Материалдар / Мейоздық бөліну
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мейоздық бөліну

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
481
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Биология

ДОІЖО: Инирғалиева Әсемгүл

Сабақтың тақырыбы: Мейоз. Сперматогенез және овогенез.

Мектеп: №11


Күні: 13.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мейрманқызы Таңсамал

Сынып: 9а,ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Мейоз. Сперматогенез және овогенез туралы білімдерін тереңдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар біледі:

Мейоз жолымен бөлінудің фазаларын біледі.

Оқушылардың көпшілігі біледі:

Мейоз жолымен бөлінудің екінші кезеңін ажырата алады.

Кейбір оқушылар біледі:

Мейоздың биологиялық мәнін біледі.

Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: митоздық цикл, митоздық фаза, интерфаза, тіршілік циклі, профаза, метафаза, анафаза, телофаза, цитокинез, сперматогенез, овогенез, гаплоид.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тіршілік циклі дегеніміз не?

  • Даярлық кезеңін тағы қалай атауға болады? Ол туралы не білеміз?

  • Митоздық цикл неше кезеңнен тұрады?

  • Митоздық бөліну неше фазадан тұрады? Оларды атап бер.

  • Митоздық бөлінуге дайындық кезеңі қалай жүреді?

  • Митоздың биологиялық маңызы қандай?

  • Митоздық бөліну қандай жасушаларда жүреді?

Алдыңғы оқу:

"Сұрақ –жауап " әдісі арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

15 мин

1. Сәлемдесу.

2. Психологиялық дайындық: «Көңілді қолшатыр».

Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына бүгінгі күнгі өзіңіздің көңіл күйіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз. Неше сым сонша сөз болу керек. Ол қолшатырды көршіңізге сыйлап, оның көңіл күйін көтеріңіз.

3. Ширату: "Ой қозғау" әдісі

  • Жынысты көбею деген не?

  • Жыныссыз көбеюден айырмашылығы қандай?

  • Өсімдіктер мен жануарларда жыныс жасушалары қайда дамып жетіледі?

  • Мейоздық бөліну қалай жүреді?

Мейоз жолымен бөліну нәтежесінде хромосомалар саны екі есеге кеміген жыныс жасушалары-геметалар түзіледі. Мейоз бірінен соң бірі жүретін екі бөлінуден тұрады. ДНҚ- ның екі еселенуі бір-ақ рет, тек бірінші бөлінудің алдында жүреді. Әр бөліну митоздағы сияқты 4 фазадан тұрады. Мейоздық бірнеше бөліну және оның барлық фазалары рим санымен І, екінші бөлінуі мен оның фазалары ІІ деп белгіленеді

Жыныс жасушалардың түзілуі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші көбею кезеңінде алғашқы жасушалар митоз жолымен бөлініп, саны көбейеді. Екінші өсу кезеңінде жасушалар жылдам өседі. Болашақ жұмырытқа жасушаларының көлемі жүз, мың, миллион есе ұлғаяды . Жұмыртқа жасушалрының өсуі жасушаларда түзілген қоректік заттардың мол жинақталуы арқылы жүзеге асырылады.

Өсу кезеңінің соңында ДНҚ молекуласы екі еселенеді. Келесі пісіп-жетілу кезеңінде жасушаларда мейоздық бөліну жүреді.

Мейоз бір –біріне жалғасатын екі білінуден тұрады. Әрқайсысында митоздық бөлінудегі сияқты төрт фаза: профаза, метафаза, анафаза, телофаза болады.

Конъюгация - латынша қосылу, екі генеративті ядроның қосылуы. 1. Балдырларда құрылысы бірдей вегативті екі клеткасындағы заттардың біріне – бірі құйылып қосылуы. 2. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда – сыртқы пішіні ұсақ екі талшықсыз клеткалардың жыныстық қосылу процесі.


«Митоздық цикл» атты сызба.






Сабақтың ортасы

17 мин

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау, жинақтау

1-тапсырма. Оқушыларға үш түрлі деңгейдегі сұрақтар жауап жазуды ұсынамын.

А деңгейі

  • Жынысты көбею деген не? Оның жыныссыз көбеюден айырмашылығы неде?

  • Өсімдіктер мен жануарларда жыныс жасушалары қайда дамып жетіледі?

В деңгейі

  • Мейоз жолымен бөліну қалай жүреді?

  • Сперматогенез дегеніміз не? Овогенез дегеніміз не?

С деңгейі

  • Мейоздық бөліну нәтижесінде не түзіледі?

  • Мейоздық бөлінудің мәні неде.

Дескриптор:

  • Өз ойын толық жазады және жеткізеді.

Бағалау критерийі:

  • Митоздық және тіршілік цикліне анықтама береді;

  • Митоздың кезеңдері мен фазаларын ажыратады;

  • Митоздың биологиялық мәнін ұғынады;

  • Цитокинез кезеңімен танысады.

Кесте, плакат, маркер, үлестірмелі қағаздар










Сабақтың соңы

8мин

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқып келу.

Келесі сабақ: Жыныссыз және жынысты көбеюге мысал келтіру.

Рефлексия: «Үш М және Ә» әдісі

Оқушыларға сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады.

Бағалау парақша-лары, стикерлер








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!