Материалдар / «Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қорқыныш және оны жеңу жолдары»

«Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қорқыныш және оны жеңу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорқыныш адамдардың өмірінде белгілі бір қызметтерді атқарады: • Мобилизациялық • Қорғаныштық (қауіппен кездеспеуге қосымша қызмет атқарады) • Танымдық (қоршаған ортаны тануға көмектеседі)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Шілде 2024
123
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қорқыныш және оны жеңу жолдары»

Шадманова Улдана Мухамбеткаликызы, педагог – психолог.

36 «Балақай» бөбекжай – балабақшасы МКҚК


    Адамзат үшінші мыңжылдыққа аяқ басып, техникалық прогресс жағынан көрінбеген жетістіктер арқылы өзінің өмір сүрген уақытына дейін жаңадан қорқыныштар қосып алды. Балалар және жасөспірімдер өздерінің күш жігері және эмоционалдық құбылғыштығы арқылы болып жатқан қорқыныштарды ерекше ынтамен қабылдайды. Бұл қорқыныштар шынайы ауруға ұшыратуы мүмкін, тіпті психологиялық ауытқушылыққа дейін. Бұл байланыспен балалардың және жасөспірімдердің қорқыныштары оларға қосылатын тұлғалық фактор арқылы қазіргі кезде көп қолданбалы психологиялық мәселеге айналады.

 Қорқыныштың психологиялық ғылымдағы мәселесі.

Қорқыныш туралы көптеген түсініктер болады. Бұны бұл салада жұмыс істейтін мамандар былай түсіндіреді:

А.Петровскийдің пікірі бойынша «Қорқыныш – бұл эмоция, қауіп-қатер төнген кезде биологиялық немесе әлеуметтік тұрғыда жауап қайтара білуі».

А.С.Спиваковскийдің ойлауынша: «Қорқыныш – бұл күрделі эмоционалды адамның қалпы, ерекше сезілмелі реакция қауіпті кезде пайда болады».

Белгілі физиолог И.П.Павлов қорқыныш сақтану түйсігінен пайда болады деп ойлаған, ол қорғаныштық мінез белгілі бір өзгерістердің жүйке қызметіне, жүректің қағысына әсер етеді.

Ресей психологы А.И.Захаров қорқыныш – адамда түбірі қаланған көңіл күй, өзіне қарсы бағытталып келе жатқан күшке жауап беру қасиеті.

Қорқыныш адамдардың өмірінде белгілі бір қызметтерді атқарады:

·       Мобилизациялық

·       Қорғаныштық (қауіппен кездеспеуге қосымша қызмет атқарады)

·       Танымдық (қоршаған ортаны тануға көмектеседі)

Сондықтан, А.И.Захаровтың ойынша қорқынышты адамның шынайы өмірі ретінде көруге болады.

Ғалым К.Изард «қорқыныш» пен  «дабыл» терминдерін былай түсіндіреді: «дабыл» - эмоцияның бірнеше жиынтығы, ал «қорқыныш» - осылардың тек біреуі ғана.

Психиаторлар XIXғасырдың өзінде қорқыныш пен дабылды дәл айыра білген. Қорқыныштың әрқашанда себебі болады.Қауіп жоғалса – қорқынышта жоғалады. Дабылдың қандайда бір себебі болмайды. Қорқыныш, сезімді бойлап, күшті қоздырып оны жұмсауға бағытталады. Дабыл күш жігеріңді бойлап, іштей қинап, жүйкеңді тоздырып ол жан дүниеңе және сыртқы күшіңе де салмақ салады. Көптеген ауруларға душар етуі мүмкін.

Бірақта, адам дабылмен оңай күресе алады. Бұл туралы Виктор эмиль фон Гебзаттель: «Әлбетте, өмірге қорқынышсыз ұмтылу керек, бірақ бұлай өмір сүруге бола ма? Қорқыныш басқада қасиеттермен тығыз байланысты, бұл адамның өмірдегі басты қағидасы да болуы мүмкін емеспе... »

«қорқыныш» пен «дабылдың» бір-бірінен айырмашылықтары бар.

«дабыл» - эмоцияның бірнеше жиынтығы, ал «қорқыныш» - осылардың тек біреуі ғана.

Бірақ көбінесе екеуі тек синоним ретінде қолданылады.

