Материалдар / Математикалық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ғажайып алаң"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2018
1963
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Математикалық ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» (поле чудес)

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа,алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыландыру. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ынтымақтастыққа, жұмыс істеуге дағдыландыру. Математика, информатика пәндеріне қызығушылықты ояту, логикалық интеллектуалды ойды қалыптастыру. Оқудағы білімдерін тексеру, шығармашылық және танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, презентация, кеспе қағаздар, түрлі-түсті

Сабақтың жоспары:

1. І турға қатысатын оқушыларды анықтау.

А). «Таныстыру» .

Б). І тур бойынша іріктеу.

2. ІІ турға қатысатын оқушыларды анықтау.

А). «Таныстыру»

Б). ІІ тур бойынша іріктеу.

3. ІІІ турға қатысатын оқушыларды анықтау.

А) «Таныстыру» .

Б) ІІІ тур бойынша іріктеу.

4. ФИНАЛ.

Финалда 4 оқушы қатысады. Оның ішінде жеңген 1 оқушы супер ойынга қатыса алады.

5. СУПЕР ОЙЫН

6. Қорытынды.

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математикалық ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» (поле чудес) атты ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.


Барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Ойын ережелері

3-тур ойыны болады, әр турға 5 ойыншыдан қатысады.

3 турдың жеңімпаздары финалға шығып ойнайды. Финалдың жеңімпазы өз еркі бойынша ойынды тоқтатып, сыйлыққа ие бола алады немесе супер ойынды жалғастыруға құқылы. Супер ойында ойыншы кез-келген 3 әріпті айтып, жасырылған сөзден айтқан әріпті ашуға құқылы.

1 оқушы қатарынан үш әріпті тапса, онда 2 cандықша әкелінеді.

П- әріпі призді білдіреді.

Б-банкрот, жинаған балдың бәрі күйіп кетеді.

+ 1 әріпті ашу мүмкіндігі

0-0 балл алды.

Ортаға І турдың 4 ойыншымызды шақырамыз.

(Әр ойыншы өздерін таныстырады).


Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

Олай болса I тур ойынымызды бастайық:

6 «А» сыныбына сұрақ:

«Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді? (теңдік)

6 «Б» сыныбына сұрақ:

ax=b түріндегі теңдеуқалай аталады? (бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу)

7 «А» сыныбына сұрақ:

Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)
7 «Б» сыныбына сұрақ:

у=х3 функциясының графигі? (кубтық парабола)

7 «В» сыныбына сұрақ:

Барлығы бірдей саннн тұратын 5 тақ сандардың қосындысы 14 болса, бұл тақ сан қанша? (11+1+1+1=14)

Сонымен І турдың 4 ойыншысын анықтап алдық. Енді осы 5 ойыншы өздерін таныстырып өтеді.

І турдың сұрағы:

Бұл термин латын тілінен алынған, оны біз практикада қолданамыз, сонымен бірге ол құрылыста да қолданылады. Оны достықтың, тәртіптің символы деуге болады.

Көмек: аудармасы «қатар жүруші» деген мағынаны білдіреді.

п

а

р

а

л

л

е

л

ь

І турдың жеңімпазы анықталады.

Енді ІІ турға қатысатын оқушыларымызды анықтайық:

6 «А» сыныбына сұрақ:

XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?
Жауабы: Лейбниц

6 «Б» сыныбына сұрақ:

Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?
Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)

7 «А» сыныбына сұрақ:

Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? (Медет)

7 «Б» сыныбына сұрақ:

«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
Жауабы: Лейбниц

7 «В» сыныбына сұрақ:

3 мысық 3 минутта 3 тышқан аулайтын болса, 6 мысық 6 тышқанды қанша уақытта аулайды? (3минут)

Сонымен ІІ турдың 4 ойыншысын анықтап алдық. Енді осы 4 ойыншы өздерін таныстырып өтеді.

ІІ турдың сұрағы:

Бұл терминді орманда кездестіруге болады. Ол бір ағаштың басында өседі. Математикада оны геометриялық дене ретінде қолданылады.

Көмек: аудармасы

к

о

н

у

с


Енді ІІІ турға қатысатын оқушыларымызды анықтайық:

6 «А» сыныбына сұрақ:

Өзі сөйлей білмейді, бірақта «тоқта», «жүр» дейді? (светофор)

6 «Б» сыныбына сұрақ:

Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? (икс - Х)

7 «А» сыныбына сұрақ:

Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)

7 «Б» сыныбына сұрақ:

Екі минус таңбалы сандардың көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (плюс - +)

7 «В» сыныбына сұрақ:

Жасыл адамды көргенде не істеу керек? (жолдан өту керек)

Сонымен ІІІ турдың 4 ойыншысын анықтап алдық. Енді осы 4 ойыншы өздерін таныстырып өтеді.

ІІІ турдың сұрағы:

Бұл сөз математикада да, сол сияқты сызу т.б пәндерде кездеседі. Біз оны күн сайын ашық, жарқырап тұрған кезде көре аламыз. Оның қасиеттерін құрылыс саласында, дүкендерде сонымен қатар күнделікті өмірде қолданамыз. Ол латын сөзінен «алға ұмтылу» деген мағынаны білдіреді.

п

р

о

е

к

ц

и

я






4. ФИНАЛ


ЖАУАБЫ:

5. СУПЕР ЖИНАЛ

СҰРАҚ:

  1. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар

Ақ қара қып бөлгенде

Бірін бірі құғындар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын


  1. Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.


г





ш

а

х

м

а

т


р






р






И






О






т






6. Қорытынды:

Жеңімпазды құттықтау, сыйлықтарын беру.

Осымен бүгінгі «ҒАЖАЙП АЛАҢ» математикалық сайысымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп рахмет.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!