Материалдар / Мектеп кітапханасының жеке тұлғаға қосымша білім мен тәрбие берудегі рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп кітапханасының жеке тұлғаға қосымша білім мен тәрбие берудегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп кітапханасының жалпы кітапхананың жеке тұлға қалыптастыруда беретін пайдасы туралы жазылған. Негізі кітапхана киелі орта болып есептелінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
625
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп кітапханасының жеке тұлғаға қосымша білім мен тәрбие берудегі рөлі

I

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған«Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастары мен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу кажеттігі баса айтылған.

Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін жеке тұлғаның қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше.

Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап жеке тұлғаның кабілеттерін ашу ұстаздардың бірден-бір міндеті болып саналады. Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты. Сондықтан да ұстаз талантты тауып, танып, таныта білуі керек.

Қай мемлекеттің болсын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден-бір құдірет оның экономикасы да, әскери күші де, материалдық байлығы да емес, тек қана білім беружүйесінің сапасы болыптабылады. Әсіресе, дамудың жаңа сатысына көтерілген біздің еліміміз үшін білім саласының атқарар қызметі өлшеусіз.

Білім беру жүйесі Қазақстанның ұлттық даму саясатында белгіленген басымдықтар қатарында ерекше орындатұр. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да білім беру ісіне үлкен орын берген. Бізге экономикалық және қоғамдык жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.

Тәуелсіз елді өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек. Ол үшін тұлғаға қосымша білім мен тәрбие беруде адалдық, рухани адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.

Қазіргі таңда жан-жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала береді.

Оқушы кітапхана арқылы ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды. «Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос күн» демекші, оқушыларды көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуге үйрету қажет. Ол үшін оқырмандарды жас күнінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек, - дейді А.И.Маткулеевич.

Кітапханада оқушылардыайналадағы өмірмен жақсы болуға, адамға мейіріммен қарауға, жақсылық істеуге тәрбиелейді.

Мен өзімнің тәжірибеме жүгіне отырып, «қазақтың ұлтжанды әрбір азаматы Абайын тануы керек» дер едім. Сол себепті де оқушыларға Абайдың қара сөздеріндегі даналықты, поэзиясындағы қуаттылықты, сөзіндегі шешендіктіарасында өткізген «Абайды оқы, таңырқа» атты Абай оқуларын ұйымдастыру арқылы оқушы санасына білім мен тәрбие нәрін сіңіре білдім деп есептеймін. Абай шығармаларының оқушыларғабілім мен тәрбие беруде алатын орны ерекше. Осы ісімді жалғастыра келе, өзге де қазақтың ақын-жазушылары туралы түрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудыдәстүрге айналдырдым.

Бүгінгі мектеп кітапханасы өз уақытының деңгейінде болып, мектептің дамуына атсалысып, оған балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеуде белсене көмектесуде. Оқушыларға білім мен тәрбие беру - қазіргі мектеп кітапханаларының ең маңызды міндеттерінің бірі. Жеке тұлғаны рухани-адамгершлікке тәрбиелеудің мақсатыоқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқуға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

Мектеп кітапханасындаоқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде әртүрлі қызмет түрлері қолданылады.

Ауызша түрі:

- дәрістер, оқу кештері, факультативтік сабақтар;

- библиографиялық шолулар, сұхбаттар, кеңестер;

- оқырман конференциялары;

- шығармашылық, әдеби-музыкалық, тақырыптық кештер;

- танымал тұлғалармен кездесу кештері;

- диспуттар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар;

- түсаукесерлер.

Көрнекілік түрі:

- аралас көрмелер;

- стендтер.

Баспа басылымдары:

-библиографиялық шолулар, библиографиялық көрсеткіштер;

- жарнама материалдар: хабарландыру, шақыру қағаздары және т.т.

Кешенді түрі:

- әртүрлі үлгідегі (ауызша, көрнекі, баспа) кітапханалық сабақтар (апталық, онкүндік, айлық), экскурсия.

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде кітапханашыларға нақты жағдай мен алғышарт болуы қажет. Оған мыналар қатысты:

- оқушылардың талаптарын жақсы білу;

-рухани-адамгершілік тәрбие мақсатындаоқушылардыңқызығушылығын арттырудағыіскерлік;

-кітапханада жақсыанықтамалық-библиографиялық ақпараттың болуы.

Осы мақсатты ұстана отырып, мектеп базасында медиатека жасақталу үстінде. Сол сала бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесін көре отырып, оқушылар үшін «ғылыми орталық» болып саналатын кітапханаға ақпаратты жүйеніңбіріншікезектеқажетекенін ұқтым. Жас ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі мол. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол, парасатты, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп қоюымыз керек.

Ғұлама ұлы бабамыз эл-Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма» десе, Ахмет бабамыз: «Біз әрқашан білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет, тәрбиелі білімдар... Міне адам! Міне тұлға!» деп тәрбиесіз берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын баса көрсеткен. Біз осы кағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек.

Осы тұрғыда оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру мен білім беруді ұштастыра отырып, көптеген тәрбиелік жұмыстар жүргіздім.

Атап айтсақ, «Адамгершілік - асыл қасиет», «Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі», «Жақсы мінез - жан азығы», «Білімді мыңды жығар...», «Білім кілті - кітапта» және т.б.

Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие мен білім берудің мынадай әдістемелік жолдарын қарастырады:

- ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру;

- ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту;

- салт-дәстүр негізінде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу;

- ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты оқушыларға дарыту.

Оқушыларға білім ментәрбие беру жолында тағы да көптеген тәрбиелік жұмыстар жүргізуге болады. Мектептерде тәрбие жүйесіне белгілі ұйымдастырушылық құрылым тән. Бұл құрылым үлгісін жобалағанда қалыптасады және жүйенің қызмет істеу барысында реттеліп тұрады, жүйемен бірге дамиды.

Тәрбие жүйесін қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады:

-мұғалімдердің шығармашылық тобын құру;

- тәрбиені ортақ іс-әрекет;

- тәрбиені біртұтас ұжым жұмысы ретінде қалыптастыру.

Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары-бірінен бірі ажырағысыз рухани қазына. Өйткені оқу-тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз екендігі ақиқат. Кітап - рухани прогрестің кепілі, ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті жақындастырар, түсінікке бастар аса маңызды рухани фактор.

Кітап - әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру - білімге қызықтыру. Ата тарих пен ұлттық сананы калыптастыру. «Жақсы кітап оқу- жақсы адаммен сырласқанмен бірдей» деп Л.Толстой айтқандай, оқу-білімсіз, рухани демеусіз,тәлім-тәрбиесіз ешкім де алысқа ұзай алмайды. Кітапхана біздің рухани құндылығымыз, теңдесі: байлығымыз. Замандардың өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз. Бала - болашағымыз, өсер ұрпақ өзгеден емес, өз ішімізден іздесе мадақтар да, мақтанар да ұлы перзентіміз болмақ. Кітапхана қашан да ғажайып қазына. Осы қазынадан нәр алып, оны бойына сіңіре білга жас ұрпақ - Отанымыздың ертеңгі берік тірегі болмақ.







3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!