Материалдар / Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• Әдеби шығарманың сюжетін біледі; • Кейіпкер бейнесін танид • Шығарма сюжетін талдайды; • Кейіпкер бейнесін ашады • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды; •
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2021
1019
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 23/04/21ж

Мектеп: Ы.Алтынсарин ат ЖОББМ

Мұғалім: Г.О.Султангереева

Сынып: 7 А

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

Сабақтың мақсаттары


  • Әдеби шығарманың сюжетін біледі;

  • Кейіпкер бейнесін танид

  • Шығарма сюжетін талдайды;

  • Кейіпкер бейнесін ашады

  • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;

  • Үзінділерді жатқа айтады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы







5 минут







  • Ұйымдастыру.

  • Тақтадан «Қазақстанның физикалық картасы» көрсетіледі.

Ө з еркімен 5 оқушы тақтаға шығады. Олардың әрқайсысы кезектесіп бір-бір сөйлемнен айта отырып, картаны пайдаланып, «Менің елім Қазақстан» деген тақырыпта сөйлейді.

Кері байланыс

Мұғалім «Сонымен, Қазақстан қандай ел?» деген сұрақпен оқушылардың ойын «Егеменді ел», «Тәуелсіз ел» деген жауаптарға әкеледі.

Медетбек Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңі оқылатынын хабарлайды.

  • Оқу мақсаты таныстырылады.




Қазақстанның физикалық картасы






Сабақтың

ортасы


5 минут








5 минут



5 минут



5 минут





3 минут















8 минут














7 минут




Тапсырма №1

ДЖИГСО әдісі.

1-қадам. С. Темірхан Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің мазмұнын оқиды.

2-қадам. Т. Топтағы төрт оқушының әрқайсысының қабілетіне қарай мына тапсырмалар бөлініп беріледі.

1. Өлеңнің мазмұны мен идеясын айтыңдар.

2. Өлеңдегі тәуелсіздікті айқындайтын тіркестер

қайсы деп ойлайсыңдар?

3. Автор тәуелсіздікті қалай сипаттаған?

4. Өлеңдегі қандай жолдар ерекше әсер етті?

Неліктен?

Олар бұл тапсырмаларға топ ішінде отырып дайындалады.

3-қадам. Бірдей тапсырма алған оқушылар бір топқа жиналады. Өздерінің тапсырмалары туралы ізденеді, бірігіп талқылайды.

4-қадам. Оқушылар бастапқы топтарына қайта жиналады. Топтағы әр оқушы өздеріне түскен тапсырманы топ ішінде түсіндіреді, талдап айтады.

Кері байланыс

Тапсырманың жауабын одан әрі нақтылау немесе талдауды тереңдету мақсатымен топтағы оқушылар жауап беріп отырған оқушыға сұрақ қояды, талдауға араласады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

өлеңнің мазмұны мен идеясын түсінеді

негізгі ойды айқындайды

өмірмен байланыстыра талдайды


Тапсырма №2

Т. «Қайта құрастыру» әдісі

  • Әр топқа мұғалім өлеңнің өзі қалаған екі шумағының тармақтарын жеке-жеке қиып береді. Олар тармақтарды мағынасына қарай орналастырып, өлең мәтініне сай құрап шығарады. Бір топқа берілген шумақтар келесі топта қайталанбайды.

  • Кері байланыс

Топтар шумақтарын құрап болғаннан кейін, оларға мұғалім өлең шумақтарының негізгі нұсқасын береді. Олар өздерін-өздері тексереді, бағалайды.

  • Топтар құраған шумақтарының біреуін жатқа айтып береді. Жатқа айту әдісін өздері таңдайды. Бір оқушы айта ма әлде өздері іштей бөліп ала ма, оны топ мүшелерінің өздері шешеді.

  • Т/Ж. «Мен кейіпкермін» әдісі

Топ болып ақылдасады. Топтың атынан бір оқушы өздеріне берілген шумақтың кейіпкері болып сөйлейді. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» деген сұрақтың төңірегінде жауап береді.


Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

шығармадан кейіпкер бейнесін ашады, үзінділерді жатқа айтады.

кейіпкер бейнесін ашады

үзіндіні жатқа айтады





Темірхан Медетбек таңдамалы

ІІ том

Алматы

«Жібек жолы» 2005







Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут



Кейбір оқушылардан қандай сұрақ ұнағаны, қандай тапсырма қиын болғандығы туралы ауызша суралады.

  • Маған ұнаған сұрақ...

  • Маған қиын болған тапсырма...










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!