Мектеп түлектері ҰБТ-дағы
үрейін жеңуі
Мектеп қабырғасынан түлеп
ұшып, үлкен өмірге жолдама алардың алдында тұрған әрбір
жасөспірімнің үлкен толғанысты бастан кешіретіні анық. Бір жағынан
алтын ұяға деген қимастық болса, екінші жағынан алдағы ең маңызды,
жауапты сынақ – Ұлттық біріңғай тестілеу. Осы жылдар бойы
тәжірбиемде ҰБТ-ны қалай тапсырар екенмін деген көздері күдік пен
үмітке толы толқулы оқушыны жиі кездестіремін. Алайда, ұстаздар
тарапынан әсіресе менің тарапымнан үнемі жеке немесе барлық сынып
түлектеріне көмек қолын созып отырамын.
Мен маман ретінде оқушыларға
стресстік жағдайларды жеңе білуге және дәл кәзіргі сәтте Ұлттық
біріңғай тестілеу кезіндегі өмірлеріне жауаппен қарап, өздерінің
сенімділіктерін арттыруға көмектесіп келемін. Барлық оқушылардың
білім алуындағы ерекшеліктерін, қабілеттерін дамыту оларға аса
назар аудару арқылы оқушылармен тығыз жұмыс жасаймын. Биылғы
түлектер, яғни он бірінші сынып оқушыларына Ұлттық біріңғай
тестілеу-жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған ең жауапты
емтихандардың бірі екеніне және бұл балалық шақты тастап өмірдегі
алғашқы үлкен сынақтарының бірі екендігіне көздерін жеткізгім
келеді. Бірақ қазіргі оқушылардың көбісі не нәрсені бастарын білмей
үлкен уайыммен жүргені сөзсіз. Ең алғашқы кездесуді жасаған кезде
түлектердің көзінде үрей мен қорқыныш сезімі байқалып тұрады. Осы
үрейді жеңуге көмек беру менің міндетім.
Ең алдымен түлектер бұл тестті
тапсыру үшін-мамандық таңдау қажет. Әсіресе осы мамандық таңдау
түлектер үшін ең өзекті мәселе. Мен мамандық таңдауға келгенде
ешқашан қателеспеу керек деген ойдамын. Себебі мамандық ол өмір
бойы сенің сүйіп істейтін жұмысың. Дұрыс жолды таңдау керек екенін
түлектерге жиі айтамын.
Жалпы кез - келген сынақ
күйзеліспен, қорқынышпен, үреймен басталары сөзсіз. Әр оқушы өзінің
даралығымен ерекшеленеді. Осындай күйзелісті кезеңдерде оқушыға
мектеп психологынан немесе мұғалімнен көрі ата -ананың қолдауы өте
маңызды. Кей ата-аналар балаларына жоғарғы талаптар қойып жатады.
Жоғарғы талап баланы ауыр күйзеліске ұшыртып, көптеген қауіпті
істерге дейін апарып жатады. Сол себепті бұл кезеңде ата-ананың
қолдауы өте маңызды. Егер оқушының өзінің таңдағысы келген пәні
болса, болашағын сол мамандықпен елестете алса өзіне ерік бергені
дұрыс. Ал егер, мамандық таңдауға көмек сұраған жағдайда дұрыс
жолды сілтеу керек. Осы орайда ата-аналарға психологиялық кеңес
беріп кетсем:
- Баланың ҰБТ-дан алатын балл
саны жайлы уайымдамаңыз және де баланы ҰБТ-дан кейін
сынамаңыз;
- Баланың көңіл күйімен,
денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап
отырыңыз;
- Үйден баланың дайындалуына
қолайлы жер, немесе әр түрлі курстарға қатысуын
қадағалаңыз;
- ҰБТ қарсаңында жақсы дем
алып, ұйқысын қандыруын қадағалаңыз;
Осындай қажеттілікті балаға
беріп отырсаңыз ол өзі жауапты түрде дайындалады. Кез келген
талапкер үшін уақыт, еңбекқорлық, ізденіс керек. ҰБТ-ны тапсырар
кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдылардың қалыптасуы,
өзін-өзі бақылауда ұстау, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі
және емтиханды қабылдау ерекшеліетеріне байланысты қиыншылықтар
кездеседі. Осындай үрейлерді жеңуге әрдайым мен өз саламда көмек
беремін. Оқушылар көп жағдайда жеке келіп өзіндік көмек сұрамайды.
Сондықтан екі аптада тренингтар өткізіп отыруға тырысамын.
Тренингтерде үрейден айыруға сәл болсын септігімді тигізіп, сенімді
болуларына қол ұшын созамын.
Тренинг өткізу барысында
оқушым:
- «Өмірден жеңіліп қалу не?» -
деген сұрақ қойды. Мен мынандай жауап
қайтардым:
- «Өзіңе сен өзіңді алып
шығар, ақылыңмен еңбегің екі жақтап - деп Абай атамыз айтқандай өз
біліміңдеріңе сеніп, өмірмен бетпе-бет кездесуден қорықпай, әр
түрлі өмір сынағынан қашпастан өмір сүрсең ол кезең қиындықтары
үнемі өткінші. Ал сынақ түрінен қашқақтап, жеңілдік пен өтірік
көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең-кезеңімен қиындық туындай береді.
Осы кезде өзіңмен әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын
қасқайып қабылдай білу қажет. Жеңіл жол іздеме, әрдайым күрес
жолында бол, осының өзі саған сенімділік әкеліп, үрейден
айырады».
Бұл жауабым балаларға
мотивациялық күш берді, барлығының көзінде үміт оты жанып сәл
болсын өзіндік үрейден айырылды.
ҰБТ - бұл лотерея деп айтады
ғой үнемі. Жоқ, келіспес едім себебі бұл өмірдегі ең алғашқы сынақ.
Нағыз үміт пен үрейдің арасында жүретін кезеңдердің бірі деп
білемін.
Сондықтан бұндай жағдайларда
оқушыларға барынша көмегімді аямай, қолдау
білдіремін.
Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы, Бұланбайбауы ауылы
№241 Қ. Әбдіқадыров атындағы
орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
педагог-психологы
Достиярова Актолкын Капбаровна
Эл.
пошта: dostiyarova1976@mail.ru