Материалдар / МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінің сыныптан тыс жұмыстарының маңызы туралы қысқаша материал
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Аннотация

В статье дается определение термина «внеклассная работа» и приводятся сведения об их значении в обучении химии. Рассмотрены ученые, изучавшие внеурочную деятельность и их работы по данной теме. Кроме того, написано о типах организации внеурочной деятельности по предмету химии и их отличия.

Ключевые слова: химия, внеурочная работа, обучение химии.


Abstract

The article defines the term extracurricular work and provides information about their significance in teaching chemistry. Consists scientists who studied extracurricular activities and their work. In addition, it is written about the types of organization of extracurrilar activities in the subject of chemistry and their differences.

Key words: chemistry, extracurricular work, teaching chemistry.



Қазіргі уақытта білім мен тәрбие беру процесінде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Жаңартылған білім беру бағдарламасында «сыныптан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі, білімгерлердің бос уақытын ұйымдастыру нысаны деп көрсетіледі. Мектеп қабырғасында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың көркем-эстетикалық, рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, еңбек тәрбиесінің іске асуын қамтамасыз етеді [1].

Химия пәнінен сыныптан тыс сабақтар – сынып сабақтарынан, оқу жоспарынан, сабақ кестесінен тыс уақытта жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының бірегей жүйесі болып табылады [2]. Яғни, пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие процесінің бір бөлігін құрайды.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеті – білімгерлердің химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін және дүниетанымын кеңейту, креативті ойлау, сонымен қатар жаңа дағдылар мен біліктер қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында сыныпта түрлі форматтағы безендірулер, көрнекіліктер ілінеді. Осының арқасында оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттері дамып, кәсіби бағдар алады.

Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастыруда кейбір принциптерді негізе алу қажет. Төмендегі суретте (Сурет 1) сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптері келтірілген.


Сурет 1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері


Бірқатар педагогтар сыныптан тыс жұмыстар және олардың маңызды мәселелерін зерттеген. Мысалы, И.Я.Ланинаның пікірінше, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде білімгерлердің жеке ерекшеліктерін ескеру принципі маңызды. Себебі, аталған принципті ескеру әрбір білім алушының даму және қабылдау деңгейлерін есепке алуды және осының негізінде әр оқушымен жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді [3].

Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі маңызы – пән бойынша оқушылардың білімін жетілдіру, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға дағдыландыру, оқушылардың басқа да жеке қабілеттерін дамыту.

Мектеп оқушылары арасында түрлі тақырыпта практикалық маңызы бар жаппай іс-шаралар ұйымдастыру;

  • Химия ғылымы мен техникасының соңғы жаңалықтарын талқылау;

  • Химияны зерттеу мақсатында табиғат және өндірістік орындарға туристік-өлкетану экскурсияларын ұйымдастыру;

  • Сыныптан тыс жұмыстардың нәтижелерін көрсететін бюллетень, газет-журналдар шығару, көрмелер ұйымдастыру;

  • Ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында химия тарихын зерттеу және т.б [4].

Сыныптан тыс жұмыстарда проблемалық оқыту, проблемалық көзқарас маңызды рөл атқарады. Себебі, қазіргі жаңартылған білім беру жүйесі бойынша мұғалім тек бағыт беруші болғандықтан, білімгерлерге тақырыпқа сай актуалды тақырыптарды негізге ала отырып, белгілі бір проблеманы ұсынады. Ал, білімгерлер өз кезегінде берілген мәселеге жан-жақты қарай отырып, мәселенің түйінін шешуге тырысады.

Сыныптан тыс жұмыстарды негізгі сабаққа қарағанда ерекше етіп ұйымдастырудың түрлі формалары бар. Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі формалары төменде келтірілген (Сурет 2).


Сурет 2. Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың формалары


Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әр формасының өзіне сай ерекшеліктері бар. Индивидуалды іс-шараларда білімгерлер жеке өздері жұмыс жасап, білімдерін тереңдетеді. Белгілі бір тақырыптар аясында дербес ізденушілік жұмыстарын жүргізеді. Осылайша, білімгерлердің кітаппен, әдеби оқулықтармен және қосымша материалдармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Кез келген ақпаратты өңдеуді, саралауды үйренеді.

Ал, топпен жүргізілетін іс-шараларда оқушылар ұжымда жұмыс атқару, бір-бірінің пікірін бағалау, тыңдау, өзара ақпарат және білім алмасу, тотық іс-шараларға ат салысу т.б. дағдылары қалыптасады. Әрі бір-бірімен жақын қарым-қатынаста болып, өзара сыйластық-достық сезімдері берік орнайды.

Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жаппай іс-шаралардың басты артықшылығы – бірнеше сынып немесе бүкіл мектеп оқушылары қатысатын іс-шарада білім алушылар арасында ынтымақ орнайды. Барлық оқушы қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуі үшін бір кісідей ат салысады.

Химиядан сыныптан тыс жұмыстарға химияға қызығатын әрі білімін тереңдетуді қалаған оқушылар қатысады. Мұндай іс-шаралар қатарына химиялық кештер, химиялық олимпиадалар, ғылыми-практикалық және оқырман конференциялары, химия апталықтары, химия кәсіпорындарына экскурсиялар, химия кәсіпорындары мен мекеме қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру арқылы білімгерлерге кәсіптік бағдат беру жатады. Сонымен қатар, химия ғылымы туралы тың ақпараттарға толы қызықты әңгімелер және сұхбаттар өткізу кіреді.

Тақырыпты қорытындылай келе, мектеп химия курсындағы барлық сыныптан тыс жұмыстар еріктілік принципіне негізделген. Сол себепті де, бастапқы кезеңде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, түрлі форматтағы танымдық, интеллектуалдық іс-шараларды химияға байланыстырып өту маңызды. Ұсынылатын материалдар мен әдіс-тәсілдерді ерекше талғаммен, аса мұқияттылықпен таңдау керек. Сонымен қатар, білімгерлердің қабылдай деңгейі мен жас ерекшеліктерін де ескерген жөн. Осылайша, білімгерлердің химия ғылымына деген ынтасына артып, қызығушылықтары артады әрі тақырыпты еркін меңгереді. Мұғаліммен оқушы арасында тығыз қарым-қатынас орнайды.

Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың маңызы – негізгі сабақтан бөлек ауқымды тақырыптарды қамтып, оқушылармен жеке, жұптық, топтық формалардағы көптеген жұмыстардың жасалуында.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысына 7-қосымша.

  2. Құрманәлиев М.Қ. Химияны оқыту теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. / М.Қ.Құрманәлиев, Н.О.Мырзахметова. –Алматы, Альманахъ. -2021. –Б. 264.

  3. Ланина И.Я. Развитие интереса школьника к предмету. –М.:Просвещение. -2001. –С. 67.

  4. Kokibasova G.T. Methodology and psycho-pedagogical research in realizing profile elective course of Chemistry. / G.T.Kokibasova, A.T.Dyussekeyeva, A.Ye.Kaztayeva. // Bulleten of the University of Karaganda – Chemistry. -2019. -3(95). –P. 107-114.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!