Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын тәрбиелеудің өзектілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын тәрбиелеудің өзектілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
691
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын тәрбиелеудің өзектілігі


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін жерілдіретін әсерімен ерекшеленеді.

Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.

Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз .

Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық жаттығулардан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды пайдалануды орынды деп дәлелдеді.

Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек деді .

Біз өзіміздің зерттеуімізді мектеп жасына дейінгі үш, төрт, бес жастағы балалармен жұмыс жүргізуге бағыттадық. Үш топтық балалар арасындағы дене шынықтыруды қалыпты дамытуды ұйымдастыру үшін қозғалмалы ойын түрлерін ұлттық ойындар негізінде бірнеше топқа бөліп алып қарастырдық және ойындарды қолдануда күрделілік дәрежесіне бөлдік.

3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Адам неғұрлым жас болса солғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді» .

Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы нашарлайды және кешігеді.

«Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор», деп жазады Ж.Д. Демеуов бастаған бір топ ғалымдар. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді .

Келесі ғалым А.Б. Нурлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп жаттығу, еліктеу және ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығумен дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін (аң-құс, мал, зат т.б.), үшіншіге арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.

Ойындарды белгілі бір классификация арқылы кезең-кезеңге бөліп қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады .

Осы белгілерді негізге ала отырып қазақтың ұлттық ойындарын балалар арасында дамыту тиімді болып келеді. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің ұлттық пішіндерімен ұштасатын жолдары қоғамдық өмірдің барлық басқа салалары сияқты жаңа өмір салтына сай не сай еместігі жөнінде тексеруден өтеді. Ұлттық ойындардың кейбір түрлері жаңа мазмұнға ие болып әрі қарай дамиды, ал кейбіреулері тіпті жоғалып кетеді.

Қазақ халқы баланы туған күннен бастап денесін қимыл-іс әрекетке тартып өсуіне мән берген. Баланың өсуіне қарай ұлттық дәстүрді енгізу мақсатында мынадай жағдайды ескеру керек. Әр бала жеке тұлға екендігі, оның қабілеті де әр-түрлі болып келетіндігі. Сондықтан қимыл-қозғалысқа үйрету барысында жасаған дене шынықтыру әрекетіне қарай белсенді қимылдайтын бала және жай қозғалатын балаларды ескеріп сабақ өткізу тиімді.

Денсаулықты қалыптастырып орнықтыратын және шыңдайтын дене жаттығуларын екі үлкен топқа бөліп қарастыруды Н. Мырзақанұлы ұсынады ол жаттығуларды біртектес және әртектес деп топтастырады. Бір тектес дене қозғалыстары түрлері үздіксіз бір текті және тұйықталған әрекеттерді қайталайтын қимылдар жүйесінен тұрады бұған: жүру, жүгіру, велосипед тебу, суға жүзу т.б. жатады. Әр текті дене жаттығулары айырмашылығы олар қимыл-әрекеттерін орындау үстінде жаттығу түрлері үнемі өзгеріп отырады оларға: гимнастикалық жаттығулар, күрес түрлері, спорттық ойындарын жатқызады .

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру, баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.

Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне мән берілуі керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.

Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор.

Мектеп жасына дейінгі балаға дене мүсінінің дұрыс қалыптасуын яғни денесін түзу, тіке ұстауды, бала отырғанда, тұрғанда, жүргенде денесін тік ұстауды әдетке енгізу қажет.

Дене шынықтыру жаттығуларының өзіндік мазмұны мен белгілі бір құрылысы болады. Мазмұнға дене шынықтыру жаттығуы барысындағы механикалық, биологиялық, психологиялық үрдістер кіреді. Осылардың әсерімен қимыл-қозғалысқа әрекеттену жүгіру, адымдау, секірудің т.б. қорытындысы ағзадағы және денедегі өзгерістерге әкеледі.

Дене шынықтырудың сыртқы құрылымы көзге көрінетін бейнесі, ол қозғалыс сәтіндегі кеңістік, уақыт және күш қатынастарын көрсетеді.

Балаға үйретілген әр жаттығуда қимыл міндетін яғни қозғалыс жасауды саналы түрде мақсат етіп қойылады. Мысалы, қазақтың ұлттық ойыны «Ортекені» ойнаудың негізгі идеясы қашықтықты секіріп бағындыру. Ойынды күрделендіру мақсатында сәл ойық шұңқырдан қарғу арқылы ойнау тәртібін ұсынамыз. Ойын барысында секіру бір немесе бірнеше әдіспен орындалады, бір орыннан шұңқырдың келесі бетіне ортекеше екі аяқпен ырғалып секіру, немесе бір аяқпен созыла адымдау.

