Материалдар / Мектеп оқушыларын ҰБТ-ге дайындау мақсатында жасалынған тақырыптық тест. 6-сынып. Дүниежүзі тарихы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп оқушыларын ҰБТ-ге дайындау мақсатында жасалынған тақырыптық тест. 6-сынып. Дүниежүзі тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне қосымша көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
733
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дүниежүзі тарихы 6 –сынып. Тест жұмысы. Алматы «Мектеп» 2018 жыл

1-нұсқа.


  1. Герман тайпаларының Рим империясының териториясына басып кіруінің салдары:

А) Рим империясы күшейді

В) Тақ мұрагерлері ауысты

С) Рим империясының құлауына себеп болды

Д) Соғыс басталды

2. Рим империясының күйреуіне себеп болған герман тайпаларын римдіктер қалай атады:

А) варварлар

В) жаулап алушы

С) жатжерліктер

Д) германдықтар

3. Ежелгі Рим құлағаннан кейін Еуропада бұрынғы антикалық және варварлық дәстүрлердің араласуынан туған жаңа қоғамды ғалымдар қалай атады:

А) құл иелеушілік қоғам

В) феодализм

С) тайпалық қоғам

Д) капиталистік қоғам

4. Шартты жекеменшік жериеленушілікке негізделген қоғамдық қатынастардың түрі қалай аталды?

А) феодализм

В) Капитализм

С) Социализм

Д) құл иеленушілік қоғам

5. Адамзат тарихында орта ғасырлар деп аталған кезеңнің басталуына себеп болған жағдай:

А) Герман тайпаларының шабуылы

В) Христиан діні пайда болды

С) Батыс Рим империясының құлауы

Д) Құл иелеушілік жүйе ыдырады

6. Орта ғасырлар тарихы неше сатыға бөлінеді?

А) 2 В) 4 С) 5 Д) 3

7. Ерте орта ғасырлар кезеңі қай кезеңдер арасын қамтиды:

А) VІ-X ғасырлар

В) V-XI ғасырлар

С) VІІ-XIІ ғасырлар

Д) V-XIІІ ғасырлар

8. Дамыған орта ғасырлар кезеңі қай кезеңдер арасын қамтиды:

А) X-XІV ғасырлар

В) ІX-XІІ ғасырлар

С) XI-XІІІ ғасырлар

Д) XI-XV ғасырлар

9. Кейінгі орта ғасырлар кезеңі қай кезеңдер арасын қамтиды:

А) V-VII ғасырлар

В) XV-XVII ғасырлар

С) X-XV ғасырлар

Д) XІІ -XІII ғасырлар

10. Христиан шіркеуі батыстық (католик) шығыстық (православие) болып екіге бөлініп кетті:

А) XІІ ғасырда

В) X ғасырда

С) ІX ғасырда

Д) XI ғасырда

11. Герман тайпаларының (варварлар) Рим империясына шабуыл жасаған кезеңдері:

А) ІІІ –ІV ғасырлар

В) І –ІІ ғасырлар

С) ІІ –V ғасырлар

Д) ІІІ –V ғасырлар

12. Біздің дәуіріміздің басында Рейн, Одер, Дунай өзендерінің аралығында өмір сүрген тайпалар:

А) франктер

В) римдіктер

С) герман тайпалары

Д) ғұндар

13. Германдықтарда маңызды мәселелер шешілетін тайпа жиналысы қалай аталды?

А) трибуна

В) сенат

С) құрылтай

Д) тинг

14. Герман тайпаларының Рим имперясына басып кіруіне байланысты ІV – VІІ ғасырлар аралығын қандай уақыт деп атады?

А) Халықтардың Ұлы қоныс аудару уақыты

В) Рим империясының қулауы

С) империяның екіге бөлінуі

Д) Варварлар шабуылы

15. Рим империясы германдықтардың шабуылынан қорғану мақсатында шекара маңына топырақ үйіп, ор қазып, тас қоршаулар (бекіністер) орнатты. Бұл бекіністерді римдіктер қалай атаған?

А) ор В)бекініс

С) лимес Д) траншея

16. Рим империясы Батыс және Шығыс империяларына бөлінді?

А) 395 жылы. В) 340 жылы.

С) 355 жылы. Д) 360 жылы.

17. Қай жыл тарихта құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы деп саналды?

А) 576 ж. В) 476 ж.

С) 385 ж. Д) 410 ж.

