Материалдар / М.Әуезов "Абайдың жастық шағы" 6-сынып Мазмұндама жоспары, Бегман Ысқақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Әуезов "Абайдың жастық шағы" 6-сынып Мазмұндама жоспары, Бегман Ысқақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мазмұндама жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Шілде 2018
1464
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абайдың жастық шағы

(М.Әуезов)

Биыл Абайдың жасы он үшке тоған еді.Денесі де бір аралық кейіпте.Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.Бұрын мұрны шолақтау болушы еді,биыл біраз ұзарып қалыпты.Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп,бала-бозбалалық қалпына бейімделген.Бірақ,әлі сол мүсінде,үлкендік жоқ.Толық,балғын емес.Сидиып,арықтап,құр созылған сияқты.Күн көрмей өскен,реңі солғын,бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

Бұрын қара болушы еді,бетінің қызылы да бар еді.Қазір қаладан қайтқандық және аурудан қысылғандық бар ма,әйтеуір бозғылданған.Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді.О да,ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез-машығы да бір алуан боп,өзінше үйлесті.

Ол атқа мініп жүруге жарағанымен,үйден көп шықпайды.Өзге баладан гөрі басқа бір ермек,бөлек бір дос тапты.Онысы-әжесі.Одан қала берсе,шешесі.

Абай биыл ғана анық бағалады.Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен.Қызық сөйлейді.Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып,қызықтырып айтады.Әуелі Абай ауыра бастағанда,бір күн кешке ұйықтай алмай жатып,әжесінен әңгіме айтуды сұрады.Сонда ол ойланып отырып:

- Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,бұрынғыдан кім өткен?..-деп,кішкене тақпақтап бастап еді,Абай соны ұғып қапты.Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:

- Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,бұрынғыдан кім өткен?...-деп ,тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді...

Кішкентай күнінен ертегі-әңгімені көп сүйетін бала,осы күндерде,осы жазда тіпті көп есітіп,көп білім алған сияқты.

Мазмұндау жоспары

1.Абайдың жас мөлшері,дене бітімі ,бет пішіні

2. Абай реңіндегі өзгерістер

3. Мінез-машығы,тапқан жаңа ермегі

4.Абайдың әжесі

( Бегман Ысқақ )



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!