Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық сынып мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Ербосынова Фариза Ерханқызы

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. Дүйсебекова Айсәуле Есенғазықызы

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты


В данной статье было рассмотрено понятие «трудовая воспитанность», раскрыта психолого-педагогическая характеристика старшего дошкольного возраста, определены средства трудового воспитания у детей старшего дошкольного возраста. Проанализировав различные точки зрения, мы сделали вывод, что под трудовым воспитанием понимается целенаправленная совместая деятельность воспитателя и воспитанников, направленная на развитие общетрудовых умений и способностей, психологической готовности к труду, формирование ответственного отношения к труду и его продуктам, на сознательный выбор профессии.

Ключевые слова: труд, трудовое воспитание, дошкольники.


In this article, the concept of «labor education» was considered, the psychological and pedagogical characteristics of older preschool age were revealed, and the means of labor education in older preschool children were determined. After analyzing various points of view, we concluded that labor education is understood as a purposeful joint activity of the teacher and students, aimed at developing general labor skills and abilities, psychological readiness for work, forming a responsible attitude to work and its products, and making a conscious choice of profession.

Keywords: labor, labor education, preschoolers.



Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп жасына дейінгі балалардың болашақта қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.

А.С. Макаренко «Балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа «мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы – отбасы, сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың, балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады. Бала кез келген сәтте үйдегі адамдарға, алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан, олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет, қимылдарына ерекше мән беруі керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады. «Өзім киемін», «өзім істеймін» сияқты дамылсыз әрекеттеріне мүмкіндік беріп, қолдап отырған дұрыс. Өйткені, дәл осының өзі еңбек нышанының алғашқы бастамасы [1].

Еңбек тәрбиесіне ерекше мән берген К.Д. Ушинский, көптеген еңбектерінде балалар еңбегінің теориялық және әдіснамалық негіздеріне тоқталып, «тәрбие тек ақылды дамытып, біліммен қаруландырып қоймай, баланың еңбекке деген құлшынысын жандандырады, онсыз адамның өмірі бақытты болуы мүмкін емес» деп тұжырымдайды.

Н.К. Крупская дамып келе жатқан бала организміне қимыл іс-әрекеттің аса қажеттілігі мен тәрбиелік маңызына ерекше назар аударады. Балабақшада балаларды еңбекке баулу ересектердің еңбегін бағалауға және тапсырмаларды орындауға, өзін-өзі күте білуге, заттарды және ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, оларды өз орындарына қоя білуге үйрету, – деп еңбекті ойын арқылы іске асыруды ұсынса, еңбектің маңызын А.С. Макаренко «Еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісінде еңбек ең негізгі күштің бірі болуға тиіс» – деп бағалайды.

Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені қалыптастыруға, оның жұмыс мазмұны мен әдістерін талдауға А.П. Усова мен Е.А. Аркин үлкен үлес қосты. Осы аталған ғалымдар мектепке дейінгі тәрбие теориясының жан-жақты дамып жетілуіне, балалардың еңбек іс-әрекеттерінің қалыптасуына, еңбек дағдыларының дамуына үлкен мән беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Е.А. Аркин «Мектепке дейінгі шақ» деген іргелі еңбегінде тіл дамыту мәселесімен қатар бала организмін нығайтуға және шынықтыруға көп көңіл бөледі. Балалардың ойын мен еңбек үрдісіне қатысуы сияқты факторлардың бала денсаулығына жақсы әсер ететіндігін және ойын мен еңбек дағдыларын қалыптастырудың жолдарын кеңірек қарастыру керектігін атап көрсетеді. Ал, А.П. Усова мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасының қалыптасуына, бірлескен іс-әрекеттегі өзара қарым-қатынастарының дамуына еңбектің ықпалы мол екендігіне айрықша тоқталады [2].

Қазақ психологтары А. Темірбеков, С. Балаубаев еңбектерінде дені сау балалардың бәрінде қарапайым жұмысқа бейімділік болатынын айтады. Қол еңбегі – баланың игілікті жұмысы. Қағаздан, картоннан, ағаштан әр нәрселер істейді, әрекет үстінде ұқыптылық, тапқырлық, ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтауы біздің зерттеуімізге арқау болады. Осы аталғандар балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық тұрмыс салт-дәстүрлерімен ұштастырып жүргізілсе, болашақ ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігі, еңбекке деген қарапайым дағдылары көзделген міндеттерге сай болар еді.

Аралбаева Р.К. орыс және қазақ балабақшаларында сәби және естияр топтарындағы балаларды ересектің еңбегімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайтудың әдіс-тәсілдерін зерттесе, Т.А. Макеева [3] ауыл балабақшаларындағы әртүрлі топтағы 5–6 жастағы балалардың ересектің еңбегі туралы түсінігін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтаған.

С.Н. Жиенбаеваның «Мектепалды балаларын еңбекке баулудың ғылыми-педагогикалық негіздері» атты зерттеуінде еңбек арқылы ұжымдыққа тәрбиелеудің теориялық негізін анықтап, моделін ұсынып, жаңа мазмұны мен әдістемесін нақтылаған.

