400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрине XXI-ғасыр –саналы тәрбиемен сапалы білім ғасыры. Балабақшадағы әрбір бүлдіршінге дұрыс тәрбиемен жан-жақты білім беру-заманауи педагогтың бірден –бір міндеті. Балабақша табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін ашылмаған кітаппен тең. Не берсең соны қабылдайды, не айтсаңыз ол әрекетті бұлжытпай орындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі.

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға ,

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға» – деп Абай Құнанбайұлының қара сөзінен бастағым келеді. Ұстаздық ұлы жол, жауапкершілігі мол, әрі ізденісті жиі талап ететін, мұнымен қатар жас ұрпақты ізгілікке баулап, жақсылыққа тәрбиелейді. Ұстаз дегенде ең бірінші көпшіліктің ойына тек мектеп мұғалімдері ойға келіп жатады. Бірақ мен балабақша тәрбиешілеріне тоқталып өткім келеді. Ең бірінші баланың ортаға қалыптасып бейімделуіне септігін тигізіп мектеп қабырғасына дейінгі дайындықты беретін дәл осы балабақша. Балабақшаның қазанында қайнап тәрбиеші болып еңбек етіп келгеніме 16 жылдың төбесі болып қалды. Үнемі өзбетінше еңбектену, өзіндік өсуге ұмытылу, өзін-өзі тәрбиелеу, білімімді ұштау менің мамандығымның бір бөлігі.

Әрине XXI-ғасыр –саналы тәрбиемен сапалы білім ғасыры. Балабақшадағы әрбір бүлдіршінге дұрыс тәрбиемен жан-жақты білім беру-заманауи педагогтың бірден –бір міндеті. Балабақша табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін ашылмаған кітаппен тең. Не берсең соны қабылдайды, не айтсаңыз ол әрекетті бұлжытпай орындайды. Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланың еңбекқор, ақылды, тәрбиелі болып өсуіне ата-анасы жауапты. Ал тәрбиеге келетін болсақ қазақ халқы баланы, жастан емес-ау бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек –деп өсиет қалдырған. Әрине баланың түп қазығы алтын ұясы- отбасы. Сондай-ақ балалардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің де сіңірер еңбегі мол.

Жұмыс уақыты басталған сәттен бастап бүлдіршіндерімді күліп, құшақ жая қарсы аламын. Әр сабағымды баланың өз тілінде, өзіне қызықтырар ойын түрлерімен өткізіп әр баланы қайрымдылыққа, ізгілікке баулып, оның тәрбиесіне үлес қосамын. Мұнымен қатар, күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметін ойын түрінде қызықты өту үшін , әртүрлі әдіс тәсіл пайдаланып балалардың зейіні мен қызығушылығын арттырамын. Әр ойынның өз мәнінде өрбуі үшін, оған қажетті атребуттар, ойыншықтар дайындаймын. Бұл еңбекпен, табандылықты талап ететіні сөзсіз.

Жалпы тәрбиеші жұмысы қиялға ерік беріп, жан-жақты ізденіп, шабыттанып жауапкершілікті талап ететін мамандық. Жалпы бала жанының бағбаны болу- асқан жауапкершілікпен шыдамдылықты талап етеді. Өйткені, бала-пәк, бала-тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы. Бала біздің болашағымыз. Сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттау, қабілет –қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Соныдықтанда мен өз мамандығымды сүйгендіктен, одан ләззат аламын бақыт табамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі