Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп ұстаздарымен психологиялық тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектеп ұстаздарымен психологиялық тренинг
Жүргізетін: педагог-психолог Омарбекова Жазира Токеновна
Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
Мақсаты: Мұғалімдердің
психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай
білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната
білу.
Тренинг сабақ
құрылымы:
1. «Амандасу»
жаттығуы
2. «Дене мүшелері» биі
3. «Мұғалім
таңбасы»
4. Әдістеме: «Менің
мінезім»
5. «Ыстық картоп»
ойыны
6. «Суреттегі ой»
жаттығуы
7. «Жасырын хат, ойлан тап!»
8. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы
9. Мини-лекция.
10. Ситуациялық сұрақтар:
11. «Алфавит» жаттығуы
12. Қорытынды сөз
Тренинг
барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі
өткізілетін «Көңілі
көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
тақырыбында психологиялық тренингке қош
келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді
көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай
білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық
қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға
шақырамын.
Топтағы
қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы
қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену
-
«Амандасу» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу
Сәлемдесу: «Көрші»-1 минут
Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын орындайды.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып қараңыз.
Туыс адамды көрген кездегідей амандасыңыз .
Біреуден қарыз болғандағы кісін көргендей амандасыңыз
Көп уақыт көрмеген досыңызды көргенде
Бастықты көргенде.
-
«Дене мүшелер биі»
Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек қана сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық
1.Саусақ биі
2. Қолдар биі
3. Бас биі
4. Иықтар биі
5.Ішімізбен билейміз
6. Аяқтар биі
3.«Мұғалім таңбасы»
• Келесі жаттығуды ойдағыдай жасап көрсек сіздің позитивті бейнеңіз «мұғалім таңбасынан» байқалады.
• Әр топқа ақ парақ және пиктограммалар таратылады (күн, кемпірқосақ, «жедел жәрдем»,жүрек, қолшатыр, магнитофон). Осылардың ішінде тек қана үш пиктограмманы пайдалана отырып ақ параққа «мұғалім таңбасын» жасап шығу қажет. Үш топ үш таңба жасап шығады және де әр топ өз таңбасын ұсынады.
• Кері байланыс сұрақтары :
• Жұмыс барысында қандай сезімде болдыңыз?
• Жұмысыңызға көңіліңіз толды ма?
• Таңбаңызға қарап тұрғанда қандай ой туады?
4.Әдістеме: «Менің
мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген
сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу,
Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі,
Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік
баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол
бөлікке қатысты мінездемелермен
танысады.
Жауабы:
1. Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3. Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- биоөрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды
ма?
5. «Ыстық картоп»
ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар
қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп
дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты
жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп
кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа
жылдам жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әнің?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?
6. «Суреттегі ой» жаттығуы: Экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі. Экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын айтып, ой бөліседі.
№1тапсырма: Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан сурет
Мұғалімдер ойларымен бөліседі.
Талдау: Ақ
кеңістік ортасындағы қара нүкте алғаш
дүниеге келгенде баланы білдіреді. Сол қағазға ата-анасымен
біздердің мейірімділікпен салған бейнеміз қаншалықты
дұрыс болса, нәтиже
соншалықты жақсы
болады.
№2 тапсырма: Күн шуағының астында әр ұлт балалары ту ұстап тұрған сюжет бейнелеген сурет
Мұғалімдер ойларымен бөліседі.
Талдау: Ұлттары әр түрлі болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан мұғалімдер оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
№ 3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнеленген сурет ұсынылады.
Мұғалімдер ойларымен бөліседі.
Талдау: Біз сұқ
саусағымызбен өзгені көретіп
тұрғанда, өзге үш саусағымызбен
өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді
кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына
көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік.
Сіздердің жауаптарыңыз да керемет болды, рахмет! Енді, арнайы
сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы топта орындау
керек.
7 жаттығу «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Уақыты:
20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . .
. әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар
бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз
қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқабелгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы»
- 1-ші топқа арналған хат;
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» -
2-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел»
- 3-ші топқа арналған хат.
Мұғалімдер өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады.Келесі топтың мұғалімдері, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
8. «Сарқырама» релаксациялық
жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың
өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған,
музыкамен орындалады.
Жүргізуші:
«Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3 рет деміңізді
шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп
елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше
сарқырама. Судың орнына бұл сарқарамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық
ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз
және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар
ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен
мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ жарық сіздің
иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы
сергек сезінуіңзге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің
арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…
Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және
саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың
жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз
бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің
денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ
әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз
жағымды күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд). Ал енді, сіздің
бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз.
Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз».
Талдау: Қандай
сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз
ІІ бөлім. Мини-лекция.
Кәсіптік жану синдромы: оның іске қосатын механизм тек сыртқы жағдайлармен ғана шартталмайды, сонымен бірге адамның жеке ерекшеліктерімен, мысалы, психологиялық икемінің. Педагог, тәрбиеші кәсіптері үнемі жан-тәнін сала күш және энергия жұмсауды талап етеді. Аталған кәсіп өкілдері біртіндеп эмоциялық қажу және құлазу – эмоциялық жану белгісіне ұшырайды. Кәсіптік жану синдромы: оның іске қосатын механизм тек сыртқы жағдайлармен ғана шартталмайды, сонымен бірге адамның жеке ерекшеліктерімен, мысалы, психологиялық икемінің болмауынан да ұйымдастырушылық, кәсіби күйзелістердің және жеке тұлғалық факторлардың құрамдасуы салдары ретінде дамиды. Адамның «күйіп кетуі» өз дамуының бастапқы кезеңінде неғұрлым қауіпті. Педагог оның белгілерін мүлде сезінбейді, сондықтан оның мінез-құлқындағы өзгерістерді алғаш рет әріптестері байқайды.
«Күйіп кетуді» жеңу үшін педагогтар сабырлылықты (өз қызметі, жеке басы, маңайындағылар үшін жағымсыз әсерін тигізбейтін күйзеліс жағдайларын көтеруге мүмкіндік беретін белгілі бір жеке қасиеттерінің үйлесімін) дамытулары қажет.
Сабырлы адамдар кез келген өзгерістерге әрдайым дайын болады және оларды жеңіл қабылдайды. Олар дағдарыс жағдайларында қиындықтарды оп-оңай жеңіп шығады.
Сабырсыз адамдарға кез келген өзгерістерге бейімделу қиын, оларға өз мінез-құлықтарын, мақсаттарын, көзқарастарын өзгерту оңай емес. Егер бір нәрсе дұрыс болмай жатса, олар күйзелісті жағдайға түсе бастайды. Сабырлылыққа жаттығушы адамдар – олар өзгерістерге дайын, бірақ аяқ астынан болатын немесе күрделі өзгерістерге емес. Бұл адамдарға қоршаған жағдайға біртіндеп, оқыс қимылсыз бейімделу тән, олай болмаған жағдайда, олар күйзеліске тез ұшырайды. Сабырлылықты тежеуші адамдар – сыртқы жағдайлардың әсерінен өзгере қоймайды, олар сенімді позиция мен өздік көзқарасқа ие. Алайда бұндай адам өмір саласының психиканы жаралайтын бір мәртелік қана өзгерісіне бара алады. Егер күйзеліс оның өмірінен үнемі орын алатын болса, ол абыржып қалады.
Құрметті әріптестер, мұғалімдер берілген ақпараттардың қажеттілігі болды ма?
Сіздерге жаттығулар ұнады ма?
Бір демалып қалдыныздар ма?
«Кәсіби жанған педагог кейпі» сурет ( музыка пение птиц)
Құрметті мұғалімдер, қазір сіздерге 2 топқа боліну қажет. Алдарыңызда жатқан ватман қағазына фломастермен кәсіби жанып кеткен адамның суретін саласыздар.Оның іштей күйіп, шаршағанын сөзбен емес сурет арқылы жеткізесіздер. Ал, бір бірден суретті көрсетейік. Не көріп тұрсыздар? Эмоционалдық көңіл күйі қандай?
Енді 2 топ өз салған суреттермен алмасып, эмоциялық күйген адамның суретін жандандырып, жағымды сөздер арқылы немесе позитивті суреттер арқылы адамды күйзелістен алып шығасыздар.
Енді құрметті мұғалімдер осындай негативті жағдайдан, эмоционалдық күюден шығу үшін мынадай кеңес жаттығулар жасауға болады.
«Лимон» жаттығуы
Орындыққа отырып, қолдарығызды тізеге қойыңыздар. Оң қолығызға ойша лимон алыңыздар. Лимонның шырыны сығылғанша қысамыз. Одан жай қолымызды босатамыз. Келесі сол қолмен жасаймыз.
«Шыбын» жаттығуы
Орындыққа отырамыз, көзімізді жұмыңыздар. Енді бетіңізге шыбын қайта қайта қонғаның елестетіңіздер. Сіздің мақсатыңыз тек бетпен жұмыс істеу арқылы шыбынды ұшыру. Жарайсыздар!
Кеңес жаднамалары
Жұмыс аптасының басында стреске шалдығуға еш болмайды. Егер сондай жағдай орын алып, жұмыстан жалығып, шаршап қалсаңыз, 5 минутта стрестен арылудың 5 жолымен таныс болыңыздар.
