Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Математикалық сауаттылық мақала
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Қасымбек ауылындағы орта мектеп » КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Абубакирова Арайлым Жигалиевна
Оқушылардың математикалық сауаттылықтылығын
арттыру
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі»- тақырыбындағы Жолдауында да Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қоя отырып, Елдің жаһандық бәкеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық жаңа модуль құру қажеттілігін және жаңартылуы қажет басымдықтарды атап көрсетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгертілуі тиіс.Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау керек...-деді.
Математикалық сауаттылық - математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу; - әр түрлі формада берілген сандық ақпаратты оқу, талдау; - есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; - математикалық білімін өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану. «Сауаттылық» термині білім, білік, дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін көрсетеді. Оқушы өз деңгейін табу үшін, қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі. Бүгінгі күн талабына сай жан – жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық мәселелері оқу процесіндегі толығымен орындалмай отырғандығын көрсетеді. Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге дейін аз айтылып жүрген жоқ.Егер әр бір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып, үнемі көңіл бөліп отырса білім сапасы әлдеқайда жақсарар еді. Мен өзім сабақ беретін сыныбымтарымды логикалық сұрақтар, тапсырмалар қоя білуге үйретемін, оқушыларды тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып қарастыру керектігін айтып, есепте қолданып көрсетемін.Оқушылар қойылған сұраққа жауап беріп қана қоймай терең ойлана отырып сұрақтар құрастыра алуға үйренеді. Ал бұл оқушының ойлау қабілетін дамытады. Шығармашылық белсенділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бесінші сынып оқушыларының орта білімге бейімделуіне байланысты бастауыш сыныптарының сабақ беру тәсілдерін пайдаланамын.Сабақты ойын түрінде,сергіту сәттерін логикалық қызықты есептермен сабақты өткіземін.Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығы арта түседі.Оқушылар топта белсенді жұмыс жасау арқылы,өз ойларын анық жеткізуге үйренеді. Оқушылардың математика сабағын терең меңгеріп,игеруге математикалық сауаттылықтың тапсырмалары қамтылғаны қажет. №1.Сыйымдылықтары 8л, 5л және 3 л ыдыстармен қазанға 7л суды қалай құюға болады? Шешуі:
№2.Егер екі таңбалы санға 3-ті қоссақ, ол санымыз 3-ке бөлінеді, 7-ні қоссақ,7-ге бөлінеді,4-ті алсақ, 4-ке бөлінеді.Бұл қандай сан? Шешуі: Ізделінді сан 3-ке,7-ге және 4-ке бөлінеді. Мұндай ең кіші сан 3•4•7= 84ке тең. Бұл есептің шартын қанағаттандыратын жалғыз екі таңбалы сан, себебі 84-ке еселік болатын басқа сандар екі таңбалы емес. Жауабы: 84 №3.Тізбектелген төрт жұп санның қосындысы 334-ге тең. Осы сандарды табыңдар. Шешуі: Егер х-кіші сан болса, онда х+(х+2)+(х+4)+(х+6)=3348, бұдан х=834.Демек, ізделінді сандар 834,836,838,840-қа тең. Жауабы: 834,836,838,840 Жоғары сыныпқа барғанда оқушылар «математикалық сауаттылық» тапсырмаларын игеруге дайын болады.Оқушыларға математикалық сауаттылықтан сандар тізбегі, проценттерге,мәтінді есептер,қозғалысқа байланысты есептер,комбинаторика есептері және ықтималдық,сәйкестендірулер мен салыстырулар,диаграмма және график,кестелер,бірлескен жұмыс тақырыптарына есептерді таңдап, оқушыларға сабақ барысында шығаруға беріп, дағдыландырамын.Логикалық тапсырмалардан тест құрастырып, алып отырамын.