Материалдар / Мейірімді жүрек – жылы тілек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мейірімді жүрек – жылы тілек

Материал туралы қысқаша түсінік
мейірімді жүрек тренингі ойындар жаттығулар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1413
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Автор: Имашева Эльмира Сайлауовна

Бағыты:Кітапханашы Бөлімі: тренинг Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-11-12

Мейірімді жүрек – жылы тілек (топтық тренинг)



Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, әдеби сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту.
Көрнекіліктер: жіп, айна, жүрек суреті, қалам, қағаз.
Түрі: топтық тренинг.

Барысы:
І. Шаттық шеңбері
Балалар, бүгін  сендермен әсем, жарық, кең, таза бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, балалар, шаттық шеңберін құрамыз. Шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Шеңберде бір-біріміздің жүзімізді анық, еркін көреміз, қуанамыз, шаттанамыз.
Шеңбер неге ұқсайды? Допқа, күнге, апельсинге, алмаға, қарбызға. Доппен ойнасақ көңіліміз көтеріледі, күн жарық, жылу сыйлайды, апельсин, алма, қарбыз тәтті.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

ІІ. «Мейірім шуағы» ойыны
Балалар қараңдаршы, күн-ана өзінің мейірім шуағын төгіп, біздің жан-дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусақтарымызға, алақанымызға мейірім шуағын төкті. Енді осы жүрек жылуымызды бір-бірімізге сыйлайық. Енді балалар, «Мейірім шуағы» атты ойын ойнап көрейік.
— Сен кімсің? (жіпті қасындағы балаға ұсынады)
— Мен Інжумін. Мені анам «Ботам» дейді. (Жіпті келесі жанында тұрған адамға ұсынады)
— Мен Даниалмын. Мені анам «Құлыным» дейді. Ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн бейнеленеді.     
ІІІ. Суретті тест
1.
Адам күлгенде, жымиғанда ол күнге ұқсайды, ал ашуланғанда ренжігенде бұлтқа ұқсайды. Сенің мұғалімің күнге ұқсай ма, әлде бұлтқа ұқсай ма? Егер күнге ұқсаса күннің, ал бұлтқа ұқсаса бұлттың суретін салыңдар.
2. Ертегілердегі айтылатын күн астындағы Күнекей қыз өте мейірімді одан жылылық шашылып тұрады, ал Қарлы Ханшайым өте әдемі және қатаң одан салқын жел соғып тұрады. Сенің мұғалімің күн астындағы Күнекей қыз ба, әлде Қарлы Ханшайым ба? Егер мұғалімің күн астындағы Күнекей қыз болса гүлдің суретін, егер Қарлы Ханшайым болса шыршаның суретін салыңдар.
3. Мамамыз қасымызда болғанда бізді құшақтайды, еркелетеді. Сенің мұғалімің еркелете ме, құшақтай ма? Егер солай болса гүлдің суретін, олай болмаса шыршаның суретін салыңдар.

ІV. «Мен қандаймын» жаттығуы
Әр оқушыға айна таратылып беріледі. Айнаға қарап сұрақтарға жауап береді.
1. Спорттың қай түрін жақсы көресің?
2. Бүгін қандай баға алдың?
3. Шашыңның түрі қандай?
4. Қандай түсті ұнатасың?
5. Көзіңнің түсі қандай?
6. Саған қандай адамдар көбірек ұнайды?
7. Сенің жымиып күлгенің өзіңе ұнай ма?   
V. «Жан жүрек сыры» жаттығуы
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз. Оқушыларға кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралады. Жансыз жүректі жандандыруымыз керек.





«Менің көңіл-күйім» тренинг жаттығуы



Мақсаты: Қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу.



«Амандасу» жаттығуы
Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе – қолымызды қысып амандасамыз. Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.



«Орын ауыстыру» ойыны
Қатысушылар шеңбермен отырды. Жүргізуші ортада орындықсыз тұрады. Оның мақсаты: орын тауып алу. Ол ойыншы, мысалы, сақина таққандар орындарымен ауысады, әлде қара киім кигендер орындарымен ауысады. Сол кезде жүргізуші жылдам біреудің орнына отырып алу керек. Орындықсыз қалған қатысушы ойыннан шығады.



«Әр қайсысымызда мәселелер бар» жаттығуы
Қатысушылар шеңбермен отырып, көздерін жұмып, «м-м-м» дыбысын шығарып отырып, өз мәселелері туралы ойлап және де негативті ойларын осы дыбыс арқылы шығарып отырды. Тез аяқтаған да, көп «м-м-м» -деп отырған қатысушылар болды, бірақ тез болған ойыншылар қалғандарының аяқтағандарын тыныш күтіп отырады.



«Оның есесіне мен…» жаттығуы
Мен жиі қиялдаймын, оның есесіне…
Мен көп үндемейтін адаммын,оның есесіне….
Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын…
Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…



«Алған әсерлер» жаттығуы
Шеңберде тұрып, сол алақанға ойша бүгінгі көңіл-күйді салып, оң алақанға жаттығудан алған әсерлерімен бөлісу.



«Егер саған ұнаса…» ойыны
Егер саған ұнаса саусақпен тырсылдыт,
Егер саған ұнаса шапалақта жараса.
Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,
Егер саған ұнаса айтайықшы «Тамаша».







