Материалдар / М.Әуезов "Қрагөз" драмасы 12Т1
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Әуезов "Қрагөз" драмасы 12Т1

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезовтың "Қарагөз" драмасын талдау бойынша сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
2159
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халықаралық тәжірибелерді, қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы және жалпыға бірдей мүмкіндіктерді ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесінің ең үздік дәстүрлеріне негізделген қолайлы үштілді білім беру ортасын құруға ықпал ету.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна

Уақыты:

24-29.09.2018 жыл

Класс: 12 «А»

Оқушы саны: 21

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

2-бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Көркем шығарма: М.Әуезов «Қарагөз»

Сабақтың тақырыбы

Әлеуметтік теңсіздік: кеше және бүгін

Бастапқы білім

Әйел – ана, еркек – пана

Сабақтың мақсаттары

12.Т/А1. Әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсіну, тілдік құралдары арқылы тақырыбын, идеясын, көтерілген мәселені, автор позициясын анықтау.

12.О2. Әртүрлі стиль мен жанрдағы (әдеби шығарма, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия) ерекшеліктерді (қызметі, құрылымы, тілі, рәсімделуі) талдау;

12. ӘТН2. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

«Қарагөз» драмасы туралы мәтіндерді түсіне оқи отырып, тақырыбын, идеясын, көтерілген мәселесін анықтау, мәтіндердің ерекшеліктеріне талдау жасау.

Жетістік критерийлері:


  • Драманы түсініп оқиды;

  • Драманың көтерілген мәселесін, идеясын, тақырыбын анықтай алады;

  • Әртүрлі стиль мен жанрдағы ерекшеліктерді талдай алады;

Тілдік мақсаттар


Пән лексикасы және терминология: авторлық позиция, оқырмандық көзқарас, композициялық тәсілдер т.б.

Жазылым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

менің көзқарасым бойынша, жазушының шеберлігі сол, бізідің пікірімізше, біз оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз...осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік...

Құндылықтарды

дарыту

Адалдық, толеранттылық, денсаулық, құрмет, жауапкершілік, үздіксіз оқу

Құндылықтарды дарыту сабақ мазмұны арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Қазақ әдебиеті

Шығармамен танысу барысында

АКТ қолдану дағдылары

слайдпен жұмыс

Дифференциация

- сұрақтарға жауап беру барысында;

- оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып таңдау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көзге арналған гимнастика жаттығуларын жасау


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту.

Жігіттер квартетінің «Ай-қаракөз» әнін тыңдау арқылы сабақтың тақырыбына болжау жасау.

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.


https://www.youtube.com/watch?v=mFFLgrvM5nU


Сабақтың ортасы
































1-сабақ

Миға шабуыл

Тыңдалымалды тапсырмасы:

50 шақты драманың авторы, ұлы Абайдың жолын жазған, ғұмырын зерттеген, Семей облысы, Абай ауданы, Бөрлі мекенінде дүниеге келген, қазақ әдебиетінің біртуар дарын иесі - ...........................

- Кім туралы ақпарат?

- Шығарма авторы кім деп ойлайсыздар?

- Автордың басқа қандай шығармалары бар?


Оқушылар үшін:

Драма– — 1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады.

Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі.



Тыңдалым тапсырмасы:

Оқушыларға М.Әуезовтың «Қарагөз» драмасы бойынша қосымша ақпарат көздерінен алынған мәтіндер тыңдатылады.


Тыңдалым мәтіндері

Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» драмасы туралы

Мұхтар Әуезовтың әйгілі трагедияларының бірі - «Қарагөзде» (1926) бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастар тағдыры көрсетіледі. Қазақ драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып көрсетеді: «Жалпы пьеса тақырыбы-беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте тарқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы: асықтық пен ақындық құмарлығына елтіген уыз жастар жайы. Пьесаның екінші айқындаған идеясы азаптан туған ақындық, қан-қайғыдан туған қаза, жеке бастың ғана күй-шерінен басталып барып, халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек». Шығарма қаһармандары, бір-біріне ғашық Сырым мен Қарагөздің өзара іңкәрлық сөздері мына диалогтермен айқын көрінеді.

Сырым: Қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақтотым...келші күнім!...

Қарагөз: Жаным Сырым! Менің бар дүниеден бөліп-жарып алғаным- бір ғана сен өзіңсің. Қандай азап көрсем де, қай қайғыда тебіренумен жүрсем де, жүрегімнің түбінде құпия боп тығылған жылғыз бір сәулем бар. Өз ішімде жанған сол күнім, сөнбес жарығым бар...Соным-өзіңсің, сен ғанасың...

Бірақ Қарагөз бен Сырымның ғашықтығына тас бөгеттей кедергі бар. Ол- екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына әрі қыздың басқаға ауған бейілін өзгертуге дәрменсіздігіне көңілі күпті. Драматург өзінің шығармасында өмірде сирек кездесетін жағдаятты таңдап алған, тартыс желісін бірден-бірге ширата түсіп, характерлерді де мейлінше дәйекті, толық етіп сомдаған. Сырым мен Қарагөздің махаббатына тосқауыл болған-олардың аталастық жақындығы. Міне, осы хал бұлардың жас өмірін жайқалдырмай, мезгілсіз қасіретке ұшыратады. Наршаның аулына ұзатылып барғанда да Қарагөздің ойынан Сырым бір сәт те шықпайды, өзінің жанында бәйек болып отырған қосағы Наршаға көңіл аудармайды. Ал Наршаның жағдайы да айрықша мүшкіл. Атақты ауылдың маңдай алды жігіті, ақылды Нарша Қарагөз жүрегін өзіне бұра алмағанына шерлі болады. Наршаның адамгершілігінің биіктігі, сұлу Қарагөзді әрі түсініп, әрі күйініштен күн кешкені оны көркем әдебиеттегі қайталанбас сом тұлғалар қатарына қосады. Бір-бірін сүйгенінен басқа жазығы жоқ Сырым мен Қарагөздің ел дәстүрі алдында «қарабет» атанып, бірінің жынданып өлуі, екіншісінің тірі жүрсе де, сергелдең өмірге душар болуы халықтың ғасырлар бойында қалыптасқан дәстүріне кереғар келуінің салдарынан туады.


Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» драмасына талдау

Мұхтар Әуезовтың драматургия саласына қосқан үлесі шексіз. Ол сахналық қойылымдарға қазақтың дәстүрлерін енгізе отырып жазған. Мысалы, алтыбақан, қыз ұзату салтанаты сынды салтымызды қосып отырды. М. Әуезовтың жеке пьесаларының варианттарын қосқанда, шамамен, елу шақты драмалық шығармасы бар. Әр драмалық шығармасында көркем образдар галереясы бар. Мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, айқышты сөздер көптеп қолданылып, автордың сөздік қорының молдылығынан хабар береді. Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің XX съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды. «Қарагөз» трагедиясының көркемдік ерекшеліктері, шығармашылық тарихы, қойылымдары, тарихи негіздері жайында Әбділда Тәжібаев, Рымғали Нұрғалиев, Бағыбек Құндақбаев, Тұрсын Жұртбай, т.б. көптеген зерттеушінің еңбектері бар. Жан-жақты зерттелген. Шығарма күрделі психологиялық драма, беті айқын трагедия. Көркемдік компоненттерін барлық жағынан алғанда әлемдік драматургияның үздік үлгілерімен еркін салыстыруға болады. Бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастардың тағдыры көрсетіледі. Әрине, осындай шығарманың жаңа нұсқасы дегенде көрерменнің елең ете қалатыны заңды. М.Әуезов «Қарагөзінің» басында сахнаға Нарша мен достары шығады. Қарагөздің өз ауылында ұнататыны бар ма деген күдіктері бар. Қарагөз бен Сырымның махаббатында тас бөгеттей үлкен кедергі бар. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына қатты налыйды. Нарша мен Қарагөз отау тіксе де, Қарагөздің бар ойы Сырымда. Сүйгеніне қосыла алмаған әйелін көрген Нарша ауылдың маңдайы жарқыраған азаматы еді. Жарын түсініп, жанын күйік жеген Наршаны автор көркем әдебиетте кездесе қоймайтын тұлғалардың қатарына қосады. Бір-бірін ұнатқаннан басқа қылмыстары жоқ Сырым мен Қарагөз ел алдында, ата дәстүр алдында үлкен ұятқа қалады. Бірі жынданып өліп, бірі сергелдең өмірдің күйін кешеді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

1-қадам: Оқушылар жұпта «Қарагөз» трагедиясының кейіпкерлеріне кластер бағанын жасайды.

Оқушылар үшін:

Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлестіру).


2-қадам: Оқушылар мәтінді оқып болғаннан кейін жұппен кесте бойынша талдау жасайды.


Тақырыбы

Идеясы

Көтерілген мәселе

Автор позициясы





3Shape2 -қадам: Мәтіндердегі көтерілген мәселе төңірегінде бүгінгі өмірмен байланыстыра ой жарыстырады. Ойларын «ВЕНН» диаграммасына түсіреді.

Shape3











Жетістік критерийлері:

  • Әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді;

  • «Қарагөз» трагедиясының кейіпкерлеріне кластер жасай алады;

  • Мәтін тақырыбын, идеясын, көтерілген мәселені, автор позициясын анықтай алады.

  • Мәселенің бүгінгі өмірмен байланысын табады.

2-сабақ

Оқылымалды тапсырмасы:

  • Берілген екі мәтіннен қандай ұқсастықтарды байқадыңыз?

  • Мәтіндердің ерекшеліктерін атай аласыздар ма?

Оқушылар үшін:

Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығы-ның тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді.

Аннотация (аңдатпа) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.

Интервью - көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі

Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады



ЖЖ. Оқушылар алдымен әртүрлі жанрларды ерекшелігі бойынша сәйкестендіріп кесте толтырады.


----------  аңдатпа – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.

интервью

......... - көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі

…… - барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады

аннотация

............. термині-

нің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығы-ның тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді.

рецензия

........ - журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының жанры. ........ жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтиды.

стиль



Оқушылар үшін:

Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық нормалар.

  Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:

  • фонематикалық,

  • фонетикалық,

  • тарихи-дәстүрлі,

  • айырым принциптеріне негізделеді.


Оқылым тапсырмасы

Оқушылар әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндерді тағы бір мәрте оқи отырып, ерекшеліктері мен қызметі, құрылымы мен тіліне тілдік бірліктердігі орфографиялық нормаға сай талдау жасайды.

1-мәтін

2-мәтін

Түрі, жанры



Мақсаты, идеясы



Стилі



Мазмұны



Жетістік критерийлері:

  • Әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді;

  • Ерекшеліктеріне мән беріп, талдау жасай алады;

  • Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.



























https://kk.wikipedia.org/wiki










































https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24108/












































































Стиль — Уикипедия

kk.wikipedia.org/wiki/Стилькопия
































http://kze.docdat.com/docs/1292/index-23695.html?page=3

Тілдік нормалар


Орфография

https://reader.bookmate.com

















Сабақтың соңы

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.


Үй тапсырмасы: М.Әуезов «Қарагөз» драмасын оқу.


Рефлексия.

«Борт журналымен» жұмыс

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша жаңадан не білдім?

- мәтіннен?

- сабақтан?

- сыныптастарымнан?

- мұғалімнен?

Стикерлер, сурет

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!