Оқушылар осы тапсырмаларды орындау арқылы, сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді, бір бағытта емес жан-жақты терең ойлануға дағдыланады,есептің бір ғана жолы емес бірнеше жауаптарын табуға, жоғары сынып ҰБТ тесттерін меңгеруге оқушы дайын болады. №4.Әкесінің жасы қызы мен баласының жасының қосындысына тең; баласының жасының қарындасының жасына қарағанда екі есе үлкен және әкесінен 20 жас кіші. Олардың әрқайсысы нешеде? Шешуі: Егер қызының жасын 1 бөлік деп алсақ,онда баласының жасы 2 бөлік, ал әкесінің жасы 3 бөлікке тең болады.Баласы әкесінен қызының жасындай кіші және ол есептің шарты бойынша 20 жасқа тең.Олай болса қызы 20 жаста, баласы 40 жаста ал әкесі 60 жаста. Жауабы: Қызы 20 жаста,баласы 40 жаста,әкесі 60 жаста. №5.Кітаптың беті 825. Осы кітаптың беттерін нөмірлеп шығу үшін қанша цифр қолданылған? Шешуі: Кітаптың алғашқы 9 бетін нөмірлеу үшін 9 цифр қажет болған.Оның келесі 90 бетін (10-нан 99-ға дейін) нөмірлеу үшін 180 цифр (90•2=180) қажет болған,қалған 72 бетін (825-99) нөмірлеп шығу үшін 726•2=2178 цифр қажет болған, себебі бұл беттердің бәрі де үш таңбалы сандар.Сонымен,кітаптың барлық 825 бетін нөмірлеп шығу үшін 9+180+2178= 2367 цифр қажет болған. Жауабы: 2367 цифр №6.Жәшікте 10 қызыл,8 көк, 8 жасыл, 4 сары түсті қарындаш жатыр. Қараңғыда жәшіктен ең аз дегенде қанша қарындаш алғанда: а) бір түстен кемінде 4 қарындаш; б) кемінде әр түстен бір қарындаш; в) кемінде 6 көк қарындаш шығады? Шешуі: а) Түрлі түсті қарындаштарды 4 топқа бөлейік. Ең қолайсыз жағдай: әрбір топта бір түсті 3 қарындаштар (3 қызыл,3 көк,3 жасыл,3 сары) болған жағдайда жәшіктен тағы бір қарындаш алатын болсақ, яғни 3+3+3+3+1= 13 қарындаш алатын болсақ, онда бір түстен кемінде 4 қарындаш болады б) Ең қолайсыз жағдай:9 қызыл,7 көк,7 жасыл және 3 сары, яғни 9+7+7+3+1= 27 қарындаш алсақ,онда кемінде әр түстен бір қарындаш болады в) Ең қолайсыз жағдай: 10 қызыл,5 көк,8 жасыл,4 сары яғни 10+5+8+4+1= 28 қарындаш алатын болсақ,онда кемінде 6 көк қарындаш шығады. Жауабы: а) 13 б) 27 в) 28 Оқушылар топта бір-бірін бағалап үйренеді.Топтық жұмыс жасағанда оқушылар диалогқа түсе отырып,бір-бірін тыңдап,өз ойларын нақты бір шешімге келе отырып жұмыс жасап дағдыланады. Математика барлық ғылымдардың логикалық негізі-күре тамыры.Математика сабағында ең алдымен оқушылардың дұрыс сөйлеу қабілеттерін қалыптастыра отырып,дамытып шыңдай түсетін тапсырмалар беремін. №7.93 тиынды жеткілікті мөлшерде алынған 3 тиындық және 5 тиындық монеттермен неше түрлі тәсілмен төлеуге болатынын анықтаңдар. Жауабы: 7 тәсілмен №8.Амалды орындаңдар: ( ): Шешуі: 1001+1=1002 Жауабы: 1002 №9.3,4,5,6 цифрларынан (цифрлары өзара қайталанбайтындай етіп) неше төрт таңбалы санды құруға болады? Шешуі: Екі таңбалы санда бірінші орында бес тақ цифрдың кезкелгені тұруы мүмкін.Барлығы 5•4=20 сан б) 4•4=16 сан. Өйткені сан нольмен басталмайтындықтан бірінші орында 2,4,6,8 цифрларының кезкелгені, ал екінші орында қалған жұп цифрларының кезкелгені тұруы мүмкін. Жауабы: а) 20 б) 16 №10.Жазықтықта кезкелген үшеуі бір түзудің бойында жатпайтын 8 нүкте берілген. Осы 8 нүкте арқылы барлығы әртүрлі неше түзу жүргізуге болады? Шешуі: Есепті салу арқылы немесе ой қорытып,пайымдау арқылы шығаруға болады: 7+6+5+4+3+2+1;( 8•7)/2=28 Жауабы: 28 түзу |
Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің және мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселесінің бірі болып табылады. Себебі, оқушы кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Осыған байланысты ғылымдар былай дейді: «Математика оқыту әдісінде алуан- түрлі жетілдірулер болғанымен шәкірттер үшін математика үшін әрдайым қиын пән ретінде тарихта қала береді».
Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгерімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгерімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.