18. 475 жыл Рим императоры болып жарияланды:

А) Ромул В) Рим

С) Октавиан Д) Юстиниан

19. 1453 жылға дейін өмір сүрген империя:

А) Батыс Рим империясы

В) Герман империясы

С) Шығыс Рим империясы

Д) Ғұн мемлкеті

20. Рим империясының құлауына өз үлесін қосқан тайпалар:

А) сақтар В) үйсіндер

С) қаңлылар Д) ғұндар



2-нұсқа.

1. Жазба және археологиялық деректер бойынша түркі тайпасы ғұндар Еуропаға келді:

А) Шығыс Азиядан

В) Үндістаннан

С) Орталық Азиядан

Д) Африкадан

2. Ғұндарды түркілердің ата-бабалары екендігін дәлелдеген ғалым:

А) Л. Гумиллев

В) А. Н. Бернштам

С) Приск

Д) Арриан

3. Ғұндардың Солтүстік Қара теңіз өңірінде пайда бола бастаған кезеңі:

А) І ғасырлар

В) IV ғасырлар

С) ІІ ғасырлар

Д) ІІІ ғасырлар

4. Алғаш рет Азов теңізі өңірін мекендеген алан тайпаларын бағындырды:

А) сақтар

В)қаңлылар

С) германдар

Д) ғұндар

5. V ғасырдың 20-жылдары Рим әскерінің белгілі бір бөлігін құраған тайпа:

А) ғұндар

В) қаңлылар

С) үйсіндер

Д) сақтар

6. V ғасырда ғұндар орналасқан аймақ:

А) Венгрия

В) Грекия

С) Рим

Д) Паннония

7. Ғұн билеушісі Аттиланың өмір сүрген жылдары:

А) 395-453 жылдар

В) 495-553 жылдар

С) 595-653 жылдар

Д) 695-753 жылдар

8. 434- 453 жылдар билік құрған ғұн билеушісі:

А) Мөде

В) Аттила

С) Чжи-Чжи

Д) Бұмын

9. «Византия тарихы» атты еңбегінде Аттиланы ірі мемлекет тұлғасы, дана билеуші ретінде сипаттаған, грек тарихшысы:

А) Геродот

В) Страбон

С) Приск

Д) Арриан

10. Ғұн тайпаларының жауынгерлік қасиеттерін,әскери өнерін өз шығармасында баяндаған тарихшы:

А) Марцеллин

В) Арриан

С) Страбон

Д) Геродот

11. Шығыс мәдениетінің белгілерін Батысқа әкелген тайпа:

А) Сақ тайпалары

В) Сармат тайпалары

С) Ғұн тайпалары

Д) Үйсін тайпалары

12. Ғұн тайпаларының қару –жарақтарының ішінде ең ерекше орын алғаны:

А) Садак пен жебе

В) Мылтық

С) Зеңбірек

Д) Қылыш

13. Қатты әрі иілгіш ағаштан жасалған садақтар неше метр қашықтықтағы нысанаға дәл жететін:

А) 150 метр

В) 100 метр

С) 120 метр

Д) 110 метр

14. Франктер мемлекетінің негізін қалаған:

А) Одоакр.

В) Аларих.

С) Аттила.

Д. Хлодвиг.

15. Хлодвигтің тұсындағы ең алғашқы заңдар:

А) «Русская правда».

В) «Ярославтің Правдасы».

С) «Салий заңы».

Д) «Заңдар».

16. Хлодвиг франк патшаларының арасында бірінші болып қай дінді қабылдады?

А) Буддизм.

В) Иудаизм.

С) Ислам.

Д) Христиан.

17. Батыс Еуропадағы варварлық мемлекеттердің ең қуаттысы:

А) германдар

В) франктер

С) француздар

Д) ағылшындар

18. Франк патшалығының негізін қалаған кезде Хлодвигтің жас шамасы қаншада болды?

А) 17 В) 15

С) 19 Д) 20

19. V-VIII ғасырлар аралығында Франк патшалығын не себепті Меровингтер патшалығы деп атады?

А) Патшаның атымен байланысты

В) Хлодвиктің нұсқауымен

С) Меровей руы басқарғандықтан

Д) Ең мықты патшалық болғаны үшін

20. Хлодвиктің ұрпақтары билігінің соңында«жалқау корольдар» деген атақ алды?

