Материалдар / Механикалық жұмыс.Қуат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Механикалық жұмыс.Қуат

Материал туралы қысқаша түсінік
механикалық жұмыс.Қуат тақырыбы бойынша қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2018
3268
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2

Мектеп: С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Гафурова Айгүл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Механикалық жұмыс. Қуат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1 механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру.

7.2.3.7 қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Механикалық жұмыс, қуат ұғымдарының физикалық мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар істей алады: Механикалық жұмыс пен қуаттың қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтайды, формуласын жазады, есептеулер жүргізеді.

Кейбір оқушылар істей алады: Механикалық жұмыс пен қуатты өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийі

Механикалық жұмыс пен қуаттың анықтамасын біледі, физикалық мағынасын түсінеді.

Механикалық жұмыс пен қуаттың қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтайды, формуласын қолданып есептеулер жүргізеді.

Механикалық жұмыс пен қуатты өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады.

Тілдік мақсаттар


Арнайы пәндік лексика мен терминология

Механикалық жұмыс, күш, уақыт, жылдамдық, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы, микроватт (мкВт), килоджоуль (кДж).

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Механикалық жұмыс ....

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін механикалық жұмысы ....

Механикалық жұмыс орындалу үшін мына екі шарт орындалу қажет….

Қуат деп ....

Қуаттың өлшем бірлігі ...


Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жалпыға бірдей еңбек қоғамында әртүрлі мамандардың еңбек өнімділіктеріне талдау жасайды.

Пәнаралық байланыстар

Математика –математикалық амалдар қолдану, есептеулер жүргізу.

Алдыңғы білім


Біледі: Механикалық жұмыс пен қуаттың өмірдегі мағынасын біледі.

Білуі керек: Механикалық жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын, қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін және формуласын пайдаланып есептеулер жүргізе білуі керек.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Сабақтың ортасы

10 мин



















«Болжау ағашы»

әдісі

4 мин








































































«Кім жылдам?» әдісі

8 мин





















Қызықты тәжірибе” әдісі

6 мин













«Формулалар сыр шертеді» әдісі

5 мин



















«Денотатты граф» әдісі

5 мин























Сабақтың соңы

2 мин


Кeрi бaйлaныс

Рефлексия


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

Сабақта қарастырылатын мәселелер:

І. Үй тапсырмасын тексеру.


«Серпілген сауал» әдісі. Бір-біріне қағазға жазылған сұрақтарға жауап беріп,өткен тақырыптарға шолу жасау арқылы өткен тарау бойынша білімін шыңдайды.

1.Қысым дегеніміз не?

2.Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?

3. Архимед заңының тұжырымдамасы.

4. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?

5. Денелердің жүзу шарттарына түсінік бер.

Дескриптор.

1. Қысым, қалыпты атмосфералық қысым ұғымын түсінеді.

2. Архимед заңын, кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін біледі.

3. Денелердің жүзу шарттарына атап, түсіндіре алады.



Жаңа тақырып

I. «Болжау ағашы». Оқушылар назарына жаңа тақырыпқа байланысты суреттер ұсынылады. Суретте не берілген? Бірдей жұмысты кім жылдам бітіреді? Неліктен? Қоршаған ортадан және күнделікті өмірден тағы қандай мысалдар келтіруге болады? Өз ойы жазылған стикерді ағашқа жабыстырады.


Дескриптор.

1. Тұрмыста адамдардың атқаратын жұмысы туралы ой қорытып, өз ойларын айтады, стикерге жазады.

2.Күнделікті өмірден жұмысты орындау шапшаңдығына байланысты мысалдар келтіреді.


Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.

Мұндағы: А-жұмыс; Ғ-күш; s – жүрілген жол.

Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.

1Дж=1Нх1м=1Н∙м.

1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж

1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж

1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж

Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.

N=A/t,

Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.

Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады. Өлшем бірлігі ватт.

1 Вт =1 Дж/1с = 1 Дж/с

1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт

1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт

  1. микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт



Қалыпты жұмыс жасаған адам

70-80 Вт

«Волга» автомобилі

70-80 кВт

Атом мұзжарғыш кемесі

55000 кВт

«Восток» ғарыш зымыраны

15 000 000 кВт

«Энергия» ғарыш зымыраны

125 000 000 кВт



Жаңа тақырыпты бекіту

II . «Кім жылдам?» әдісі. Топпен есептер шығару.

1. Машина 144 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2500 Н болса, онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады?

2. Массалары бірдей екі бала үйдің үшінші қабатына жарыса жүгіріп шықты, олардың бірі 40 секундта, екіншісі 60 секундта 3 – ші қабатқа шыққан болса, қайсының қуаты көп?

3. Автокран массасы 2,5 т жүкті көтеріп, 37, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

4. Оқушы мектептің екінші қабатына 1 мин-та көтеріледі. Қабаттың биіктігі 2,5 м болса,массасы 50 кг оқушының өндіретін қуаты қандай болар еді?

5. Тереңдігі 300 м шахтадан көлемі 100 м3 суды тартып шығару үшін қуаты 80 кВт насос қанша уақыт жұмыс істеуі керек?


Дескриптор.

1. Есептің мағынасын түсініп, берілгенін жазады.

2. Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді.

3.Механикалық жұмыс пен қуаттың формуласын біледі.

4. Формуланы пайдаланып, есептеулер жүргізеді.



ІІІ. Қызықты тәжірибе” әдісі

Тәжірибе: көлбеу тақтайдың бетімен жүкті жоғары қарай көтеру үшін жұмсалған жұмысты және осы кездегі қуатты анықтау керек.

Дескриптор.

  1. Динамометрмен жүкті өлшейді.

  2. Көтерілу уақытын секундомермен өлшейді

  3. Тақтай ұзындығына тең көтерілу биіктігін сызғыштың көмегімен анықтайды.

  4. Алынған шамаларды жұмыс пен қуат формулаларына қойып, нәтижесін есептеп шығарады.

  5. Тәжірибе бойынша қорытынды жасайды.


ІV. «Формулалар сыр шертеді» әдісі. Физикалық шамалар мен олардың белгіленуін, формуласын, өлшем бірлігін нұсқамамен сәйкестендіру.

Физикалық шама атауы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

Жұмыс

Н

Жүрілген жол

Fa

Вт

Ауырлық күші

N

A/t

Дж

Масса

м

Қуат

S

кг

Жылдамдық

м/с


Дескриптор.

1. Физикалық шамалар мен белгіленулерін сәйкестендіреді.

2.Физикалық шамалар мен формулаларды сәйкестендіреді.

3. Физикалық шамаларды анықтап, қорытынды жасайды.



V. «Денотатты граф» әдісі. Негізгі ұғым сөзбен оның ерекшеліктерін сөз тіркестері арқылы анықтау.

  1. ДЖоуль – жұмыстың өлшем бірлігі.

  2. Механикалық жҰмыс – күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс.

  3. ДинаМометр – күшті өлшейтін құрал.

  4. ОрЫн ауыстыру – бағытталған кесінді сызық.

  5. Секунд – уақыттың өлшем бірлігі.


  1. ЖұмысҚа - тура пропорционал.

  2. Уақытқа - кері пропорционал.

  3. ВАтт – қуаттың өлшем бірлігі.

  4. ОрТаша қуат – тұрмыста, техникада жиі қолданылады.

Дескриптор.

1.Жұмыс пен қуаттың ерекшеліктерін сөз тіркестерімен байланыстырып құрастырады.

2.Физикалық мағыналарын түсіндіреді.


Оқушының сабақтағы өз әрекетіне рефлексиясы

Кестеде сол жақта көрсетілген сөйлемге оң жақтан өз әрекетіңізге сәйкесін таңдау арқылы сәйкестендіру жасаңыздар

Мен сабақта ... әрекеттер жасадым

Белсенді /белсенді емес

Бүгінгі сабақтағы өзімнің әрекетіме көңілім ...

Толады / толмайды

Маған бүгінгі сабақ ....болған секілді көрінді

Қысқа / Ұзақ

Бүгінгі сабақта мен ...

Шаршадым / шаршаған жоқпын

Бүгінгі сабақтағы менің көңіл-күйім

Жақсарды / нашарлады

Бүгінгі сабақтың материалы мен үшін ..

Түсінікті / түсініксіз

Пайдалы /пайдасыз

Қызықты / қызықсыз

Бүгін үйге берген тапсырма мен үшін ...

Жеңіл/ қиын

Қызықты / қызықсыз











Стикер































Суреттер

Слайд

























































































































Карточкалар







































Динамометр, көлбеу тақтай, секундомер, сызғыш.



















Кесте





































Үлестірме қағаздар



































VII.Үйге тапсырма

Тақырып бойынша эссе жазу.

Есептер шығару.

Оқулық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып
Кейбір оқушылар: Есептер шығару, тәжірибе орындау тапсырмаларын білім деңгейі, пәнге қызығушылығы жоғары оқушылар жылдам орындайды. Бұл әдістер оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне жол ашады.

Басым оқушылар: Жұмыс пен қуат ұғымын және оның ерекшеліктерін сөз тіркестері арқылы анықтау, формулалары мен өлшем бірлігін сәйкестендіру тапсырмалары арқылы басым көпшілік оқушылардың тақырып бойынша түсінік пен дағдылары қалыптасады.

Барлық оқушылар: Тақырыпқа байланысты берілген суреттер бойынша барлық оқушылар тұрмыста адамдардың атқаратын жұмысы, жұмысты орындау шапшаңдығы туралы ой қорытып, өз ойларын ашық, еркін жеткізе алады.

Әрбір кезең бойынша, әр тапсырмадан кейін оқушыларға

ауызша және жазбаша кері байланыс беріп отырамын. Кері байланыс беруде

«Жарайсың»

«Сен жетістіктерге жетудесің»

«Нақтылық жетпейді, сен мұны бұдан да жақсы жасай аласың»

«Сен ең бастысын жіберіп алдың»

«Саған ..... бойынша іздену керек» ауызша және жазбаша кері байланыс түрлерін қолданамын.

Оқушыларды өзін өзі бағалауын бағдаршам, басбармақ әдісі және өзара бағалауы арқылы бағалаймын



Эксперименттік есепті шығару барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы бағалау


Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!