Материалдар / «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» тақырыбында өткізілген педагогикалық кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балада экологиялық білім, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруға жағдай жасау. Тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін арттыру, әдістемелік деңгейін көтеру, шығармашылық ізденіске ықпал ету.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Абай облысы білім басқармасы

«Семей қаласы білім бөліміНІҢ» ММ

12 «Ажар» бөбекжайының КМҚК

Әдіскері Аукенова АкКАЙША АЙТЫКЕНОВНА




Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балада экологиялық білім, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруға жағдай жасау. Тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін арттыру, әдістемелік деңгейін көтеру, шығармашылық ізденіске ықпал ету.

Өткізілу түрі: Ұжымдық шығармашылық қызмет

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:
1. Балабақша тәрбиеленушілерімен серуен әрекетінің жүзеге асырылуын бақылау ;

2.
«Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде экологиялық тәрбие бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыптық бақылау жүргізу 3. Алдағы педагогикалық кеңестің күн тәртібін құру, алдағы педагогикалық кеңеске тәрбиешілерді дайындау, экологиялық білім беру мен тәрбие бойынша жұмысын талдау сұрақтары,педагогикалық кеңес шешімінің жобасын дайындау.
Безендіру :  екі жаққа үстелдер қою, педагогтарда көк және жасыл түсті галстуктер (жасыл-көк планетамызды бейнелейді).
Құрал-жабдықтар: түсті қағаздар (қызыл, жасыл), гүлдердің, жидектердің суреттері суреттері (қызыл,көк),себет , «Табиғат» тақырыбындағы бейнеролик, грамоталар, түрлі-түсті қарындаштар, плакат, қағаз, қалам.


Педагогикалық кеңестің күн тәртібі:

1. №1 педагогикалық кеңес шемімінің орындалуын талдау 2. Рефлексия «Экологиялық қоржын» (аға тәрбиеші)

3. «Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде экологиялық тәрбие бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыптық бақылау жүргізу 4. Балабақша тәрбиеленушілерімен серуен әрекетінің жүзеге асырылуын бақылау
5. Ойын: «Ұжымдық шығармашылық қызмет»

6.  Педагогикалық кеңес шешімі

 

Педагогикалық кеңес барысы:


  • Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздерді бүгінгі №2 педагогикалық кеңесімізде көргенімізге қуаныштымын. Біздің педкеңесінің тақырыбы «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру».

Бұл тақырыптық педагогикалық кеңесті балабақшаның жылдық жоспарына сай «Балалардың экологиялық мәдениетін дамыту: яғни ортақ үйіміз – табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне танымдық қызығушылықты қалыптастыру» мақсатында алып отырмыз. Кеңесті бастамас бұрын бір ойын ойнауды ұсынамын.

«Ассоциация» ойыны:

Көбінесе адамдар өзін және басқаларды әртүрлі табиғатпен байланыстырады , құбылыстарды, жануарларды немесе заттарды «раушан гүлдей құлпырып», «жұлдыздай жарқырап», «арыстандай ақырып», «қардай аппақ», «мамықтай жұмсақ», «судай тап-таза» т.б.
*Өзіңізді немен байланыстыратындығыңызды ойлаңыз , неге ұқсайсыз ( өлі және тірі табиғат, табиғи апаттар, табиғи құбылыстар т.б.)

*Өзіңіз үшін экологиялық мазмұндағы ассоциация, яғни теңеулерді алуға тырысыңыз. (Педагогтардың жауаптары алынады, қол шапалақтау)


Келесі кезекте №2 педагогикалық кеңестің күн тәртібімен таныс болайық:

1.     №1 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы туралы- әдіскер Аукенова А.А- 5 мин.

2.     Рефлексия «Экологиялық себет» (әдіскер Аукенова А.А.)-5 мин.

3.    «Топтардағы серуеннің ұйымдастырылуы» тақырыптық бақылау қорытындысы – әдіскер Аукенова А.А.-5 мин.

4.     Ойын -ҰШЖ (шығармашылық жұмыс).-25 мин.

5.     «Үздік табиғат бұрышы» тақырыптық тексеру қорытындысын шығару (балабақша меңгерушісі)- 5 мин.