Қазақстан Республикасындағы балабақшаларға арналған «Балбөбек» бағдарламасында (2006) тәрбиеші, ұстаздарға арналып дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан көптеген материалдар қамтылған. Мысалы әр топтағы балалардың ерекшеліктеріне байланысты көңіл бөлуге қажетті 1 жастағы балалар өзімен-өзі ойнау барысында қоршаған заттардың түсін ажыратып, күнделікті бір немесе бірнеше нақты ойыншықты (көбіне ашық түсті қызыл, көк, жасыл) танып оны байқап, өзіне белгісіз заттың бәрін ұстап аузына апарып, не екенін білуге құмартады, бұл баланың сезім ағзалары жұмысын күшейтіп, көрген затын білуге ұмтылысы артатындығы туралы. 2-3 жастағылар топырақ, құммен көп ойнауға құмар болып келеді, 3-4 жас аралығындағы балалар бір нәрсені бүлдіріп, бұзып, ішінде не бар екен дегендей қарауға құмартып ойнайды, 5-6 жастағылар көбіне еліктеу ойындарын көргенін қайталауға тырысу, сөйлеуге құштар болып келеді деп көрсетеді.

Үш жастағы баланың дене салмағы бұрынғысынан 2 кг артып, бойының ұзындығы 7-8 см өседі. Үш жасар баланың бойы 95-96 см, ал орташа салмағы 14-15 кг болады. Ол күндіз бір мезгіл ұйықтап, қалған уақыттарын үнемі қозғалыс үстінде өткізуді қалайды. Айналасындағы бар құбылыстарды ойын арқылы тануға тырысады. Сол арқылы танымы мен тілі жетіліп, ойлау қабілеті мен түйсінуі айқындала береді. Үш жастағы балалардың аяқ алыстары қажетінше ширай қоймағанымен, олардың қол қимылы мен саусақ ептілігі әжептәуір жетіле түседі. Ол саусақтарының әрекеттерін еркін басқара алады деп кеңес береді .

Үш жастағы балалардың отыру, тұру және жүру дағдыларының жақсы жетіле бастауына байланысты жүйке жүйесінің морфологиялық және функциональдық дамуы қарқыны арта түседі, балада шартты рефлекстің орындалу уақыты ұзарады. Қозудың иррадияциясы байқалады, қолдың қимылы аяқтың қимылымен қатар жүретіндігін көрсетеді .

Ұлттық ойындар мен спорттық жаттығу түрлерін таңдағанда олардың жас ерекшеліктерін, икемділігін, бұлшық еттерінің әлі жетілмегенін, тез шаршайтындығын ұмытпаған дұрыс. Осы жастағы баланың психикасының дамуындағы негізгі және басты қажеттілік қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуы болып табылады.

Үш жасарлар арасында жасалатын жаңа қатынас түрі жалғыз өзі ойнаудан бірлесіп топ болып ойнайтын ойын әрекетінің қарапайым түріне біртіндеп ауыстырған тиімді. Үшке толған балада жеке басына маңызды балалық дербестік пайда бола бастайды.

Бала үштен асқан кезде үйдегі немесе балабақшадағы тәрбие әсерінен сан-салалы танымдарды игеруге, күрделі құбылыстарды ұғынуға талпынып үлкендерге сұрақтарды көп қоя бастайды.

Бұл кезде мидың жарты шарларының қабы баланың бүкіл мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін басқара отырып, нерв талшықтары мен жұлын-жүйкелерінің жұмыс істеу қабілетін күшейте береді. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты өсіп отырады.

Ғалымдар Г.Г. Грохолский мен С.В. Молчанов өз зертеулерінде төрт жастағы баланың орташа көрсеткіштері төмендегідей болып келеді: салмағы 16-17 кг, бойы 100-102 см, ол жыл бойына мөлшермен 1,3 кг салмақ қосып, бойы 5-7 см өседі, көкірек аумағы мөлшермен 53 см болады.

Осы жастағы балалар шамамен күніне екі шақырымға жуық жер жүреді. Балалар 4 жасынан бастап еркін қозғалып, қимылдарды еркін жасай алатын жағдайға жетеді. Осыдан кейін олардың жүріс-тұрыстарындағы дәлдік қабілеттер дами береді. Төрт жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі, бала не істесе де оны саналы түрде жасауға тырысатындығы туралы деректер келтіреді.

