз туған тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Сол қазақ тілі туралы алған білімдерімізді «Кім жылдам» бөлімінде көрсетейік.
1. Қазақ тілі «Кім жылдам?»
-
Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар? (42,37)
-
Дыбыс дегеніміз не? (әріптердің ауызша естілуі) Әріп дегеніміз не? (дыбыстың жазбаша таңбалануы)
-
Дыбыс нешеге бөлінеді? (дауысты/дауыссыз)
-
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (ұяң, үнді, қатаң)
-
Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады? У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
-
Дұрыс жазылған сөзді тап. (жанұя, жаилау, түйме, моиын, сыйлық, тыйым, сайабақ, қоян, ұят, тайау, сиа, тақия, пияз, тойу, көркею, молаю, кию, қиу, жиу, хайуанат)
-
Сөз құрамына не жатады? (түбір, қосымша (жұрнақ, жалғау))
-
Түбір ережесі. Қосымша нешеге бөлінеді? Жұрнақ, жалғау ережесі. (Түбір – сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін айтамыз. Түбірден кейін қосымша жалғанады. Жұрнақ – сөз мағынасын өзгертетін қосымша. Жалғау – сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша)
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (негізі 9, танысқанымыз 4)
-
Сөз таптарының ережесін сұрау. (зат есім, етістік, сын есім, сан есім)
-
Сөз таптарына талдау жасау. (Мади көкшіл шалбар сатып алды. Саламат екі дәптер алды. Айғаным ойын ойнады)
-Балалар біз нелерді сөз таптарына талдадық? (сөйлемдерді)
-
Сөйлем дегеніміз не? (аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте, не сұрау белгісі, не леп белгісі қойылады)
-
Сөйлемнің қандай түрлері бар? (хабарлы, сұраулы, лепті)
-
Сөйлемдерден не құралады? (мәтін) Мәтін дегеніміз не? (мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады, ат қоюға болады)
-
Мәтін неше бөліктен тұрады (басы, негізгі, соңы) Мәтін түрлері(ережесі)? (әңгімелеу не істеді?, сипаттау қандай?, пайымдау неліктен?)
Әдебиеттік оқу.
-
Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген, алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
-
Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынұлы)
-
5 жаман іс пен 5 жақсы іс туралы өлең жазған кім? (А.Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба)
-
Абайдың шын есімі? (Ибраһим)
-
Мектеп – біздің анамыз өлеңінің авторы? (Өтебай Тұрманжанов)
-
Атадан қалған асыл мұраларымызға нелер жатады? (ертегі, аңыздар, мақал-мәтелдер, өтірің өлеңдер, нақыл сөздер, шешендік сөздер, төрт-түлік туралы жырлар)
-
Ертегілер неше топқа бөлінеді? (шыншыл, қиял-ғажайып, жануарлар)
-
Қандай ертегілерді өттік? (Аңқау арыстан, Қасқыр мен түлкі, Ұр, тоқпақ, Байлық пен ақыл, Сақина, Шибұт,Қылмойын,Қарынбас)
-
Аңыз дегеніміз не? (өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме)
-
Қандай аңыздармен таныстық? (Қожанасыр мен ашқарақ, Қожанасыр мен Алдаркөсе, Үш сом)
-
Міржақып Дулатов кім? (ақын, жазушы)
-
Оның жазған кітабы қалай аталады? (Оян, қазақ)
-
«Балапан қанат қақты» мәтінінің авторы кім? (М.Жұмабаев)
-
Спандияр Көбеев қай өңірде дүниеге келген? (Қостанай)
-
Оның қандай кітабы бар? (Үлгілі бала)
-
Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңдерін білеміз? (Жылу, Білім керек бәріне, Әже)
-
Мысал дегеніміз не? (көбіне жан-жануарлар туралы жазылады, сол арқылы адамның бойындағы міні мазақпен айтылады)
-
Қандай мысалдарды білеміз? (Даңғой, Тәкәппар, Тоқылдақ, Түлкі мен тиін)
-
Мұхтар Әуезовты бала күнінде ауыл адамдары қалай атады? (Қоңыр қозы)
-
Гиннес кітабына кірген қазақ? (Тоқтар Әубәкіров)
-
20 жасар Олимпиада чемпионы? (Бекзат Саттарханов)
-
Алып бала кім еді? (Қажымұқан)
Поэзия минуты.
Қазір поэзия минутын бастамас бұрын ата – аналар сіздерге қояр бір – екі сауалым бар еді. Білесіздер сіздер осы күнге дейін балаларыңызбен бірге үй жұмысын дайындап, бірге есеп шығарып, бірге жаттаулар жаттаған болатынсыңдар. Бірінші сұрағым:
-
Ата – ана балаңызға жаттатқан қандай өлең жолдары естеріңізде қалды?
-
Әдебиеттік оқу пәнінен осы күнге дейін оқыған әңгімелердің қайсысы есіңізде қалды. Мүмкін болса авторын да айта аласыз ба?
-
Жағдаяттан шығу. Балаңыз сабақтан келді. Күнделігін сұрағанда көпке дейін бермей жүрді. Сіз алып қарағанда күнделігінен «2» деген бағаны көрдіңіз. Ешқандай сөзсіз өз көңіл – күйіңізді бет – әлпетіңізбен көрсете аласыз ба?
-
Жағдаяттан шығу. Балаңыздың күнделігінде бүгін болатын 4 сабақтан да «5» деген бағаны көрдіңіз. Көңіл – күйіңізді бет – әлпетіңізбен көрсетіңіз.
-
Балаңызға мінездеме беріңіз.
Ы.Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық!
Несіпбек Айтов. Оқулық.
Абай. Ғылым таппай мақтанба.
Сәду Машақов. Мәншүк.
