МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР.
Мақаланы әзірлеген Сәтбаев
қаласы «Гүлдер» бөбекжай I санатты тәрбиеші Хужаева Улжамал
Бахитовна
Аңдатпа: Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың
жеке тұлғасын дамытудағы жұмыс түрлері, олардың маңызы
қарастырылған. Мектеп жасына дейінгі
балалардың шығармашылық, теориялық негіздерін, эстетикалық
көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін
дамытуға бағытталған.
Қазіргі қоғам алдында тұрған
өзекті мәселе бұл — жан-жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл,
әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Бала қабілетін жан –
жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін тәрбиеші өзі
шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы,
кәсіби шебер маман болуы қажет.Білім беру балабақша табалдырығынан
басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы –
балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім
саласында заманауи педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту
мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен
қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі
білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты
оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу.
Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына
педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана
білу сауаттылығына да байланысты.
Инновациялық
технологияларды қолданудың мақсаты -
толық физикалық, рухани психоэмоционалды денсаулыққа, балалардың, ата-аналардың, тәрбиешілер мен мамандардың тұлғааралық, топтық өзара
әрекеттесуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі мекемеде
жеке тұлғаға бағытталған білім беру ортасын құру.
Міндеттері:
*ерекше
және шығармашылыққа жақын
мектеп жасына дейінгі балалардың
әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;
* әр түрлі іс-әрекетте балалардың ынтасын, қызығушылығын, еркіндігін,
шығармашылық
өзін өзі көрсету қабілетін дамыту, коммуникативтік,
танымдық, ойын және басқа да іс-әрекеттерін ынталандыру;
* балалардың жеке тұлғаны қоғамда табысты әлеуметтендіруге және зияткерлік ойлау мен креативті қиял деңгейін арттыруға бағытталған заманауи
инновациялық технологияларды қолдану біліктерін дамыту.
Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің
болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін
тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері
мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Біздің
балабақшамызда балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай
қарастырылған. Балабақшада балалардың жеке басының
қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды
қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін
тәрбиеші ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде
жаңартылған педагогикалық
технологияларды кеңінен қолдануға
тырысамын.
Мен өз оқу-қызметімде де сабақтан тыс уақытта
да денсаулықты сақтайтын технологияларды жиі қолданамын. Менің
ойымша, адамның денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру
- қазіргі адамның жетістігі үшін қажет.Денсаулық сақтау тәсілі
сабағымның барлық кезеңдерінде байқауға болады, өйткені ол
іс-әрекеттің нақты ауысуын қарастырады.
Біздің бүгінгі міндетіміз - балаға денсаулығын сақтау мен
нығайтудың түрлі әдістері мен тәсілдерін үйрету деп санаймын.
Оқу-тәрбие процесінде денсаулықты сақтайтын технологияларды
кешенді қолдану шаршауды азайтуға
көмектеседі, эмоционалды көңіл-күйді жақсартады және жас балалардың
еңбекке қабілеттілігін арттырады.Осылайша, мен тиімді қолданатын осы
технологиялар - баланың жеке басын дамыту, оның шығармашылық
қабілеттерін анықтау, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау
және жақсы нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлауға маған мүмкіндік
береді.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы
үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей
феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын
оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді,
демалдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген
әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді «Ойнай білмеген,
ойлай да білмейді» − деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке
дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы, қарым− қатынасы,
мінез- құлық көріністері − олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні
сөзсіз.
Ойын
технологиясының
мәні:ойын-сауық және демалыс
ғана емес, егер дұрыс басшылық жасалатын болса, оқыту тәсілі;
шығармашылық қызметті іске асырушы; әдіспен емдеу; ең бастысы
баланың ортаға
әлеуметтенуінің
бірінші қадамы болып
табылады.
Ойын сабақтары өте жанды, эмоциялық қолайлы
психологиялық жағдайда, ізгілікті, еркіндікті, теңдікті талап
етеді. Пассивті балаларды оқшаулауды қажет етпейді.
Ойын технологиясы арқылы балаларда өзіне деген сенімділік
пайда болады. Ойынның түрлері өте көп.
Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар,
дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген
қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні
тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау
мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез - келген сабақты өткізу үшін
дидактикалық ойындар қолдана білу
керек.
Дидактикалық ойындар кішкене
балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі
ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін
ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы мен: «Сиқырлы
қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда жиі
қолданамын. Бұл ойын балаларды зат туралы айта білуге үйрету,
олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын
міндеті - қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық
ойындарды айналамен танысу, әдебиет сабақтарында жиі
қолданамын.
Дидактикалық ойындардан басқа рөлдік
ойындардың да мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орны бар.
Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар
бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты
жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.
Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы
әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен
оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы
өмірді бақылауға, күнделікті өз
өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне
пайдалануға төселдіруге болады.
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын
ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін.
Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың
өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім
үлгісі қалыптасады.
Қазіргі таңда мектепке
дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы
ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең
қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін
айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға,
байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды
дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке
мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік
береді.
Мектепке дейінгі шақ адам
өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде
баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.
Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты
дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты
нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан
мектепке дайын шәкірт болып шығады.
Балабақша – барлық тәрбие мен
білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен
білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан
дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке
дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты
мақсаттарымның бірі екенін қуана айта
аламын.
Пайдаланылған
әдебиеттер:1)Касаткина Е. И. Игра в жизни дошкольника. – М. ,
2010. 2).Касаткина Е. И. Игровые технологии в
образовательном процессе ДОУ. //Управление ДОУ. – 2012. –
№5. 3)Карпюк Г. А. Реализация права ребенка на игру.
//Старший воспитатель. – 2007 – №6.
4)Пенькова Л. А. , Коннова З. П. Развитие игровой
активности дошкольников.
5)Источник:
http://doshvozrast.ru/metodich/konsultac158.htm