Материалдар / Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімге, оқушыларға да тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2018
800
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2


Математика сабақтарында жаңатехнологияның
элементтерін қолдану жолдары

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру». Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлыөзінің бір сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені белгілі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи, танымдық, педегогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол жаңалыққа жаны құштар болып, шығармашылықпен жұмыс істесе, оқу мен тәрбие ісіне етене еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналыды. «Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.«Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Оқушы қабілеті дегеніміз- оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп– кеме, білім– теніз дейміз, ал осы кемені мектептегі біздің шәкірттеріміз десек, кеме теңізде жүзген кезде дауылға, қарлы жаңбырға қарамай, қиындықтарды жеңе отырып алға жүзеді. Біздің балаларымызда білім мұхитында білімнің көшбасшысы болып жаһандық білім теңізінде еркін жүзуі үшін өткізетін сабақтарымыз қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген құзіретті тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. Тәуелсіз еліміздің жан-жақты қарыштап дамуы қоғамды инженер-техник мамандармен, физика-математика, техника, жаратылыстану саласындағы ғылымдармен қамтамасыз етуді талап етеді.Ал ол бүгіннен, яғни біздің әр күнгі беретін сабағымыздан басталады. Оқушыны мектеп қабырғасынан тыс өмірге бейімдеу үшін оларды күнделікті өзін-өзі реттеуге, өз білімін өз бетімен алуды ұйымдастыруға, өзін және өзгелерді бағалай білуге, қиын мәселелерді шешуде ұтымды жолды таңдай білуге, мәселеге сыни тұрғыдан қарап, баға беруге үйретуіміз керек. Әрине мұның бәрін өз сабақтарымызда біртіндеп жүзеге асыруға тиістіміз. Ең бірінші оқушыны өз пәнімізге қызықтыру керек. Ал оқушы қай жағдайда оқуға қызығады? Ал бұл үшін алдымен мектептегі оқу-тәрбие ісін пайдаланудың ғылыми негіздерін, атап айтсақ, физика және жаратылыстану, математика, информатика пәндерін оқытудың жаңа жолын жасаудың педагогикалық, психологиялық, дидактикалық негіздерін айқындап, зерттеу кезек күттірмейтін іске айналуы тиіс.Осы технологиялардың бірнеше түрін қөрсетуге болады.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы – оқушыны азамат етіп тәрбиелеу , олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.(Ш.Амонашвили)

Ойын арқылы оқыту технологиясы – дидактикалық , тәрбиелік , дамытушылық , әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс - әрекеттің педагогикалық механизмі жеке бастық , өзіндік талап – талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік , танымдық , шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. (Л.С.Рубинштейн , Д.Б.Эльконин , З.Фрейд)

Проблемалық оқыту технологиясы –оқушының өз бетімен ізденуге үйрету , олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы – (В.Ф.Шаталов) мынаны көздейді - білім , білік , дағдыны қалыптастыру , барлық баланы оқыту , оқытуды жеделдету.

Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту технологиясы – (С.Н.Лысенкова) барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі , жүйелілігі , саралау , әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы , бағдарламаның кейбір тақырыптатырының қиыншылықтарын жеңу , қиын тақырыптады біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.

Деңгейлеп саралап оқыту – міндетті нәтижелерге негізделген . Білім , білік , дағдыны меңгерту , мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру.Әр оқушыны оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту , оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу , ыңғайлау.

Бағдарламалап оқыту – (Б.Скиннер , Н.Краудер , В.Г.Беспалько) ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру , баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту , жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы - (Л.Джинна Стил , С.Куртик) Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы , қажетке жарауын қалыптастырады.

Өз-өздігінен даму технологиясы –(М.Монтессори) баланы жан – жақты дамыту , дербестікке тәрбиелеу , бала санасында нәрселер әлемімен ойлау әреке - тінің бірігуі.Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек , сонда бала өзін - өзі дамытады.

Дамыта оқыту технологиясы –(Л.С.Выготский , Л.В.Занков , Д.Б.Эльконин . В.Б.Давыдов) баланы оқыта отырып жалпы дамыту , яғни бала бойында еркіндік , мақсаткерлік , ар – намыс қасиеттерін дамыту.

