Материалдар / МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДИАЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДИАЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды көбірек диалогтік қатынаста сөйлету үшін кез келген сұраққа, кез келген үндеуге еркін түрде жауап беру қабілетін дамыту үшін негізінен күнделікті тақырыптар, қоғамдық өмірдегі оқиғалар, табиғат туралы, балабақшадағы балалардың іс-әрекеті туралы әңгімелер қолданған жөн
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
474
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДИАЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


Тәрбиеші:Бапахова Алмагул Амирхановна


Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін теориялық зерттеу арқылы әзірлеу.Бұл кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың рөлдік ойындарда диалогтік сөйлеуді қалыптастырудың теориялық негіздері, мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері турала тақырыптар зерттеле отырып жазылады. Мектепке дейінгі жас-мектепке дейінгі баланың дамуындағы ең маңызды кезең екендігі айқындалады. Ғылымда мектепке дейінгі кезеңді зерттеу мәселесімен Аристотель, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Д.Б.Эльконин және т.б.зерттеушілер айналысқандығы туралы сөз қозғалады. Балалардың 4-5 жасында өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға деген ұмтылысы белсенді түрде байқала бастайды. Егер үш жасар бала қуыршақтармен көбірек уақыт өткізетін болса, онда 4-5жастағы мектеп жасына дейінгі балаға құрдастарымен маңызды қарым-қатынас қажет. Балалар өзара ойыншықтар, бірлескен ойындар, жалпы істер туралы сөйлеседі. Олардың сөйлеу байланыстары ұзарып, белсенді бола бастайды. Педагог бұл әдісті балалар арасында достық қарым-қатынас орнатуға пайдаланады. Педагог балаларды ортақ мүдделерге, өзара жанашырлыққа негізделген шағын топтарға әкеліп қосады. Педагог ойындарға қатысу арқылы балаларға келіссөздер жүргізуге, ойыншықтарды және ойынды дұрыс таңдауға, ойын ортасын құруға көмектеседі. Осы мәселелер төңірегіндегі басқа да мәліметтер кезеңдерде толықтай баяндалады.

Жалпы диалог дегеніміз - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді.Бұл кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу қабілеттері сюжеттік-рөлдік ойындар барысында қалай қалыптасады деген сұрақ төңірегінде жауап іздейміз. Нақтырақ айтқанда, балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды ойнау барысында мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері және сюжеттік-рөлдік ойында орта мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру аспектісінде білім беру бағдарламаларын талдау тақырыптарына жеке-жеке тоқталатын боламын. Осы тақырыптарды зерттеу барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың нәтижелі түрде дамуы, соның ішінде диалогтік, балалардың белсенді сөйлеу тәжірибесі жағдайында (сөйлеу әрекетінде) жүзеге асырылатынына көзіміз анық жетеді. Кезең бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды диалогтік сөйлеуге үйретудің принциптерін анықтаған ғалымдар туралы да баяндаймыз.

Мектеп жасына дейінгі балаларды көбірек диалогтік қатынаста сөйлету үшін кез келген сұраққа, кез келген үндеуге еркін түрде жауап беру қабілетін дамыту үшін негізінен күнделікті тақырыптар, қоғамдық өмірдегі оқиғалар, табиғат туралы, балабақшадағы балалардың іс-әрекеті туралы әңгімелер қолданған жөн. Бұл әңгімелерді айту барысында балалар кіммен бірге тұратынын, өз отбасындағы отбасы мүшелерінің аты-жөнін, бала үйінде қандай іспен айналысатынын, өзінің сүйікті ісі мен хоббилері туралы баяндайды. Балалармен диалог құру барысында тек ғана әңгімелесумен ғана шектелмей, әңгімелеу арқылы фотосуреттерді және әр түрлі иллюстрацияларды қолданса, балаларда қызығушылық қасиеттері одан әрі арта түседі. Бұл кезеңде рөлдік ойындарда мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеуін қалыптастыруға арналған жобалау іс-әрекетінің сипаттамалары,яғни балалар рөлдік ойындардағы мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру диагностикасы және рөлдік ойындарда мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені туралы сөз қозғалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау үшін біз келесі әдістерді сынап көреміз.

Диалогтік сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау үшін біз Р.И.Лалаеваның әдісін қолданамыз:

-сюжеттік суреттер бойынша диалогтік сөйлеуді зерттеу;

-сюжетті суреттер тізбегі негізінде диалогтік сөйлеуді зерттеу;

-ойынжағдаятындағы диалогтік сөйлеуді зерттеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейлерін анықтау үшін критерийлер мен көрсеткіштерді кесте сызу арқылы анықтауға және жеке бөліп көрсетуге болады. Ол кесте дипломдық жұмыс барысында арнайы кесте түрінде жобаланып, сызылған.

Ұсынылған критерийлер мен көрсеткіштер негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру деңгейлері анықталды: төмен, орташа, жоғары.

Жоғары деңгей (7-8 ұпай)-бала қарым-қатынасқа қуана кіріседі, қарым-қатынаста белсенді, сөйлеуді тыңдап, түсіне алады, жағдайларды ескере отырып қарым-қатынас жасайды, өз ойын анық және дәйекті түрде жеткізеді, сұрақтарға нақтылы жауап береді, ересектер мен құрдастар арасында эмоционалды байланыс орнатуды біледі, басқа біреудің бастамасы бойынша әңгімеге қатысуға дайындығын көрсетеді.

Орташа деңгей (4-6 ұпай)-бала диалогқа түсуді біледі, оны жүйелі түрде жүргізе алады, сөйлеуді тыңдайды және түсінеді, қарым-қатынасқа түседі, көбінесе басқалардың бастамасы бойынша, ауызша дауларға сирек жүгінеді, қолданады. Диалогтағы монотонды интонациялар, оның репликаларында сөйлеу этикетінің формасын сирек қолданады.

Төмен деңгей (0-3 ұпай)-бала жанындағы балалармен және тәрбиешімен қарым-қатынас жасауда енжар және сөйлемейтін, зейінсіз, өз ойын жүйелі жеткізуді, мазмұнын дәл жеткізуді білмейді.

Мысалы: «Орман арасында» сахналық сурет. Балалар орманда серуендеп жүр. Олар тиін көрді. Бір қыз бен жігіт құлпынай теріп жүр.

жігіт құлпынай теріп жүр. Қыздар гүл теріп жүр.

Балаларға сурет ұсынылады және келесі нұсқау беріледі. Суретке мұқият қараңдар. Айт...

Суреттің мазмұны бойынша балаларға мынадай сұрақтар қойылады:

-Балалар қайда келді?

-Балалар орманда кімді (нені) көрді?

-Балалар не үшін құлпынай теріп жүр?

-Қыздар қандай гүл теріп жүр? келмейді; 1 ұпай (орташа деңгей)-жауап бар, жағдаяттар, жауаптар сөз тіркесі түрінде беріледі; 2 ұпай (жоғары деңгей)-жауап бейнеленген жағдайға сәйкес келеді; жауап ұсыныс ретінде беріледі.

Қорыта айтқанда, сөйлеу бала өмірінде сан алуан функцияларды орындайды. Оның негізгі қызметі-қарым-қатынас құралы болу. Мектепке дейінгі жаста қарым-қатынас процесінде сөйлеу нормаларын меңгереді. Диалогтік сөйлеуді меңгеру мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың негізгі міндеттерінің бірі. Баланың диалогті меңгеруі өте маңызды, бұл оның қалыпты дамып келе жатқан құрдастар ортасында бейімделуіне өте жақсы әсер етеді. Диалог бір тақырып бойынша сөйлеушілердің мәлімдемелерінің өзгеруімен сипатталады.

Мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекет рөлдік ойын болып табылады. Рөлдік ойындарда бала келіссөздер жүргізе білуі, басқа көзқарастарды ескеруі және қоршаған орта туралы мол білім қоры болуы керек.

Әдебиеттер:

1. Арушанова А.Г.- «Теория и методика развития речи детей» (структурно-логические схемы)/ М: Флинта, - 2014.

2. Арушанова А.Г.- «Развитие коммуникативных способностей дошкольника»: метод, пособие./ М.: Сфера, - 2011.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!