6.     Рефлексия «Гүлдер алаңқайы»- 5 мин.

7.     Педкеңес шешімі.

1. №1 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуын талдау туралы әдіскер Аукенова А.А.- қысқаша ақпарат беріп, №1педагогикалық кеңестің шешімі орындалғаны туралы хабарламасы.


Табиғат – сұлулықтың қайнар көзі. Ол барлық уақытта да әдемі. Олай болса бейнеролик тамашалап, сәл демалып, бірге армандайық!(табиғат туралы бейнеролик көру).

Егер балалармен табиғатты бейнелейтін суреттерді қарасаңыз, бұл баланың психологиялық жағдайына жақсы әсер етеді, жан дүниесін тыныштандырады. Табиғат әлемі керемет! Ол өзінің саналуан ғажап дыбыстары мен хош иісі арқылы баланы өзіне тартады, қызығушылығын тудырады...

Балабақша қай жерде орналасса да: шулы қалада немесе тыныш ауылда, Солтүстік поляр шеңберінің арғы жағында немесе қиыр далада, табиғатты сүйетін педагог балаларға табиғат деп аталатын белгісіз елге алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі. Сондықтан да бүгін мен Сіздерді балаларға экологиялық тәрбие беру барысында туындайтын мәселелер туралы әңгімелеуге, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелер мен идеялармен бөлісуге шақырамын.


Рисунок 1 Рисунок 11 2.  Рефлексия «Экологиялық себет»

Әдіскер Аукенова А.А.: - Қазір Сіздерге «Экологиялық себет» атты ойынды ұсынамын.
1. Алдарыңызда 2 жидек тұр, қызыл түсті жидекке мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбиені қалыптастыруда нені жүзеге асыра алдыңыз жазыңыз, ал жасыл түсті жидекке экологиялық білім беру жұмысыңызда қандай кемшіліктерді атап өтуге болатынын қысқаша жазып көріңіз.

2. Енді піскен (қызыл) жидектерді және піспеген жидектерді (жасыл) экологиялық себетке жинап, талдаймыз ( 4-5-еуін талдаймыз).

Дәл осы мектепке дейінгі жастағы балаларда экологиялық білімнің негіздерін меңгерту өте нәтижелі, өйткені бала табиғатты өте эмоционалды, тірі нәрсе ретінде қабылдайды.

Ал біздің міндетіміз: балаларға экологиялық білім негіздерін қалай қалыптастырамыз?
- Ол үшін күн тәртібіндегі келесі мәселеге көшейік.


3. «Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде экологиялық тәрбие бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыптық бақылау жүргізу - хабарлама әдіскер Аукенова А.А.


 4. Ойын -ҰШЖ (шығармашылық жұмыс).

Осы нәтижелермен біз келесі күн тәртібіміздегі мәселе – ҰШЖ ойынына келдік. Бұл нені білдіреді? (ұжымдық шығармашылық жұмыс).

Дұрыс, ҰШЖ арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу мен тәрбиелеудің кейбір аспектілерін қарастыруға тырысамыз. ҰШЖ –қа 2 түс- «Жасылдар», «Көктер » командалары қатысады, неліктен мұндай түс атаулары таңдалды деп ойлайсыздар?

І. Экологиялық синквейн       

«Синквейн» сөзі француздың «бес» сөзінен шыққан және «бес жолдан тұратын өлең» дегенді білдіреді.

Синквейн – жай өлең емес, белгілі бір ережеге сай жазылған өлең. Өлеңнің Әрбір жолы бейнеленуі керек сөздердің жиынтығынан тұрады.

Синквейн – танымдық белсенділікті арттыру әдістерінің бірі.

1. Бірінші жол - тақырыпты білдіретін бір сөзді ( зат есім немесе есімдік) қамтиды.

2. Екінші жол - екі сөзден тұрады (көбінесе сын есімдер немесе жіктік жалғаулар), олар синквейнде таңдалған заттың немесе объектінің ерекшеліктері мен қасиеттерін сипаттайды.
3. Үшінші жол - үш етістіктен немесе заттың сипатты іс-әрекетін сипаттайтын жіктік жалғаудан жасалады.

