Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп кітапханасында өткізілген іс-шаралар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жарлы ауылының ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: ...................
Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі
З.Е. Мансурова
Ұстаздық еткен жалықпас...
(тақырыптық көрме)
Кітапханашы: Абиева А.М.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас
Мақсаты: Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу және оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру мен ұстаз еңбегін дәріптеу.
Мерзімі: Қазан айы, 2017 ж.
Сынып: 1-11
Өтетін орны: кітапхана, Акт залы
Кіріспе. І бөлім.
Кітапханашы: Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу және оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру мен ұстаз еңбегін дәріптеу мақсатында қазан айында «Ұстаздық еткен жалықпас» атты көрме жасалынды.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім.
Кітапханашы:
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».
Әбу Насыр Әл- Фараби
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым. Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?
Ұстаз-адамдықтың диқаншысы. Адам тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны Кіршіксіз,пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет.Ол жүректің батырлығын да, сезімнің ақылдылығын да, мінездің жайлылығын да ,білімнің байлығын да топтастырып,бір арнаға тоғыстыратын,бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салды.Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз.
Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу-бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер,жаңаға жаны құмар,үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.
ІІІ бөлім. Қорытынды. Көрменің жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты.
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: ...................
Директордың оқу ісінің меңгерушісі
А.К. Океева
16.10. 2017 жыл
Кітаппен жұмыс істеу ережелері
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
2017 жыл
Тақырыбы: Кітаппен жұмыс істеу ережелері.
Сабақтың мақсаты: Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, кітапты құрметтей білуге, күтіп ұстауға, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Түрі: әңгіме, түсіндіру және таныстыру жұмысы.
Безендірілуі: көрме, кітап сөрелері.
Қатысушылар: 2-сынып оқушылары, сынып жетекшісі және қонақтар.
Өтетін орны: кітапхана
Мерзімі: 16.10. 2017 жыл
Барысы.
І Кіріспе бөлім.
Кітапханашы: Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін:
-
Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, кателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
-
Көрнекті құралдар, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;
-
Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
-
Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай-ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл –кеңес беріп отыруы керек.
Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары мен «Ұлан» газеті үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса, «нұр үстіне нұр» болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса, кітап деп атаймыз деген сұрақ туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін), кітапханашы бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керіктігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.
Ұйымдасқан түрде кітап оқу.
Бұл жұмысты әртүрлі жолмен жүргізуге болады :
а) Бірлесіп дауыстап, үйде оқу тапсырылады;
ә) Кітапты қай уақытқа дейін қанша бет оқу керектігі белгіленеді;
б) Сынып оқушылары түгел оқып шықаннан соң, оқылған шығарманы талдау, ол туралы пікір алысу уақыты тағайындалады. Себебі, кейбір оқушылар ұйымдасып оқуға қатысқанымен, ойы басқа жақта отырады. Міне, сондықтан кітапханашы жеке оқушылардың кітапты оқыған соң, қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін, кітаптың мазмұнына орай сұрақ қою арқылы бақылау жасайды. «Сен нағыз қызық жерін таңдамапсың, мына жерін қайтадан тағы оқып шықшы» деп тапсырма беру арқылы, оқушы өз кемшілігін өзі түсінетіндей бағыт беріп отыру қажет. Мұнда зеку, жеке еш нәтиж бермейді.
ІІ Негізгі бөлім.
Кітапханашы:
Кітапханалық сабақтар жүргізу – оқу үрдісінің
талаптарын орындатудан шыққан өмір талабы. Ондағы мақсат -
оқушыларды кітапханада өз бетінше көлемді туындылармен, сан алуан
ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету. Әр оқушы қосымша
әдебиеттерді дұрыс таңдай алуға, сол бойынша ауызша, жазбаша
қарарлар, пікір, рецензия, аннотация жаза білуіне ықпал жасау –
жалпы айтқанда, оқушылардың кітаппен жұмыс жасау қабілетін,ой
еңбегінің мәдениетін арттыру.
Сабақ барысындағы жасалынатын іс-әрекеттер:
- тақырып бойынша қандай әдебиеттер бар;
- ол әдебиетті кітапханадан табуға бола ма;
- кітапханадан қажетті әдебиетті қалай іздеуге болады;
- оқуды қалай тиімді ұйымдастыра білу керек;
- егер тақырып бойынша қажетті әдебиеттер көп болса оны қалай тез
және зер салып қарап шығу қажет;
- ол әдебиеттердегі керекті мәліметтер бойынша жоспар, тезис,
конспект жасау жолдары қандай;
- кітапханадағы көрсетілетін қызмет түрлерін (кітапты үйге алу, оқу
залында жұмыс жасау, т.б.) білу;
- кітапханадағы кітап қорының алфавиттік, жүйелік, пәндік,
тақырыптық болып жіктелетінін білу;
- оқушылардың қоғамдық – саяси, ғылыми, техникалық, өндірістік,
мәдени тақырыптардағы анықтамалардың болатынын назарда ұстау;
- статистикалық жинақтармен, тарихи оқиғалар естеліктері, айтулы
оқиғалар күнтізбелерімен жұмыс жасату;
- оқушының жеке кітапханасы болуын ескерту;
ІІІ Қорытынды бөлім.
Кітапханашы:
Басты мақсат – қарқынды дамып келе жатқан ортада
өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта
білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім,
жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны
қалыптастыру.
Сол
тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудегі, дамытудағы басты құрал –
кітаппен жұмыс істей білуге үйрету. Білімнің қайнар бұлағы,
тұлғаның рухани қазынасының қайнар бұлағы – кітап. Бәрімізге аян,
оқушыны кітаппен дұрыс жұмыс жасай білудің тиімді
әдіс-тәсілдерімен қаруландыра алмай, оқушыны саналы
оқыта алмайсың. Себеб,і
білім мен білік дағдылары тек кітап арқылы дариды.
Алайда, кітаппен дұрыс жұмыс істей алғанда ғана оқушының
дамуына жол
ашылады.
Оқи білгенде, анығырақ айтсақ, түсініп, саналы түрде оқи білгенде
ғана, тәрбие, ақыл - ойдың дамуы дұрыс жүзеге
асады.
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: ...................
Директордың оқу ісінің меңгерушісі
А.К. Океева
09.10. 2017 жыл
Кітаптың құрылымы
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
2017 жыл
Тақырыбы: Кітаптың құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Кітаптың тарихымен таныстыру, балаларды кітаптың құрылымы
туралы білімді қалыптастыру, кітапты құрметтей білуге, күтіп ұстауға, ұқыптылыққа,
білімділікке тәрбиелеу.
Түрі: әңгіме, түсіндіру және таныстыру жұмысы.
Безендірілуі: көрме, кітап сөрелері.
Қатысушылар: 2-сынып оқушылары, сынып жетекшісі және қонақтар.
Өтетін орны: кітапхана
Мерзімі: 09.10. 2017 жыл
Барысы.
І Кіріспе бөлім.
Кітапханашы:
-
Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің бүгінгі кітапханалық сабағымыз қиналып, қысылғанда, ақыл айтатын адал досымыз «Кітап жайлы» танысу. Бүгінгі сабағымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастаймыз:
Балалар, бұл жол басы жаңалыққа,
Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па ?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңіздер іздеп тауып алалық та!
(Осы кезде есік ашылып, үлкен кітап бейнесін мойнына ілген оқырман кіреді)
Кітап:
-
Бәрекелді! Мың рахмет, Ахмет атамызға. Балалар, мен сіздерге үлкен қуанышпен
келдім және дос болып қайтатыныма сенемін!
Кітапханашы:
- Қош келдіңіз, қымбатты досымыз! Кітап, жоғары шығыңыз (кітапты биік жерге қояды).
- Балалар, жұмбақ шешуге қалайсындар, шешуін тауып көреміз бе?
1. Көп әңгімем ,өлеңім,
Күнде ақыл беремін
Жақсы көрсе мені кім
Мен оны жақсы көремін.
2. Тілі бар үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар қаны жоқ
Сөйлеп тұрған ішінен.
Кітапханашы: Өте жақсы балалар, жұмбақ шешуі кітап болғандықтан, қазіргі әңгімеміз
кітап жайлы болмақ. «Кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді, ол қалай
пайда болды білесіңдер ме?