№11.Шахмат турниріне 7 адам қатынасқан.Әрбір ойыншы қалғандарымен бір партиядан ойнап шыққан.Барлығы неше партия ойналған?
Шешуі: 1-тәсіл.Әрбір шахматшы 6 партия ойнаған.Барлығы 21 партия ойналған (7•6 көбейтіндісін екіге бөлу керек, қарсы жағдайда партия екі рет есептелген болады).
2 -тәсіл. (граф арқылы). Айталық әрбір шахматшы нүктемен белгіленген болсын, ал әрбір ойналған партия шахматшының біреуінен екіншісіне қарай срелкамен көрсетілген болсын (суретте ойналған партия тек екі шахматшы үшін көрсетілген).Егер әрбір ойналған партияны біреу деп есептейтін болса, онда барлығы (6+5+4+3+2+1=21) партия болып шығады.
1 2 3 4 5 6 7
Жауабы: 21 партия
№12.Тоғыз монетаның біреуі жалған.,оның салмағы басқаларына қарағанда жеңілдеу.Кірсіз (тастары жоқ) таразыда екі рет өлшеу арқылы оны қалайша анықтауға болады?
Шешуі: Монеталарды 3 монетадан 3 топқа бөлейік. Таразыда бірінші рет тарту.Екі жағдай болуы мүмкін. Таразының әр басына 3 монетадан қоямыз. Сонда екі жағдай болуы мүмкін:
-
Тепе-теңдік , онда таразыда шын монеталар,ал жалған монета таразыға тартылмай қалған монеталардың ішінде.
-
Таразының бір жағы деңіл болса,онда жалған монета сол жақта деген деген сөз.
Таразыны екі рет тарту: енді жалған монетаны қалған 3 монетадан іздейміз.Оны қалай анықтау қажет екендігі оқушыларға мәлім.
№13.4 чемодан мен олардың 4 кілті бар.Қай кілттің қай чемоданға сәйкес екендігін неше рет байқап білуге болады?
Төрт чемоданның біреуіне түсетін кілтті анықтау үшін ең көп дегенде үш рет тексеру керек, өйткені бірінші чемоданға үш кілт түспейтін болса, онда о,ан төртінші кілт түседі.Енді қалған үш чемоданға түсетін кілтті тексереміз.Ол үшін екі рет, ал қалған екі чемоданға түсетін кілтті бір рет байқау арқылы анықтаймыз. Сонымен,4 кілттің 4 чемоданның қайсысына түсетінін байқау үшін ең көп дегенде 6 рет тексеру қажет екен. Жауабы: 6 рет
№14.Бір жылда ең көп дегенде қанша рет жұма күні кездеседі?
Шешуі: Аптаның бір күні жұма болып есептеледі. 365=52•7+1 екенін ескеріп, бір жылда ең кем дегенде 53 жұма кездеседі деген тұжырымға келеміз.
Жауабы: 53 рет
Сабақтан кейін балалардың білімді қаншалықты меңгергендігіне мұғалім мән бермейді. Яғни, кері байланыс жоқ, ал бұл формативті оқытудың бір аспектісі. Сонда мұғалім әр сабақ соңында өз жұмысына есеп беріп, қай жерде не өз ойындай болмады, қай оқушы түсінбей қалды, неге леген сұрақтарға жауап беріп кері байланыс орнату тиіс. Кері байланыс мәтінінің мазмұны немес формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында өзге де мәтіндегі мәліметті өзге ақпарат көздерінен алынған білімдерімен байланыстыра білуі, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарасымен байланыстырып дәлелдеулеріне көңіл бөледі.
Оқушылардың қабілетін ашуға мүмкіндік беретін тапсырмалар мен есептер оқушының математикалық сауаттылығын арттыратыны PISA есептерді шығарумен оқушыларды шектемеу қажет деп ойлаймын. Өмірлік жағдайаттардағы кездесетін есептерді, тапсырмаларды жиі орындауымыз қажет.
Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаевтың
сөзі.Егемен Қазақстан газеті 2006 жыл № 115
2. З.Бекбаева «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындаудағы
дербестігін арттыру Алматы.
3. Н.Кабушева «Математиканы деңгейлеп оқыту технологиясы» № 2 2001ж
4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары
5.Бейсеков Ж., Жақсыбаева А., Қамбаров Ж.Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау (жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларына арналған әдістемелік құрал) Шымкент 2008
6.«Математикалық сауаттылық» II бөлім , Алматы 2017жыл