Материалдар / М.Дулатов "Қыс" 2-сынып Т.Айбергенов "Ақ қыс" 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Дулатов "Қыс" 2-сынып Т.Айбергенов "Ақ қыс" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов "Қыс" 2-сынып

Т.Айбергенов "Ақ қыс" 3-сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығармалардың тақырыптық-идеялық мәнін ашу арқылы оқушыларға қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту,байланыстырып,жүйелі сөйлеу дағдыларын,шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру,балаларды шыдамдылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Міржақып,Төлеген портреттері,тақырыптық суреттер.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыру,талдау.


Сабақтың барысы

І Кіріктірілген бөлім.Бағдарлау-мотивациялық кезең

Суретпен жұмыс.

Оқушыларға қыс көрінісін бейнелейтін суреттер көрсетіліп,сұрақтар қойылады.

- Мына суретке назар аударыңдар.

- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

- Қыс мезгілі.Дала аппақ.Күннің көзі көрінбейді.Ағаштар үйлер,төбелер қар жамылған.

- Қыс мезгіліне ғана тән қандай сөздерді айттық?

- Аппақ,аяз,ақ көрпе,сықырлайды,қалың киім,қаһарлы, т.б.

- Ендеше,бүгінгі сабағымызда қыс туралы,оның табиғатқа,адам өміріне әсері туралы әңгімелейміз.Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов пен Міржақып Дулатовтың өлеңдері.Олар туралы біз не білеміз? (Оқушылар өз білетін мәліметтерін айтады.Мұғалім толықтырады.)

Shape1

Қыс







Shape2

Аяз



ІІ.Сараланған бөлім. Операциялық -орындаушылық кезең.

2- сынып

3-сынып

Мұғалім басшылығымен.

М.Дулатовтың "Қыс" өлеңін дауыстап,мәнерлеп оқу.Мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру.

Сөздік жұмысы.

Бапсыз-жайсыз

Бек қиын-өте қиын

Жалтаң аяз-суық аяз

Қариды-үседі

Өзіндік жұмыс.

1 тапсырма.

Оқулықта берілген сурет бойынша жұмыс жасау.Сұрақтар дайындап,сөйлемдер құрастыру.Соңынан мұғалім тексереді.

Үлгі сұрақтар

- Суретте қай мезгіл бейнеленген?

- Адамдар суықтан қалай қорғанады?

- Балалар қайда келе жатыр?

- Ауа райы,табиғат қалай бейнеленген?

Үлгі сөйлемдер:

Қыстыгүні аяз күшті болады.Адамдар суықтан қорғанады.Жылы киім киеді.

Өзіндік жұмыс.

Т.Айбергенов "Ақ қыс" өлеңін іштей түсініп оқу.

Мұғалім басшылығымен.

Өлең мазмұны талданады.


- Ақы өлеңі қандай көңілмен аяқтаған?

А) кейіпкер қыстан шаршаған,ренішті;


Ә) қыс ұзақ,сондықтан кейіпкер көктемді іздейді;


Б) қысты да жақсы көреді,көктемнің де жақын екенін сезеді.


Мұғалім басшылығымен.Оқулықпен жұмыс.

Сұрақ-жауап арқылы мәтін мазмұнын талдау.

Қыстың қай айы туралы айтылған?

Мәтіннің алғашқы бөлігі не туралы?


Өздік жұмыс

Дәптермен жұмыс


. "Ақ қыс" өлеңі мен хрестоматиядағы -- "Адасқан аңшы" өлеңін

салыстыр.Шығармалар кестесін толтыр.


2-сынып

3-сынып

1-тапсырма: Сөзжұмбақты шешу.

1.қ

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады. (Қар)

2.Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.(Аяз)

3.Отқа жанбас,суға жатпас. (Мұз)

Жауабы: аяз

1-тапсырма:Берілген сөздер мағынасына қарама-қарсы сөздер жазу.

Үлгі:

Ақ- қара

Сұлу-

Күні-

Салқындайды-

Оян-

2-3-сыныптар

2-тапсырма: "Аквариум". Балық аулайды.Әр балықтың артында қысқа байланысты суреттер жасырылған. Сол суретке 3-4 сөйлем құрастыру.

1. Орман

2. Қар жауып тұр

3.Балалар далада ойнап жүр

4. Аяз ата

5. Қысқы ауыл

6.Жаңа жыл

Бағалау: өзара бағалау үшін "Екі жұлдыз,бір тілек" әдісін қолдану.

2-3 -сыныптар

3-тапсырма: "Қыс" сөзіне "Бес жолды өлең" әдісі арқылы өлең құрастыру.

Қыс

1.Зат есім (1 сөз)

2.Сын есім (2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4.Сөйлем (4 сөз)

5. Синоним


ІІІ. Кіріктірілген бөлім.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

2-сынып

3-сынып

Тест тапсырмалары

Тест тапсырмалары

1. Қыстың қай айы туралы айтылады?

А) желтоқсан

Ә) қаңтар

Б) ақпан

2.Қыстыгүні...қиын

А) қойшыларға

Ә) түйішілерге

Б) жылқышыларға

3.Мәтінде қандай аң сөз болады?

А) түлкі

Ә) қасқыр

Б) қоян

4. "Бапсыз" сөзі қандай мағынв береді?

А) жайсыз

Ә) көңілсіз

Б) көңілді

Тест жауабы: 1-а;2-б;3-ә;4-а;

1.Өзен,теңіз,тау,төбені неге теңейді?

А) сәукеле

Ә) сырмаққа

Б) қалаға

2. Аппақ... сықырлап

А) жаз

Ә) күні

Б) сұлу

3.Т.Айбергеновтың кітабын тап.

А) Маса

Ә) Аманат

Б) Көктөбе

4.Тұр қыс күні...

А) сықырлап

Ә) сүйкімді

Б) сырласып

Тест жауабы: 1-а;2-б;3-ә;4-ә.


Өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма.

2-сынып

3-сынып

1.Мәтінді түсініп оқу.

2.Өзіне ұнаған көрініске сурет салу.

1.Өлеңді жаттау.

2.Өлең мазмұны бойынша сурет салу.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!