Кітап:
-
Мен өзім жауап берейін. Кітап арабша «жазба», ал түрікше «дәптер» - «мерзімді баспа сөз басылымы» дегенді білдіреді. Кітап - адамзат ой-қазынасын мәңгілік есте сақтайтын қойма және тілдін жазбаға түскен формасы . Кітаптың ең алғашқы атасы - Папирус. Бұл-қияқ өлең тұқымдас өсімдік. Бұл Эфиопия, Сицилия, Египет мемлекеттерінің саз батпақ суларында өседі. Оны өңдеп, бір-біріне желімдеп, құлаш-құлаш орамдар жасайды.Оның ұзындығы 45 м. дейін жетіп қалады. Жазатын материалдың және бір түрі - пергамент. Кіші Азияның Пергем (қазіргі Бергем) дейтін даласында жазу материалы етіп арнайы иленген теріні пайдаланған. Сол себепті Пергамент дейді. Сондай – ақ, саз балшық, қыш, тас, пальма жапырағы, міне осы материалдардың бәріне кезінде жазу түсірілді. Осының бәрін қол жазба кітап санатына жатқызылады.Қол жазбаны кітапқа айналдыру процесі пергаменті, не қағазды төрт бүктеп кейде бүктемені сегізден он алтыға дейін апарып дәптер етуден басталды. Алғашқы кітап жазу құпиясын дін басылары мен монахтар білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар Еврей тілінде «Таурат» (б.з.д. 25ғасыр), чин қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі « Авеста» (25 кітаптан тұрады), грек тіліндегі «Інжіл», араб тіліндегі «Құран». Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Каллиграфия қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1800жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығара бастады.
Кітапханашы:
-
Міне, балалар кітап осылайша дүниеге келіпті. Атына сай ішкі мәтіне де
өзгеріп отырыды. Сендер мен бірге қуанып, бірге күледі, бірге қиналады. Кейде кітаптың
мұхабасындағы суретке қарап та, кітаптың не туралы екенін білуге болады.
Кітапханашы:
-
Міне көрдіңдерме, балалар, кітаппен дос болсаңдар бәрін білесің. Білім
нәріне кенелесің. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген осы.
Кітап:
-
Міне, балалар, мені оқысаңдар қызыққа кенелесіңдер, тауды бұзып, тасты жарасыңдар, бүкіл әлемге саяхат жасайсыңдар.
ІІ Негізгі бөлім.
Кітапханашы:
-
Ия , балалар қызықты кітаптарды алып оқу үшін біздің кітапханаға келуге болады. Кітапхана - кітапар мекені. Кітапхана- оқырман мен кітап арасындағы алтын
көпір болып табылады. «Білсем, ізденсем...» деген адамға кітапхана құшағын кең ашады. Бұнда, сендер үшін тынып таппай кітапхана сөрелерінжаңа кітаптармен толтырып жүрген кітапханашы апайларын, яғни мен жұмыс істеймін.
(Оқушыларға сұрақтарды қояды).
- «Кітап» сөзі қайдан шықты, не мағынаны білдіреді, кітап парағы алғаш неден жасалынды?
- Кітап қай ғасырдан бастап шығарылды, қандай қиындықтар болды?
- Кітап басып шығартаын машинаны қай ғасырда кім ойлап тапты?
- Қағаз бен бұзау терісінен қай ғасырда, қай елде кітап шығарылды?
- Қағаз алғаш қай елде шығарылды?
- Тұңғыш қазақ кітабы қай жылы жарық көрді?
* Мынадай кеңестер береміз, үнемі естеріңе сақтап жүріңдер.
- Кітапты қалай оқу керек?
- Кітапты күнделікті үзбей оқуға дағдылан.
- Кітапты қалай болса оқымай, оларды белгілі бір мақсатпен жоспар бойынша оқы.
- Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма. Кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.
- Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен.
- Кітапты көп оқысан сөз байлығынмолайып, ойлау қабілетін терең болады
. Кітапты қалай пайдалану керек?
- Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
- Кітап мұхабасын бүлінбес үшін қаптап ал.
- Кітап беттерін жыртпа.
- Кітапқа сурет салма, жазба.
- Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.
- Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.
Кітапханашы: Кітаптың құрылысымен балаларды таныстырады.
* Мұхаба-қағаздан, қатырма қағаздан, былғарыдан және матадан жасалған кітаптың сыртқы жамылғысы.Оның қызметі: Қорғаныс, ақпараттық, эстетикалық. Титул беті-негізгі бет, шығуы туралы мәлімет.
* Аннотация-кітаптың қысқаша мазмұнын ашатын элемент. Титул бетінен кейін сол жақта орналасқан.
* Алғы сөз-шығарманың алдындағы кіріспе мақала
* Мазмұны-кітаптағы мақала, әңгіме, повест , романдардың тізбесі, әр мәтіннің бірінші бетіне нұсқау.
* Форзац-сол жақта переплет асты оң жақта кітаптың бірінші беті. Форзац ақ немесе боялған болуы мүмкін.
* Фронтиспис-сол жағында фронтиспис оң жағында титул беті, фронтиспис иллюстрация , бұл кітап мазмұны жайлы ең негізгі мәлімет.( Мұнда автор, оның портреті болуы мүмккін)
Кітапханашы: Кітаптың құрылысы жайлы сұрақтар қойылады.
-
Кітап қай элементтен басталады? (Суперқап, мұқаба)
-
Форзац деп кітаптың қай жерін айтамыз ? (Сол жақта переплет асты, оң жақта кітаптың бірінші беті. Форзац ақ немесе боялған болуы мүмін)
-
Кітаптың келесі құрылысы калай аталады? (сол жағына фронтиспис, оң жағында титул беті, фронтиспис - иллюстрация, бұл кітап мазмұны жайлы ең негізгі мәлімет . Бұнда автор,оның портреті болуы мүмкін. )
-
Титул беті арқылы не білуге болады ? (кітаптың авторы, кітаптың аты, қай жылы, кай баспадан шыққаны, аудармашы, не суретші болса ол туралы мәліметтер болады)
-
Суперқаптың атқаратын ролі ( оқырманның көңілін аударады, бүлінуден сақтайды, автордың көз қарасын, ішкі ойын білдіреді)
-
Кітап кім үшін жазылады? ( Оқырман үшін)
-
Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғанын қайдан білеміз? (оқырман формуляры арқылы)
-
Кітапхананың қай бөлімінде кітап үйге беріледі? ( абонемент)
-
Кітаптың суреттері қалай аталады? (иллюстрация)
-
Кітап оқығанда нені пайдаланамыз? ( қыстырма қағаз)
ІІІ Қорытынды бөлім.
Кітапханашы:
-
Ия балалар қызықты кітаптарды алып оқу үшін біздің кітапханаға келулеріңе болады. Кітапхана - кітаптар мекені. Кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болып табылады. «Білсем, ізденсем» деген адамға кітапхана құшағын кең ашады. Кітаппен дос болайық! Оқырмандарымыз көбейе берсін!
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: ...................
Директордың оқу ісінің меңгерушісі
А.К. Океева
25.09. 2017 жыл
Кітапты ұқыпты ұстау
ережелерімен
(Ережелермен танысу)
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
2017 жыл
Тақырыбы: Кітапты ұқыпты ұстау ережелерімен таныстыру.
Мақсаты: 1. 1-сынып оқушыларына кітапхана – библиографиялық сауаттылық – «кітапхана» , «кітап қоры», «оқу залы» туралы негізгі түсінік беру.
2. Мектеп кітапханасы жағдайына байланысты бастапқы өзіне қызмет ету дағдыларын бекіту және қалыптастыру.
3. Балаларды кітапханада өзін ұстау ережелерімен таныстыру
Түрі: әңгіме, түсіндіру және таныстыру жұмысы.
Безендірілуі: кқрме, кітап сөрелері.
Қатысушылар: МАД және 1-сынып оқушылары, сынып жетекшісі және қонақтар.
Өтетін орны: кітапхана
Мерзімі: 25.09. 2017 жыл
Барысы.
І Кіріспе бөлім. «Түсіндіру» кезеңі.
Кітапханашы:
-
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сіздер кітапханаға алғаш рет келдіңіздер. Сіздер бұл ғажайып жерге және қызықты кітаптар әлеміне келіп отырсыздар және алдағы уақытта жақынырақ танысып-танисыздар.
«Библио» – грек тілінен – кітап, ал «тека» – сақтау орны, қойма дегенді білдіреді. Ал сіздер, әлемде кітапхана қанша жыл өмір сүріп келе жатқанын білесіз бе? 5 мың жылға жуық! Тіпті қағаз жасалмай, кітапханалар болған. Сонымен, кітапхана – бұл кітаптар үйі. Үй үлкен әрі кішкентай болады, бірақ таңғаларлық. Неге таңғаларлық деп сұрарсыз? Біздің кітапханаға келе бастағанда, сіздер, кітаптан әлемде қаншама қызық және ғажайып нәрселер бар екенін түсінесіздер.
Бұл үйде, біздің кітапханамызда кітаптар бір – бірмен тату өмір сүреді. Кітапханада кітаптар, журналдар көп, осының бәрі «кітап қоры» деп аталады. Қажет кітапты жылдам табу үшін, әр кітап өз орнында тұрады. Ал кітап әлемінде жақсы бағдарлау үшін сіздерге кітапханашылар көмектеседі.
ІІ Негізгі бөлім. «Танысу» кезеңі.
Кітапханашы: Біздің кітапханада бір үлкен бөлме бар. Бұл бөлмеде негізгі кітап қоры, абонемент пен оқу залы орналасқан. Абонемент сөзінің мағыналары көп. Сіз кітап таңдағаннан кейін, оны абонементе, оқу формулярына жазады.
Кітап таңдап алғаннан кейін, ол бірнеше күн сізде болады. Суреттер қарап, оқып, дәптеріне қызық нәрселерді жазып алуыңа болады. Бірақ көп уақытқа созуға болмайды, ойткені ол басқа балаларға да қажет. Егер оқып үлгермесең? Ештеңе етпейді, кітапханаға келіп оқу мерзімін ұзартуға болады. Біздің кітапханада оқу мерзімі 15 күн. Кітапханамызда үйге оқуға берілмейтін кітаптар да болады. Бұл анықтамалық әдебиет – энциклопедия, сөздіктер. Әр күн оқырмандарға қажет болуы мүмкін. Сол кітаптармен оқу залында жұмыс жасау керек.
Кітапханашы:
-
Оқу залы дегеніміз не? /оқушылар жауабы/
Кітаптар – адам тәрізді: пайда болады, жасайды, ескіреді. Адамдар сияқты, ауруы да мүмкін. Сондықтан, біз кітаптар мен оқулықтарды не істеуіміз керек?
- Күту керек!
- Дұрыс! Кітаптарды жақсы қалпында сақтау үшін не істеуміз керек?
- Жыртпау;
- Былғамау;
- Сурет салмау;
- Беттерін бүкпеу;
- Тамақ ішкенде кітап оқымау;
- Кітап арасына қарындаштар мен қаламды салмау;
- Кітап оқығанда қандай зат қолдану керек? /кітап тілшісі/ /закладка/
Көбінесе, кітаптар, өздерің ұқыпты қолданғанды үнатады.
Кітапханашы:
- Балалар, кітаптарды, оқулықтармен жұмыс жасау үшін арнайы ережелер бар. Міне, осы ережелер:
1. Кітапты таза қолмен ұста.
2. Кітаптың сыртын тыста.
3. Кітаптың келесі бетін оң жақ бұрышынан ауыстыр.
4. Кітапты оқығанда майыстырма.
5. Кітапта белгі қоймай, беттерін бүкпе.
6. Егер кітап жыртылса, оны желімде.
ІІІ Қорытынды бөлім. «Нағыз оқырман» кезеңі.
Кітапханашы: Нағыз оқырман болу үшін, кітапты пайдалану ережелерін білеің керек. Кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керек? Неге ?
-
1 ереже. Кітапханада тыныштық сақтап, басқа оқырмандарға бөгет жасамаңыздар.
-
2 ереже. Кітапты уақытында, тапсыру қажет, өйткені басқа оқырмандар күтуде. Біздің кітапханадан кітапты 15 күнге дейін алуға болады.
-
3 ереже. Кітаптарды балалар көбірек қолдану үшін, оларды ұқыпты пайдалану қажет.
-
4 ереже. Мектеп кітапханасы кітапсыз қалмау үшін, кітаптарды жоғалтпау керек.
-
5 ереже. Кітапханашы кітаптарды басқа оқырмандарға жылдам табу үшін, оларды алған орнына қою керек.
Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектеп КММ
Бекітемін: ...................
Директордың оқу ісінің меңгерушісі
А.К. Океева
18.09. 2017 жыл
Кітапханамен
(саяхат сабақ)
Кітапханашы: Абиева Анипа Мухатаевна
2017 жыл
Сабақтың тақырыбы: Кітапханамен танысу
Сабақтың мақсаты: кітапханада кітапты пайдалану ережесін сақтауды, сөздік қорын молайтып, өздігінен кітапханада жұмыс жасай білуге, кітапханаға деген көзқарасын, кітап оқуға құмарлығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: әңгіме, кітапханадағы кітаптармен жұмыс.
Безендірілуі: слайд, кітап сөрелері.
Қатысушылар: 1-сынып оқушылары, сынып жетекшісі және қонақтар.
Өтетін орны: кітапхана
Мерзімі: 18.09. 2017 жыл
Барысы.
І Кіріспе.