4. Төртінші жол – автордың сипатталған объектіге белгілі бір мағынаны білдіретін төрт сөзден тұратын сөз тіркесі.

5. Бесінші жол – бір ғана сөз – тақырыптың немесе объектінің мәнін сипаттайтын түйіндеме, қорытынды.

Мысалы:

1.Қыс

2.Қарлы, аязды

3. Тоңдырады, қуантады, шаттандырады

4. Қыс - ұмытылмас бақыт әкеледі

5. Ғажайып


Топтарға тапсырмалар:

1.«Көктер» командасы «Экология» сөзіне синквейн құрастырады,

2. «Жасылдар» командасы «Табиғат» сөзіне синкыейн құрастырады


1. Экология.

2. биологиялық, географиялық.

3. үйретеді, зерттейді, қарастырады.

4. қоршаған орта туралы ғылым.

5. Өмір.

 

1. Табиғат.

2. Таза, сан-алуан.

3. Зерттеледі, ластанады, қорғалады.

4. Адамның тіршілік ететін ортасы.

5. Өмір.


Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі, әуен қосылады, уақыт аяқталған соң әр топтың капитандары қорғайды.


ІІ. «Акция, акция, акция!»

Акция - бұл балалармен жұмыс істеудің әртүрлі әдістерін қамтитын күрделі іс-шара.

1.«Жасылдар» тобына тапсырма: «Суды үнемдейік!» акциясының жоспарын құру. 2.«Көктер» тобына тапсырма: «Орманды және оның тұрғындарын өрттен қорға!» акциясының жоспарын құру – тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.


ІІІ. «Мен суретшімін»

1. «Жасылдар» тобына тапсырма: Су туралы экологиялық плакат құрастыру

Тақырыбы: «Су – тіршілік нәрі. Оған қамқор бол!»

2. «Көктер» тобына тапсырма: Орман туралы плакат құрастыру

Тақырыбы: «Орман – тіршілік көзі. Оған қамқорлық жаса!»

Ойынды қорытындылау- топтардың капитандары жұмыстарын қорғайды.


Рисунок 12 Рисунок 13 5.«Үздік табиғат бұрышы» тақырыптық тексеру қорытындысын шығару (Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің меңгерушісі)- хабарлама, марапаттау.

6.     Рефлексия «Гүлдер алаңқайы»

Әдіскер: - Құрметті әріптестер, бүгінгі педагогикалық кеңесімізді қорытындылайық.

Олай болса мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен мәдениет қалыптастыру мақсатында мен оқыған пункттер бойынша оң нәтижеге қол жеткізсеңіздер- қызыл гүлді, егер де әлі де жұмыс жүргізу керек деп ойласаңыздар - көк түсті гүлді үстелге қоясыздар.


* Топ балалары құстардың табиғаттағы пайдасын біледі.
*Сіз балаларға барлық тірі заттардың бір-бірімен байланысын дәлелдедіңіз, олар зиянды тіршілік иелерінің жоқ екенін біледі.
*
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой белсенділігін дамыта отырып, табиғаттағы тірі заттарды бақылау Сіздің тарапыңыздан үнемі жүргізіледі.
* Табиғат объектілерін бақылауды Сіз сурет салумен, сөйлеуді дамытумен, құрастыру іс-әрекеттерімен кіріктіріп өткізесіз.
*Балалар табиғат бұрышындағы гүлдерге қамқорлық жасайды.
*Топтың ойын алаңында құстарға жемсалғыштар ілінген.
* Сіз жазда балалармен бірлесе отырып құстарға азықтар жинадыңыз.
* Топтың ойын алаңында құстардың ұялары бар .
*
Балалар жәндіктердің пайдасы туралы біледі, оларға қамқорлық жасайды.
* Топтың кітап бұрышында табиғат жайлы кітаптар бар.
*
Балалар барлық тіршілік иелеріне қамқорлық тақырыбында тақпақтар біледі.
*Топта ата-аналар үшін экологиялық білім беру бойынша кеңестер,көрнекіліктермен безендірілген.

- Мен Сіздердің үстелдеріңізде қызыл түсті гүлдердің басым болуына өте қуаныштымын ... Себебі бұл Сіздердің жұмыстарыңыздағы оң нәтижелер! Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін.














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!