Материалдар / Мектепішілік Абай оқулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепішілік Абай оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік Абай оқуларының сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2018
1241
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Мектепішілік Абай оқулары


Жүргізуші:

Армысыздар, өнер сүйер қауым! Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі- ол Абай! Ендеше, бүгінгі Абай поэзиясына арналған «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты мектепішілік Абай оқуларына қош келдіңіздер!


Жүргізуші:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап оқы көңілге- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, бүгінгі сәулелі мезетте ұлы тұлғамыз-Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған байқауымызды бастаймыз.

   

Жүргізуші:

Абай жыры- ұлылықтың өлшемі,

Абай жолы- тарихтың сом бөлшегі,

Орны олқы соқпағанмен ғаламда,

Қазақ елі Абайменен еңселі,- деп Нұрлыбек Қалауов ақын жырлағандай, бүгінгі Абай оқуларының шарттарымен таныстырып өтейін. Байқау 4 кезең бойынша өтеді.:

1-кезең: «Әсемпаз болма, әрнеге» Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.

2-кезең: «Құлақтан кіріп бойды алар» Абай әндерін орындау

3-кезең: Абайдың 1 қарасөзін жатқа мәнерлеп айту.

4-кезең: «Жыр жазамын Абай салған ізбенен» Абайға арнау өлеңдерін орындау

Әр жанр бойынша әр сыныптан бір оқушыдан қатысуы керек.


Осы орайда байқауға қатысушыларымыздың қабілеттерін сарапқа салатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумабеков Нүркен ағай

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Гүлнар апай

  3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсеке Ахын ағай


Жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!,- демекші, 1-кезеңіміз «Әсемпаз болма, әрнеге» Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. Олай болса, сайыскерлерімізді реттік нөмірлері бойынша ортаға шақырамыз.

Сыныптар кезегімен шығады.



Жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз өзі жырлағандай, келесі 2 кезеңіміз бойынша Абай әндеріне кезек береміз.

Олай болса сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: «Адам баласы адам баласынан ар, ғылым, ақыл, мінез деген қасиеттермен артылмақ»- дей келе, келесі 3-кезең: Абайдың 1 қарасөзін жатқа мәнерлеп айту кезеңіне көшсек.


Жүргізуші:

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз- деп Абай атамыз айтқандай, атасына ұқсап ақын болам деп армандап жүргендер бар, ендеше 4-кезең: «Жыр жазамын Абай салған ізбенен» Абайға арнау өлеңдерін орындау үшін ақын жанды қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.


Жүргізуші:

Осымен байқау кезеңдері өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы сараптама жасап, жеңімпаздарымызды анықтағанша, барлық қатысушыларымызды ортаға шақырамыз. Абай өмірі мен шығармашылығынан қатысушыларымызға сұрақтар қойып, білімдерін сынап өтейін.

  1. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845)

  2. Абай қандай ортадан шыққан? (Ауқатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілер отбасынан)

  3. Құнанбайдың балаларын атаңыздар. (Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл)

  4. Абайдың әжесі. (Зере)

  5. Ұлжан Абайға кім? (анасы)

  6. Абайдың өлеңдері алғаш кімнің атынан таралып жүрді? (замандасы Көкбайдың)

  7. Абайдың немере ақын інісі кім? (Шәкәрім)

  8. Абайдың поэмаларын ата.

  9. Абайдың ақын ұлы. (Мағауия)

  10. Абайды «Қазақтың бас ақыны» деген кім? (А.Байтұрсынов)

  11. Абайдың тұңғыш ескерткіші қай жерде орнатылған? (Алматыда)

  12. «Абай жолы» эпопеясын кім жазған? (М.Әуезов)

Жүргізуші: Құрметті өнер сүйер жас ұрпақтар, Абайдың шығармашылығын шәкірт санасына құйып жатқан қадірлі ұстаздар «Мектепішілік Абай оқулары» байқауымыздың жеңімпаздарын білу үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

(әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, құттықтайды)


Жүргізуші:

Өлмейсің мәңгілікке, ғұлама ақын

Себебі жанашыр көп саған жақын

Сөздерің жетелейді парасатқа

Өмірің өнегелі, жұртқа айқын.

Құрметті өнер сүйер жас ұрпақтар! Жеңістеріңіз құтты болсын! Бүгінгі дана Абайдың шығармашылығына арналған байқауға қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін, жетелеген сынып жетекшілеріңізге Алғыс білдіреміз!Әрдайым биіктерден көрініңіздер! Көріскенше сау болыңыздар!



Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні

Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.

Абай әндерін орындау

Абайдың 1 қарасөзін жатқа мәнерлеп айту.

Абайға арнау өлеңдерін орындау



Қорытынды


















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!