Материалдар / М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫП КӨРІНІСТЕРІНІҢ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛУЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫП КӨРІНІСТЕРІНІҢ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай жолы романындағы салт-дәстүрлерді мектепте 11 сынып оқушыларына оқыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
47
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4-секция: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың негізгі бағыттары (Қазақ әдебиеті)


Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті,

А. М. Қайролла


ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор

С. Н. Сүтжанов


М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫП КӨРІНІСТЕРІНІҢ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛУЫ


Аннотация: Қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қазақ әдебиетінде “Абай жолы” романынан жинақтап жүйелейміз. Салт жоралғыларға қатысты нақты сюжеттер мысалдар шығармадан алып жазылып қарастырған болатынбыз. Мектеп оқушыларына дәстүрімізді ұмытпай, көненің көзіндей, сақтап ұстануға ұлттық құндылық дәріптеуге баулу. 11 сынып оқушыларына мысалдарды негізге ала отырып сабақтарда оқытуға болатынын тапсырмалар құрастырып көрсеткіміз келеді.

Кілт сөздер: салт-дәстүр, қазақ, мысал, құдалық, жоралғы, әдет-ғұрып.

Аннотация: Аннотация: обобщаем и систематизируем казахские обычаи и традиции в казахской литературе из романа “Путь Абая”. Примеры конкретных сюжетов, касающихся ритуалов, были взяты из произведения. Приобщить школьников к популяризации национальной ценности, не забывая о наших традициях и сохраняя их в глазах старины. Хотим показать учащимся 11 класса, что на уроках можно учить на основе примеров, составив задания.

Ключевые слова: обычай, казахский, пример, кудалык, обряд, обычай.

Annotation: Abstract: we summarize and systematize Kazakh customs and traditions in Kazakh literature from the novel “The Way of Abai”. Examples of specific subjects related to rituals were taken from the work. To involve schoolchildren in the popularization of national values, not forgetting about our traditions and preserving them in the eyes of antiquity. We want to show the students of the 11th grade that in the lessons you can teach based on examples by making up assignments.

Keywords: custom, Kazakh, example, kudalyk, rite, custom.

Мұхтар Омарханұлы Әуезовті әлемге танытқан да, мықты суреткер жазушы деп жарыққа шығарған бірден бір шығармасы "Абай жолы" роман-эпопеясы. Абайдың ақындық болмысын бала Абайдан, дана Абай болғанына дейінгі өмір жолы мен қазақ даласының тарихымен ұштастырып отырып, танытқан бірегей жазушы. Ел тарихы мен қазақи болмысты, ұлттық құндылықтарымен айшықты салт-дәстүрі мен салт санасындағы әдет-ғұрыпты шығарма арқылы шебер суреттеген оқиғалары бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытумыз керек. Салт-дәстүр уақыт талабына сай кешегінің негізінде дамып, жаңарып отырады. Әуезов Абай өмірін шығармаға өзек ете отырып, сол тұстағы халықтың өмірін, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын, салт-санасын, әдет-ғұрпын, дәстүрін терең қамтып зор шыншылдықпен көз алдымызға әкелеміз.

Мектептің бағдарламасында Әуезовтің “Абай жолы” романын 11 сынып оқушыларына оқутылатынын білеміз. Оқытуға тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып романдағы салт-дәстүрлердің көріністерін талдап, арнайы тапсырмалар жүйесін, құрастырып ұсынғымыз келеді. Абай жолы романында құдалық, атастыру, бата беру, қалыңмал беру, бала қайындату, күйеу киім, көрімдік, тағы басқа көптеген әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты көріністерді мектеп оқушыларына мысалдарды көрсетіп оқыту.

Қазақ салт-дәстүрін 1 томындағы “Өрде” бөліміндегі үйленуге қатысты салт жоралғылары туралы 11 сынып оқушыларына оқыту. Қазақ салт-дәстүрлерінің ішіндегі өркениеті кең жайылған екі елдің арасын біріктіріп, туыс ретінде қосатын салт-дәстүрдің бірі ол құдалық. Құнанбайдың жолдасы әрі досы, адал серігі Алшынбайдың қызы Ділданы Абайға жар тең көріп бала кезінде айттырып, қалыңмалын беріп китін беріп алған екен. Осы ретте Құнанбай айттырып келгендегі Алшынбайға қалыңмал берілген көріністерңі. Қалыңмал басы Алшынбайдың өзіне арналған кесек күміс - бесік жамбы. Бұл ілу деп аталып еді. Екі жаққа да мәлім, ілу - киітке орай. Осыдан он жыл бұрын Алшынбай ауылына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға киіт деп, Алшынбай аулы күміс тартқан. 1[3. 23 б.] Қазақ дәстүрімен кәде сыйы таруту жасауда, құрметті адамға құдадандалық ғұрыптарында, ортада беделді байқуатты адамдар арасына берілетін кәделі сыйлық түрі. Арнаулы қалыпқа құйылған күміс немесе алтын құйма.