Бес жасқа толған балаларға тән сипат ағзаның жедел өсу кезеңі болып табылады. Бір жыл аралығында баланың салмағы 1,5-2 кг артады, бойы 6-7 см. өседі. Бес жастағы баланың салмағы мөлшермен 19 кг, бойы - 110 см, көкірек аумағы 54-55 см-ге жетеді. Миы жедел толысып, мидың үлкен жарты шар қабығының қызметі жетіледі, астыңғы ми қыртысы орталығының мінез-құлыққа қатысты ықпалы айтарлықтай болады.

Баланың негізгі қимылдарының жетілуінде сапалы өзгерістер пайда болып, қимыл-қозғалысты дәл орындауы артады. Өз әрекетін жоспарлау, белгілі бір ойынды нақты түрде көрсетіп, іске асыра білуі жетіле түседі. Мұның жай талпынудан, ниет білдіруден өзгешелігі сол, бала өз мақсатын ұғынумен қатар оған жетудің тәсілдерін де түсіне бастайды, балаларда сюжетті ойындарды өздері ойлап тауып, орындаушыларды өзара келісіп бөлісе алады.

Дене шынықтыру арқылы тәрбиелеу барлық тәрбие жүйесінің бөлінбес бір саласы болып табылады. Дене тәрбиесі болмаса баланың жан-жақты дамуы мүмкін емес.

Гигиеналық күтім және өлшемді тамақтану, қозғалысқа керек биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру, отыру, тұру, жүру, жүгіру, секіру сияқты алғашқы қозғалыс жасау мүмкіндіктерін қалыптастыру тағы да басқа қажеттіліктерді дене тәрбиесінің арқасында жүзеге асыруға болады. Өзінің мәні тұрғысынан қимыл-қозғалыс қызметіне сүйеніп баланың бұл кезде көру, есту сияқты сезімдері ақылынан бұрын жетіліп, дамыған. Бұл кезде баланың еліктеуі, көргенін қайталауға тырысуы басым болады. Сондықтанда бұл кезеңді еліктеу кезеңі дейді. Ойын сәтінде бала көрген нәрсесінің бәріне еліктейді. Ата-анасына еліктеп, солардың істегенін қайталап, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемін бейнелеуге ұмтылады. Бала не істесе де одан еліктеудің, басқаны қайталаудың ізін көреміз. Еліктеу-бұл кезеңнің өзіне тән ажырамас сипаты. Осы кезеңдегі бала сезімтал, әсерленгіш, ашуланшақ сәл нәрсеге ренжіп, өз эмоциясын тез көрсетеді.

Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Дене жаттығулары баланың жас ерекшелігіне сай өзгеріп күрделене түседі. Жас шамасына қарай күрделене түскен жаттығулар өз құрамына күнделікті тұрмыстан, адам еңбектерінен, әскери қимыл қозғалыстардан сонымен қатар спорт түрлерінде кездесетін қозғалыс түрлерінен алынатын жаттығуларды енгізеді. Жаттығу кезінде баланың барлық тірек-қимыл мүшелері жұмыс жасап, барлық мүшелерінің іс-қимылдары дамып, жүрек, тыныс алу және жүйке жүйелерінің қызметі арта түседі.

Бес жастағы балалар үшін ұлттық ойындар ішінен көбінесе көп қозғалысты мақсат ететін ойын түрлерін пайдаланған тиімді. Себебі 5 жастағылардың еліктеу қабілеті қатты дамығандықтан, оларға ойын барысында өз қиялын, елесін іске асыру еркіндігін беру қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қимыл-қозғалысқа үйрету барысында әр-түрлі әдістемелер қолданылады оған топтағы барлық балалармен жалпылама жұмыс, екінші шағын бірнеше баламен жұмыс, үшінші белсенді қимылдайтын балалармен жеке жұмыс, төртінші жәй қозғалатын балалармен жұмыс, бесінші жеке баламен, алтыншы топпен жұмыс сияқты түрлерін қолдауға болады.

Жалпылама жұмыс жасау барысында бір тапсырманы барлық бала бір уақытта орындайды. Ондай дене шынықтыру жаттығуларына жүру, жүгіру немесе аяқ-қолға арналған жаттығу элементтері жатады.

Балаларды қимылға үйретудің негізгі әдісі көрсету, түсіндіру және жаттығуларды балалармен бірге орындау болып табылады. Бұл әдістің қолдану барысы әр-түрлі. Мысалы: 5 жас мөлшеріндегі балаларға қимыл-қозғалыс жаттығуларының кейбір элементтерін көрсету немесе түсіндірумен шектелсе де болады. Дене шынықтыру барысындағы қимыл-қозғалыс элементтерін орындаудың негізгі шарты оларды бірнеше рет қайталау және бірте-бірте жетілдіру болып табылады.