Модульдік оқыту тетехнологиясы – (В.Б.Монахов) оқытудың тұтас технологиясын жобалау , алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдісті түзу , мұғалімге нәтижені талдап , түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру . Оқушылармен жүргізілетін қиындықтын алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау.

Ойын технологиясы” оқытуды ойын түрінде белсенді ұйымдастыру болып табылады. Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады, .«Қояндарды құтқару», «Аңшы мен үйрек» ойыны, «Балық аулау» ойыны. Семантикалық карта, «Ұста,ұстама» ойыны» ,«Дұрысын анықта» ойыны, «Жаңылмадым» ойыны.1«Аңшы мен үйрек» ойыны.Бұл ойынға 4 оқушы шығады. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса,үйректерді торларына түсіреді.Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді.2. «Балық аулау» ойыныБалықшылар өзеннен балық аулайды. Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз.Ойынның шарты бойынша балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз.3.Семантикалық карта Кестеде тігінен тапсырмалар берілген,ал көлденеңінен жауаптары берілген.Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, жақсы ой сөйлем шығады. 4. «Дұрысын анықта» ойыны.Қате және дұрыс жазылған ереже немесе формулалардың дұрыстығын анықтайды. 5.«Ұста,ұстама» ойыны . Қорытынды ретінде оқушылар  бір-біріне   тақырып бойынша әр түрлі сұрақтар бере отырып, допты лақтырады,допты ұстаған оқушы тез жауап беріп, ұпай жинау керек. Егер жауап бере алмаса топтан ұпай кемітіледі.Осылай топ оқушылары кезек-кезек допты лақтырып сабақты қорытындылайды.Мысалы, 5 сыныпта алғаш сабақты бастағанда оқушылардың көбейту таблицасын сұрау барысында тізбектеліп көбейту әдісін қолдануға болады. «Сандардың бөлінгіштік белгілері» тақырыбын бекіту барысында осы ойындарды қолдандым. Оқушылар әрі топқа бөлінді,әрі білімдерін тексердім.

Сонымен қатар деңгейлеп оқыту технологиясын қолданғанда оқушының психологиялық, теориялық дайындығын есепке алады. Олардың намысы оянады, басқалардан қалып қоймауға тырысады. Бұл технология дамыта оқытуға көмектеседі .Себебі оқушы ойын, ынтасын, белсенділігін көрсетеді, Олардың білім алуларына мүмкіндік береді. Дамыта оқыту технологиясы оқушының ізденісін, талпынысын, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырады. Бүгінгі таңда адамзат ойының қарыштап дамып жатқан кезінде сауатты оқушы дайындаудың жүгі өте ауыр. Ол үшін бүкіл оқыту әдістерінің ең тиімділерін қолдану қажет. Бұл тұрғыда электрондық оқулықтың атқарар рөлі зор. Электрондық оқулықпен оқыту мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады. Білім мазмұнын деңгейлік түрде ұсыну дамыта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өйткені оқулық та  тапсырмалар да деңгейленіп жасалған, оны біртіндеп деңгей бойынша меңгереді, және мұндағы білімнің кейбір жетекші элементтерін: фактілер, ұғымдар, ережелер, заңдылықтарды т.б. оқушылардың өздері  ашады

І. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады. Өнімсіз – репродуктивтік деңгей – мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды.

ІІ. Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті ситуация анық, оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

ІІІ. Эвристикалық деңгейде мақсат ашық, ситуация  түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді, яғни бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей.

ІҮ. Шығармашылық деңгей – мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.Деңгейлік тапсырмалардың алғашқы үш деңгейі мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін құрайды. Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмаларын оқытушы жеке баланың қабілетіне қарай өзі құрастырады.7 модуль бойынша оқыту, ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерделей келе, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді және білім сапасын да арттырады.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс.
Міне егер сабақтарымызды жүйелі түрде жоспарлап,мақсаттарымызды айқындап алатын болсақ осы мақсатқа жету жолында оқытудың озық технологиясынтиімді пайдалана білсек оқушыларға терең де берік білім бере аламыз деп ойлаймыз.Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!