Қазақ салт дәстүрі бойынша қызды кеткеннен кейін ер жетіп есейген шақта екі жасты қосу үшін құда жақ “бала қайындату” салты бойынша күйеу баланы қайын атасының ауылына 10-15 күнде жіберетін дәстүр жоралғылары болған. Күйеу жақ қыздың туыстарына құда-құдағилардың сыбағасын бірге әкеліп, келіні мен ұлының некесін сол қайын ата ауылында қидыратын. Осы бір жерде “Өрде” бөлімінің басында басталады. Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. Келген жылқы, түйден басқа жыртыстың бұл-матасының өзі екі үлкен атанға артылып келіп еді. Оның ішінде келінге жасау тігілетін, батсайы мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған. Бірер сандық осы қымбаттарға толы болса, өзге тендері құда-құдағилар сыбағасы. Шапан, қамзол, көйлек, шаршы. Және толып жатқан ырымдар бойынша төленетін сый-сияпат. [3. 231 б.] Қазақ дәстүрі бойынша айтылған салт жоралғылар, ырым-тиымдар туралы оқушылардың қаншалықты білетінін осы тұстан көрсетіп зерттеп, оқушыларға өздеріне ізденіс жұмысын жасатауға таптырмас мүмкіндік.

Үйлену салт жоралғыларындағы ұлттық киім кию салты айтпай кетуге болмайды. Басқа үкі тағу - бар үйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын.

Абайға ауылдан шығар жерде Зере, Айғыз сондай киімдерді әзірлетіп ұсынған-ды. [3. 232 б.] Қазақтың ұлттық салт-дәстүрінің бірі күйеу киімі — қалындығын алуға қайын ата жаққа баратын жас күйеу бала міндетті түрде “күйеу киімін” киюге тиісті. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз-келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл-қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Осы тұсын мына бір үзіндіден аңғарамыз.

- Күйеу қайсы бұл!

- Бәрінің киімі бірдейі несі! Күйеуше неге киінбеген? - десіп, жақындап кеп, амандаса бастады. Бір келіншек:

- Қой, шырағым! Тобықты тымағын аулыңда киерсің. Біздің аулымызда күйеу тымағымен жүр! - деп бұйрық берді.

Осы кезде келіншектерге еріп келген балалар күйеу жігіттердің аттарына екіден, үштен мінгесіп ап, шаба-шаба жөнелісті. Абайдың мінгені, ақжал, сары жорға ат. «Күйеу атымен күл тасы» дейтін әдет бойынша, енді ақжал аттың көзі ашылмайтын мәлім.

- Өзі жорға ғой!

- Ойбай, рақат екен! - деп, мінгесіп алған үш бала соқтырып, тайпалта жөнелген. Алшынбай аулына күйеулер мен барлық қыз-келіншек жаяулап келді. [3. 231 б.]

Халқымыздың дәстүрі бойынша неке қиып болғанан кейінгі жасалатын салт-жоралғырларды қалындықтың женгелері бастап өткізеді. Сондай дәстүрлердің бірі мына көріністен көруге болады. Екі қолдың арасында бір қабат сусылдаған жібек жүр. Сол арқылы ұстатады екен. Абайдың қолын ала беріп. Бері кел! Шаш сипа! - деді. Женге Абайдың қолын өзі көтеріп апарып. Ділдәнің арқасындағы бұрымына қос бұрымына тигізеді. Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипатардың алдында күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады. [3. 238 б.]

Осы ырымдарды жеңгелері келген күйеу бала мен қызды бір-бірімен таныстыру мақсатында жасататын жоралғылар. Алғашқы рет көріп тұрған қалындығының қолы мен шашын сыйпаудың өзі қазақ халқының салтының ерекшелігін байқатады. Барлық жоралғылар аяқтала келе кеш құрым жас жұбайларға жеңгелері төсек салып, болғасын күйеу баладан алынатын сыйықы ретінде сұралатын алым дәстүрдің бірі “етік тартар” дейтін ырым жайын айтапай кетпеу мүмкін емес. Ол көрініс былай көрсетіледі.

Сырт киімін Абай өзі шешіп еді. Женгесі соны іліп келіп, дәл мәсіні шешерде, ырымды ескертті.

Етік тартар дейтін бір алым тағы бар. Күйеудің етігін женге шешеді де, тағы ақы алады. Абайдың қалтасына шешесі салып берген ақша бар-ды. Ішінен аса ыңғайсызданып отырып, Абай сол ақшаны жеңгеге тастады. [3. 240 б.]

1-2 сабақ. 11-сынып қазақ әдебиеті

Тақырыбы: М.Әуезов “Абай жолы” эпопеясындағы ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.

Оқытылатын бөлім: 1 том “Өрде” бөлімі 230-277 беттер.

Сабақтың мақсаты: Шығармадағы ұлттық жалпыадамзаттық құндалықтарды талдай отырып тұжырым шығару.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясын жүйеге ала отырып талдау. Сұрақ-жауап, пікір талас, топтық жұптық талдау. Венн диаграммасы “Ойлау, жұптасу, бөлісу” әдісі. Кері байланыс.

Сабақтың басы: I Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабақ мақсатымен таныстыру.

II Қызығушылықты ояту (психологиялық ахуал)

Пазл” әдісі арқылы салт-дәстүрлерге қатысты қима суреттер беріп ой-пікірлерін сұрау.

Сабақ ортасы: Блум таксиономиясын ұстана отырып.

Білу және түсіну сатысы: бөлімді оқып мазмұнын түсіну.

Қолдану сатысы: Бөлініп көрсетілген мысалдарды қолдану.

Талдау сатысы: Пікір алмасу, тапсырмалар орындау, талдау.

Жинақтау сатысы: Алған білімдерін жинақтау, қорытындылау.

Бағалау сатысы: Соңғы бағалау реті.

1 тапсырма Сұрақ-жауап әдісі 6 мин

  1. Абай неге күйеу киімін кигісі келмеді және қазір күйеу киім бар ма?

  2. Өрде” бөлімі бойынша тағы қандай салт-дәстүрлер кездеседі.

  3. Құнанбай берген қалынмал мен қазіргі замандағы берілетін қалынмал екеуінің айырмасы?

  4. Қазақ халқында қыз айттыруға кімдер барған?

  5. Екі жас үшін жеңгенің орны атқаратын қызметін қандай?

Дескриптор:

- берілген сұрақтарға жауап бере алады.

- өз ойларын салыстыра отырып айтады.

Қ.Б. “Бағалау карточкалары”

2 тапсырма “Оқиғалар тізбегі” әдісін қолдану.

Үйлену салт-дәстүрінде өтілетін жоралғылар бойынша берілген бөлімдегі оқиға желісін ретімен орналастырады.

Дескриптор:

- оқиға желісін ретімен орынтастыра алады.

- өз көзқарасымен баға берелі. Қ.Б. “Мадақтау сөздер”

3 тапсырма «Кубизм» әдісі арқылы шағын топтарда жұмысты ұйымдастыру. Ол үшін әр топ кубикті лақтырып, кубикте түскен тапсырманы орындайды. Кубиктің алты қырында алты топқа тапсырма жазылған.

· Салыстырыңыз: оқушылар құда түсу дәстүрін басқа ұлттың құдаласу дәстүрімен салыстырады.

· Сипаттаңыз: Үйленуде жасалатын дәстүрлерді сипаттап, түсіндіреді.

· Зерттеңіз: құда түсу салты туралы қандай шығармаларда кездесетінін тауып, шағын зерттеу жүргізеді.

· Талдау жасаңыз: «Абай жолы» романында салт-дәстүрлерді сипаттау шеберлігіне, жазушы тіліне талдау жасайды.

· Қолданыңыз: «Құда түсу» салты туралы шетелдіктерге арналған танымдық буклет, жарнамалық нұсқада дайындайды.

· Дәлелдеңіз: құда түсу салтының өзгеріске ұшырағанына дәлелдер келтіріп, пікір білдіреді.

Дескриптор:

- салт-дәстүрлерді оқушылар салыстыра алады.

- ізденіс жұмысын жасай алады, зерттеу жүргізеді.

- өзімдік қорытынды жасап, дәлелдер келтіріп, пікір білдіреді.

Қ.Б. “Бағалау карточкалары”

Сабақтың соңы: Қорытындылау “Қар кесегі” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне екі сұрақ дайындап қойып сабақ соңын қорытындылау.

Кері байланыс: СМС” әдісі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді.

Үй тапсырмасы 2 том бөлімін оқу.

Қорытындылай келе қазақ дәстүріне айтар сын мен пікір жетерлік. Болашақтың ертеңіне қазірден бастап, шығармалардағы берілген салт-дәстүрлерден мысал ретіне көрсетіп ұлтымыздың дәстүрін жаңғырта жалғасытыруға міндеттіміз. Ұмыт болып бара жатқан дәстүрдің жалғасын көрсететін бірден бір шығарманың бірі осы Абай жолы екенін мойындаймыз. Мектеп оқушыларына эпопеянының жазушы суреттеген барлық қырын жас жеткіншекке 45 минутта оқыту мүмкін емес. Бір тоқсанға арнайлап берілген роман болғандықтан, әр сабақтың тақырып, мақсаттары мен нәтижеге бағыттарған оқытуда тиімді әдістерді заманауи инновациялық әдістер арқылы дамыту болып табылады. Оқушыны көркем әдебиетті құштарлықпен оқуға, олардың оқырмандық қызығушылық қабілетін ашуға жетелейміз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Орда Г., Дәрібаев С.,Сатылова А. Қазақ әдебиеті 11 сынып Мектеп баспасы, 2019 - 206 бет.

  2. .https://adebiportal.kz/kz/news/view/auezov-abai-zolyn-qalai-zazdy__19268

  3. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Бірінші кітап. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 2021. - 376 бет.

  4. Қазақ салт-дәстүрлері. Құрастырған Әлижан Тауұлы. - Алматы: «Балауса баспасы» , 2017. - 384 бет.

  5. Бітібаева Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту - Алматы: Мектеп, 2002 - 120 б.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. - А.: Рауан, 1997. - 285 бет.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!