|
Мектепалды даярлық топтары
жұмысының және 5-6 жасар бала психологиясының
ерекшеліктері
|
|
|
Бүгінгі Қазақстанның білім
беру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізілуде. Сондай өзгерістер мен
ақпараттың қарқынды ағыны заманында іргелі пәндік білімнің де
мазмұны басқа қырдан танылып, білім беру мақсаты білімнің сандық
көрсеткішінен сапаға бет бұрыс жасауда. Яғни білім алушылар бойында
қоғамдық өмірге белсенді араласу және өзін-өзі іске асыра білу
мақсатында өз бетінше білім алу, ақпаратты талдау, құрылымдау және
тиімді пайдалану білігін қалыптастыру бағдары айқын танылып
отыр.
Бұл үшінші мыңжылдықтың
білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктейді.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін
меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім
беру жүйесіндегі өзекті мәселенің
бірі.
Әлемдік білім беру кеңістігіне
ену арқылы педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты: білім беру парагдимасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым-қатынас,
өзгеше менталитет пайда болуда және педагогикалық технологияның
кеңінен қолданылуына ғылымның үлкен рөліне мән
беруде.
Қазіргі уақытта қоғамның жаңа
келбетін қалыптастыратын ұлттық зиялы қауымның мамандығын
жетілдіріп, адамгершілік сезімін ояту үшін барлық қажетті жағдайды
жасау - өмір талабы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдайтын жыл сайынғы Жолдауларының өзегі де осы
заман талабын қанағаттандыруды меңзейді.
Елімізде қабылданған
нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
(2007 ж.), Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы т.б. білім беру жүйесіндегі оң
өзгерістерге бетбұрыс жасаудың, ең бастысы, оқу-тәрбие үдерісін
оқушылардың жеке қабілетіне қарай ұйымдастырудың бағыт-бағдарын
айқындап берді[5.63].
Білім беру жүйесін жаңғырту,
әлемдік білім кеңістігіне қарай бағыттау кезеңінде оқу-тәрбие
үдерісін оқушының жеке қабілеттеріне қарай ұйымдастыру мәселесі -
аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында қайсыбір өзгерістер орын алмасын,
ол, ең алдымен, оқушының жеке ерекшеліктерімен тікелей байланысты
болмақ. Білім беру орындарында тәрбие беру үдерісін ұйымдастыруға
қойылып отырған талап білім парадигмаларының ауысуына байланысты
туындап отыр. Оқытудың жалпылай - өнімсіз әдіс-тәсілдерінен дара -
шығармашылықпен оқыту әдіс-тәсілдеріне көшуі - өзін-өзі дамытуға
ұмтылысы бар, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті тұлғаның
қалыптасуына деген қажеттіліктен
туындайды.
Баланың жеке қабілетін зерттеу
ғұлама ғалымдарымыздың назарынан тыс қалған емес. А.Байтұрсыновтың
«Әліппе танытқыш», М.Жұмабаевтың «Педагогика», Ж.Аймауытовтың
«Психология», Қ.Жарықбаев пен Ө.Озғанбаевтың «Жантануға кіріспе»,
Ш.Әлжанов т.б. зерттеу еңбектерінде баланың жеке қабілетін ашуды
психологиялық түйіндердің негізгі арқауы
етті.
Ал Я.А.Коменский,
К.Д,Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, В.Г.Белинский сынды
ұлы педагогтардың еңбектері оқу-тәрбие үдерісін ұтымды
ұйымдастыруға арналды.
Соңғы уақытта білім беру,
тәрбие үдерісін тың идеяларға негіздей ұйымдастырудың жаппай сипат
алуы зерттеліп отырған тақырыптың мәнін ашып, маңызын арттыра
түседі.
Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында тәрбие үдерісін балалардың
жеке қабілеттеріне қарай ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық
негіздері бірқатар психолог ғалымдардың ( А.Н. Льеонтев,
Л.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Н.С.Лейтес, В.Г.Ананьев т.б.)
еңбектерінде, оқушының шығармашылығын дамытудың әдістемелік жолдары
И.П.Подласый, Д.Б.Элконин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина,
Ю.К.Бабанский, П.Я.Гальперин, М.Монтессори, М.И.Махмутов, т.б.
ғылыми тұжырымдарында, оқушының қабілеттерін ашудағы педагогтың
ролі жөнінде Ш.Т.Таубаева, Б.А.Әлмұхамбетов, В.М.Монахов,
В.П.Беспалько, В.Ф.Шаталов, М.Монттесори, С.Н.Лысенкова, Ж.А.Қараев
т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс
тапқан.
Мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында
тәрбие үдерісін балалардың жеке қабілеттеріне қарай ұйымдастыру
бағыты мынадай ұстанымдармен сипатталады:
-
педагогикалық үдерісте
шығармашылық әрекеттің үздіксіздігі,
жүйелілігі;
-
педагогикалық үдерісте түрлі
тиімді тәсілдерді қолдануды бағдарлау;
-
оқушының жеке ерекшеліктері
мен өзін танытуы арасындағы өзара
байланыс.
Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында тәрбие үдерісін балалардың жеке қабілеттеріне қарай
ұйымдастырудың жолдарына жүргізілген зерттеу оның дамуында
педагогтардың шығармашылық әрекетінің қалыптасуы қатар жүргенін
айғақтайды.
Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында тәрбие үдерісін балалардың жеке қабілеттеріне қарай
ұйымдастыру, баланың танымдық қабілеттерінің ерекшеліктеріне баса
назар аударуда қажет етеді. Бұл бағыттағы зерттеулер
Л.И.Божович, А.А.Вербицкий, Л.С.Выготский, П.И.Гальперин,
В.В.Давыдов, В.С.Ильин, А.Н.Леонтьев, А.К.Макаров, Т.И.Шамова,
Г.М.Щукина, М.Монтессори, Д.Б.Эльконин, И.Шванцара, М.И.Лисина т.б.
еңбектерінде көрініс тапқан.
И.Шванцара зерттеуінде 4-5
жастағы балалармен диагностикалық әдіс жүргізуге болатыны
дәлелденсе, Е.И.Рогов танымдық үрдісін зерттеу, өзін-өзі бағалау
және «Мен» тұжырымдамасы зерттеген. Г.А.Урунтаеваның
«Коммуникативтілік біліктерді зерттеу» әдістемесі балалардың
қарым-қатынас жасау тәсілдерін зерттеуге мүмкіндік береді,
коммуникативтілік біліктілік құрамына қарым-қатынас құралдарын
тиімді қолдану да енеді[ ].
М.И.Лисина зерттеулерінде
мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасында ересек адам
ерекше орын алады.