400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесін дамытудағы нейрожаттығулардың рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесін дамытудағы нейрожаттығулардың рөлі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу процесін дамытудағы нейрожаттығулардың рөлі.

Көптеген ғалымдар адамның қолы мен бас миының байланысын зерттеп анықтаған.Бас ми екі жартышардан тұрады. Сол жартышарда орналасқан мидағы сөйлеуге жауап беретін Вернике орталығы және Брока аймағы. Оны дамыту үшін ең алдымен қол жаттығуларын жасап,қолды жұмыс істеткізу керек.Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу процесін дамыту үшін ең алдымен ми жартышарларын іске қосу керек.Ол үшін түзете-дамыту іс-әрекеттеріне нейрожаттығуларды қосу қажет.Нейрожаттығу-бұл қол жаттығулары.Бұл жаттығулардың негізгі мақсаты- мидың жартышарлары арқылы қол моторикасын,танымдық процестерді дамыту. Сөйлеу тілі бұзылысы бар балаларға нейрожаттығудың негізгі мақсаты – мидың жұмысын белсендіру және ынталандыру, жаңа нейрондық байланыстардың қалыптасуына және мидың дамуына ықпал ету. Бұл жаттығулар қимыл-қозғалыс, көру және есту қабылдау, кеңістіктік ойлау, есте сақтау және зейін сияқты мидың барлық аймақтарын белсендіруге бағытталған. Нейрогимнастиканы әр балаға оның даму және жас ерекшеліктері ескере отырып,нейрожаттығудың түрін түзете-дамыту іс-әрекетіне қосады. Бұл жаттығуды моторика мен координацияны дамыту үшін де пайдалануға болады. Әртүрлі дыбыстары бар аудиожазбалар балалардың есту қабілетін және дыбысты талдау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған нейрогимнастиканың негізгі артықшылықтарының бірі нейрожаттығуларды ойын түрінде орындауға болады, бұл жаттығуларды орындай балалар үшін танымды және қызықты етеді. Педагогпен бірге ойнай отырып, балалар бұл процеске қызығады және сонымен бірге дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, нейрогимнастикаға ата-аналардың да белсенді қатысуына болады.

Миды мектепке дейінгі жастан дамыту керек, содан кейін мектептегі(жазу жазуға,сурет салуға) және күнделікті өмірдегі іс-қимылдарға(ыдыс жууға,затты көтеруге,ұстауға) тез үйреніп қиындықтар болмайды. Нейрожаттығулар сөйлеу тілі бұзылыстарын және оқудағы қиындықтарды алдын алуға да септігі мол.Нейрожаттығуға қойылатын талаптар:

1.Нейрожаттығудың ұзақтығы 5-7 минутты құрау керек.

2.Күнде жасап тұру керек

3.Нейрожаттығу қызықты болу керек

4.Бір іс-әрекетте 3-4 нейрожаттығу жетеді

Нейрожаттығуларға келетін болсақ:

1. «Сақина».Мүмкіндігінше тезірек саусақтарды кезек-кезекпен бірақ жылдамырақ сақина тәріздес етіп қосу керек(бас бармақ сұқ саусақпен,содан кейін бас бармақ ортан терекпен).

Бұл нейрожаттығудың бір ерекшелігі логопед мамандар балаға дыбыстарды қоюда,буынға оқытуда қолдануға болады.Мысалы:қолғапқа әріптерді жабыстырып,саусақтарды бір-біріне сақина тәріздес қосып,шыққан буындарды оқуға болады.

2. «Алақан-жұдырық».Бұл нейрожаттығуда мұғалім қол қимылдарын жасайды,ал бала мұғалімнің қозғалыстарын қайталайды.Логопед дыбыстарды буында,сөзде қою үшін пайдалануға болады.

3. «Бақа».Екі қол тізенің үстінде,бір қол жұдырықты,екінші қол алақанды көрсетіп тұр.Қимыл екі қолда кезекпен қайталады.

4. «Құлақ-мұрын».Бала бір қолымен құлақты, екінші қолымен мұрынның ұшынан ұстайды, содан кейін қолын ауыстырады.

5.«Жылан».Қолымызды (алақанды) біріктіріп,жорғалап бара жатқан жыланды бейнелейміз.Біз алақандарымызды біріктіріп, оларды жылжытамыз, жорғалаушы жыланды бейнелейміз.

Жалпы алғанда өте көп нейрожаттығулардың түрлері бар.Баланың түзете-дамыту іс-әрекеттеріне нейрожаттығуларды кіріктіру баланың сөйлеуіне,физикалық және психикалық,танымдық процестеріне оң әсер етеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі