Медиа time!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Медиа time!

Материал туралы қысқаша түсінік
Медиа time! тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: «Медиа time!»

Сабақ мақсаттары

- Білім алушыларға коммуникация түсінігін ұғындыру, коммуникацияның маңыздылығын түсіндіру мен артықшылықтарын дәлелдеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

Сабақтың басы


1. Суреттерде не көріп отырсыздар?

2. Не ерекше болды?

3.Тақырыпты болжап көріңіз..... Болжамдарын негіздейді

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Коммуникация бұл (латын тілінен аударғанда communikare байланыстыру, біріктіру деген сөзінен ақпарат алу, өңдеу жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығыболып табылады.
Коммуникация адам өмірінде маңызды орынға ие, яғни біз коммуникацияны кез- келген жерден кездестіреміз және қолданамыз. Бізді қоршаған орта тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, ақпарат алуымыз коммуникацияның ажырамас бөлігі.
Коммуникация термині ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең мағынада коммуникация түрлі ақпаратты туғызуға, жөнелтуге және қабылдауға мүмкіндік беретін өзара алмасу процесі және байланыс тәсілі ретінде қалыптасады

плакаттар






Сабақтың ортасы



Медиасауаттылық, нақтырақ айтсақ медиалық және ақпараттық сауаттылық (МАС), қазіргі уақытта трендтегі пәннен ең қажетті, ең өзекті пәнге айналып отыр. Енді бұл пәнді әртүрлі аудиторияларда (мектептерден бастап университет кафедралары мен корпорациялардың штаб-пәтерлеріне дейін) оқытудың қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, осы пәннен сабақ бере алатын оқытушыларға да үлкен жауапкершілік артылғалы отыр. Осыдан МАС оқытушылары дегендер кімдер?; Оларды қайдан аламыз?; Бұл мамандарды қай жоғары оқу орындары дайындайды? Деген бірнеше сұрақтар туындап отыр. Қысқаша жауап беріп көрейік. МАС оқытушысымен танысу үшін, ең алдымен, айнаға қараңыз... Кешіріңіз, дәл қазір қасыңызда немесе қолыңызда айна болмауы да мүмкін. Онда смартфон немесе планшетіңіздің камерасын «селфи» режиміне қосып қараңыз. Кімді көрдіңіз? Бұл – ақылды екені көздерінен көрініп тұрған жарқын адам... Таныдыңыз ба? Әрине, сіз туралы айтып жатырмыз. Бір жылда жиналатын ақпарат көлемі әлем тарихында осы уақытқа дейін қатталған ақпарат көлемімен бірдей уақытта, тарихи уақыт гаджеттердің жаңа серияларының арасы қас-қағым сәтке дейін қысқарған уақытта университетте төрт жыл оқып келетін маманның көмегін күтіп отырғанымыз дұрыс болмайды. Сондықтан да, бұл мәселені шұғыл шешуіміз керек. Былайша айтқанда, кемені жүзіп бара жатып соққанымыз абзал. Көп адамдар телефонын бір минутқа, теледидарды бір күнге болсын өшіре алмайды. Алайда, бізді қоршап тұрған ақпараттық қоғамды түсіну үшін әрекетке көшуіміз керек. Сол себепті, бұл істі кейінге қалдыра бермей, медиалық және ақпараттық сауаттылықты оқыту жолдарын үйретуді бүгіннен бастауды жөн көріп отырмыз.

Презентация













Сабақтың соңы

Шынымен де, қазіргі заманда адамның оқи алуы мен жаза алуы оның сауаттылығына дәлел бола алмайды. Кім болсын ақпаратпен жұмыс істей алуы керек. Бұл инженер үшін де, фермер үшін де, саясаткер үшін де, дәрігер үшін де бірдей қажет. Сондықтан, МАС пен сыни ойлаудың элементтерін әртүрлі пәндер мен мамандықтардың оқу бағдарламаларына енгізу керек. МАС – интегралды пән, мұнда бір ғана университеттік курспен шектеліп қала алмайсың. Себебі, бір жылдан соң дәріс материалдары жарамсыз болып қалады. Осындай әдістемелік сұрақтың қандай шешімі бар? Университет оқытушыларына, мектеп және өзге оқу орындарының ұстаздарына мынандай әрекеттер ретін ұсынып көрейік. Ең алдымен, өз бетінше (топпен және тренердің бағыт беруімен болса тіпті жақсы) ұсынылып отырған оқу курсына қатысу. Осыдан кейін аудиторияның сұранысы мен мүмкіндіктеріне сәйкес (иә, университеттердің барлығының заман талаптарына дер кезінде ілесіп, оқу бағдарламасына жаңа пәндерді қосуға мүмкіндігі жоқ), ары қарай не істеу керектігін анықтаймыз. Сабақтарды біріктіреміз бе, әлде жеке курс бағдарламасын дайындаймыз ба, ол жағын кейінірек шеше жатармыз.

Суреттер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2024
1886
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі