Материалдар / МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНДАҒЫ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНДАҒЫ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектеп кітапханаларының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге , соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету болып саналады. Мектеп оқытушылары мен оқушыларына білімі орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Дәстүрлі кітапқа қызығушылықтың төмендеуі - әлемдік үрдіс, бұл жаңа технологиялардың қарқынды дамуынан, электронды кітап басылымдарының кең етек алуынан болып отыр. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы азайды деп қарап отырмай мәдениеттің, тарихтың даму сатыларын үлгі ете отырып, балалар әдебиетін сақтап қалудың, оқуға деген қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2021
862
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 13


МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНДАҒЫ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Бектемір Ақнұр Әбибуллақызы

aknur.bektemir@gmail.com

Педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан


Түйіндеме:Мақалада мектеп кітапханаларының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге , соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету болып саналады. Мектеп оқытушылары мен оқушыларына білімі орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Дәстүрлі кітапқа қызығушылықтың төмендеуі - әлемдік үрдіс, бұл жаңа технологиялардың қарқынды дамуынан, электронды кітап басылымдарының кең етек алуынан болып отыр. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы азайды деп қарап отырмай мәдениеттің, тарихтың даму сатыларын үлгі ете отырып, балалар әдебиетін сақтап қалудың, оқуға деген қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру керек.

Кілттік сөздер: дәстүрлі кітапхана, инновация, ақпарат, білім жүйесі, мемлекеттік бағдарлама, манифес, ктапханалық ұйым, ақпараттық құралдар.


Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеп, оның шешімін табу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі күні Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда балалар әдебиетінің қалыптасуы өзекті мәселе. Балалардың оқуына басшылық жасау үнемі өзгеріп отыратын ақпарат ағымында өз қажетін таңдауға бейімделуі үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарды танып білуі үшін де қажет. Оқу процесінде бала адами ұстанымдарды меңгеріп, өткені мен бүгінін таниды. Балалар әдебиеті баланың ақылы мен қиялын нәрлендіреді. Қазақстандық балалар әдебиетінің жауһарларын сақтау, жаңа шығармаларды насихаттау көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл бағытта мемлекеттік арнайы бағдарламалар жасалып,, кітапханалар, мәдени орындар, білім беру орталықтары да ашылып, әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Бірақ барлық іс-шаралар астаналық немесе үлкен қала тұрғындарына ғана қол жетімді, өңірлерге мұндай іс-шаралардың шағын бөлігі ғана жетуі мүмкін.

Оқу, соның ішінде балалар оқуы, қай кезде де қоғам үшін маңызды нәрсе. Балалар оқуының белсенділігінің аса төмендеуі дабыл қағатын жағдайға жетті. Кітап оқу мәселесі – мемлекеттік мәселе. Көзі ашық, көкірегі ояу ізгі ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі құрал – балалар оқуы мен балалар кітабы. Уақытылы қабылданған «Оқитын Қазақстан» бағдарламасы үлкен мақсат пен міндет қойды. Қазіргі таңда кітапханаларда оқу мәдениетін көтеруге бағытталған бағдарламалар аясында сан түрлі аралар өткізіліп келеді. Еліміздің облыстық кітапханалар жүйесінің кітапханалары «Бір ел, бір кітап» акциясына белсенді қатысып жыл кітабы болып белгіленген туындылар бойынша оқырман конференцияларын, дөңгелек, үстелдер т.б. көпшілік шараларды өткізді. Осындай игі іс-шаралардың бірі: Орал қалалық ОКЖ –і кітапханаларының балалар оқу мәдениетін көтеруді мақсат ете отырып, «Балалар оқуына жетекшілік ету – мемлекеттік бағдарламаның басты бағыты» тақырыбында кеңес ұйымдастырып, «Мемлекеттік бағдарлама және баланың оқу мәдениетін дамыту», «Жаңа ғасыр балалары нені оқиды?», «Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі ертегілер мен аңыздардың ролі» тақырыптары бойынша баяндамалар жасап мамандарға айтулы мәселе бойынша жол сілтеуді дәстүрге айналдырған.

«ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады, тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»- деп елбасымыз Н.Назарбаев атап айтқандай, қоғамымыз жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осыған байланысты кітап пен кітапхана жұмыстарының сырт қалып қойып жатқаны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологиясымен айырбастап жібергендей. Заманауи құралдардың қарыштап дамып бара жатқан заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығы қандай деңгейде?! Кітап оқуға қызыға ма, әлде интернет арқылы қажетті мәліметтерін алып қанағаттана ала ма? Интернеттік жүйенің мүмкіншілігі де, жетістігі де ұшан теңіз. Дегенмен оқырмандарымыз интернттен көркем әдебиеттерімізді қалай алып оқиды? Компьютер алдында сағаттап отыруға физикалық шамасы жете ме? Жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығын қалай арттырамыз? Ұлы ойшыл Шекспирдің «Кітап маған тақтан да қымбат» деп кітапқа табына айтқан ұлы сөзі, кәзіргі ақпараттың тасасында қалып бара жатқан сияқты. Сондықтан «кітап әлемін» қайта жандандыру – кітапханашыларға жүктелген үлкен міндет.

Жан-жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - кітапхана. Кітапхана білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ой-өрісіне, ішкі дүниесіне, ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болуы тиіс.

«Мен кітапханаларды ақыл, білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін. Ал кітапханашылар сол ешқашан жоғалмауға тисіті ең асыл құндылықтардың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын» деген халқымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаев. Кітапхана – кітап оқу белсенділігін арттыру үшін қызмет ететін бірден-бір мекеме. Олар оқырман сұранысын анықтау үшін маркетингтік сараптамалар мен сауалнамалар жүргізеді. Зерттеу нәтижесі бойынша, кітапхана қорын қажет кітаптармен толықтырады. Оқуды насихаттау, оқырманды баулу мақсатында түрлі іс-шаралар: дөңгелек үстел, семинар, конференциялар, арнайы көрмелер, жаңа кітаптың тұсаукесерлері, авторлармен кездесулер ұйымдастырады.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден - бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханасы – кітап арқылы оқушылардың жан - жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін – бір әлеуметтік орын .

Мектеп кітапханасы біріншіден оқу үдерісін қажетті ақпарттармен, құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден ол арнаулы кітапхана, үшіншіден ол сол мектептің бүкіл педагогикалық ұжымын, мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен қамтамасыз ете отырып көпшілік кітапханалардың да функциясын атқарады. ИФЛА және ЮНЕСКО (1999ж.) Манифестінде кітапханалық ақпараттық жүйедегі мектеп кітапханасының негізгі міндеті мен миссиясы тұрады. Мектеп кітапханасы – мектеп ұжымының барлық мүшесіне кітаптар, оқулықтар, бағдарламалар және басқа да ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпарттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады. Мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, кітапханаға оқырмандар тарту, балалар оқуына басшылық жасау, кітапхана қорын есепке алып, өңдеп, сақтау, насихаттау жұмыстары да мектеп кітапханасының міндеті.

Ақпараттық мәдениет ақпаратты құрастыру, өңдеу, сақтау, іздестіру мен пайдалану деген ұғымды білдіреді. Сондай-ақ кітапхананың ақпараттық кеңістігінде өзінің орнын сезіне білу, өзін ақпаратты құрастырушы, тұтынушы ретінде қабылдау, ақпараттық жағдайды түсіне білу. Ақпараттық мәдениеттің құндылығы – жеке тұлғаға өзін-өзі іс жүзінде көрсетуіне және өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік туғызу арқылы, өмірлік көзқарасын, санасын, өмірлік танымын қалыптастыруына, қоғамдық ортадағы орнын анықтауына ықпал ете отырып, рухани тұрғыдан байытады. Жеке тұлға – бұл өзіндік бір тұтас жүйе. Ақпарат жеке тұлғаның қажеттілік құрылымын, көзқарасын өзгерте алады десек қоғамның мәдени дәстүрі адам өмірінің моделін, яғни жеке тұлғаны қалыптастыратыны белгілі. Бүгінгі заманауи азамат тек қана оқу, жазу, сызу , сөйлеумен қатар, тек ақпарат алуға мүмкіндік беретін қызметтік сауаттылықпен ғана шектелмей ақпаратты өзі үшін бағалауға және оны өз мүддесіне пайдалану дағдысына қол жеткізуге, әлеуметтенуге ұмтылуы қажет және бұл заңды құбылыс.

Білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың бастапқы сатысы ретінде маңызды роль кітапханалық-библиографиялық білімге тиесілі. Бұл мектеп кітапханасы жұмысының негізгі бағыты. Балалар мектеп жасынан кітапханалық-библиографиялық білім әліппесінің негізін меңгерген болса, болашақта ақпарат әлемінде адаспай, қиындықсыз өз қажетін тез тауып алары сөзсіз.

