Материалдар / Механикалық жұмыс және қуат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Механикалық жұмыс және қуат

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Физика пәнінің мұғалімдеріне керек. Жаңа бағытта "ауызша сабақ" картасы бойынша өтілген сабақтың жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2021
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Научный кентінің жалпы орта білім беретін мектебі

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар
Механикалық жұмыс және қуат


Бөлімі:

Жұмыс және қуат

Педагог аты-жөні:

Ташибаев Спандияр Талгатович

Күні:


10 наурыз 2021 жыл

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.2.3.1 механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.7 қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

- Механикалық жұмыс және қуат жайлы мәліметті меңгереді;

Басым көпшілігі:

- Механикалық жұмыс және қуат жайлы біледі, ажырата алады, түсінеді;

Кейбір оқушылар:

- Механикалық жұмыс және қуатты ажырата алады, түсінеді, есептер шығара алады, өмірде өз керегіне жаратады

Сабақты өткізу формасы:

Сабақ «ауызшы сабақ картасы» бойынша өткізіледі.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«миға шабуыл», «әңгімелесу», «сыни ойлау», «кубизм»

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері:

Сабақта оқушылардың 63% -ы, яғни 6 оқушы: 7-10 балл аралығында алса, біз мақсатымызға жетеміз.

«Ауызша сабақ картасы» бойынша оқушылардың сабаққа жауап бергеніне байланысты «+», «-» таңбалары картада белгіленіп отырады

Пәнаралық байланыс:

математика

Өтілген білім:

7 Зертханалық жұмыс: «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау»

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

     

Сабақ барысы


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

2 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу;

-Оқушыларды түгендеу;

-Оқушыларға мотивация беру

Сабаққа дайындалу , кітап-құралдарды алып дайындалу





Сабақтың ортасы

33 мин

  

  1. Қарама-қарсы сұрақтар

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Архимед күшінің формуласы қандай?

  2. Кері итеруші күш деген не?

  3. Дененің жүзу шарты қандай?

  4. Архимед заңының ашылу тарихы?

  5. Масса деген не?

  6. Тығыздық деген не?

  7. Тығыздықтың өлшем бірлігі

  8. Ауырлық күші деген не?

  9. Көлем дегеніміз не?

  10. Аудан деген не?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, жауап бере алмаған оқушыға

«-» таңбасы қойылады, сол сұраққа басқа оқушы жауап береді, жауап берген оқушыға картаға «+» қойылады

Картаға «+», «-» белгілері қойылады

Бор, тақта

  1. Тірек сөздер

Интербелсенді тақтада сөздер шығады:

Архимед, кері итеруші күш, аудан, күш, газ, молекула, деформация, тығыздық, м3, көлем, қысым, биіктік, масса.

Мұғалім оқушыларды бақылайды

1 мин. сөздерді қарап жаттайды, сөздер өшірілгесін дәптерге жазады

(1 мин беріледі)

Картаға «+», «-» белгілері қойылады

Бор, тақта, оқушы дәптері

  1. Жаңа мәтінмен танысу

(5 мин уақыт беріледі)

Сыни сұрақтар:

  1. Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең күш әрекет етеді(иә)

  2. Сұйыққа батырылған денені кері итеретін күш сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең емес(жоқ)

  3. (жоқ)

  4. Диффузия құбылысын шәй ішкенде байқаймыз(ия)

  5. Атомның ішінде молекула бар(жоқ)

  6. Ауа молекуласы жылдам тарайды(ия)

  7. Суда аққыштық қасиет жоқ(жоқ)

жаңа мәтінді ашып берілген уақыт аралығында оқып шығады.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, жауап бере алмаған оқушыға«-»

таңбасы қойылады, сол сұраққа басқа оқушы жауап береді, жауап берген оқушыға картаға «+» қойылады

Картаға «+», «-» белгілері қойылады









Картаға «+», «-» белгілері қойылады

Бор, тақта

  1. Есепті қорғау

Оқушыларға есеп беріледі.

1-есеп

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.

2-есеп.

3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

3- есеп

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

4-есеп.

Суға батырылған тығынға әрекет ететін кері итеруші күш 49Н.Тығынның көлемі қандай, егерρтығын=240кг/м3 болса.

5-есеп.

Массасы 100 кг , көлемі 0,2 м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме? 

Оқушылар шығарған есептерді мұғалім тексереді

Оқушылар шығарған есептерін қорғайды

Есебі дұрыс балаға + таңбасы қойылады

Дәптер, қалам, тақта,бор

  1. Құтқару шеңбері

Сұрақ осыған дейін «-» алған балалрға қойылады, дұрыс жауап берсе таңба «+»-ке айналып қоршалады

  1. Ауданыд қалай анықтаймыз?

  2. Тығыздықтың формуласы?

  3. Ауырлық күшінің формуласы?

  4. Үйкеліс күшінің формуласы?

  5. Еркін түсу үдеуінің мәні

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Дұрыс жауап берсе «+» қойылып белгілері қойылып қоршалады

Бор, тақта

Сабақ соңы

5мин

VII.Үйге тапсырма беру

Өтілген тақырып бойынша дайындалып келу


Күнделіктеріне жазып алады

Оқушыларға алған «+» бойынша 10 балл бойынша баға қойылады

Таратпа қағаздар

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

    

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!