Материалдар / Мазасыздықты төмендету жаттығулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мазасыздықты төмендету жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
мазасыздықтан арылу, төмендету. оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
1613
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазасыздыққа байланысты тренингтер

1-жатгығу. Адам кеңістікке біршама уақыт қозғала отырып, өзіне ұнайтын орынды табады. Осы нүктеде, көзін жұмып, өз денеңіздегі шекараларды анықтаңыз: яғни өз денеңізді жоғарыдан төменге дейін қарап шығыңыз, өз басыңыз, мойын, иық, кеуде, іш, арқа, қолдарыңызды, шаштың түбінен аяғыңыздың ұшына дейін қарап шығыңыз.

Мақсат - өз денесінің белгілі — бір сипаттарын сезіну. Ұзақгығы - 10 минут.

Күйзеліс, мазасыздануды жоюға ой терапиясының жаттығулары да көмектеседі. Әсіресе, қарым-қатынас кезінде мазасыздануды сезінетін би терапиясы жаттығулары көп көмекші.

2-жаттығу. "Бейне" Топ жұпқа бөлінеді. Біреу жетекші, әр жұп бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көзбен байланыс жасайды. Жетекші жәйлап қолымен түрлі қозғалыстар жасайды. Оның жұптасы, соның барлығын қайталайды. Кейін екі жұп бір-бірімен рөл ауыстырады.

Зерттеулер көрсеткендей-ақ, мазасыздану ағзаның 3 деңгейінде пайда болады:

1. Невроэндокринді

2. Психикалық

3. Соматикалық немесе моторлы-висцералды

а) дерматологиялық реакциялар (беттің ағарып-сұрлануы,
терлеу)

б) жүрек-қан тамырлар жүйесінің реакциясы (яғни, тахикардия, систомия қысымының артуы)

в) вазамоторлы реакциялар (тер бөліну, қызару)

г) скелет бұлшық етгері реакциясы (басауру, желке ауруы)

Сондықтан да, соматикалық сипаттар көп мазалайтындығын айтады. Кейде мазасыздану белгілі-бір дене қимылдарымен қатар көрінеді. Олар: столды саусақпен тықылдату, түймені бұрау, шамадан тыс ішімдік ішу және темекі шегу, кірпік қағу. Мұның барлығы кикiлжің өмірлік ситациялардан туатын мазасыздану.

Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей-ақ, мазасыздану белгілі-бір әлеуметтік белсенділікті, топта лидер болуға ұмтылуға итермелейді. Немесе, ішкі рефлексия мен өзін-өзі танымды белсенді етеді.

Тағы бір мазасызданудың көрінуі — ол мезгілсіз, үздіксіз сөйлеу. Клиент осылайша өзінің мазасыздануын жасырғысы келеді. Клиенттің ұзақ сөйлеуі — оның өзін-өзі қорғау формасы. Келесі бір клиенттің мазасыздануды жою тәсілі — оның кеңес берушіні бөле беруі.

Экзистенциалды бағыттың психологтары клиенттің барлық сөзді айтып болуына рұхсат етуді ұсынады, себебі мазасыз клиент ештеңе естімеуі мұмкін.

Көптеген жаттығулар өзекті адам қалпын сезінуге бағытталған, және олар гештальттерапияда жасалған.

3-жаттығу "Қайта туылу".

Тренер немесе унтаспа көмегімен орындалады. Кілемге отырыңыз, көзді жұмыңыз. Қалай бой жазасыз, соны сезінiңіз, Егер денеңіз алға құласа, солай істеңіз. Егер қолды столға кдйғыңыз келсе, қойыңыз. Ана құрсағындағы нәресте болыңыз? өз тынысыңызды тыңдаңыз. Жәй тыңдаңыз: ауа кіреді, шығады. Сезіңіз бе?

Сіз-кішкентай демек, екі бастау қосындысысыз, әкелік, аналық сізге небары 10 күн сіз жолыңызды бастай аласыз. Сіз біртұтассыз. Бір. Бір, Бір. Бір. Бір. Осы бірлікте сіз өмірдің туылуын сезінесіз. 3 апта өтеді. Бірте-бірте дене, ми, қан, тамырлар дамиды. Бір түтікше — ең маңызды. Ол күшке толады, әрі пульс пайда болады. Алдымен әлсіз, одан кейін сенімді, тағы сенімді. Бұл сіздін жүрегіңіз соғады. 5 апта өтті. Басыңыздың көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Ми дамиды. Денеңіз түзуленіп келеді. Бет,мойын калыптасады 1 минутта мың нейрон. Жас, сау мықты клеткалар 7-ші апта келеді. Сіз енді ішкі қозғалысыңызды сезінуге кабілеттісіз. 12-ші апта: ми жұлыны дамиды. Қан қалыптасады. Сіз қыз немесе ұл екеніңізді сезесіз. Сіз адамға ұқсайсыз. Сүйек, екі ми жартысы, жұту, сору рефлекстері бар. Біздің дамуымыздың 7-ші айы аяқталуда. Сіздің өкпеңіз ауа жұта алады, теріңіз жұмсақ, сіз салмақ жинап келесіз. 9-шы ай келеді. Сіз күшті, белсендісіз. Сіз өмірге дайынсыз. Сіз тез және жәй дамитын боласыз, Сізге жақсы әрі жаман болады. Сіз білесіз, мұның барлығы ұлы құпия. Сіздің болашағыңыз өз қолыңызда. Тағы ойланыңыз: өмірде не керек? Өмірлiк басты мақсаттарыңызды талдап көріңіз: олар қайырымды және маңызды болсын. Енді өзіңізден сұраңыз: "Меңце барлығы бар ма осылардың жүзеге асуына?"

Біздер жақсы бола аламыз? Өзгелерден биік емес, бірақ өзімізден биік.

Терең дем алып, терең дем шығарыңыз, Көзіңізді ашыңыз, жаттығу аякталды.

4-жаттығу "Сурет салу".

Мақсаты: ІПығармашылықты дамыту, сезім, эмоцияны білдіру. Ұзақтығы – 30 минут

Әрбір топ мүшесі қағаз алып, қарыңдашпен өз мазасыздану күйін білдіреді сурет ретінде.

5-жаттығу "Есімнің артында"

Мақсаты: Өзіне өзі баға мен өзіне сенімділіктің артуы.

Ұзақтығы: 10 минут

Әркім өз есімін жазып, оның тұсына сол әріптен басталатын анықтауышты жазады.

6-жаттығу. "Көз фиксоциясы"

Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмеңдету.

Ұзақтығы: 10-15 минут

Бой жазып адам алдына тура қарау керек, үлкен емес затты таңдап алып немесе түсті дақты, зат бір орнында болу керек. Сол затқа назар аударып, оны зерттеу қажет. Тыныс алу ерекше, терең.

Бөтен ойды алып тастау керек, ойлар, проблемаларды ұмыту, ішіңізден "Мен бой жаздым" деп айту керек. "жағымды бой жазу иық, арқаға, одан аяқтарыма тұседі. Мен өзімді керемет сезінемін мазасыздық жайылуда".

7-жаттығу "Белгілі бір эмоционалды қалыпқа бұрылу".

Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмендету.

Өтілу барысы: Ойша толқыған, мазасыз эмоционалды қалыпты бір әуенмен, түспен, пейзажбен, ал тыныш бой жазған қалыпты өзге көрсеткіштермен байланыстыру. Мазасыздану, қалып кезінде алдымен 1-ші қалыпты, кейін екінші, сосын 3-шісіне көшу, осыны бірнеше рет қайталау.

8-жаттығу "Иә".

Мақсаты: Мазасыздану деңгейін тынышталдыру және төмендету.

Ұзақтығы: 15 минут.

Мәтін: Көзді жұмындар, өздеріңді ормандамын деп ойландар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар өнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қатгылыгын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын есті және орман тыныштығын құстардың әнін. Осының барлығына жаныңды аш: салқынға, тыныштықка, дыбысқа өзіңе ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын "Иә" деген сөз барлық әсерге енсін осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз).

Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңізге күлімдеңіз. Бұл кұлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады.

Өзіңізге айтыңыз "Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын".

9-жаттығу "Портрет".

Арттерапия техникасы.

Мақсаты: "Мен" бейнесінің өзгеруі және мазасыздануға қарым-қатынастың өзгеруі.

Барысы: Ақ қағазға бояумен немесе қарындашпен өздерінді қалай көргілерің келсе, салыңдар. Еңді бөлшектер қосындар, шаш салыңдар. Оны түспен бояндар. Әрі қарай көз салындар. Күшіңіздің мені көздерінде, сондықтан көзді айқын, ашық, жалындатып салыңдар.

