Материалдар / «Мектеп жасына дейінгі балалармен зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру және жүргізу»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мектеп жасына дейінгі балалармен зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру және жүргізу»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі жастағы балалардың сана сезімі зерттеу арқылы дамиды. сондықтан да зерттеу мақаласы барлық педагогтарға үлесі болады деп сенемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2022
243
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көзі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №23 «Алтын бесік» балабақшасы



















Мақала тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалармен зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру және жүргізу»











Мақала жазған: Бохай Р













2022ж қаңтар



Мектеп жасына дейінгі балалармен зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру және жүргізу

Сендер өздігінен білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер ,соғұрлым көбірек білетін боласыңдар

Н.Ә.Назарбаев


Білім беру - аса күрделі әлеуметтік - экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселері де сан қырлы.

Елімізде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу стандартының қойған жаңа талаптарында интеграциялық мінездемеге тоқталған. Яғни баланың танымдық дамуы, қоршаған ортаны танып білуі ұйымдастырылған оқу қызметінде ғана емес, сонымен бірге баланың жан – жақтылығын күнделікті күн тәртібінде жүзеге асуы туралы айтылған.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламалары педагогтардың мектепке дейінгі ұйымдағы қызметінде инновациялық көзқарасты талап етеді. Осыған сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың іс - әрекетін жан – жақты қамтамассыз ету туындайды. Олар: таным, ойын, еңбек, сөйлеуді дамыту, қарым – қатынас болып табылады. Бұл аталған компоненттердің барлығын балалардың әр іс-әрекетін зерттеу ұйымдастыру кезінде жүзеге асады және балаланың дамуына шексіз мүмкіндік туындайды.

Зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру кезінде балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол – байқау, қадағалау және зерттеу болып табылады. Сол себепті, біз баланың бойында біліктілік, танымдылық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет. Жеңілді күрделендіре отырып іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көп қырлылығын көрсетуіміз керек. Қазақ халқында «Жүз рет естігеннен де, бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе және өз тәжірибемнен алғанда, баланың шынайы қоршаған ортаға етене еніп кетуінің бірі тәжрибелі зерттеу іс-әрекетінде танымдық даму себептерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыс балалардың зерттеу іс- әрекетін қалыптастыруға, танымдық қабілеттерін дамытуға, қоршаған ортамен танысу үрдісінде жаңа шығармашылық іс – әрекеттерді қабылдауға мақсатталған және балалардың қоршаған ортаға деген жалпы көзқарастарын қалыптастыру; балалардың қошаған ортада қауіпсіздігі мен көңіл күйін, психологиялық – физилогиялық толыққандылығын сезіне білуді қамтамасыз ету.

Бұл жұмыс мазмұнында білім берудің бес саласы біріккен. Яғни «Денсаудық» - дене тәрбиесі, қауіпсіздік; «Таным» -жаратылыстану, қарапайым математикалық (Бағытты бағдарлау, өлшем) қол еңбегі; «Қатынас» - көркем әдебиет, тіл дамыту; «Шығармашылық» - музыка, сурет салу; белгілі бір бейнені шығару әдісі- мүсіндеу, жапсырма. «Әлеумет». Аталған білім беру салалары балалардың эстетикалы – көркемдік, сөйлеу – танымдық, әлеуметті – жеке тұлғалы жан – жақты дамуын қамтамассыз етеді.

Компоненттердің жүйелі түрде үйлесімінің арқасында балалардың балабақша ішінде және ауласындағы өткізетін уақытының үрдісі тиімді болады: оларға төмендегі компонентер үйлесімі жатады:

  • Тілдік қызметтің билингвалдық компонентінің молшылығы;

  • Іздену (зерттеу) іс – әрекетінің әртүрлі түрі;

  • Дидактикалық тапсырмалар;

  • Еңбек іс ірекеттері;

  • Қимылды ойындар мен ойын жаттығулары;

  • Өзіндік таным іс – әрекеті.

  • Танымдылық қабілеті кеңістікті бағдарлау үрдісі

Зерттеу іс – әрекеті балалаға өте қатты қызығушылық туғызады. Олар «қалай?» және «неге?» деген сұрақтарға өздері жауап табуға ізденеді, үйренеді. Балалар – табиғатынан зерттеушілер болып табылады. Оларға «Айтсаң – ұмытады, көрсетсең – есінде сақтайды, ал өздеріне мұрсат берсең – түсінеді» - деген мақалды қытай халқы тегінен айтпаса керек деп ойлаймын.

Бала өзі естіп, көріп және өзі жасаған кезде көп уақытқа және жақсы меңгереді. Міне осыған негізделе отыра мектеп жасына дейінгі мекемелердің жұмысына тәжірибелік түрде балалардың зерттеу жұмысын белсенді түрде енгізу түрткі болып отыр. Тәрбиешілер балалардың өздігінен белсенді түрде зерттеу жұмысын жүргізуге жағдай жасауға көп көңіл бөлулері қажет.

Балалардың жаңаны тануға деген сұранысына, олардың құлшыныстарын арттыруға бағдарлану – зерттеу іс-әрекетінің қоршаған ортаны жан –жақты тануға бағытталған таусылмас туындыларының негізі және дамуы жатады. Зерттеу іс-әрекеті қызықты және әртүрлі болуына қарай, бала көп ақпарат ала алады, сонымен қатар толыққанды және тез дамиды.

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде көптеген педагогикалық технологиялар тәжірибеде жүргізілуде. зерттеу іс-әрекетімен тығыз байланысты және балабақшаның барлық топтарында қолдануға тиімділігі зор. Осының негізінде әр баланың өзіндік ерекшеліктерін ескеру

Балаларға деген махаббаттарыңыз бен шығармашылық – қиялдарыңыз жан-жақты зерттеу талпынысыңыз қызықты ұйымдастыруға әрқашан көмектеседі деп сенемін.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!