Кітапханашы: Жаңа оқу жылы басталды. Кітапханаға белсенді түрде қатынайтын кез келді. Бастауыш сыныптардың оқушыларын кітапханаға саяхатқа шақыру дәстүрге айналды. 2017 жылдың 18- қыркүйегінде Жарлы ауылы ЖББ №9 орта мектебінің КММ МАД және 1-сынып оқушыларын «Кітапханамен танысу» атты кітапханаға саяхатқа шақырды. Мұнда ойын түрінде балаларға кітапхананың бөлімдерін, пайдалану ережелерін, кітаптарды қалай ұстау қажеттігін түсіндіре отырып таныстырды. Шараға қатысқан әрбір бала кітапхана қызметтері туралы жазылған бүктемелер мен келесі шараға қатысуға шақыртулар алады.
Кітапханашы:
-
Сәлеметсіздер ме, балалар? Сіздер бүгін біздің кітапхана қонағысыздар! Бүгін біз ерекше кітапханалық сабақ өткіземіз. Кітап туралы әңгімемізді жалғастырамыз, кітапты пайдалану ережелерін, оқығанымызды еске түсіріп, ойын ойнаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге біраз сауалдарым бар.
-
Ол жұмбақтар:
-
Қабат қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
-
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ. (Кітап)
-
Қолыңа алсақ – шешен,
Ақылы асқан – көсем. (Кітап)
ІІ Негізгі бөлім.
Кітапханашы:
-
Ал енді, балалар! Мен осы кітапханада қызмет етемін. Менің мамандығым қалай аталады? Кітапхана дегеніміз не?
Кітапханашы: «Библиотека»-шет тілінен алынған сөз, екі бөлімнен тұрады. «Библио» -кітап, «тека»-сақтаушы. Демек, библиотека бұл кітап сақталатын үй. Бірақ, бұл үйде кітаптар сақталып қана қоймай, оқырмандарға қонаққа барады. Егер оқырман кітапты көп уақыт ұстаса, ол өз үйін сағынып қалады. Сондықтан, кітаптар өз үйін сағынбас үшін оларды өз уақытында қайтару керек. «Кітап» деген - адамның айнымас досы.
Кітап қалай жасалады?
Саған білім жемісін
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы
Алақаны өсірген,
Сансыз ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген.
Машинист боп жасынан
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған
Білер ме ең көп ағаны?
Зауыттарда күні түн
Қағаз тасып бағалы,
Қанша адам, кім үшін
Мұндай тері тамады.
Оқулықты баршаға
Талай ғалым қолға алып,
Жылдар бойы қаншама
Жазды ұзақ толғанып.
Әдемілеп берсем деп
Бояу жағып не түрлі,
Суретшілер көркемдеп
Қанша уақыт отырды.
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі,
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді.
Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін.
Кітапханашы:
-
Ал, сендер кітаптармен дос болғыларың келеді ме? Кітаптар бұл ниеттеріңді есту үшін біз сиқырлы сөздер айтып көрейік.
Кітапханашы: (Көрмедегі нақыл сөздермен таныстырады)
-
«Кітап ойдың талмас қанаты». «Ой маржаны кітапта». «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы». «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес».
Кітапханашы:
-
Кітаптармен дос болғыларың келетіндігін кітаптар ұққан сияқты. Олар да сендермен дос болғысы келеді. Кітаппен достығымызды нығайту үшін, қанекей, балалар достық шеңберін жасап, бәріміз бірауыздан серт берейік.
Балалар: «Достығымыз тығыз болу үшін кітаптарды жыртпаймыз, бүлдірмейміз, былғамаймыз, бүктемейміз» - деп, серт береміз!
Кітапханашы:
-
Ал, енді құрметті, бүгінгі кітапхана қонақтары, қазір біз сіздермен «иә», «жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, сіздер тезірек жауап беру керексіздер.
-
Кітап нені жақсы көреді?
Қаптағанды (иә)
Таптағанды (жоқ)
Кір қолдарды (жоқ)
Қар мен жаңбырды (жоқ)
Ұқыпты ұстауды (иә)
Мейірімді (иә)
Таза қолды (иә)
Еденде жатқанды (жоқ)
Төбелесті (жоқ)
Кітап сөрелерінде тұрғанды (иә)
Жақсы көретін оқырманды (иә)
Кітапханашы:
-
Жақсы балалар! Сендердің араларыңда кітап қадірін білетін, кітаппен дос болғысы келетіндердің көп екенін көріп, қуанып отырмын. Ал, енді кітапханада ешкім жоқ кезде, кітапханада қандай нәрселер болатыны жайында бейнефильм тамашалайық.
(Фильм көрсетіледі).
ІІІ Қорытынды бөлім.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Баланың өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол тек демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
(Кітапхана қонақтарына естелік алқа таратылып, сабақ аяқталады).