Материалдар / Мәтін және оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтін және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
678
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ. 2-сынып қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: « Жалғау»

Күні: 16.01.2014ж

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: « Жалғау»

Мақсаты: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату . Сол арқылы  жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету.

Білімділік:

Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге  жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:

Сауатты жазу дағдыларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілік:

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ –жауап, көрнекілік, ойын

Типі: ашық сабақ

Түрі: Қорытынды сабақ

Көрнекілігі: тірек сызбасы мен жұмыс, үлестірмелі карточкалар, суреттер,кесте, ой қозғау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын түгендеу.

-Балалар, бүгін бізде ашық сабақ өтеді.Сабаққа көптеген ұстаздар қонаққа келіп, білімдеріңді көргісі келіп отыр.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығуды тексеру.Жаңылтпашты оқы.Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы  бар сөздерді бір бөлек жаз.

Түбір сөздер                              Жалғауы бар сөздер

Көп, көк, ешкі.                            Шөпті, жейді

Үй тапсырмасын қорыту.

Тірек сызбамен жұмыс. 3 топқа тапсырма беру.

Қосымша

Жалғау

 

Жұрнақ

1-    топ. Қосымша дегеніміз не?

(Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.)       

2-    топ. Жұрнақ дегеніміз не?

(Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз)

3-    топ. Жалғау дегеніміз не?

(Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз)

ІІІ. Қорытынды сабақ.

-         Балалар, біз бүгінгі сабақта жаттығуларды орындай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз.

Бүркіт суреті

Бүркіт –ші

Бүркіт-пен

Бүркіт-ті

Бүркіт-тер                                 -ға    -лық             -ла

  

                  Су            таза

                                                        -ды            -сын         -лық

 

-Ортада не жазылып тұр? Бүркіт.

Осы  бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейікші.

-         Бүркіт –ші. Не пайда болы?

Бүркітші деген сөз нені білдіреді?

-         Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.

-         Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті.Яғни жаңа сөз жасалды.Басқа бір қосымша жалғап көрейік :

Бүркіт-пен.Мысалы аңды бүркітпен аулайды..Басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?

Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.

Қосымша жұрнақ , жалғау болып екіге бөлінеді.

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұмыс – жұмысшы, ойын- ойыншық

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Жұмыс – жұмыста, ойын- ойынға.

Топпен жұмыс.

1-    Жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз.Жалғаулы сөздерді белгіле.

Жарықта жағалайды,

Қараңғыда жоламайды.

                                 (көлеңке)

Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.     Екі аққу көл-де жүзіп жүр.

2.     Мәлік кітапхана-ға келді.

3.     Өзен-нің жағасында қалың қамыс өсіп тұр.

4.     Мектеп басшысы сыйлық-ты Дәуренге табыс етті.

5.     Орман-нан құстардың дауысы естілді.

3-жаттығу

Семантикалық картамен жұмыс.

 

Сөздер

 

-ның

 

-нің

 

-дың

 

-дің

 

Астана

+

 

 

 

Ақтөбе

 

 

+

 

 

Алатау

 

 

 

+

 

Есіл

 

 

 

 

+

 

Сергіту сәті

«Кім жылдам?» салыстыру

Ән                                                                 ға

Би                                                                 мен

Қала                                                            да

Дала                                                            ды

Қалам                                                         тан

Кітап                                                            нан

Карточкамен жұмыс.

Берілген сөздерге жалғау жалғап,сөйлем құрастырып жаз.

1.     Жамбыл қазақ –тың ақын-ы.

2.     Әже-м ауылын-да Айжан тұрады.

3.     Қала-ға Арман кетті.

4.     Үсен ағаш-ты ара-мен кесті.

5.     Күй сөзіне жалғау жалға.

6.     Ағаш сөзіне жалғау жалға

Тапсырма:

Бұлттың астында қалған жалғауларды жалғап жаз.

Ағаш  

Гүл

Күшік

Күн

Мысық

Доп

Сабақты бекіту.

Сөзжұмбақ шешу.

 

Ж

а

З

 

 

е

л

т

А

ң

б

а

 

 

Л

а

қ

 

ж

а

ң

Ғ

а

қ

а

с

х

А

н

а

 

 

у

ы

қ

 

 

1. Төрт мезгілдің бірі. (жаз)

2. Рәміздің бірі. (елтаңба)

3.Ешкінің төлі (лақ)

4. Тиіннің қорегі.(жаңғақ)

5. Тамақтанатын орын.(асхана)

6.Киіз үй бөлігі (уық)

Қорытынды.

Ойын: «Алма жинау»

Ойынның шарты: Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді.Екі оқушы тақтаға шығып жалғау, жұрнақ жалғанған сөздерді себетке жинайды.Осы сөздердің байланысқан сөз екенін анықтайды.

Үйге тапсырма.

122 бет 5-жаттығу . –Тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.

Бағалау.

Сабаққа қатысуы мен үй тапсырманы орындауына қарай бағалаймын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!