Тұлғалық өсу және өзіндік сананы айқындау

1. Танысу. “Менің мекен-жайым” жаттығуы
Төсбелгіні (бейдждерді) толтыру
Мақсаты: Өз елін мақтаныш тұтуға бағыттау және таныстыру.
Жүргізуші. Әр қатысушы тақтада ілінген картаға өзі тұратын қаласы немесе ауданына есімін жазып жапсыру қажет.
2. “Құпия досым” жаттығуы
Мақсаты: Белгісіздікті аңғаруды, екінші адамға ілтипат көрсетуді меңгеру.
Барлық есім жазылған төсбелгілерді қорапта араластырып, әр қатысушы бір төсбелгіден таңдайды және де сол кісінің есімін есте сақтап, оны көріп алады. Сосын төсбелгіні жүргізушіге қайта береді. Қай адам екені өзіне ғана мәлім болуы қажет. Ал есімі түскен адамға сабақтың өн бойында ілтипат көрсетіліп көңіл бөлінеді. Одан ары қарай сабақ барысында жүргізуші осы жаттығуға қайта оралып отырады.
3. “Гүлдер” жаттығуы
Мақсаты: Топтағы тұлға аралық қарым-қатынасты шыңдау.
Жүргізуші. Әр қатысушы мына қораптан бір-бір қиынды гүлден алып, оған оқу орныңызды, есіміңізді, ауданыңызды көрсетіңіз, оны бояңыз. Сосын тақтада даярланған ватманға бір оқу орнын бітіргендер бірігіп, өз оқу орныңыздың аты жазылған парақша айналасына гүлдерді орналастырыңыз.
Мысалы: Сауле – ҚазМУ
4. “Менің мамандығым” жаттығуы
Мақсаты: Кәсіби ерекшеліктің маңызын түсіндіру.
Жүргізуші. Маман психологтар бір топқа, маман емес педагогтар бір топқа бөлініңіздер. Сөйтіп мына мандала секілді ою-өрнекті ешкім бейтарап қалмай, барлығыңыз бірлесіп бояп шығыңыздар. Болған соң оны тақтаға іліңіздер.
Талқылау жүргізіледі. Сұрақтар:
Неге бұл түстерді қолдандыңыз?
Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
Жүргізуші. Оюдың мағыналық тұстарына тоқталар болсақ: Төрт құлақ – дүниенің төрт бөлігін тұспалайды; қаз мойын – ақкөңілдікті, мейірімді, пәктікті білдіреді; түйе табан – жолы болушылықты білдіреді.
5. “Артық орындық” ойыны
Ойын мақсаты: Топтың еркін қарым-қатынасына жол салу және ертегідегідей ахуал жасау.
Топ дөңгеленіп отырады. Жүргізуші өз орнынан тұрып орындықты басқа жерге алып қояды. Сосын топқа нұсқауын түсіндіреді.
Жүргізуші. Сіздер топқа қандай-да бір шартыңызды айтасыз. Осыған сәйкес олар орын ауыстыруы шарт, сол сәтте жүргізетін адамда орын табуға тырысады. Ал үлгермей қалған адам жүргізуші болып өз шартын айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Мысалы: “Өз ата-анасын жақсы көретіндер орын ауыстырсын”, “Қымыз жақсы көретіндер орын ауыстырсын” және т.б.
6. “Құпияны табу” жаттығуы
Мақсаты: Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру.
Жүргізуші. Бір ғалым дәл өзіне ұқсас адамды жасапты. Бірақ ол өте қатігез екен. Өзінен қандай айырмасы бар екенін дәлелдеу үшін шарқ ұрыпты. Сізде осындай жағдай болса, не істер едіңіз? Ол адамда қайталанбайтын, сізде ғана бар қандай қасиетке иесіз? Сізде басты қандай құпия бар? Барлық қатысушылар өз құпиясымен бөліседі.
“Мен дегеніміз деген не?” талқылау
Жүргізуші алдымен кіші, сосын үлкен топта осы сұрақ бойынша талқылама жасауды ұсынады.
Жүргізуші. “Мен” – бұл сезімдерің, ойларың, тәнің, әрекетің, тілегің, армандарың, жаның, мінезің т.б. деп қорытындылайды.
7. “Мен … ” және “Мен қандаймын” жаттығуы
Мақсаты: “Мен тұжырымдамасына” саналы түрде көңіл бөлу.
Жүргізуші. Сіздер жұмыс дәптерлеріңізге “Мен …” сөзін зат есіммен толыққан 10 қатар сөз тіркесі етесіз. Сосын “Мен қандаймын?” деген сұраққа сын есімді қолданып 10 рет жауап бересіз. Барлығын жазып отырасыз.
Алдамен кіші, сосын үлкен топта талқылама жасалады.
8. “Үй, адам, жер сілкінісі” жаттығуы
Мақсаты: Сергіту арқылы еркін әрекет етуге үйрену
Жүргізуші “Үй” дегенде екі адам бірігіп, шатыр құрады. “Адам” дегенде екі адам бірігіп, ортасына адам кіреді. “Жер сілкінісі” дегенде бейтарап болып жүреді. Қалып қалған адам жүргізуші болады.
9. “Құпия досым” жаттығуы
“Құпия досына” хат жазу және кімнен хат келгенін табу.
10. “Жұлдызды сағат” жаттығуы
Мақсаты: Адамның кәсіби іс-әрекетіндегі негізгі тұлғалық мәнді сезіну және ол мән-мағынаны бақыт туралы өз ойыңмен салыстыру.
Психолог қызметіндегі жағымды, қуанышты сәттерді парақшаға жазу. Оны ортаға салу, сосын ватманға жазып, жалпы талқылама жасау.
11. Рефлексия











Өмір дағдысын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндіктерін анықтау; қоғамдағы жарнамаларға қалай қарайтынын білу; өмірдегі қиындық неден шығатынын, еліктеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.

Ұйымдастырылуы:

«Мен және өмір» жаттығуы

Шарты: Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы: «Мен, Айбол өмірде бақыттымын»

дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

«Балалығым бақытым» жаттығуы.

Шарты: Балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшеліктерін қалай түсінетіндігін тақтаға сурет салу арқылы талқылып айтады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!