Материалдар / "Мейірімділік - асыл қасиет"

"Мейірімділік - асыл қасиет"

Материал туралы қысқаша түсінік
4- сынып оқушыларымен өткен ашық сабағым сіздерге көмегі тиер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
1162
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төлеби аудандық білім бөліміБ.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебі



















Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»Сыныбы: 4 «А» Пәні: Өзін-өзі тануМұғалімі: А.Омарова















Қасқасу, 2018 жыл Тексерілді: _______________ «____»______________________Пән: Өзін – өзі тану Мектебі:Б.Түлкиев жом Күні: 09.02.2018Мұғалімі: А.Омарова Сыныбы: 4 сынып Оқушылардың саны: Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиетҚұндылығы: СүйіспеншілікҚасиеттері: сүйіспеншілік, ақкөңілділік, татулық.
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
  • Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
  • Мейірбандылыққа тәрбиелеу;
  • Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)1. bilim-all.kz2. uzdikter.biz3. www.tarbie.kz
    Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі:1. Тәртіп.2. Талап. 3. Тыныштық.4. Тазалық.5. Татулық.Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

    2. Үй тапсырмасын тексеру: Қ.Қайымбаевтің «Ақын деген кім?» атты мәтінін сұрау.
  • Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады?
  • Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?
  • Қандай өнерлерің бар?


    3. Сабақтың дәйексөзі.(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)Мейірімділікті анадан үйрен.Халық даналығы
  • Осы дәйексөзден не түсіндіңдер?
  • Мейірімділік туралы қандай жақсы әңгімелер, мақалдар білесіңдер?


  • 4.Видеоролик «Сара Назарбаева туралы» Видеоролик ұнады ма?АКТ
    5. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).Шынайы сүйіспеншілікВ.А.Сухомлинский Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.
  • Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,–деді біріншісі.
  • Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.
  • Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым, - деді үшіншісі.
  • Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, -деді төртіншісі.
  • Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің, -деді бесіншісі.
  • Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, -деді алтыншысы.
  • Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.Сұрақтар:
  • Шынайы сүйіспеншіліктің мәнін қалай анықтауға болады?
  • Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
  • Әңгімедегі жетінші қыздың жасаған әрекеті ұнады ма? Неге?
  • Өздерің риясыз сүйіспеншілікпен қандай әрекеттер жасап жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


  • 6. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.Оқушылар үш топқа бөлінеді.1-топ: Мейірімділік дегеніміз не?2-топ: Адам бойындағы жақсы қасиеттер3-топ: Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу не үшін қажет?

    7. Топпен ән айту. Біз осылай өсеміз Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев Әнін жазған: Ибрагим НүсіпбаевТаң атады арайлап,Күн күлімдеп туады.Жадырайды бар аймақ,Жарқырайды шуағы.Дала гүлін жинаған,Жазып ерлік дастанды.Аталарым сыйлағанБізге ашық аспанды.Жарқын заман бөбегінАялайды нұрлы таң.Алтын бесік өз елім,Туған өлкем Ұлы Отан.

    8. Үй тапсырмасы.1. №15 – сабақ. «Менің отбасым қандай?» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.2. Келесі сабақ. №16, Ел аузынан «Жаның жеті жаманнан аман болсын» оқып келу.

    9. Сабақтың қорытынды сәті.Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.











    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