Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Мәтін арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу"
Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне, тәрбие ісінің орынбасарларына қажет баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
08 Маусым 2018
484
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мәтін арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтыныңарасында өз ұлты үшін қызметқылатын болғандықтан, тәрбиелі баланысол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»М. Жұмабаев Кез- келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор. Ұлттық құндылыққа – ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады .Соның негізінде қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мәдениетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған. Бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпағымызды адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданды, яғни ұлттық құндылықтарымызды бағалай да сақтай білетін қылып өсіру – әр мұғалімнің, әр ата-ананың да міндеті. Мектеп оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің міндеті көркем шығармалар арқылы тәрбиелеу. 6 -сыныпта қазақ тілі сабағында «Болымды және болымсыз етістік» тақырыбын өткен кезде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қоймай, халқымыздың тыйым сөздерін ұтымды пайдалануға болады. Тыйым сөздер-халықтың тәлім-тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл- кеңес берудегі құралдардың бірі. Тыйым, негізінен балаларға арналып, өзара жаман әдет, ерсі- қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы: «Малды теппе», «Бөркіңді теріс киме», «Босағаны керме», «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме», «Құмырсқаның илеуін бұзба», ««Үлкендердің сөзін бөлме»т.б. сөздер арқылы ата-бабаларымыз жас баланың санасына қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген. Мәтін арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Диктант, мазмұндама мәтіндерінің ұлттық тәрбиеге байланысты болғаны маңыздырақ деп айтуға болады. Сондай- ақ, 5-сыныптың қазақ әдебиетін алсақ , «Халық ауыз әдебиеті» тарауында ұлттық құндылықтарды танып- білуге тәрбиелейтін шығармалар берілген, оған қазақтың мақал-мәтелдері де дәлел. Мәселен туған жер, отан туралы мақал-мәтелдер: «Отан үшін отқа түс - күймейсің», «Отанды сүю отбасынан басталады», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Көп түкірсе - көл», «Елдің көзі - елу» т.б болып кете береді. Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, Отанын сүюінің негізі болып табылады. 5-сыныптың қазақ әдебиетінде Қ.Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесін өткен кезде де осы әңгіме арқылы қазақ халқының бауырмалдылығы, қонақжайлылығы, мейірімділік қасиеттері және төрт түліктің патшасы –жылқы малының басқа түліктерден ерекшелігі, жершілдігі туралы айтылады. Әдебиеттегі шығармалар ойды да, сезімді де тәрбиелейді, мінез-құлықты қалыптастырады. Оқырман жағымды кейіпкерлерге еліктейді, одан үлгі алады. Қазақ әдебиеті пәні оқушылардың ішкі дүниесін, рухани-адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағытталған, бұл пәннің бұл тұрғыда ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді. Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Оқушыға ұлттық тәрбие беруге бағытталған 10 сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Турежанова Т.К «Тектіден текті туады...» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың өз тегін білуі, жеті ата салтын ұстануы, өз ата-бабасының қанынан тараған қандай да бір қасиетті жоғалтпау туралы мәліметтермен оқушы танымын кеңейту болатын. Сабақ барысында тектілік ұғымы туралы психологиялық, биологиялық, тарихи зерттеулерден мамандар түсінік берді. 4-класс жетекшісі Жулдубаева Н.А орыс сыныбында «Қазақ халқының әйгілі ұлдары » тақырыбында ашық тәрбие сағатын берді. Сабақ барысында өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ халқының тарихы, қазақтың атақты хандары, билері, батырлары, туралы және бүгінгі күннің әйгілі азаматы деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы айтылды. Сабақтың мақсаты - қазақ ұлтының батырлығын, шешендігін, ұлтжандылығын паш ету болды. Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін , бүкіл түркітілдес елдердің төл мерекесіне айналған Наурыз мейрамы ерекше аталынып өтеді. «Келіндер сайысы», «Шаңырақ сайысы», «Әжелер сайысы» және өткен оқу жылында Қазақстан халықтар ассамблеясының 20 жылдығы мерейтойын орай 5а –класс Түрік ұлты, 5б6б-кластар Өзбек ұлты, 6а класс Қазақ ұлты, 7а-класс Қырғыз ұлты, 7б-класс Татар және Башқұрты ұлты болып , сол ұлттардың Наурыз мерекесін қалай тойлайтынын көрсетті.Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 8-11 кластар аралығында 8а 8б класс - Керей мен Жәнібек хандар ауылы, 9а 9б класс – Әз Тәуке хан ауылы, 10а 10б класс – Абылай хан ауылы болып келіп, өз өнерлерін көрсетті. Мектепте қазақтың ұлттық спорт түрлері - тоғызқұмалақ , қазақ күресі үйірмелері жұмыс жасайды. Бүгінде оқушыларға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру әлемдік маңызы зор проблемаға айналып отыр. Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу-ең маңызды міндет. Сонда ғана болашағымыз айқын, құрылымымыз берік негізді болады. Тәрбиесіз берілген білім-нәтижесіз еш еңбек. Сөзімді қорыта келе, еліміздің болашағы жарқын болып қалыптасуы үшін ұлттық құндылықты санасына терең меңгерген білімді, инабатты жас ұрпақты тәрбиелей отырып, қол жеткізсек бұл ұстаздар қауымы үшін үлкен жетістік болары айдан анық.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)