Баланың қозғалысының дамуы тірек-қимыл және нерв жүйелерінің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау тағы сол сияқты күрделі қимылдар және олардың дұрыс бағытталуы 3-5 жаста қалыптасады. Бірақ, мектепке дейінгі жастағы балалардың өз қозғалыстарын дұрыс бағыттау механизмдері еркін жетіле қоймайды. Тек тұрақты жаттығу арқылы мектепке дейінгі балаларда бағытты қозғалыс дамиды.

Біздің бұл зертеуіміздегі негізгі мақсат 3-5 жастағы балаларға ұлттық ойын арқылы денесін шынықтыратын жалпы спорттық жаттығулардың көмегінің бала денсаулығы мен зейін-ынтасының дамуына тигізер көмегін көрсету болып табылады. Дене шынықтыруды ұлттық ойындар көмегімен бала өміріне енгізудің мынадай прогрессивті жақтары бар. Оларға: үлкендердің көмегінсіз іс-әрекеттерді орындауға белсенді бағыт алуларына, балалар арасында жасалатын жаңа қатынас жалғыз ойнаудан, топ болып бірлесіп ойнау әрекетінен өту қалыптасады, жүректілік, ұстамдылық, шыдамдылық секілді қасиеттер қалыптасады.

Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері олардың денсаулығын сақтау, нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, ағзаны шынықтыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі баланың денесін шынықтыруды зерттеген белгілі ғалымдардың бірі Т.И. Осокина «...дене шынықтыруды педагогикалық ықпалмен мақсатты жүргізгенде нақты нәтижеге жетіп, бала денсаулығы нығайып, жалпы шыдамдылығы, жұмыс жасау қабілеті артып, жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты дамуына әсерін тигізеді деп көрсетеді .

Сонымен келтірілген деректерді қорытындылай отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс жаттығуларымен қоса ұлттық халық ойындарымен ұштастыруды сабақ үстінде тұрақты дағдыға айналдырсақ, баланың тән саулығын бүгіннен сақтап, болашақ әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттерін арттыруға және рухани дамуына, еңбек ету қабілетін арттыруға негіз болатындығын көреміз.

Баланың денесін шынықтыру жұмысын жүйелі түрде жүргізу қажет екендігін олай болмаған жағдайда шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу дағдылары тез жойылатындығын көреміз.

Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты тек қана дене кемелдігінің немесе ой-сананың жетілуінде емес, керісінше осы қасиеттердің іштей ұштасуында екендігіне көп көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан қарағанда, дене қимылы тек қана дене қимылы үшін ұйымдастырылмай, бала денесінің кемелдене түсуі ой-сананың кемелденуімен ұштасуы шарт.

Бұл жерде мақсатты қимыл-әрекетті ой-санамен ұштастыруы, яғни ой-сана мен қимыл бірлігін біріктіргенде бала өмірінің, денсаулығының жақсы дамуының алғы шарты қалыптасатындығын көреміз. Сондықтанда бала ағзасын дамыту үшін денесін шынықтыруды жүйелі түрде өткізу қажет. Шынығу сапалығын ұйымдастыру, қимыл-қозғалыс дағдысы, оны жасай білу баланың интелектуалды және психикалық дамуымен, тұлғаның мінезін тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Баланың денесін шынықтыру барысындағы негізгі мақсат: бала денсаулығын қорғап оны нығайтып, ағзаны шынықтыру, дененің дамуының толық мәнді нәтижесіне жету, дене құрылымының келісті өсуі, ағзаның жасына сәйкес дамуы, организімнің қорғаныс қабілетінің артуы, ақыл-ой және еңбек жұмысының жақсаруы, тұлғаның мінез-құлық, ерік-жігерін, белсенділігін, дербестілігін тәрбиелеу болып табылады.

Дене тәрбиесінің келесі мақсаты ойын іс-әрекетінің кең ортасын қалыптастыру, дененің қозғалыс сапалығын дамыту оның ептілік, атап айтқанда координациялық қабілетін, жалпы төзімділік, жылдамдық-күштілік сапасы және тепе-теңдік сақтай білуді үйрену, дұрыс мүсіннің қалыптасып, майтабан болудан алдын-ала сақтандыру. Әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған дене шынықтыру жүйесінде ұлттық халық ойындары пайдалылығы жағынын ерекше орын алатындығын көреміз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!