Сағи Жиенбаев. Әлия. т.б өткен тақырыптардың барлығынан.
-
Жарайсыңдар балалар! Тағы қандай сүйіп оқитын пәніміз бар еді? (математика). Айналамыздағының барлығы да математикамен байланысты. Олай болса балалар, математика пәнінен алған білімдерімізді көрсетейік.
Математика
1.Қосу амалының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
2.Қосудың қандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
3.Азайту амалының компоненттері (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
4.Ең кіші екі таңбалы санды ата. (10)
5.Ең үлкен екі таңбалы санды ата. (99)
6.Ең кіші үш таңбалы санды ата? (100)
7.Толық ондықтарды кему ретімен айт. (90,80,70,60,50,40,30,20,10)
8.Жүздіктерді өсу ретімен айт. (100,200,300,400,500,600,700,800,900)
9.Көбейту амалының компоненттері (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)
10.Бөлу амалының компоненттері (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
11.Кез келген санды 1-ге көбейткенде ..... (сол санның өзі шығады)
12.Кез келген санды 0-ге көбейткенде ..... (0 шығады)
1.Амалдарды орында:
74 + 16= 90 70 + 17= 87 86 + 2= 88
86 – 6 = 80 40 – 4 = 36 89 – 5 = 84
2.Теңдеулерді шеш:
а+14=74 86-х=75
b+8=79 84 – а = 79
3.Периметрін тап:
Ұзындығы 4 см, ені 3 см тіктөрбұрыштың; (14 см)
Қабырғасының ұзындығы 6 см шаршының; (24 см)
Қабырғаларының ұзындығы 4 см, 3 см, 5 см үшбұрыштың; (12 см)
4. Шамаларды ата. (уақыт, масса, сыйымдылық, ұзындық)
Уақыт өлшем бірліктері:
4 мин = ... с (240 секунд)
2 сағ = ... мин (120 минут)
2 тәул. = ... сағ (48 сағат)
72 сағ = … тәул. (3 тәулік)
180 мин = … сағ (3 сағат)
Ұзындық өлшем бірліктері:
3 м = ... дм
2 дм = ... см
4 км = ... м
40 дм = …м
500 см = ... м
Массаның өлшем бірліктері:
3 кг = ... г
2 ц = ... кг
4 т = ... кг
500 кг = ... ц
2000 г = ... кг
Көбейту кестесі (2, 3, 4, 5)
Логикалық есептер:
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: 3 стакан
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: 2 сағат
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: сіріңке
Нанбасаңыз сұраңыз,
Бір ауылда тұрамыз.
Үш Ардақ
Екі Бауыржан
Төрт Медет
Бір Сабыржан.
Тез есепте дәл санын,
Сонда біздер қаншамыз?
Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
-Балалар логикалық жұмбақтар не туралы болды? Бұлардың барлығы неге жатады? (табиғатқа). Бізді айнала қоршап тұрған табиғат. Таза ауамен демалып, әдемі жерлерді көру үшін табиғатты қорғап, аялауымыз керек. Табиғаттың әсемдігі мен көріктілігі барлығы біздің қолымызда.
Дүниетану. Лездеме сұрақтар.
-
Табиғат нешеге бөлінеді? (2)
-
Адам өміріне не қажет? (ауа,жылу,су,тамақ,жарық)
-
Көкжиек дегеніміз не? (жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік)
-
Тұсбағар деген не? (көкжиек тұстарын анықтайтын арнайы құрал)
-
Ауаның қасиеттері (көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз)
-
Судың қасиеттері (түссіз, мөлдір, иіссіз)
-
Жер бетінде өсімдік өсетін қабат? (топырақ)
-
Топырақ түрлері (құнарлы, құнарсыз)
-
Өсімдік топтары (ағаш, шөп, бұта)
-
Өсімдік мүшелері (сабақ, тамыр, жапырақ)
-
Жануарлар нешеге бөлінеді? (үй/жабайы; жануарларды атау)
-
Үй жануарларын ата (түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі, шошқа, ит, мысық)
-
Жабайы жануарларды ата (арыстан, қасқыр, түлкі, аю, барыс)
Бейнелеу өнері. Лездеме сұрақтар.
-
Кескіндеме деген не?
(Кескіндеме, кескіндеу өнері — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.)
-
Мүсін дегеніміз не?
(Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo – шекимін, қашаймын) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды.)
-
Анималистік жанр дегенді қалай түсінесің?
(Анималистік жанр (лат. anіmat — хайуанат деген сөзінен шыққан) — графикадағы, кескіндемедегі, мүсіндегі жан-жануарлар бейнеленетін мәнер. Алғашқы қауымдық өнердегі жартас кескіндемесінен жануарлар бейнесін байқауға болады.)
-
Пейзаж.
(Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталия жанры, т.б.) қолданылады)
-
Дизайнер – суретші деген кім?
(Бейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі - дизайн. Дизайн дегеніміз - кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз.)
-
Портрет деген не?
(Портрет (фр. portraіt, portraіtе — бейнелеу) — бейнелеу өнерінің жанры. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу.)
Еңбекке баулу.
Оқушылардың ермексаз, мата, қағаздан жасаған бұйымдарынан көрме.
Дене шынықтыру.
Оқушыларға түрлі саптық жатттығулар мен қимыл – қозғалыс жаттығуларын жүргізу.
«Біз бақытты баламыз!» атты шағын концерттік бағдарлама.
III. Қорытынды.
-Жарайсыңдар балалар! Біз бүгін жыл бойы алған білімдерімізді көрсеттік. Абай атамыз «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей білуге ұмтылып, сабағымызды жақсы оқып, үлгілі оқушы атанайық. Ата-аналар сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет! Әрқашанда жақсы күндерде жүздесейік!