Материалдар / «Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда жаңартылған Step by step технологиясын қолдану»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда жаңартылған Step by step технологиясын қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өзімнің іс тәжірибемде музыка ұйымдастырылған іс-әрекет барысында «Step by step» технологиясының элементтерін қолданамын. Атап айтсақ, балалардың жас ерекшеліктерін ескере оырып, музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттау, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттері.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының

музыка жетекшісі Г.А.Абуева








«Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда жаңартылған

Step by step технологиясын қолдану»

Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты – ой — өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан — жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет — қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, жан — жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі, ол баланың жас және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке басының толыққанды дамуы үшін дамыту ортасын жасайды. Мектеп жасына дейінгі баланың дамуы әржақтылығымен және қарқындылығымен ерекшеленеді.

Музыка ұйымдастырылған іс-әрекет балалардың тыңдау, сезіну, орындаушылық, эмоциялық сезімдері қалыптасады. Қазіргі заман музыка жетекшілерінің жұмысы жаңа мазмұнды талап етеді – дербес шығармашылық еңбек ете алатын, белсенді іздеуші тұлғаны, алғыр адамды тәрбиелеп шығару. Мектеп жасына дейінгі балалардың қуанышының бастауы музыкадан басталады. Музыка ұйымдастырылған іс-әрекет әртүрлі педагогикалық әдістерді қолдану – ең маңызды мақсаттарды шешеді: балалардың ерте музыкалық тәрбиесінің қалыптасуы, музыкалық компонетінінің құрылымы – балалардың музыкаға деген эмоциялық сезімдерінің дамуы.

Музыка жетекшісінің алдына қойылатын талап – міндеттері:

  • Баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оның рухани өмірін байыту;

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Музыка арқылы балалардың ішкі жан дүниесін байыту.

Осындай міндеттерді орындау үшін мен жаңа бағдарлама мен технологияларды қолданамын.

Балабақшадағы балалардың жан-жақты, рухани бай, жоғары мәдениетті болып қалыптасуына ықпал ететін жаңа технологиялардың бірі – «Step by step» технологиясы. «Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі-әр балаға деген  жеке-дара көзқарас. Бұл жаңа стандарттың талаптарын орындауға өте ыңғайлы. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер белсенділік орталықтарында жүргізіледі. Мен өзімнің іс тәжірибемде музыка ұйымдастырылған іс-әрекет барысында «Step by step» технологиясының элементтерін қолданамын. Атап айтсақ, балалардың жас ерекшеліктерін ескере оырып, музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттау, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттері. Мысалы: «Әуенді тап», «Сазды отау» т.б музыкалық ойындар шартына негіздер, дыбыс күшейткіш арқылы әртүрлі әндерді тыңдап, бірге айтқызамын. Сондай-ақ, бейнежазба арқылы классикалық шығармалардан үзінділер, презентациялар, мультфильм/кинофильмдерден саундтрек үзінділер, дыбыстық фонограммалар (әннің плюс/минус нұсқаулары), композиторлардың портреттерін көрсетемін және музыкалық аспаптармен шағын пьесаларды, күйлерді орындаймыз.

Мен музыка жетекшісі болғандықтан, өнер орталығында музыка ұйымдастырылған іс-әрекеті туралы тереңдірек тоқталып өткім келеді.

Музыка белсенділік орталығы

Музыка іс-әрекетін күні бойы қолдануға болады. Ән айту, қозғалыс, билеу, музыкалық аспаптарда ойнау және жазбаларды тыңдау кез келген бағдарламаны толықтырады. Музыкалық іс-әрекеттер қабылдауды әсерлендіреді; ырғақты үйретеді; ірі және ұсақ бұлшық етті нығайтады және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Музыка орталығының бала дамуына әсері

Музыка – балалардың дамуының кең көзі. Оның ең айқын рөлі

эмоциялық дамуға ықпал ету болып табылады: бесік әндері балаларды

әлдилейді, ұйықтатады, қуыршақтарын әндетіп тыныштандыруды үйретеді.

Әлеуметтік дамуы

Музыка әлеуметтік дамудың қуатты құралы болып табылады. Әдетте

ұстамды және көпшілік алдында сөйлеуге бейім емес балалар әнге немесе

биге қосылады. Көптеген балалар әндегі қимылмен жүреді. Әндердің бұл

түрі, кейбір шетте болып қалатын балаларды тарту үшін өте тиімді.

Сөйлеу дамуы

Музыка сөздік қорын арттыруға септігін тигізеді, өйткені балаларды жаңа

сөздермен, атаулар мен таныстыратын көптеген әндер бар.

Зияткерлік даму.

Музыка балалардың түсініктерін қалыптастыру үшін пайдалануға болады, бірдей және әртүрлі сөздерінің мәндері дыбыс деңгейі мен дыбыс биіктігін өзгерту арқылы енгізілуі мүмкін. Әр мәдениетте бүлдіршіндер үшін санайтын әндер көп. Бұл әндер жаттығуларға кинестетикалық мән береді.

Моториканың дамуы

Моторлы дағдылар музыка көмегімен жақсарады. Саусақтардың қимылдарымен бірге жүретін әндер баланы әрбір саусақпен жеке қимылдауға тартады және сол арқылы көз-қол үйлесімін жетілдіреді. Музыканың көмегімен балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары дамиды.

Қорыта келе, «Step by step» технологиясын 2021-2022 оқу жылында балабақшаның жылдық жоспарына енгізіліп, қолданысқа ие болды. «Step by step» технологиясы ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тиімді пайдалану баланың қызуғышылығын арттырады, ақпарат алу мүмкіндігін кенейтеді, ойлау қабілетін дамытады, кері байланыс орнатады, уақытты үнемдейді.

Бүгінгі таңда «Step by step» инновациялық технологиясын қолданудың маңыздылы, балаларды жан-жақты дамыту бойынша балабақшада семинар, шебер сыныптар, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері өткізілді. «Step by step» технологиясы қолға аланып, барлық топтарда белсенділік орталықтары жасалған. Балалар ұйымдастырылған іс-әрекеттерінен тыс, күннің екінші жартысында өзінің ұнаған орталықтарына барып жұмыс істейді. Бала дамуына зор әсері бар бұл технологияны тәрбиешілер де, педагогтар да, тәрбиенушілер де асқан қызығушылықпен орындайды және де өз нәтижесін көрсетіп жатыр.



Пайдалынған әдебиеттер:

  1. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты – Астана, 2022 жыл;

  2. «Step by step» технологияясын әдістемелік негізін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда пайдалану, 2018 жыл;

  3. «Step by step» технологиясының оқыту үрдісіндегі тиімділігі, 2015 жыл.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!