Материалдар / Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тақырыбы: "Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі". Баяндама жалпы ата-аналар жиналысында немесе сынып жиналысында оқу үшін жазылған. Баяндамада ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі зор екені көрсетіліп, бала тәрбиесінде тек қана мектеп ғана жауап бермейтіні туралы айтылған. Баяндамада мектеп оқушыларының қазіргі таңдағы мәселелері ол ұялы телефон жайында да ақпарат бар. Тек қана мұғалімдер емес мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары да жалпы ата-аналар жиналысында оқыса болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
1302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Талдыбұлақ орта мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Shape1

БАЯНДАМА











Тақырыбы: «Мектеп пен ата-ананың

бала тәрбиесіндегі рөлі» 



Picture 2




Орындаған: А. Р. Досанова






2017-2018 оқу жылы

«Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» 

Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Өздеріңіз білетіндей біздің  өмір сүріп отырған қоғамымыз - нарықтық экономика. Еліміз үнемі даму үстінде. Өркениеті елдігімізді шығаратын білім мен ғылым, сондықтан мемлекет бізден елдігімізге сай білім беруді талап ететін болса , біз оқушылардан мемлекеттік бағдарламаға сай білім алуды талап етеміз. Білім жүйесінің мақсаты мен мазмұнына, оны жүзеге асырудың әдіс –тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Қандай да бір жетістікке қол жетізу үшін біздер мұғалім- ата-ана-оқушы болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата-ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата – анасына ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін , халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін , мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талап етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанару үстінде. Биылғы жылы біздің мектебіміз 5 күндік оқуға көшіріліп, бастауышта 1, 2 сыныптар, орта буындағы 5,7 сыныптар жаңа оқу бағдарламасымен оқытытлуда. Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.

         Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан- жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2013-2015 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып , оқушыларға БҰҰ-ның құқығы , ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық

бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының

алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген. Осыған орай мектеп жасындағы балаларды оқытуды, толық қамтуды қамтамасыз ету бойынша, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларындағы оқушыларға жаңа оқу жылына дайындыққа және 1-қыркүйекте әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмей қалудың алдын алу мақсатында 31-тамыз 1-қыркүйек аралығында «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акция кезінде аз қамтылған отбасы балаларына мектеп тарапынан мектепке қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Мектебімізде аз қамтылған отбасынан шыққан және бір анасымен, бір әкесімен тәрбиеленетін, көп балалы отбасындағы тәрбиеленушілерге жалпыға бірдей білім беру қорынан қаржы бөлініп, он оқушыға және жалға алушының есебінен бес оқушы күніне бір рет тегін нан-тоқсаш өнімдерін алады.

Адамдар тұлға болып, өзіндік  жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеп жетілдіру қажет. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. «Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Тәрбие тамыры тереңде, тәрбиені беру жолдары сан алуан, осы жолда мектеп ұстаздары талмай еңбек етуде. Оның бір дәлелі алғашқы күннен бастап-ақ,

1-қыркүйек білім күніне «Мен елімнің патриотымын» атты тақырыпта салтанатты жиын және әр сынып жетекшілері білім күніне арналған тәрбие сағаттарын өткізді.

Ал, келесі аптасында бейнелеу пәнінің мұғалімі Н. Кенжебаевтың жетекшілігімен «Отбасы-бақыт мекені атты» суреттер байқауы өтті. Өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А. Байтұрсынұлы «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» демекші баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Балалардың салған суреттерінен баланың қиялындағы отбасы, әр баланың шынайы өмірінде болса екен деп тілеймін.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. Қазақ тілі мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ біздің мектебімізде 22-қыркүйек «Тілдер» мерекесіне орай қыркүйек айынының 18-нен 23 қыркүйек аралығында «Тіл-ұлт тағдыры» атты апталық ұйымдастырылды. Апталыққа қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Қаталбаева, Ш. Сагимбекова, орыс тілінің мұғалімі Қ.Килибаева, ағылшын тілінің мұғалімдері Н.Жүніс, Ж. Мүслімова оқушыларға үш тілдің бірізділігін, қазақ орыс ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оята білді. Аптаның соңғы күні 3 «а» , 3 «б» сынып сынып жнтнешілері Т. Бурабаева мен А. Жаңғабылова «Тіл елдіктің айнасы» атты тәрбие сағатын ұйымдастырып, апталықты қорытындылады.

Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала –біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата- ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген

оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да ,тәні де таза

білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне отбасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала

тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Баланың бойындағы

жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектеп тыйым салып , дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік , кішілік , әдептілік, ізгілік, үлкенді сыйлау қасиеттерін дарыту керек. Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпау үшін 1-қазан Қарттар күніне орай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Сабаншиева «Қарттарым-қазынам» атты кеш ұйымдастырды. Кешке ауылымыздың қарияларымен ауыл ақсақалдары, апа-әжелеріміз шақырылды. Кеш соңында ата-әжелеріміз оқушыларға өмірде үлкен табыс тілеп, шынайы ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалы Мұқаш ата барша қауымға батасын берді. Шақырылған ата-әжелеріміз мектеп тарапынан берілген кішігірім сыйлыққа риза болып, қуанышты, мерейлі жүзбен тарқасты.

Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса, қалған 16 сағаты үйінде, болмаса ата-ананың тәрбиесінде деген сөз. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенің сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Қазақтың ұлы ақыны Абай 10 қара сөзінде «Әуелі баланы өзің алдайсын: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста баланы алдағаныңа мәз боласың. Сонынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сыңайды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеумізде жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа? Құрметті ата-аналар балалардың бойынан жат қылық көрсеңіздер мұғалімдерді, мектепті, жолдастарын, қоғамды кінәлаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым?» деген ой түйсеңіздер екен.

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы-ол мұғалім. Кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Мектебіміздегі өнерлі ұстаздар, оқушыларға өз бойындағы бар жақсыны сіңіре білді. Ұстаздардан алған тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, ұстаздар меркесіне арналған «Ұстаз-ұлы тұлға» атты кешті өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем» атты үлгілі тәрбие сағатын 8-сынып жетекшісі Ж. Нақысбекова оқушылармен ұстаздарға үлгілі тәрбие сағатын өткізді.

Біздің мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, би үйірмесі, домбыра үйірмелері мен тәрбие сағаттары, сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез-келген үйірмелері мен жоспарлы түрде өтетін іс-шараға өз жүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді үйренуге мүмкіндік алады.

Дегенмен, баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмысбасты болуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Оған дәлел 14-қазан күні сынып жетекшілер, оқушылар біріге отырып, үлкен күзгі жәрмеңке өтілді. Күздің керемет уақытында ата-аналардың қолдауымен, көмегімен «Күз сарайы» атты күзгі балл ұйымдастырылды. Күзгі балда өзім сынып жетекшілік ететін, 5-сынып оқушылары бас жүлдені жеңіп алды. Өзімнің алғашқы жеңісімде маған қолдау көрсеткен ата-аналарыма өз ризашылығымды білдіремін. Бұл менің ата-аналарыммен тығыз байланыста болғанымның жемісі деп түсінемін.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, Жаһанданған заманауи «Қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз»-деген еді. Біздің мектебімізде Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 28-қазан күні «Ауылым-алтын бесігім» атты кеш ұйымдастырылды. Бұл аталған іс-шараға өзімнің сыныбымнан 3 оқушы қатысып, ауыл туралы мәліметтерімен, көше атауларының тарихымен, ауылымыздағы үлгілі отбасыларымен таныстырды. Кеш өз дәрежесінде өтті.

Міне, тәрбиемен қатар мектебімізде білімге де көп көңіл бөлінуде, мектебіміз жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балға ие болуда. Мектебіміздегі жас 11-сынып түлектері ҰБТ тапсыруға дайындық жасауда. ҰБТ-дегі жеткен жетістіктеріміз мектеп басшысы М. Д. Мажиков пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Б. Иманбаеваның басшылық етуімен жүзеге асырылуда. Мектебімізде оқу тәрбие жүйесі бір жүйеге келтірілген. Олардың болашақтағы сәттілігі мектепте оқыған кездегі психикалық дамуына тікелей байланысты. Бұл жерде мектебіміздің психологі үлкен жұмыстар атқаруда. Тіршіліктегі басты құндылық адамның өмірі екені белгілі. Суицид бүгінгі тандағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте оқушыға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуіміз қажет. Бұл орайда мектеп пен отбасындағы қарым – қатынастардың нығаюына ұйытқы болатын жан – психолог деп ойлаймын. Себебі мектеп психологінің атқаратын ролі орасан зор.

Тағы бір ата-аналарды алаңдататын мәселе ол ұялы телефонға телмірген балалардың қатары күн сайын артып келеді. Мұны қалай тоқтатуға болады?-деген сауалға психолог мамандар: «Күнделікті қолданатын жоспар жасаңыз. Белгілі бір уақытқа оятқыш қой және сол уақытта өзіңді жеңімпаз ретінде жігерлеңдіріп, бірден телефоннан алыста. Өзіңе мотивация бер. Ең дұрысы сізге көмекші керек. Ол ата-анаңыз болса тіпті жақсы. Олар сіздің жоспарыңызбен таныс болуы керек және сол уақытта техникалық құрылғыдан алыстауыңызды айтып ескерту жасаған жөн». Осы қарапайым әдісті орындау арқылы сіз балаңызды ұялы телефонға телміруден арылтасыз. Оқушыларды ұрлыққа да, зорлыққа да итермелейтін осы ұялы телефон болып отыр. Қазіргідей жан-жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін мектеп пен мұғалімге жүктеп қойып жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл?

Өз баяндамамды қорытындылай келе, тәрбие үрдісінің бір тарауы aта-аналармен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір балаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан – жақты дамуына ата-ана, мектептің жағдай жасауы болып табылады. Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Бала, ата – ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана табысты нәтежеге қол жеткізе аламыз.



Ұсыныс: Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, әр ата-ана бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп, мектеппен мұғалімдермен бірлесе отырып жұмыс жүргізсін.











. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!