Портреттегі көздеріңіз куаныш пен бейқамдықты бейнелесін. Бетiңіз бой жазған және тыныш күлкіде болсын. Бет-жүзіңіз махаббат, түсіністік, білдірсін. Портрет жасай отырып, ең жақсы қасиеттерді бейнелеңіз. Портретте өзіңізді қандай көргіңіз келсе, солай бейнелеңіз. Қолды салуды ұмытпаңыздар, олар күшт, әрі нәзік болсын.

Портретті аяғына дейін салыңыз. Тағы да қарап, нені қосу, нені алу керек, ойланыңыз.

Өз бейнеңізді жетілдіріңіз, портретті "Иә - бұл мен, жетілген, бақытты жанмын" деген сөздермен тірілтіңіз.

Релаксация техникасы Тез, жылдам релаксация.

1. Арқамен ыңғайлы жатыңыз, қолдарыңыз денеңіз бойымен
созылган, көздеріңіз жабық.

2. Жағамды нәрсе ойлаңыз. Көк шалғында бұлақ жағасында жатырсыз. Күн әдемі. Бұлақ сылдырап жатыр, шөп иісі аңқиды.

  1. Тынышталу сезімі бойыңызды жаулап барады.

4. Әр демалған сайын денеңіз бой жазып келуі.

5. Сеанансты аяқтауға асықпаңыз. Денеңіздің өзі сізге ыңғайлы
қорқынды айтады.

Тыныс алу реаксациясы

1. Ыңғайланып оырып, көзді жұмыңыз.

2. Дем алуды бақылаңыз, әр дем шығарғанда бой жазғанды
сезініңіз.

3. Дем алганға мән беріңіз. Ең соңғы сәтте дем алуды ұстап
қалып, 3-ке дейін санаңыз. Сосын тыныш тыныс шығарыңыз, тағы да 3 деп есептеп, дем алуды ұстап қалыңыз.

4. Осы процедураны 5-10 рет қайталаңыз.

5. Жата беріңіз, әзіргі сізге жақсы.

6. Көзді жәйімен ашып, дене тұрқын ауыстырғыңыз келгенше
күтіңіз.

10-жаггығу. "Бейне"

Мақсаты: дене сапасын қолдау, шығармашылық қозғалыс, тұлғааралық эмпотия.

Барысы: Топ мүшелері — жұпқа бөлінеді, бір-біріне бетпе-бет қарап, көздеріне қарайды. Жетекші қандай-да бір қол, аяқ, баспен қимылдар көрсетеді. Ал "Бейне", яғни қарсылас айна сияқты қимылдарды қайталайды 5 минутган соң, рөлдермен ауысады.

11-жаттығу. "Жетекшіге еру".

Мақсаты: Жетекші болып, топтағылардың барлығын бақылау.

Ұзақгығы: 20 минут

Барысы: Топ мүшелері шеңбер түзей тұрады 1-ші мүшесі жетекші болады, денесін түрлі қозғалысқа келтіріп, шеңбер бойымен жүреді. Қалғандары қозғалысты қайталап, шеңберді сақтайды. Бiраз уақыттан соң, жетекші шеңбер соңына түрып, соңғы балаға дейін қозғалысты қайталап күтеді.

12 жатгығу. Ойын "Сиқырлы сөз"

Мақсаты: Қатысушылар арасындағы қысымды шешу, өзін тану.

Ойын барлығы: ойын жүргізушісі қатысушыларға кейбір: рахмет, сіз өте қайырымдысыз, оқасы жоқ, сіз сондай жақсысыз деген секілді "сиқырлы сөздердің" маңызын естеріне түсіреді. Катысушылар шеңбер бойымен- бір-бірін естеріне тұскен "сикглрлы сөзді" қолданып, кдрсы алуы керек.

13 жаттығу. Ойын "Мәнді адамдар "

Мақсаты: Басқа адамның құндылығы жайлы тұсінікті және өзінің эмоционалдық күйін көрсете білу кабілетін дамыту.

Ойын барысы: жүргізуші ойын қатысушыларына ең маңызды деген адамдар жайлы айтуды сұранады. Ол тек қана үнемі қарым-қатынаста жүретін адамдар болуы міндетті емес. Ол барлығынан да қымбат, басқалардан гөрі өзіне мөні жоғары адам болуы қажет. Жүргізуші өзіне маңызды адамдар жайлы айтады.

Жүргізуші қатысушыларға келесі схема бойынша әңгіме құрауын сұрайды:

- олар кімдер

- сіз үшін несімен мәнді, несімен қымбат

- егер өткен шақга болса, казір де жақын ба

- дәл казір мүкіндігіңіз болса, оларға не айтар едіңіз (мысалы,
айтылмаған алғыс сезімі бар).




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!