А) билікті дұрыс жүргізе алмады

В) Мемлекет әлсіреді

С) билікке араласпады

Д) Елді дағдарысқа ұшыратты



3-нұсқа

1. Каролингтер әулетінің ең атақты королі:

А) Пипин Қысқа

В) Хлодвиг

С) Ұлы Карл

Д) Карл Мартелл

2. Королингтер империясы сыртқы жаулардың соққысынан және ішкі ыдырау себептерінен құлдырай бастады:

А) IX ғасырға қарай

В) XІ ғасырға қарай

С) XІІ ғасырға қарай

Д) XІІІ ғасырға қарай

3. Ұлы Карлдің балалары Верден қаласында жиналып, империяны қайта бөлісу туралы шарт жасасты:

А) 943 жылы

В) 1043 жылы

С) 843 жылы

Д) 743 жылы

4. Верден келісімі нәтижесінде Еуропада қалыптасқан мемлекеттер:

А) Англия, Франция

В) Италия, Англия, Ресей

С) Франция, Германия, Италия

Д) Германия, Англия, Ресей

5. Император І Константин 330 жылы Рим имперясының астанасын қай қалаға көшірді?

А) Парижге.

В) Афина қаласына.

С) Мегар аймағына.

Д) Византияға.

6. І Константиннің астананы көщірудегі мақсаты:

А) Шетелдер мен байланыс жасау мақсатында

В) Себебі қала Эгей теңізі мен Қара теңіз арасында орналасқан

С) Жері құнарлы болды

Д) Халықтың саны көп болғандықтан

7. Шығыс Рим империясы қандай империя деп аталды:

А) Рим империясы

В) Латын империясы

С) Ағылшын империясы

Д) Византия империясы

8. Византия империясының астанасы:

А) Константинополь

В) Мейер

С) Бордо

Д) Эдесса

9. Шығыс Рим империясы (Византия) қай жылы құрылды?

А) 395 жылы

В) 495 жылы

С) 295 жылы

Д) 476 жылы

10. Рим империясының мемлекеттік тілі:

А) неміс тілі

В) ағылшын тілі

С) француз тілі

Д) латын тілі

11. Византияның алтын ақшасы:

А) Динар.

В) Асс.

С) Талант.

Д) Номисма.

12. Византияда салық төлеушілердің қатары неше жыл сайын тексеріліп отырды:

А) 5

В) 15

С) 20

Д) 10

13. Византия империясында жоғарғы сот қызметін атқарды:

А) василевс

В) сенат

С) дума

Д) вече

14. Заң кімдердің шексіз билігі мен құқығын қорғады:

А) думаның

В) сенаттың

С) Василевстің

Д) веченің

15. Византия империясында мемлекеттік қызметтің неше түрі қалыптасты?

А) 2

В) 1

С) 3

Д) 4

16. Императордың кеңесші орғаны аталды:

А) сенат

В) дума

С) вече

Д) бояр

17. Византия империясындағы мемлекеттік қызметтің түрлерін ата.

А) сенат, дума

В) вече, василевс, дума

С) әскери, вече, дума

Д) әскери, азаматтық, сарайлық

18. Мемлекеттік билік пен шіркеудің арасында одақ қай кезеңде құрылды?

А) V VІ ғасырда

В) IV V ғасырда

С) VІ –VІІ ғасырда

Д) VІІ –V ІІІ ғасырда

19. 407 жылы Батыс және Шығыс Рим империяларының арасындағы жағдай:

А) бейбіт келісім жасалды

В) сауда қарым-қатынасы басталды

С) соғыс өрті тұтана жаздады

Д) екіге бөлінді

20. 440 жылдары Консантинопольды басып алу қаупін туғызған тайпалар:

А) герман

В) готт

С) сақ

Д) ғұндар

4-нұсқа.

  1. 442 жылы Византиямен бітімшарт жасауға мәжбүр болған ел:

А) Иран В) Парсылар

С) Түрік Д) Селжук

  1. V ғасырдың екінші жартысында Византия империясын мазалаған мәселе бұл:

А) ғұндардың шабуылы

В) варварлардың шабуылы

С) готтардың шабуылы

Д) германдықтардың шабуылы

3. 467 жылы Византия дипломатиясы Батыс Рим империясының тағына өз ықпалындағы императорды қай тайпаларға қарсы күресу үшін отырғызды?

А) ғұндарға қарсы

В) варварларға қарсы

С) готтарға қарсы

Д) селжуктерге қарсы

4. Византия Империясына аварлар қауіп төндірген кезең:

А) V ғасырдың ортасы

В) ІV ғасырдың ортасы

С) VIІ ғасырдың ортасы

Д) VI ғасырдың ортасы

5. VII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Византияға қауіп төндірген:

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!