     Ғалымдардың зерттеуі бойынша  біздің ой санамыз ғана емес сондай-ақ  денемізде түрлі қауіпті жағдайларға күшпен  жауап қайтарады. Қорқыныш- адамның жүрек қан тамырларының жиырылуына, тершеңдікке, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына, тыныс алу жүйесінің белсенділігігің бұзылуына, ауа жетіспеушілік сезімін тудыруы мүмкін.

    Жалпы алып қарағанда қорқыныш эмоциясы мен ішкі ағзаның арасындағы байланыс түрліше болып келеді. Бір жағынан қорқыныш пен мазасыз ойлар  ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін, ал екінші жағынан ішкі ағзаның бұзылуынан қорқыныш дүрбелені пайда болуы мүмкін.

 Статистикаға сенетін болсақ, невроздық қорқыныш  біздің ғаламшарымызда әр үш адамның біреуінде кездеседі екен.Қорқынышпен күресу жолында

«Нағыз өмір-қорқынышсыз өмір» деп айтар едік. Бірақ  кейбір қорқыныш  түрлері бар ол табиғи, одан құтылудың қажеті жоқ. Өйткені оны қорғаныш инстингтері деп атайды. Мысалы адам көпір немесе бір құздан сырғып құлап кетем-ау деген қорқыныш  дұрыс-ақ, ал он  қабатты үйден құлаудан қорықпайтын адам, бұл дұрыс емес деп есептейміз. Сондықтан  бұл қорқыныш түрінен адам қорықпаса, ол өз денсаулығын  физикалық жарақатқа ұшыратады. Ал невротикалық қорқынышты жою және одан құтылу керісінше адамға рухани тәніне жағымды әсер етеді.

    Ең маңыздысы қорқыныштың табиғи және невротикалық түрлерін ажырата білу керек.

Негізгі мәселені түсінген жағдайда, енді былай айтуға болады. Невроздық қорқынышпен күресу керек екендігін, ал табиғи қорқыныш адамзат үшін  қажет екендігін, тіпті кей жағдайда өте пайдалы екен.

         Қорқыныштың пайда болу себептері:

Бірінші себеп – шынайы болған оқиғаның қайтадан қайталануы. Мысалы: бала лифтіге кіруден қорқады, себебі бұл лифтіде бұрында адам қамалып қалған.

Қорқыныш қандайда бір адамдардың түрлерінен қорқуы. Мысалы: мультик кейіпкерлерінің қорқынышты түрлерінен қорқуы.

Екінші себеп – баланы тәрбие кезінде қорқыту.

Қорқытудың әсерінен тәрбиеленген отбасылардағы балалар қорқыныш сезімі көп болады. Олар қараңғыдан, жануарлардан, айғай -шудан көптеп қорқады. Оларға қорқынышты түстер жиі кіреді.

Әлеуметтік желілерде жазылған қорқынышты хабарлардан

Жасөспірімдік шақтағы қорқыныштың себептері мен салдары.

Жасөспірімдерде қорқыныштың түрлері әр түрлі жағдайларға байланысты туындауы мүмкін.

Біріншіден: қорқыныштың пайда болуы және дамуы түрлі невроздық жағдайларға байланысты.Невроз жүйке-жүйесінің бузылуынан туындайтын функционалды құбылыс, яғни психологиялық ауру-психозға ұшырауы мүмкін.

Екінші себеп- жасөспірімдің өзін-өзі бірқалыпты ұстай алмауы. Ол ерекше темперамент түрімен байланысты. Созылмалы дабыл сезімі,қорқыныштың бұл түрі  жасөспірімдің мазасыз түріне жатады.

Үшінші себебі-сенімсіздік. Белгілі бір білімнің болмау, өзіндік сенімсіздікке,мазасыздыққа, өзін-өзі төмен бағалауына алып келеді. Яғни ол да фобияға ұшыратады.

Төртінші себебі- ата-ананың  әсер етуі. Ата-аналардың қорқынышы, мазасыздануы тікелей балалрына әсер етеді

Бесінші себебі- қоғамның әсер етуі. Жеке үйде туратын жасөспірімдердің қорқынышы коммуналдық үйлерде туратын жасөспірімдерден басымырақ. Жеке уйде туратын балалар өз жақындарымен күнде көрісе алмайды сондықтан олар жалғыз болудан қорқады. Ал коммуналдық үйлерде ересектер, өзімен жасты балалар көп сондықтан жалғыз болам деген қорқынышта азырақ келеді. Отбасындағы жалғыз балаларға ата – аналары көп қамқорық көрсетеді олардың қорқынышы сол ата – анасының махаббатынан айырылу ең ауыр боп келеді.