Серуендеп келіңіз. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, серуендеп келіңіз. Жұмыс уақытында кеңсеңізден шығуға болмаса, кеңсенің ішін аралап қайтыңыз. Басқа қабаттағы әріптесіңізге, бұрыштағы ешкім отырмайтын бөлмелерге соғып келіңіз. Бастысы орныңыздан тұрып, компьютерден бірнеше минутқа болса да демалыңыз. Осы уақытта ойыңыз жинақталып, жұмысқа жаңа қарқынмен кірісе аласыз.
Кітап оқыңыз. Кітап оқу - көңілді басқа нәрсеге аударып, сәтсіздіктерді ұмытудың бірден-бір жолы. Ертегі, шытырман оқиғаға толы әңгімелер осы жағдайға дәл келеді. Бастысы кітап оқу арқылы ойыңыз басқа жерге ауысып, қиындықтарыңыз алыс жерде қалуы керек. 5 минуттық кітап терапиясынан кейін өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.
Қызықты бейнебаян қараңыз. Жұмыстан 5 минутқа демалып, ғаламтордан қызықты, күлкілі бейнебаян тауып қараңыз. Стресс осындай дауадан кейін өзімен-өзі жоғалып кетпек.
Шай ішіңіз. Кофе емес, шай! Кеңсеңізде емдік шөпті шай болса, тіптен жақсы. Шай қайнатқанша, сергітіп, тыныштандыратын дәрілік шайдың әсерінен де біраз демалып қаласыз.
Терең демалыңыз. Қиындық жайлы ойланып, уайымдап отырғанда, тынысыңыз жиілеп, ағзаңызға ауа жетіспейді. Сол себепті тынысыңызды дұрыстауға тырысыңыз. Кеудемен емес, ішпен дем алып көріңіз. Дәрігерлердің айтуынша, осындай тыныс жаттығулары кез келген ауруды тез арада басып, ағзаның жұмысын жақсартады. Ал денесі саудың көңілі де жайлы болады емес пе?
10.Ситуациялық сұрақтар:
І топ
1.Сіз мектеп директорының орынбасарысыз, қарауыңыздағы 3 мұғалім қоңырау соғылғаннан кейін сабаққа кешігіп келді. Сіздің іс-әрекетіңіз?
2.Сіз бірлестік жетекшісісіз, бірлестігіңіздегі мұғалімдер берілген тапсырманы дер кезінде орындамады, сізге директор шұғыл түрде тапсырманы орындауға бұйрық берді, не істер едіңіз?
3.Сіз мектеп директорысыз, қабылдауыңызда бір мұғалім отыр, үстіңізден есік қақпастан екінші мұғалім кіріп келді.Осы іс-әрекетке қандай сипат берер едіңіз?
4.Сіз сабақ өткізіп жатырсыз.Сабақ үстінде бір мұғалім рұқсатсыз кіріп, кешірім сұрамастан хабарландыру айтып, оқушыларға зілді сөйлеп кетті. Сіздің көзқарасыңыз?
5. Адамда бәрі де әдемі болуы керек:«Ақылы да, ойы да, келбеті де, әдебі де, мінез-құлқы да, киген киімі де, жүріс-тұрысы да». Осы туралы не айтар едіңіз?
ІІ топ
-
Сіз 1-ші сабаққа ұйықтап қалдыңыз, әрине жұмысқа кешіктіңіз, оқушылардың алдына қалай кіресіз?
-
Жас маман мектепке келді. Сіз оған тәлімгер болып тағайындалдыңыз. Оның құжат толтырмақ түгілі, сабақ беруден тәжірибесі аз. Ең алғашқы көмегіңіз?
-
Ұжымда жас ерекшеліктері әр түрлі мұғалімдер бар. Ұжымда сыйластық пен достық қарым-қатынас орнату үшін қандай іс-шараларды көбірек өткізген дұрыс деп ойлайсыз?
-
Сіз өз ұжымыңыздағы бір педагогтің педагогтік іс-әрекетке жатпайтын олқы қылығының куәгері болдыңыз. Не істер едіңіз? (Дұрыс кеңес бересіз бе, немқұрайлы қарайсыз ба?)
-
Біздің ұжым ұйымшыл да тату ұжым қатарына жата ма? «Иә» деген жағдайда дәлелдеңіз, «жоқ» деген жағдайда қандай кеңес берер едіңіз
11. «Алфавит» жаттығуы.
Қорытынды сөз: Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше, бір-біріңізге жылы, жақсы сөздер айтып жүріңіздер. .
Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі – қайырымды ісі, екіншісі – жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен
сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен
жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау
болыңыздар!
Сабақтың рефлексиясы:
Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны ...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...