Қазіргі кезде балабақшада еңбекке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:

  • біріншіден, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;

  • екіншіден, балаларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;

  • үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.

Балалардың еңбек дағдыларын қалыптастыруда іс-әрекетпен, яғни тек қол еңбегінің немесе дене еңбегінің қимыл-қозғалысымен шектеу жеткіліксіз. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендердің барлық іс-әрекетіне, сөйлеген сөзіне сеніммен қарап, шындық ретінде қабылдайтын болғандықтан, тәрбиешінің баланы еңбекке баулудағы әрбір әдіс-тәсілі мен оқыған шығармасы баланың ақыл-ойында өзіндік із қалдырып отыруы керек. Бала санасында абстракциялық ойлау жүйесі қалыптасып жетілмегендіктен, олардың естіп, көріп қабылдағандары, ойын міндеттері де күнделікті іс-әрекетінде көрініс табады [4].

В.С. Мухинаның еңбегінде бала тәрбие үрдісінде әрекеттің (орамалмен сүртінуі, қарындашпен сурет салу, мүсіндеу) сан алуан түрін меңгереді. Мұның бәрі сыртқы нәтижеге бастайтын практикалық іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптастасады, оның көмегімен бала заттарды қарайды, қасиеттерін анықтайды, бір-бірімен байланысын ашады. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы бала дамуының негізгі еңбек мазмұнын құрайтыны айтылады. Қ. Жарықбаев адам іс-әрекеттің белгілі бір түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасайды дей келіп, «әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс» деп анықтама береді. Біздің ойымызша, бала өзінің қажеттерін өтеу үшін (ойын, еңбек үстінде) бар мүмкіндігін пайдаланады, әрекет етуге талпынады.

Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады. А.В. Запорожец мектеп жасына дейінгі балаларды тек еңбек нәтижесі ғана емес, оның басқа адамдар үшін маңыздылығы да қызықтыратындығын айтады. Балалар қағаздан, ағаштан әр нәрсе жасауға, ересектерге көмектесуге қызығады, егер ересек тарапынан қолдау болса, балалар өздеріне тапсырылған іске неғұрлым саналы ниетпен қарап, орындауға талпынады. 56 жастағы балаларда алғашқы еңбек әрекеті қалыптасып, ересектен көмек сұрап қана қоймай, өздеріне де көмектесу ниеті пайда болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек әрекетінің өзіндік мақсаты, мотиві, жоспары, нәтижесінің өзіндік ерекшеліктері болады. Аталған құрылымдар еңбек әрекетінің үрдісінде көрініп ересектердің көмегімен дамып жетілетіндігін айтады.

Қызығулар балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалатындығы тәжірибеде дәлелденген. Ғалымдардың айтуына қарағанда, қызығудың нәтижесінде мектеп жасына дейінгі кезде техника саласына әуес болған бала, мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерге ықылас қойып, мектеп бітіргеннен кейін де сол салада нәтижелі еңбек етіп, өз қабілеттерін жақсы көрсете алады. Демек, баланың қызыға білуінің де маңызы зор, қызығуы «тұрақты» қасиетке айналған бала ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болуы үшін бала тікелей әрекетпен айналысуы керек. Қызығу қажеттіліктен туындайды, ал қажеттілік дегеніміз өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы болмақ. Біз зерттеу нысанамызға байланысты мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу міндеттеріне:

  • еңбекті жақсы көруін, ересек еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • қарапайым еңбек білім, дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

  • еңбек етуге қажеттілігін дамыту;

  • ұлттық тұрмыс-салт дәстүр негізінде болашақ еңбекке даярлау жатады.

Өзінің саналы жəне тіпті санасыз ғұмырында адам əйтеуір бір нəрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 56 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нəрсені əкеліп береді, апарады, жылжытады жəне т.б.. Адамның қолынан жасалған заттың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нəтижесінде дүниеге келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек адамның табиғи қажеттігінен туындайды [5].

Еңбекке қызығушылықты дамытып отыру мақсатымен балаларға бұрын берілмеген жаңа тапсырмалар берілуі тиіс, ол өзінің жаңалығымен, шығармашылық қиыншылықтарымен қызықтырады. Балада істі ұзақ, тиянақты орындау дағдысы қалыптасады. Тапсырма беру барысында күрделі және қарапайым, қызық және қызық емес әрекеттер алмасып отыратын істер таңдаған жөн. Өйткені бала тапсырма орындау барысында тек қана орындаушы емес, сонымен қатар ұйымдастырушы да. Баланың бос уақыты жоқтығы, белгілі бір іс-әрекетпен қызығушылығы, баладан болашақта нағыз іс адамы шығатынына сенуге болады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Макаренко А.С. «Трудовое воспитание: сборник». Минск, 2000

  2. Аркин Е.А. «Игра и труд в жизни ребёнка». Москва, 2008

  3. Макеева Т.А. «Деловые игры в детский сад». Алматы, 1999

  4. Жиенбаева С.Н. «Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірбиесін кезеңмен қалыптастыру мәселесі». Алматы, 2010

  5. Жарықбаев Қ. «Жантану: оқулығы». Алматы, 2011

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!