Алтыншы себеп: өз достарының арасындағы беделінен айырылып қалам ба деген қорқыныш. Ол сабаққа жаман баға алып қаламба, достарымның арасында беделімді жоғалтып алам ба, достарым сыйламайдыма деп қорқу. Бұндай балалар жабық, мазасызданғыш болып келеді.

Жетінші себеп: балалардың психикаларына әлеуметтік желілердің әсер етуі. Олардың ішіне: әлеуметтік желілердегі түрлі бейнелер, радиохабарлар, теледидардағы жаңалықтар әсер етеді.

Сегізінш себеп: жасөспірімнің ішкі жан дүниесі: өмірден түңілу, өкпе реніш, жазалаудан қорқу көптеген оқиғалар, жасөспірімдердін өз-өзіне қол салуына әкеп соқты.

Қорқынышты жеңу жолдары.

Мәселелердің шешу жолдары қорқыныштың түрлеріне байланысты.

 Психиаторлармен кеңесу және невроздың алдын алу:

 Адам өзі сыртынан  неден қорқатынын байқауы мүмкін. Бірақ адамдар  өз- өздерін алдамшы сезімге әкелуі мүмкін.  Сондықтан оларға       психотерапевт дәрігер мен психолог мамандармен кеңесу қажет болады.

 Өз - өзін тәрбиелеу;

Адам – көпөлшемді табиғаттың жаратылысы. Ол әрқашанда көптеген мәселелердің түйінін оңтайлы шешуге тырысады. Өмірлік кедергілер нәтижесінде өз-өзін тәрбиелеу жүреді. Тек белсенді өмір мен алға жылжу нәтижесінде көптеген қорқыныштарды артта қалдырады.

Жан тыныштығы;

Ол дегеніміз жан дүниемізге тыныштық орнату. Ішкі жайлылықпен эмоционалды тыныштық, сырқы көрінісінен әлдеқайда маңызды. Адам өзіне қызықты іспен айналысқан кезде қорқыныш сезімі бәсеңдей бастайды.

-Жұмыстың дұрыс қозғалысын жоспарлайды;

-Эмоционалдық демалыс;

Әрбір адамға сонымен қатар жасөспірімдергеде жалғыздықта болу керек. Болашақ жоспарларын тыныштықта анықтап ойланып алу және жай ғана демалу. Жақсы демалыс - өзіндік жұмысын өзгерту жолы:

-        дұрыс тыныс алу жаттығулары;

-        өзінің іс әрекетіне есті түрде қарау;

-        адам өз жағдайларын өзі де шеше алады.

Маманардың кеңесі:

1 кеңес: кішкентай жеңістерден бастаңыз.Өздеріңе ғана байқалатын жетістіктеріңіз,кейіннен белсенді ынтаңызды тудырып, өзіндік бағалауыңызды көтеру мүмкін. Психолог мамандар сондай-ақ, айнаға қарап кулімсіреу арқылы аутотренинг жасауға кеңес береді.

2 кеңес: өз-өзіңізбен ойша сөйлесіңіз, қорқамын деген сөзден аулақ болыңыз. «Мен қорықпаймын» деген сөзді жиі  айта беріңіз.

3 кеңес: өз ойыңызды жаманнан жақсы ойларға өзгертіңіз және де оны көп уақытқа дейін ұстаңыз.

4 кеңес. Халық мақалын ұмытпаңыз:

·        Қасқырдан қорықсаң, орманға барма;

·        Қорқыныш бар жерде  қолапас та бар;

·        Батырлық бар жерде жеңіс те бар;

·        Ерлік жоқта, қуаныш  та жоқ;

·        Қорқақтың қолы қысқа;

·        Қорыққанға қос көрінеді;

·        Қорқақ қол бастамас;

·        Көз қорқақ, қол батыр;

 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

Захаров А.И. «Неврозы у детей и психотерапия»2000

Роберт Уинстон «Менің денем неден құралған» 2006 Алматы

Халық мақалдары

Ғаламтор көзі «Фобия түрлері»

 

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!