Мектеп кітапханашысы – ол педагогикалық іс-әрекетке тікелей қатысушы, ол-тәрбиеші, ол – ұстаз. Сондықтан да ол жаңашылдық қызметке қабілетті, азаматтық жауапкершілігі мол, зиялы, рухани қасиеттерге бай тұлға болуы заңды. ИФЛА-ның мектеп кітапханасы манифестісінде: «Мектеп кітапханашысы – кітапхана қызметіне және оның қызметін жоспарлауға жауапты тұлға, ол - өз қызметін мектеп ұжымы мүшелерімен ынтымақтастықта жүзеге асырушы және көпшілік кітапханаларымен, басқа да мекемелермен қарым-қатынас орнатушы, кәсіби тұрғыда дайындалған мектеп ұжымының мүшесі»- деп түйінделген.

Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде арнайы мектеп кітапханашыларын дайындау мәселесі қарастырылмаған. Республикадағы педагогикалық жоғары оқу орындарында «кітапханашы-педагог» мамандығы бойынша маман дайындау, сонымен қатар «ақпараттық-педагогикалық» қызмет пәнін енгізу жоғары дәрежелі мектеп кітапханашысы маманына қол жеткізері сөзсіз. Мысалы: Америка құрама штаттары мектептерінде, кейінгі кезде Ресейде «кітапханашы-педагог», «кітапханашы-информатик» сияқты мамандар дайындалып, тиісті нәтижелерін көрсетуде. Сонымен қатар ақпараттық-кітапханалық жүйеде орын алып отырған инновациялық үрдістер әсері мектеп кітапханасынан да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастурға ықпал етіп отырғаны белгілі.

Жастардың рухани дүниесіне де көп көңіл бөліп, көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқуға ынталандыру қажет, кітап оқуды насихаттау үшін жоғарғы деңгейде кітапханалық сабақтар, кездесулер, ауызша журналдар, сайыстар, ертеңгіліктер ұйымдастырып, оқырмандар сусындайтындай, ой - пікір туғызатындай етіп өткізу. Кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру. Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру, оның ішінде балаларға қызмет көрсететін мектеп кітапханаларының еңсесін көтеру, дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арттыру, тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда.

Мектеп кітапханасының атқарар қызметі үлкен. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Мысал ретінде: «Мейірімділік шуақтары» библиотерапиялық кеш, «Класс пен мектеп намысы дегеніміз не?» пікірталас, «Кітапхана білімпаздар мекені» кеш, «Әдебиетке балалықты әкелген» конференция, «Ардақтайық ата тілін» кітап көрмесі , «Туған елім-Қазақстан» ауызша журнал , «Ата мұрам - асыл қазынам» сайыс, «Денсаулық - байлықтан да қымбат» ертеңгілік т.б. осы сияқты бірнеше көптеген іс-шаралар өткізіледі. Соңғы кездері еліміздің саясатының арқарсында балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.

Қорыта келгенде жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою үшін қажетті әдебиеттер ұсыну басты назарда. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасайтын, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы, ертеңгі ел маманының отынына, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, әдебиет қазыналарын, мәдени мұраларын тереңнен толғайтын сөз өнерін, тіл құдіретін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.


пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі:


1. Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың «Қазақстан бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы. «Жүз нақты қадам» // Оңтүстік Қазақстан, 2015. -20 мамыр. - №77-78. 1-4 б.

2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. // Егемен Қазақстан, 2007 ж. 27 шілде -№ 148

3. Бекмұратұлы, С. "Балалар әдебиеті-ұлт ертеңі": Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кезекті ІV пленумы / С Бекмұратұлы // Алматы ақшамы.- 2009, 1 желтоқсан.- (№140).- Б.3.

4. Есенов, Н. Қазақ балалары қандай кітап оқиды?/ Нұрлан Есенов // Түркістан.- 2014.-30 қантар.- №4.- Б.10.

5. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006- 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2006 ж. 10 қазан № 2006 // Ана тілі.- 2006. - 19 қазан - 1 қараша (№ 42/43).

6. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. -Егемен Қазақстан, 2012 ж. 14 желтоқсан, №265. – Б.1-6.

7. "Кітап.Баспа.Кітапхана": Дөңгелек үстел // Кітап жаршысы.- 2012.- маусым.- (№6).- Б.1, 2.

8. Қалиұлы, С. Заманға сай балалар әдебиеті керек/ С Қалиұлы // Ақ желкен.- 2010.- ( № 8 ).- Б. 21.

9. Нұржанова Г.И. Мектеп кітапханасы – ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бастапқы сатысы. //Мектептегі кітапхана:Школьная библиотека №5,2009. – Б.2-3.










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!