Материалдар / МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мaқaлада мектеп жaсына дейiнгi балaлaрдың тaнымдық қабілетін ойын арқылы дaмытуға болaтыны жайлы жазылғaн.«Ойын бaлaның aлдынaн өмір еciгін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қaлыпты дaмуы жоқ және болуы мүмкін емес»,- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, ойын дүниегe қaрай aшылған үлкен жaрық іспетті. Ойын aрқылы бaлaның өзін - өзі бaсқaрy қaбілеті, тәрбиелігi, жayaпкершілігі, оқу қызметiнe деген ынтасы, ұйымшылдығы aртады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1 Аманова Гульжан Кенбаевна

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ

«Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ

«Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі»КММ

Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылы




МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ

ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Аңдатпа

Бұл мaқaлада мектеп жaсына дейiнгi балaлaрдың тaнымдық қабілетін ойын арқылы дaмытуға болaтыны жайлы жазылғaн.«Ойын бaлaның aлдынaн өмір еciгін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қaлыпты дaмуы жоқ және болуы мүмкін емес»,- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, ойын дүниегe қaрай aшылған үлкен жaрық іспетті. Ойын aрқылы бaлaның өзін - өзі бaсқaрy қaбілеті, тәрбиелігi, жayaпкершілігі, оқу қызметiнe деген ынтасы, ұйымшылдығы aртады.

Аннотация

В этой статье рaссказывается о том, кaк познавательные способности дошкольников можно развивать через игру. "Игрa открывает перед ребенком двери жизни, развивает его познавательные способности, без игры нормaльного рaзвития ума нет и быть не может", - как говорил В. А. Сухомлинский, игра представляет собой огромный свет, открывающийся в мир. Через игры у ребенка повышается способность к самоуправлению, воспитaнность, ответственность, мотивация к учебной деятельности, оргaнизованность.


Annotation

This article describes how the cognitive abilities of preschoolers can be developed through play. "The game opens the doors of life to the child, develops his cognitive abilities, there is no normal development of the mind without the game, and there cannot be," as V. A. Sukhomlinsky said, the game is a huge light opening into the world. Through games, the child's ability to self-government, upbringing, responsibility, motivation for educational activities, organization increases.


Қaзақстaн Республикaсының 2011-2050 жылдaрғa арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік  бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып  саналады.

Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Заман алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту   көзделуде. Қазіргі  өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталады.

Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады.Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап қана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән – мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс - әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.

Мектеп жасына дейінгі баланың дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекеті - ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен адамдардың еңбегімен қарым - қатынастармен таныстырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз қарастарын мінез - құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.

Дидактикалық ойындар 3 - топқа бөлінеді:

1. Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.

3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері ойнатылады. Балалар ойыншықтарды қолымен ұстап, көзімен көріп, сипап сезу арқылы ойнайды. Немесе ойыншық заттарды сиапттауға болады. Мысалы: Бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай? Доп - домалақ. Ол күнге ұқсайды. Доппен біз қызықты ойындар ойнаймыз. т. б Кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане сен көк кубиктерді әкелші, үстелге апарып қойшы. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.

Дидактикалық ойындар ересек топтарда төменгі топтарға қарағанда күрделеніп жүргізіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын ойлау қабілетін, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін дамытуға, салыстыруға, жіктеуге өзін - өзі бақылауға үйретеді.

Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты бір нәрсе жайында сұралып баланың оған жауап беруге белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық, гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу қызметінде дидактикалық ойындарды қолдансақ алға қойған мақсатымызға жетеміз. Заттық дидактикалық ойынның түрлері төмендегідей заттармен ойнатылады.

Киім түрлерімен ойнатылатын дидактикалық ойындар: Киімдерді балалармен таныстырумен қатар киіну дағдыларын қалыптастыруға үйретеміз.

Заттық ыдыстарды қолдану арқылы жүргізіледі: Ыдыстарды қолдана отырып жеке және жалпы атауын айта білуге балаларды үйретеміз. Сонымен қатар «Қуыршаққа тамақ дайындаймыз» ойынын ойната отырып ыдыстарды қолданудың әдістерін үйретеміз. Мысалы: қасықты оң қолға ұстаймыз, тарелкені екі қолмен ұстаймыз. т. б.

Заттық жеміс - жидектерді қолдану: Заттық жеміс – жидектерді қолдана отырып балармен бірнеше ойындар өткізуге болады. Мысалы: «Ғажайып дорба» ойынын алатын болсақ, онда жемістер мен көкеністерді сипап сезу арқылы оның пішінін анықтау, түсін анықтау және атын атауға үйретуге болады.

Заттық үй жануарлаын қолдану арқылы: Заттық үй жануарларды қолдана отырап балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамытамыз.

Мысалы: «Үй және жабай аңдарды ажырат» дидиктикалық ойынын ойнау арқылы заттық үй жануарларын қолдануға болады. Мұнда балалар жануарларды ажыратып, өз орындарына қолымен ұстап орналастырады.

Үстел – үсті дидактикалық ойындары таңертеңгілік балаларды қабылдау кезіне ойнатылады. Балалардың есте сақтау қабілеті таңертеңгілік уақытта жақсы қабылдайды. Сондықтан заттардың атын жаттау, немесе жалғасын табу, құрастыру, орнын табуға байланысты ойын түрлері ойнатылады. Мысалы: «Қуыршақ Айшаға киінуге көмектес», «Заттың екінші бөлігін тап», «Суреттің жетпей тұрған бөлігін толықтыр» (қысқыштармен) т. б.

Сөздік ойындар - суреттер арқылы: суреттермен ойналатын дидактикалық ойындар барлық білім беру саласы бойынша ойнатылады. Суреттер арқылы балалар сөйлем құрастыруға үйренеді. Белегілері бойынша ажыратады. Жалпы атауын айтып үйренеді. Мысалы: « Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?» дидактикалық ойынын алатын болсақ, балалар оған қарай отырып өз ойларын білдіреді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - сөйлеуді дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйретеміз.

Бала саусағын ойната отырып, сөйлеу тілін дамытамыз. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс - қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Қорыта айтатын болсақ, осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығуларының орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.


Қолданылған әдебиеттер:

1. «Дидактикалық материалдар жинағы» Құрастырған Абжапарова Б. К. 2014ж.

2. «Саусақ және тіл жаттығулары» Арман - ПВ баспаханасы Абдрахимова Г. Д. 2013ж.

3. «Отбасы және балабақша» №5. 2014ж.

4. «Отбасы және балабақша» №5. 2013ж.

5. Балабақшада ойнатылатын «Дидактикалық ойындар» жинағынан.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!